Теңіз кенішіінің қоршаған ортаға зияны

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Батыс Қазақстандағы Теңіз мұнай кен орны дүние жүзіндегі ең үлкен мұнай қоры бар ауданға жатады.Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды,кен орнын игеру 1984 жылы басталды.Ол әлемдегі ең терең мұнай кеніштерінің бірі болып табылады. «Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан,бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші,сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны ТШО-Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі аса ірі инвестициялық жоба.Белсенді инвестициялық бағдарламасы мен аса бай Теңiз кенішін игерудегі тиімді қызметі қысқа мерзім ішінде ТШО-ны әлемдік деңгейдегі компанияға және жылдық мұнай өндіру көлемі мен күрделі қаржысы жөнінен Қазақстандағы анағұрлым қуатты кәсіпорынға айналдырды.Теңіз мұнай кеніші – бұл Қазақстанның нағыз ұлттық байлығы.

Содержание

I. КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім
2.1.Теңіз кен орны туралы жалпы мәліметтер.........................................................5 2.2.Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.........................................................10
2.3.Экологиясы және Экономкасы............................................................................21
2.4.Теңіз экологиясына ТШО атмосфералық қалдықтарының әсері.....................26

III.ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................27
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

тениз кениши.docx

— 91.50 Кб (Скачать)

Теңізшевройл жоғары сапалы күкірттің төрт түрін ең алдымен  Жерорта теңізі бассейні мен Орта Азия елдеріндегі тұтынушыларға  және Қазақстан, Ресей, Украина, Қытайға  өткізуде.Экологиялық мониторинг жүйесі Өнеркәсіптік өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша төмендету мақсатымен ТШО Теңіз кен орнының аймағындағы ауа, топырақ, жер асты және сарқынды су көздері, жануарлар мен өсімдіктер әлемі мониторингін жүргізіп тұрады.                                                                                           Теңіз аймағындағы Санитарлық қорғаныш аумағында, сонымен қатар жақын орналасқан елді мекендерде, өндіріс аймағынан 90 шақырым қашықтықтағы Жаңа Қаратон кенті мен Құлсары қаласында дербес жұмыс жасайтын және ауа сынамасын алуды жүзеге асырып тұрған 12 бақылау станциялары орнатылған. Мониторингтің барлық мәліметі Зауыттың орталық диспетчерлер бөліміне келіп түседі, сол жерде операторлар негізгі параметрлердегі ықтимал ауытқуларды бақылайды. 2001 жылдан бастап ТШО экологиялық мониторинг бағдарламасы аясында Жер бетінің Теңіз аумағын спутниктен суретке түсіртіп алу үшін Қазақстанның Ұлттық ғарыш зерттеу институтымен бірігіп жұмыс жүргізуде. Спутниктен түсірілген суреттер негізінде компания өзі жүргізген қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын отыруға қажетті өсімдіктер дүниесі мен топырақтың жай-күйінің карталарын жасайды. Сонымен қатар, бұл мәліметтерді біз лицензиялы аймақта жол және жаңа нысандар құрылысын жүргізген кезде ресурс-тарды оңтайлы пайдалану және қоршаған ортаға әсерді есептеу үшін де қолданамыз.                                                                                                                               1993 жылы Теңізшевройл негізгі активтерімен қоса Теңізде жоғарғы топырақ қабаттары мен өсімдіктер дүниесін қалпына келтіруді керек ететін бірқатар алаңдар мен далалық жолдарды иеленді. Көне және жаңа ғарыштық түсірілімдерге жасалынған салыстыр-малы талдаулар аталмыш аймақтағы өсімдіктер дүниесінің ойдағыдай қалпына келіп жатқанын көрсетеді. Компания мамандары әртүрлі форумдар-да оңды тәжрибелерді және ғарыштық түсірілімдерді ізгі мақсаттарда кеңінен қолдануға мүмкіндіктер туғызған ТШО-ның экология саласындағы табанды жұмысының нәтижелерін қайта-қайта табысты түрде таныстырып жүрың нәтижесіне сай бо-лып жатқан оңды үрдістер мен өзгеріст ТШо-ның жаңа жобаларының жиынтық әсерін бағалау ТШО-ның денсаулыққа, әлеуметтік және қоршаған ортаға жиынтық әсерін бағалау (ДӘҚОӘБ) тәртібі компанияның жаңа жобаларды іске қосу кезінде болатын ТШО қызметінің жер-гілікті экологияға, әлеуметтік салаға және адамдар денсаулығына әсерінің дәрежесін шынайы және дәл анықтауға арналған. Осындай зерттеу-лерді жүргізуге өзіне міндеттемелер ала отырып, ТШО қабылданған нормалар мен талаптарға өз қалауымен түсінік қалыптастыруды мақсат етпей-ді, керісінше, нормативтік құжаттарда бекітілген-дермен салыстырғанда көп жағдайда анағұрлым қатал да жоғары бағалау критерийлерін қолданады. Белгіленген нормаларды бұлжытпай орындауы ТШО-ға заңды құрметтейтін кәсіпорын және қоғамның корпоративті мүшесі мәртебесін таңған болар еді, дегенмен, Теңізшевройл Өндірісті оңтайландыру бағдарламасы мен «ТШО-ның сара жолы» стратегиялық нұсқамаларының жоғары талаптарына сай болуы үшін өзіне арналған көптеген ұстаным талаптарының деңгейін өз еркімен көтеруді мақсат етіп қоюда Мұнайдың кез келген елдің экономикасының дамуына ықпал зор екендігі айдан анық.

