Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 20:03, реферат
Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сrіnео - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Эндокриндік бездер физиологиясы
Гипоталамус – гипофиздік жүйе
Гипофиз
Қалқанша без
Қалқансерік бездер
Айырша без
Ұйқы безі
Бүйректүсті бездері
Жыныс бездері
Тирокальцитонинді денеде кальций сақтайтын гормон деп атайды. Ол қан плазмасында кальций және фосфор иондарының деңгейін төмендетеді. Бұл гормондар үшін бүйрек және сүйек тіндері жасуша нысана болады.
Сүйекте кальцитонин оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін бұзатын жасушалар - остеокластар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін жасушалар - остеобластар қызметін белсендіреді. Сол сияқты сүйек құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Тирокальцитонин несеп құрамымен кальций, натрий, фосфаттар шығарылуын күшейтеді. Бұл гормон фосфор-кальций алмасуына, қалқансерік безі гормоны - паратгормонға қарсы әсер етеді. Тирокальцитонинның бөлінуі қандағы кальций деңгейіне байланысты, аталған гормонның қанға түсуін гиперкальциемия (кальцийдің көп болуы) жоғарылатады, ал гипокальциемия (кальцийдің аз болуы) төмендетеді.
Қалқанша безі гормондарының жасалуы және қанға шығарылуы сау организмде орталық жүйке жүйесінің көптеген бөліктерімен, гипоталамус-гипофизарлық жүйелерімен өте нәзік реттеледі. Гормональды гомеостаз ішкі сөлініс бездерінің басқа көптеген бездерінің арасындағы (әсіресе қалқанша, жыныс және қалқансерік т.б. бездер) өзара үйлесу тетіктері арқылы іске асады.
Қалқанша безінің сөл бөлу қызметінің гипо- немесе гиперсөлініс жағдайларында түрлі бұзылулар салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар туады.
Гипертиреоз, әсіресе Базед ауруы немесе табиғаты басқаша тиреотоксикоз кезіндегі патологияның мынадай өзіне тән белгілері байқалады. Без көлемінің ұлғаюы (зоб), тахикардия (жүрек соғуы жиіленуі), көздің шарасынан шығуы (экзофтальм), зат алмасудың елеулі жоғарылауы және осымен байланысты организмнің көптеген вегетативтік қызметтерінің бұзылуы. Организмнің жүдеуі байқалады. Кретинизм (бала кезінде дамыса) және микседема (көбінесе операциядан кейінгі гипотиреоз кезінде, ол кейде үлкен адамдарда қалқанша безінің тінін көп мөлшерде алып тастауынан болады) гипотиреозды айқын көрсетеді. Кретинизм кезінде ақыл-ой және дененің дамуы күрт төмендеп, психикалық әсерленіс баяулайды. Ауру балалардың бойы кішкентай, тілі ұлғайған, беті ісік, тәбеті төмен, терісі құрғақ болады. Оларда сүйек тінінің дамуы баяу, оның салдарынан еңбегі қатпайды және тістерінің шығуы уақытынан көп кешігеді.
Микседема кезінде, теріде жөне басқа тіндерде мукопротеидтер жиналуының салдарынан жалқыаяқ ісік дамиды. Шамадан көп емес гипотиреоз кезінде зат алмасу, жылу жасалу деңгейінің төмендеуі байқалып, соның салдарынан суыққа сезгіштік жоғарылап, жалпы көңілсіздік (апатия), әлсіздік, тез шаршаушылық, зейіні мен психиканың бұзылуы пайда болады. Жер шарының әртүрлі жергілікті топырағында, суында, тамақ құрамында йод аз болған жағдайда, сол жердің бірқатар тұрғындарының қалқанша безінің сөліністік қызметі бұзылып, сөл бөліну мөлшері өзгеріп (дисқызмет), онда өз гормонының гипер- немесе гипосекрециясы пайда болуы мүмкін. Қалқанша безінің бұл патологиялық өзгерісін эндемиялық зоб деп атайды. Көбінесе ол таулы аймақтардың тұрғындарында кездеседі.
Швейцария
және Норвегияның таулы
Адамға тәуліктік йодтың қажет мөлшері 0,15-20 мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың түзілуі бұзылады. Зоб дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100 кг тұзға 2,5 г йодты калийді қосады).
