Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 20:03, реферат
Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сrіnео - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Эндокриндік бездер физиологиясы
Гипоталамус – гипофиздік жүйе
Гипофиз
Қалқанша без
Қалқансерік бездер
Айырша без
Ұйқы безі
Бүйректүсті бездері
Жыныс бездері
Синергист
бездер де бар. Олардың гормондары бір
бағытта әсер етеді. Мысалы, көмірсу
алмасуына адреналин мен
Гипоталамус-гипофиз
жүйесінде сонғы жылдары
Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) – асқорыту жолының көп гормондар тобы зерттеліп жатыр.
2. Гипоталамус – гипофиздік жүйе
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы -аденогипофиз, ортаңғысы - меланогипофиз, артқы бөлігі - пейрогипофиз деп аталады. Құрылысы және қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді.
Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация). Гипофизді апып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс) салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс) мұндай өзгерістердің сипаты қарама-қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары - бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), адренокортикотроптық АКТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.
Гормондардың физиологиялық
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры қысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТТ гиперсөлініссы акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жағы, маңдай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің инсулин бөліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
Пролактин,
лактоген гормоны ацидофилдік
Базофилдік жасушаларда АКТГ, ТТГ, ФСГ және лютропин түзіледі. Адренокортикотропин - бүйрекүсті бездің өнімі. Ол аталған бездің қыртыс қабатындағы жасушаларын өсіріп, кортикостероид гормондардың әсіресе глюкокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді. Глюкокортикоидтар адамның ашу-ренішін, қайғы-мұңын басып, көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған ауруларға кортизон, гидрокортизон гормондарын беріп, олардың сырқатына деген төзімділігін күшейтуге болады.
Тиротропин қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп шығарылса гипофиздік гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.
Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин - аналық және аталық без - тестостерон мен прогестерон гормовдарының түзіліп бөлінуін күшейтеді. Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп жетілуімен безді жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып, қалыптасуын қамтамасыз етеді. Фоллитропин - ана безі фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар түзілуін үдетеді, қанда эстрогендерді көбейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.
3. Гипофиз
Гипофиздің артқы бөлігі - нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар - питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялыұқ жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонынын екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің 1 артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі питменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге күйген кезде тотығуы осығаң байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедин әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан (псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипоталамус реттейді.
4. Қалқанша без
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) - біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 тр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) - 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гормондар босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет.
Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ға жуығы белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. Гормондар тек бос қалпында ғана әсер етеді. Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6-10 есе жоғары.
Гормондардың күйрелуі біршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін). Артық гормондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді стромасында "ақшыл" жасуша немесе С-жасушалар деп аталатын ерекше түрі табылды (ағыл. calctonin), кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп те атайды. Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын, құрамында йод жоқ - тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады.
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады.
Фолликула эпителий тіндерінде йод бар тиреоиодты гормондардың түзілуі организмге бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам және жануарлар оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы алады. Тамақтанудың тәуліктік мәзірінде оның орташа мөлшері 100-200 мг болады. Организмде 30-50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безінің құрамына енеді. Сөйтіп, адамның және жоғары сатыдағы омыртқалылардың қалқанша безі 4 түрлі гормон бөліп шығарады - тироксин (тетрайодтиронин), трийодтиронин және тирокальцитонин, катокальцин. Қалқанша безінің гормондары организм қызметтеріне кең түрде әсер етеді.
Тәжірибелік зерттеулер кезінде де, ішкі сөлініс бездерінің қызметі бұзылған ауруларды бақылағанда, гормондардың жеткіліксіз немесе шамадан тыс көп бөлінуі бұлардың қаншалықты ерекше әсер ететіндігін айқын көрсетеді. Тиреоидты гормондар әсерінің негізгі әсерлері бұлардың түрлі алмасу үрдістеріне, өсу және дамуға ықпал етуінен, сонымен қатар көптеген бейімделу әсерленістерге қатысуынан тұрады.
Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізетін әсері, олардың "калоригендік" - жылу өндіру ықпалынан өте жақсы көрінеді. Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу үрдістерінің жылдамдығы төмендейді, ал көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қалыпты жағдайда да 2 есе жоғарылауы мүмкін. Жылу өндіру нәтижесі жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмінің барлық жасушаларында, әсіресе бауыр, бұлшықет және жүйке жүйесі жасушаларында айқын байқалады.
Гормондар зат алмасудың түрлі жақтарына, барлық ферменттерді белсендіру жане тотығу үрдістерін күшейту арқылы әсер етеді, әсіресе белоктың синтезделуін және майлар мен көмірсулардың ыдырауын күшейтетін митохондриялық үрдістерді тездетеді Түрлі жануарлардың организмін зерттеу арқылы, оларда минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың мәні анық дәлелденген.
Сөйтіп тироксин жасуша ішіндегі және сыртындағы орталардағы электролиттердің мөлшер айырмасының сақталып тұруына көмектеседі. Бұның биопотенциал генерациялану кезінде үлкен мәні бар. Т3 және Т4 әсері сонымен қатар тіндердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұрады; олар адреналин мен норадреналиннің гликогенолиздік және гипергликемиялық әсерін күшейтеді. Қалқанша безінің гормондары дененің өсуін реттейді, сондықтан олардың жетіспеушілігі өсудің баяулауына соқтырады. Тиреоидты гормондардың маңызы әсіресе төлдерден айқын көрінеді. Бұл гормондардың жетіспеушілігі салдарынан жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылып, даму және өсу баяулайды. Жас кездегі өсу үрдісінде гипотиреоздан балалардың ақыл-ойы, санасының дамуы бұзылады. Эмбриондық кезінде осы гормондар жетіспесе, ақыл-ойдың мешеулігінің ауыр түрі (кретинизм) байқалады. Тиреоидты гормондар метаморфоз (өзгеріс) үрдістеріне әсер етеді, бұны қосмекенділерден айқын көруге болады. Итбалықтарды құрамында йод жоқ суға салғанда, өзгеріс болмады, яғни итбалық бақа күйіне ауыспайды, сол суға йод немесе қалқанша без гормондарың қосқанда, ол бірден бақаға айналып өзгеріс пайда болды, екінші сөзбен айтқанда жануарлардың есейген түріне өтуі іске асты. Қарастырылып жатқан гормондардың кейбір жануарлардың түк қабаты мен түлеуге әсері дәлелденді. Қазақтың тәжірибелі аңшылары өздерінің аңшы құстары тез түлеп, күш алуы, әрі құс көрікті болуы үшін жеміне қалқанша безінің кептірілген тінін қосқан. Қалқанша безінің гипоқызметы салдарынан жануарлардың түктері, құстардың қауырсындары көмескіленіп, түсіп қалады. Тері қатпарланып кетеді.
Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық жүйке жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді.
Иттердің безін алып тастағаннан кейін, оларда шартты рефлекстердің қалыптасуы өте киын болады. Қалыптасқан шартты рефлекс келесі күні жойылып кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл - гипертиреоз кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без қызметінің бұзылуынан адам зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді.
Қалқанша безінің үшінші гормоны - тирокальцитонин. Бұл гормон бездің фолликула жанындағы жасушаларынан бірден қан мен лимфаға фолликулалардан өтпей-ақ келеді, ол тиреоидты коллоидтың құрамында да жоқ.