Мұнайға деген сұраныс  үнемі өсіп отырады,Мұнай өндіру арттыру екі жолмен іске асырылады:жаңа кен орындарын ашу және мұнай  өдіріліп жатқан аудаңда мұнай өндіруді одан әрі дамыту.Соңғы әдіс технология жағынан күрделілеу.                                                                                                                           Мұнай өндірісі еліміздің қазіргі дамуы үшін ең негізгі екендігіне дау жоқ. Былайша айтқанда ол – Қазақстан экономикасының ең басты көзі болып отыр.Осыдан он жыл бұрынғы сараптама-салыстыруларға қарағанда Қазақстан мұнайының негізгі қоры теңіз астында болып отыр.                                                                                         Есепші экономистердің пайымдауынша қайраңның Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры бүкіл Қазақстандағы мұнай қорының тең жартысындай деп жорамалдаған болса, қазір шельфтегі мұнай қорының ондай болжамнан әлдеқайда көп екендігі анықталып отыр. Олай деліну себебі Теңіз кен орнының теңізасты мұнай қоры 26 миллион тоннадай ,Батыс Қашағанды қазғанда теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе,Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр деген сөз.Теңіздің тайыз бөлігі мен терең бөліктеріндегі атқарылатын жұмыстардың ауқымы әрқилы болып келеді. Әсіресе оны сейсмикалық жұмыстартар кезінде ерекше назарда ұстау қажет. Жүз мың шаршы шақырым алаң зерттеліп шықты.Теңіз тіршілігінің жойылуы  о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда. Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Екінші мәселе, Солтүстік теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге қолдана салуға болмайды.                                                                                                                               Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа.Ауа-райы мен табиғи ортасы да екі бөлек.Сондықтан Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.                                                                  ТШО кен орнын пайдалану барысында  бірнеше жылдардан бері сатуға арналып өте көп күкірт өндірілді, олар монолитті қатты блок түрінде сақталынады. Әлемде үлкен сұранысқа ие бола тұра ТШО-дағы сұйық күкіртті өткізу қарқыны өндіру қарқынынан  артта қалып отыр. Осы проблеманы шешу мақсатында, өткізу рыногын кеңейту мақсатында ТШО қабыршақты және түйіршекті күкірт өндіретін қондырғының құрылысына 60 млн. доллар ақша бөлді. Қабыршақты және түйіршекті күкірт арнайы  жасалған қаптарға салынады,  тұтынушыға жеткізу үшін арнайы жабдықталған көліктің де қажеті жоқ, тиеуге де оңай.2002 жылдың қарашасында қазақстандық-канадалық жоба бойынша аптасына 600 тонна қабыршақты күкірт шығаратын алғашқы өндірістік құрылғы іске қосылды.                                                          