5. Қалқансерік бездер
Қалқансерік бездер (glandula parathyroidea) aca үлкен емес эпителилі құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50 мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны паратгормон деп аталады. Паратиреоидэктомия - қалқансерік бездерін алып тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады. Бездерді алып тастағаннан кейін, алғашқы күндері тәбеті төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда болғанын байқауға болады. Операциядан кейін 1-3 күн өткен соң, әуелі кейбір жеке бұлшықеттер тартылып, одан соң жалпы дененің барлық бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады. Оны паратиреоидты тетания деп атайды.
Арқа
мен мойын еттері дененін алдыңғы
жағындағы бұлшықеттерге
Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің кернеуі жоғарылап жиырылуы, тыныс алу бұлшықеттері, қарынның төменгі жағындағы 12-елі ішекпен жалғасқан бөліміндегі еттері (пилороспазм), жұтқыншақ (фарингоспазм) және басқа да бұлшықеттердің ұзақ уақыт күшті түйілуі пайда болады. Еттердің осындай ұзақ уақыт тартылып жиырылуы организмді өлімге әкелуі мүмкін. Қалқансерік бездерін алып тастағанда кальцийдің қандағы деңгейі төмендеуі еттердің ұзақ уақыт қатты тартылуының (су-дорога) тууына себеп болады. Кальцийдің деңгейі 9-12 мг%-тен (2,25-2,80 ммоль/л), 4-7 мг%-ке (1,25-1,35 ммоль/л) төмендейді. Егерде тартылу басталған кезінде жануарлардың қанына хлорлы кальций ерітіндісін енгізсе, сіреспе өте тез тоқтайды.
Қалқансерік бездерін алып тастағаннан кейін пайда болатын сіреспе қозғалыс орталықтарының - орта, сопақша ми және жұлынның қозуымен байланысты болады, бұл жағдай орталық жүйке жүйесін әртүрлі деңгейде кесу әдісімен дәлелденген. Бұл адамдарда да кездеседі, әдетте қалқансерік бездерінің ішкі сөлініс қызметінің тапшылығы кезінде пайда болады (гипопаратиреоз). Осы кезде адамның бет және қол бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады. Қол "акушер қолы" қалпына келеді (шынтақ және білезік, басбармақ, сұқ саусақ және шынашақ буынынан бүгілген). Бет жүйкесін сәл басса, сол аймақтың бұлшықеттері тартыла бастайды. Бұл медицинада руссо симптомы деп аталады. Туа пайда болған қалқансерік бездері тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, тіс өсуі баяулайды, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш болады. Гиперпаратиреоз - қалқансерік бездері қызметінің шамадан көп болуы сирек кездеседі. Бұл жағдайда қандағы кальцийдің мөлшері көбейіп, бейорганикалық фосфат мөлшері азаяды. Остеопороз (сүйек жұқаруы) дамиды, соның салдарынан организмде бұлшықеттер әлсіздігі, қол-аяқта ауыру сезімі пайда болады. Азот алмасуы өзгеріп, бауырдың мочевина жасау қызметі баяулап организмнің өздігінен улануы басталады. Бұл тұңғыш рет И.П.Павлов зертханасында анықталған. Жануарды органикалық азот қосындылары көп ет тағамдарымен тамақтандырғанда олардың қалыпты жағдайының төмендейтінің түсіндірді. Қалқансерік бездерін алып тастау ми қыртысының негізгі динамикалық үрдістері қозу мен тежелу сияқты шартты рефлекстік қызметінің бұзылуына әкелетіні анықталған. Атап айтқанда, жас адамдар, екіқабат және емізулі балалы әйелдер организмінің кальций және фосфорды қажетсінуі жоғарылайды. Кальций өте қажетті, өйткені ол кез келген тірі құрылымның құрамына кіретін негізгі қосылыс. Кальций қатыспайтын организмнің бірде-бір қызметі жоқ деуге болады. Ол организмнің тірегі - қаңқаның жасалуына және қорғаныс қызметін атқару үшін қажет. Кальций жасуша пішіндерінің тұрақтылығы және олардың қызметі үшін қажет. Са2+ қан ұюына қатысатын негізгі компоненттің бірі. Ол қозу мен жиырылу үрдістерін байланыстырады, көптеген ферменттердің белсенділігін ретгеуде маңызды орын алады.
