Жаһандық экологиялық проблемалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 20:03, реферат

Описание работы

Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сrіnео - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.

Содержание

Эндокриндік бездер физиологиясы
Гипоталамус – гипофиздік жүйе
Гипофиз
Қалқанша без
Қалқансерік бездер
Айырша без
Ұйқы безі
Бүйректүсті бездері
Жыныс бездері

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 86.54 Кб (Скачать)

Глюкагон  қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, бауырда гликогеннің ыдырауын күшейтеді. Оның гипергликемиялық әсері адреналинге ұқсас, ал инсулинге қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық маңызы әлі онша анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі әсерге байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді.

Инсулиннің өнуіне гипофиздің соматотропты гормоны әсер етеді. Жас организмдерде ол инсулин өнімін күшейтіп аралшық аппаратты әлсіретеді. Мұндайда гипофизарлық диабет байқалады.

 

8. Бүйрекүсті бездері

Бүйрекүсті  бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.

Милы  және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.

Бүйрекүсті  бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі  безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай жағдайда жануар еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады. Жеке бөліп алынған қыртысты және милы қабаттарға жасалған тәжірибелер арқылы аталған өзгерістердің көбі қыртысты қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты екені анықталды. Мысалы, бездің милы қабатын қалдырып, қыртысты қабатын сылып алып тастаса, жануар өте тез өліп қалады. Ал милы қабатын алып тастап қыртысты қабатын қалдырса, жануар салыстырмалы ұзақ уақыт айтарлықтай өзгеріссіз өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффиндік жасушалар бүйрекүсті безінен басқа да ағзаларда кездеседі (ұйқы артериясының бифуркациясы (айырық) тұсында, омыртқа бағаны бойындағы симпатикалық шеткі торапта т.б.). Оған қоса симпатикалық жүйкелердің ұштары норадреналин бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормонындай әсер етеді. Сондықтан (бүйрекүсті бездерінің ми қабатын алып тастағанда (демодулляциясы) оның гормондарының кемшіліктері хромаффиндік құрылымдар арқылы толықтырылады.

Бүйрек  үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді.

Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикостероидтар (ГКС); 2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар (АКС);

Глюкикортикостероидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизон (өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон (белсенділігі төмендеу) жатады.

Кортизон  молекуласының С17 бөлігінде окситобы болғандықтан оларды 17-оксикортикостероидтар деп те атайды (әсіресе емханаларда жиі пайдаланылады).

 

9. Жыныс бездері

Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone - пайда болу, aden - без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі - жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.

Организмнің көптеген ұрпақ жаңғырту (көбею) қызметі жан-жақты 23-тарауда қарастырылған. Бұл бөлімде тек қана еркек пен әйел жыныс бездерінің гормондарына жалпы және олардың арнайы әсерлеріне мәлімет беріледі.

Аталық  жыныс гормондары ұрық жолының интерстициалды 1 тіндерінің ерекше - Лейдиг жасушаларынан жасалады. Бұл гормондар андрогенді деп аталады (трек, andros - еркек). Нағыз еркек жыныс гормоны - тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондар бар - андростерон, эпитестостерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап аналық жыныс гормоны - эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады.

Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы - фолликула (латынша folliculus - қапшықша, көпіршік), оның ішінде жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликула графты көпіршік деп аталады. Ол жарылғанда, одан жұмыртқа жасушасы шығады. Бұл -овуляция деп аталады. Жұмыртқа жасушасы жұмыртқа жолына - жатыр түтігіне, ұрықтанғаннан кейін жатырға түседі. Овуляциядан кейін фолликула жасушалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі. Ұрықтанғанда сары дене ұзақ уақыт болады, оны жүктіліктің сары денесі деп атайды. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де, кері дамуға түседі. Жыныс ағзалары жетілген әйелдерде овуляция ай сайын қайталануы мүмкін. Жыныстық оралым (цикл) 27-28 күнге созылады. Оны 4 кезеңге бөледі. 1) овуляцияға дейінгі; 2) овуляция кезіндегі; 3) овуляциядан кейінгі; 4) тыныштық кезеңі. Бұл кезендердің әрқайсысы жыныс жұмыртқаларын-дағы, жатырдың шырышты қабатындағы, қандағы, гормондар деңгейіндегі белгілі бір өзгерістермен және басқа да организмдегі жалпы өзгерістермен сипатталады. Жыныс циклінің әртүрлі кезендерінде жыныс жұмыртқаларында өзінің физиологиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі гормондар түзіледі (синтезделеді). Жұмыртқа жасушасы пісіп жетілген кезеңде фолликула - эстроген (грек, oistros - ағу, genes - тудыратын) деп аталатын гормондарды жасап шығарады. Бұл гормондарға эстродиол және белсенділігі сәл төмен эстрон мен эстриол жатады. Сол жерде аздап тестостерон да (еркек жыныс гормоны) жасалады. Жыныс жұмыртқасының сары денесіңде гестогендер (латын. gestatio - жүктіліктің дамуына жақсы әсер ететін гормондар) жасалады. Сары дененің негізгі гормоны - прогестерон.

Жыныс гормондарының әсері. 1. Денеде зат алмасуды, анаболизмдік (ассимиляция) үрдістерің күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады.

2. Екінші  жыныс белгілерінің дамуына, пайда  болуына көмектеседі. Олар тиісті  жынысты сипаттайды - жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т.б. үрдістерді қамтамасыз етеді.

3. Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді, ұрпақ жаңғырту жүйесінің барлық бөліктері қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Сексуальдық (sexus-жыныс), яғни жыныстық көніл-күйдің дамуы негізінен жыныс гормондарының қандағы деңгейінен анықталады. Бойдың өсуі, дененің қалыптасуы, тәртіппен өзін-өзі ұстауы, екінші жыныс белгілерінің пайда болып дамуы жыныс бездеріне байланысты екені ескі заманнан белгілі. Әртүрлі мақсаттармен жыныс бездерін сылып алып тастағанда (кастрация) пайда болатын өзгерістер жан-жақты зерттелінген. Ауыл шаруашылығында майлы семіз ет, жұмысшы мал алу үшін кастрация жүргізіледі.

Жыныс жұмыртқасының лютеин жасушаларында жүктілік кезеңінде релаксин деген гормон түзіледі, ол жатырдың, ал туар алдында жамбас сүйектерін байланыстыратын аппарат. Бұл гормон әйел организмін бала тууға дайындайды.

10. Домалақ без – Эпифиз

Эпифиз  жеткіліксіз зерттелген безге жатады. Төменгі сатыдағы жануарларда (кесіртке, сүйекті амфибия, қосмекенділер) эпифиз бастың төбе аймағында орналасқан. Оның үстінде тек жұқа дәнекер тінмен жабылған тесік болады. Қабылдағыштық қызмет атқаруына байланысты оны төбе көзі деп атайды.

Сүтқоректілердің  эпифизі орта мидың жоталас (дорсалды) бөлімінде төрт төмпешіктің жоғарғы аралығындағы тереңдікте орналасқан, кейбіреулер оны мидың 3-ші қарыншасының қабырға өсіндісі деп те атады. Бездің салмағы 100-180 мг. Бұл бездің барып ертеден білгенімен оның қызметсы осы кезге дейін белгісіз болып отыр. Көне және орта ғасырларда эпифизді "сана тізбегін" ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның "жаны" орналасқан сауыт деп есептеген.

Тәжірибе  арқылы эпифиздін жыныс бездерінің қызметіне қатысы бар екені ғана дәлелденіп отыр. Айталық, бала эпифизінің ісігінде уақытынан бұрын жыныстық жетілу (мысалы, 15 айлық қызда эпифиздің ісігіне байланысты етеккір келген) байқалады. Эпифизэктомиядан кейін жануарлардың аденогипофизі өсіп ерте жыныстық жетілу басталады. Эпифиздің жыныс бездерінің қызметіне әсері, оның гормон бөлуімен байланысты.

Эпифиз  бірнеше биологиялық белсенді заттар - мелатонин, серотонин, адреналин, гистамин т.б. бөлетіні анықталды. Олардың ішінде әсіресе мелатонин күшті әсер етеді (бұл зат көздің торлы қабатында да түзіледі).

Мелатониннің физиологиялық әсері.

1. Меланоиит  жасушаларының қызметін тежеп, бақаның терісін түссіздендіреді.

2. Гипофиз арқылы әсер етіп жыныс бездерінің қызметін тежейді, яғни бұл гормон сүткоректілер организмінің репродукция қызметіне әсер етеді. Жас жануарлардың жыныстық жетілуін, ал ересек ұрғашы жануарлардың экстральдық күйлеу оралымын тежейді және жыныс безінің мөлшерін кішірейтеді, Эпифиздегі мелантонин мен серотониннің мөлшері жарыққа байланысты. Күшті жарық сәулелері бұл гормондар мен гипофиздің жыныс гормонының мөлшерін көбейтеді. Осыған байланысты жануарлар мен құстардың жыныстық белсенділігі маусым бойынша өзгереді, жазда және көктемде жедел күшейеді.

3. Ғалымдардың  зерттеулеріне қарағанда эпифиз  организмде биологиялық "сағат" ролін атқарады, яғни биологиялық үрдістердің белсенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп тұрады.

4. Эпифиз  басқа ішкі сөлініс бездерге  де әсер етеді. Югославия ғалымдары оның қалқанша, қалқансерік, бүйрекүсті, ұйқы бездеріне әсері туралы көптеген мәліметтер жинаған. Жануарларға эпифиздің сығындысын енгізгенде олардың психикасы да өзгеретіні өте қызықты ақпарат. Мысалы, тышқандар мысықтан қорықпайды, тіпті шабуылшыл болып кетеді.

5. Эпифиз  дене жылуын реттеуге (терморегуляция) қатысады деген де мәліметтер бар. Кейбір ғалымдар эпифизді жоғары дәрежедегі қыртысасты жылуды реттеуші орталыққа дененің қызғанын хабарлайтын ''биологиялық термометр" деп қарайды.

6. Эпифиз  су мен тұздың, әсіресе калий  тұзының алмасуына қатысатыны анықталды.

7. Бірқатар ғалымдар эпифиз тінінен белсенді пинеалин деген затты бөліп алды. Ол белок алмасуына әсер етеді. Югославтық ғалымдар басқа ішкі сөлініс бездерімен бірге эпифиз организмнің сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуіне қатысады деп есептейді.

Қорыта  келе, адам организмінде ішкі сөлініс бездерінің күрделі жүйесі жұмыс істейді. Ол жүйке жүйесімен бірге организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Қалыптасу бала (ұрық) іште жатқан кезеңде басталады. Туғаннан кейінгі онтогенезде гетерогенді, яғни уақыт бойынша әркелкі даму, содан соң - эндокринді жүйенің инволюциясы (кері қарай дамуы) жүреді.


Информация о работе Жаһандық экологиялық проблемалар