 

2003 жылы аптасына 2200 тонна түйіршекті күкірт шығаратын  құрылғының құрылысы аяқталды«Теңізшевройл»  ЖШС Қазақстан өнеркәсібіні мұнай  саласындағы көшбасшысы болып  қана қойған жоқ, со-нымен бірге  өз қызметінің барлық бағыттары,  жобаларының ауқымы, өнімдерінің  көлемі және ел экономикасындағы  маңызы жөнінен Қазақстан Республикасындағы  маңызды да аса ірі кәсіпорындар қатарына енді.                                                                           Экономикалық тиімділік ТШО бірлескен кәсіпорын болып құрылған 15 жылдан астам тарихында Қазақстан экономикасына зор үлес қосып келеді.<<Теңізшевройл>> қызметі арқылы келген экономикалық тиімділіктің нәтижесі күні бүгін шамамен 30,4 миллиард АҚШ долларын құрап отыр, бұған бюджетке роялти, салық және аударым түріндегіи төлемдер,құрылтайшыға бөлінген табыс үлесі, облыстық бюджетке төлем, тұрақты қызметкерлердің жалақысы,сондай-ақ жергілікті тауар берушілер мен қызмет көрсетушілер есеп шоттарына аударылған төлемдер кіреді. Сонымен бірге өндіріс пен өндірілген өнім көлемі артқан сайын Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылатын тікелей төлемдер мөлшері де арта түсуде. 2008 жылы мұндай қаржы мөлшері 8,5 миллиард долларды құраса, 2007 жылы ел бюджетіне 5 миллиард дол-лар төленген болатын.                                                                                                                                                   ТШО-ның Қазақстанға 1993 жылдан бергі аударған қаржылық төлемдерінің жалпы мөлшері 35,9 миллиард АҚШ долла-рын құрады, бұған қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерінің ақысы, мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне төлемдер, ТШО-ның ұлттық қызметкерлеріне төленген еңбекақы, табыстың «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы АҚ-ына бөлінген тиісті үлесі, мемлекеттің кірісіне төленетін салықтар мен ақылар кіреді.Тек, 2009 жылы ғана қазақстандық тауарлар мен қызметтерге жұмсалған қаржы мөлшері 1,2 миллиард долларды құрады. экономикасы үшін мұнай өнеркәсібінің тигізетін әсері  және мұнай өнімдерінен таралған зиянды қалдықтар ауаға таралуы  өзекті мәселе болып табылады.                                                         Мұнай және мұнай өнімдерінің төменгі температуралық қасиеттерін жақсартудың мейлінше экономикалық тиімді жолдарын қолдану болып табылады.                                                        Мұнай кешенінде бұрқақ-тай атқылаған Атырау өлкесінің ел экономикасын өркендетуде маңызы зор.Атырау мұнайының өзекті деп тауып,осы ғылыми жұмысқа арқау етіп отырмын.Облыс экономикасында тарихи тұрғыдан басымдық орынды мұнай газ өндіру саласы алады, бұл қолда бар елеулі  көмірсутек шикізатының қорына байланысты.Бұл салада басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда көтеріңкі инвестициялық  тартымдылық бар, ол қалыптасқан жағдайларда  өңдеу және қайта салаларын дамыту  үшін тежеуші   фактордың болып табылады.Оның үстіне, осы салада шетел капиталының (трансұлттық компаниялар) елеулі үлесінің болуы озық технологияларды игеру және қазіргі заманғы жабдықтарды енгізу  үшін жеткілікті ресурстары болмастан, инвесторлар қызметтерді Еуропаның, АҚШ пен Азия, дамыған елдерінен импорттайын ірі халықаралық сервистік компаниялармен бәсекеге түсуге мәжбүр жергілікті сервистік компаниялардың дамуын белгілі шамада тежейді.Атырау облысы аумағында көмiрсутек шикiзатының бірегей кен орындары ашылған, олардың өнеркәсіптiк геологиялық қорлары Қазақстандағы қорлардың жартысынан асады.                                 