Сондықтан оның қаңқа, жүрек еттерінің қызметінде, қан тамырларының кернеуін сақтауда маңызы зор. Қалқансерік бездерінің гипо-қызмет кезінде байқалатын тартылыс, әртүрлі спазмофилияның болуы, паратгормонның жетіспеуінен және соған байланысты рефлекстік доғаның барлық дерлік буындарының, әсіресе ет пен жүйке аппаратының қозуының күшеюінен туады. Соған байланысты әлсіз, тіпті табалдырықтан төменгі тітіркендіргіш күшінің әсерінен бұлшықеттердің анық өрі көпке созылатын тетаникалық жиырылуы пайда болады. Ионданған кальцийсіз синапстык құрылымдарда ацетилхолиннің және басқа медиаторлардың бөлінуі жүрмейтіні анықталды. Сондықтан бірқатар ғалымдар Ca2+ барлық бөліну үрдістердің бәріне, соның ішінде гормондардың бөлінуіне де қатысты деп есептеді.
Сондықтан Са2+ қызметтерді нейроэндокринді реттеудің негізгі қосылысы ретінде бағалануы керек. Кальцийдің жасуша ішіндегі көптеген алмасу үрдістеріне қатысуы тікелей Са2+ арқылы іске аспай, тек кальмодулиннің арнаулы белокпен қосылуынан кейін іске асады. Кальмодулин Са2+ қоспасы жасуша ішіндегі ферменттерді белсендіреді. Кальций әрі гомеостазды қамтамасыз етеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты және басқа түрлі қажетсінуіне, тамақтағы мөлшеріне, денеге сіңуіне қарамастан Са2+ алмасуын реттейтін өте қуатты және анық белгіленген тетіктердің бар екендігі дәлелденген.
Кальцийді реттеуші гормондар - паратгормон, тирокальцитонин және катокальцин. Сонымен қатар витамин Д – Д3 гормондық түрінің маңызы да өте зор. Бұл түрткілер фосфордың алмасуына да әсер етеді. Басқа да гормондар - кортикостероидтер, глюкогон, соматропин, айырша без гормондары көмекші әсер етеді. Паратгормон үшін нысана болатын ағзалар, сүйек тіні, бүйрек және ішектер. Осы ағзалар арқылы паратгормонның қандағы кальцийдің қалыпты мөлшерінің сақталуы іске асады. Қандағы Са деңгейінің өзгеруі паратгормонның жасалып бөлінуінің негізгі реттеушісі болады: гипокальциемия гормонның бөлінуіне әсерін тигізеді, ал гиперкальциемия оны тежейді. Паратгормонның әсер ету тетіктері әлі толығымен анықталмаған.
Басқа пептидті гормондар сияқты ол цитоплазмалық мембраналардың арнайы қабылдағыштармен әсерлеседі, оның жасушаға әсері оАМФ және Са2+ арқылы іске асырылады. Бірақ, бұл әсердің нәтижесі түрлі ағзалардың тін ерекшелігіне байланысты.
Паратгормон сүйекте сақталған кальцийді қанға шығарады, сондықтан қанға осы гормонды қосымша енгізу немесе оның қалқансерік безінен шамадан артық бөлінуі гиперкальциемияға әкеледі. Соған сәйкес сүйектен кері сіңудің (резорбция) басқа өнімдері босатылады (магний, фосфат, цитрат т.б.). Паратгормонның аталған әсері негізінен (остеобласт) сүйек тінін бұзатын элементтері бар, оның байланыстарынан кальцийді жұмылдыратын жасушаларды белсендіру қабілетіне байланысты. Осыған ұқсас өзгерістер (остеоцит) сүйекаралық матрикс талшықта, белок, тінаралық сұйықтықта органикалық және минералды қосылыстардың алмасуына белсенді қатысатын жасушалар.
Паратгормон остеобластар - құрылыс үрдістерін қамтамасыз ететін жасушалар қызметін тежейді.