Тарихи қалыптасқан нәрсе – облыс экономикасының құрылымында мұнай-газ кешенi басымдықты орын алады.Атырау облысында 15 кәсiпорын мұнай өндiрумен айналысады. Шикi мұнай өндiруде ең үлкен үлес салмағын «Теңiзшевройл» ЖШС және «Ембiмұнайгаз» ӨФ алады.                               «Теңiзшевройл» ЖШС – Каспий теңiзiнiң солтүстiк-шығыс жағалауында орналасқан 2007 жылы 13,9 млн. тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңінен 1,1 есеге артық, 7247,7 миллион текше метр ілеспе мұнай    газы өндірілді (104,9%).                                                                                                                        Теңіз және Королевское кен орындарын өңдеуші «Теңізшевройл» ЖШС Екінші Буын және қабатқа шикі газ айдау зауытын (ЕБЗ/ШГЗ) пайдалануға енгізді.                    ШГЗ жобасы қабатқа ілеспе газды қайта айдауға мүмкіндік береді. Бұл мұнай қабаттарының қайтарымын елеулі түрде арттырып, күкірт түзілуін азайтады және алауларда газ жағуды ең төменгі деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.Берілген жобалар Теңіз Кен орнынан жылына тұрақты шикі мұнайды өндіру деңгейін 12-ден 24 тоннаға дейін арттыруға және газдың бір бөлігін қайтадан коллекторға айдауға мүмкіндік береді.Облыстың жалпы қоғамдық өндірісінде  өнеркәсіптің үлес салмағы-44,1%,құрылыс-22,0%,сауда,материалдық жабдықтау және дайындау-4,6%,көлік қатынасы және байланыс – 4,0%, ауыл шаруашылығы 3,9%-ды  құрайды (1998ж).Тұтастай республикалық өндіріс көлеміне шаққанда, облыстың үлес салмағы мұнайдан (газ конденсатын қоса есептегенде)-58,8%, табиғи газдан-10,6%, балық аулаумен басқада теңіз өнімдерін өндіру мен құты жасаудан-65,5%. Электр қуатын өндіру бойынша- 3,4%.                                                   Мұнай және газ кешені облыс экономикасының тарихи қалыптасуында  да сондайақ оның бүгіні мен келешегінде де жетекші рөл атқарады.1999 ж облыста мұнай өндіру деңгейі 12,3 млн тоннаға жетті, яғни 1998 жылғы өндірілген өнімнен 1,2 млн тонна,1995 жылғыдан 7,1млн тонна артық болды. Облыс аумағында өте сирек кездесетін мұнай –газ кен орындары мен газ конденсатының шикізат көздері табылды. Мұнайдың негізгі қоры Теңіз кен орны мен Каспий теңізі қайраңының үлесіне тиеді, бұл казір Қазақстан бойынша  анықталған қорлар мен ресурстардың 80%-ын құрайды.Облыс аумағында екі ірі мұнай кәсіп орны «Қазақойл-Ембі»ААҚ , «Теңізшевройл»БК жұмыс істейді және 8 жеке бірлескен мұнай компаниялары бар. Олардың бюджеттік төлемдермен салықтар аударылымы жалпы республикалық үлестің 9% тең.                                                                 1999 жылы Бірлескен және отандық кәсіп орындардың негізгі капиталына инвестициялық құйылымның жандану үрдісі байқалды. Отандық инвесторлар қаржыларын банкрот шегінде тұрған  кәсіпорындарды сауықтыруға және дамытуға сала бастады. «Қазақойл-Ембі» ААҚ Қызылқоға ауданының Қондыбай, Уәз кенорындарын барлау, бұрғылау жұмыстарын қаржыландыруда.Каспий теңізі акваториясы Каспий ойпатындағы  тұз асты кешеніндегі мұнай мен газдың сандық бағасы,яғни көмірсутегі шикізатының геологиялық ресурсы 23млрд тоннадан артық екенін, өндірілетіні 12 млрд тоннаға бағаланатынын, газдың 4,3 трлн м3 –ден жоғары екенін көрсетеді. Өндіріске әзір және жұмыс істеп тұрған кен орнындарындағы өнеркәсіп санаттарының мұнай қоры 876 млн тонна, оның негізгі бөлігі Теңіз кенорнының үлесіне тиеді. Осы ретте Қазақстан Республикасы мен Шеврон американ корпорациясы құрған «ТеңізШевройл» бірлескен кәсіпорны табысты еңбек етуде.

Бұл жоба Теңіз кәсіпшілігінде мұнай өндіруді және 6-9млрд баррелдей  мұнайды тұрақты валютамен экспортқа  шығаруды қарастырады. «Шевронның »  Атырау жеріне келуі біздің облысымызға  көптеген батыс инвесторларының  бет бұруына жол ашты.Облыс 50-ден  астам таяу және алыс шетелдермен  қарым қатынас жасайды (Ресей,Ұлыбритания,АҚШ,Франция  т.б),аймақта шет елдердің қатысуымен 55 бірлескен кәсіпорындар жұмыс  істейді.Барлық меншік нысанындағы  кәсіпорындардың күшімен игерілген  күрделі қаржының көлемі Қазақстан  бойынша барлық инвестицияның 4\1 құрайды  (2000ж).Каспий тұрба құбырының консорциумы құрылды, ол Қара теңізден ресейлік терминалдар арқылы мұнайды экспортқа шығару көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Желінің бастапқы жобалау көлемі жылына 28,2млн тонна құрайды және үнемі жетілдіру барысында 4 рет жүйелі кезеңмен өрістетудің арқасында көлемі жылына 67 млн тоннаға жетеді.Атырау-Самара құбырының мұнай өнімін өткізу қабілетін жылына 12-15 млн тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Каспийдің солтүстігінде құрамына бірнеше шетел компаниялары кіретін Қашаған құрылымы негізінде бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Коммерциялық  өндірістің басталуына дейінгі жобаға бөлінген инвестиция  3 млрд АҚШ долларына жуық.                                                       Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына мүмкіндік бере отырып, мультипликативті нәтижені қамтиды: өндіру, өңдеу және көп мөлшердегі мұнай мен газ тасымалдау, отандық мұнай-газ,энергетика, көлік қатынасы, машина құрылысы, телекомуникация, автожол құрылысын және сервистік инфрақұрылымын дамытудың алғышарттарын құрайды. Бұл осы салалардағы ғылым және жоғары технологияның дамуына күш береді. Кейінгі жылдары бензинге, мазутқа, дизелге және пешке жағатын отынның  50%-ға жуығы, реактивті отынға ішкі мұқтаждықтың 80%-ын өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіп отыр.Атырау облысы инвестиция тартуда республика бойынша көш басында келеді. Сонау 1991 жылы инвестиция 24 млрд. теңгені құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн. 105 млрд. теңгеге жетіп, бүкіл республиканың инвестицияларкөлемінің 28%-ын құрап отыр.Мұнай саласындағы көрсеткіш те таңдай қақтырарлық. 2010 жылы 30 млн. тонна мұнай, 13,6 млрд. текше метр ілеспе газ өндірілді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен құрылған «Теңізшевройл» кәсіпорны Атырау облысының ғана емес, күллі Қазақстан экономикасының флагманына айналып, бүгінде ел игілігіне қызмет етіп отыр. Компания құрылысы биыл басталатын үшінші буын зауытын салуды да жоспарлап отыр.Мұнай құбыры  тасымалы.Батыс Қазақстандағы алғашқы ұзындығы 154 км Ракуш-Каспий мұнай құбыры революцияға дейінгі кезеңде салынып,пайдаланылды.1934 ж.ұзындығы 830км Каспий-Орск мұнай құбыры салынды, 1966ж.ұзындығы 141км Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры іске қосылды. Дүние жүзіндегі алғашқы трансконтиненттік 1500км Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры 1968-70ж.салынды. 1989 ж.ұзындығы 678км Теңіз-Атырау-Грозный мұнай құбыры пайдалануға берілді. Мұнай айдау көлемі 1977 жыл.15 млн тонна болды.Қазақстан мұнайының дүниежүзілік рынокқа шығуы үшін 2001 ж.құны 1-кезеңінде 2 млрд АҚШ доллары болатын жылына 67 млн тонна мейлінше жоғары мұнай өткізу қабілеті бар Теңіз-Новосибирск мұнай құбырын іске қосу жоспарлануда. Иран, Қытай және Түркия арқылы өтетін баламалы мұнай құбыры құрылысының нұсқалары жасақталуда.