Паратгормонның бұл әсерлері бірігіп, кальций мен фосфордың сүйектен "шығуына", тіпті ондағы белокты құрамыстың қалыпты жағдайдан бұзылуына әкеледі. Гормон мөлшерден едәуір артық болса, сүйекте "бос кеңістік" пайда болады яғни остеопороз дамиды.
Бүйректе паратгормон ұшқары түтікшелерде фосфаттардың кері сіңуін төмендетеді де, ал кальцийдің кері сіңуін (реабсорбция) жоғарылатады. Паратгормонның бүйрек жасушаларына және сүйек тініне физиологиялық әсері аденилат циклаза - оАМФ жүйесі арқылы асатыны дәлелденген. Паратгормон несеп арқылы Na+. Са2+ иондарының, фосфаттардың шығуына көмектесетіні анықталған. Бұл ретте осы гормонның тирокальцитониннің синергисті ретіндегі әсері көрінеді.
Паратгормонның әсерін іске асыруда, кальцийдің ішек арқылы сіңуінің күшеюінің маңызы зор. Паратгормон бүйректе белсенділігі темен витамин Д-дан гормондық белсенді түрі витамин Д3 жасалуына әсер етеді.
Витамин Д3 нысана ағзаларға көбінесе паратгормонның синергисі ретіңде әсер етеді, атап айтқанда ішекте тамақ құрамындағы кальцийдің қанға сіңуін күшейтіп, сүйектік деполардан кальций мен фосфатты шығарып, бүйректің бастапқы түтікшелерінен кальций, фосфат және натрийдің кері сіңуін тездетеді.
Соңғы жылдары паратгормонның басқа да бұрын нысанаға жатқызылмаған ағзаларға да әсер ететіні анықталды. Мысалы, айырша безі, сүйек майы, артерия қаны, қан тамырларының ет қабатына, қарын-ішек қабырғасындағы бездерге әсер етеді. Жақында паратгормонның рецепторлары жүйке тінінен де табылды. Жаңа туған және одан үлкен балаларда қалқансерік бездері қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан гипокальциемия табылды. Әсіресе мерзімінен бұрын туған балаларда гипокальциемия тереңірек әрі айқын көрінеді. Осыған байланысты кальций тұрақтылығының (гомеостаз) қалыпты жағдайы бұзылуынан туатын спазмофилия белгілері жиі байқалады.
6. Айырша без
Айырша без - тимус көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде, жүрек ұясының (ортаңғы қабырғаның) үстіңгі жағында орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы - перикардпен, артқы жағы ірі-ірі қан тамырлармен шектескен. Айырша безін көзбен көріп, қолмен ұстау қиын, сондықтан ол ойдағыдай зерттелмеген. Без екі - қабық және ми қабаттардан тұрады. Онда екі түрлі жасуша бар - лимфоид жасуша (ұсақ микроциттер) негізінен қабық қабатта, торлы жасуша астыңғы қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айналады, торда лимфоциттер орналасады.
160
Бездің қандай қызмет атқаратыны тек соңғы уақытта зерттеле бастады. Көкірек хирургиясының жедел дамуы осы безді алып тастауға мүмкіндік берді. Бірақ арнайы әдіспен орнын ауыстырып сапса, ол тез арада ыдырап, бойға сіңіп кетеді.
Ғылыми деректерге қарағанда өсу (есею) барысында, атап айтқанда жеткіншек жасына келіп, жыныс жетіле бастаған кезенде без ұлғаяды (үлкейеді). Жыныс жетіліп болған сон ол кері дамиды (инволюция) - құрамында безді құрылымдар азаяды да, олардын орнын дәнекер тін басады.
Тәжірибе жүзінде алынған деректерге жүгінсек, айырша без жыныс бездерінің дамуын тежейді. Айырша безі алып тасталған не шала жетілген жас малдың жынысы тез, мерзімінен бұрын жетіледі, ондай мал өспей қалады, немесе баяу өседі. Жас мал (торпақ, баспақ т. б.) піштірілсе, айырша безі, оның тіндері ұлғайып, дамып кетеді, ал безде кері даму үрдісі тежеледі. Айырша безі инволюцияға (кері дамуға) ұшырамаған адамның жіліктері ұзарып ұлғаяды, мұндай адам әдетте кестірілген (ендері алынып тасталған) адамдарға ұқсайды.