 

2.4.Теңіз экологиясына  ТШО атмосфералық қалдықтарының  әсері.

 Кез келген мұнай өндіруші кәсіпорын белгілі бір мөлшерде табиғатқа зиян келтіріп отыр.Оны мұнай компанияларының ешқайсысы айналып өте алмайды.

Теңізшевройл өндірілген 1 тонна мұнайға шаққандағы шығарындылар көлемін қысқартуда айтарлықтай  жетістікке ие болды. 2000 жылмен салыстырғанда  бұл көрсеткіш 73%-ға төмендеді. 2011 жылы атмосфераға жіберілген шығарындылардың  көлемі ТШО-ның өндірген мұнайдың бір  тоннасына шаққанда, орта есеппен, 2,28 килограмды құрады.Шығарындылар деңгейінің елеулі азаюы көптеген жобалар мен  инновациялар арқасында мүмкін болды. Солардың бірі – мұнайдың біріктірілген  жобалары 2008 жылы аяқталды. Бұл жоба қолданыстағы технологиялық желілердегі меркаптаннан тазарту үрдісін өзгерту арқылы алауда жағылатын газ бен шығарындылар көлемін елеулі азайтуға соншалықты тез арада оң әсерін беруге ықпал етті. 2009 жылы тауарлық мұнай паркін іске қосып нәтижесінде шығарындылар көлемі азайтылды.2009 жылдың желтоқсанында біз жалпы қаржылық көлемі 258 миллион АҚШ долларын құрайтын газды кәдеге жаратуға арналған төрт жылдық жобаны аяқтадық. Бұл кәсіпорынға Қазақстан Республикасындағы газды кәдеге жарату жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сай, Теңіздегі ілеспе газды жағуды тоқтату жөніндегі міндеттемені келісілген мерзімде аяқтауға мүмкіндік берді. Мұнай төгіндісін болдырмауЕдәуір мөлшерде қаржы бөлу арқылы ТШО Теңіз аумағындағы технологиялық құбырлардан кеткен мұнай төгінділерін анықтады және олардың санын едәуір қысқартуға қол жеткізді. Бірлескен кәсіпорын құрылмастан бұрын тартылған көне құбыр желілерінің тозған жерлерін жөндеп, ауыстырғаннан кейін соңғы үш жылда мұндағы мұнай төгілуі 90%-ға қысқарды. Қауіптілігі ықтимал жерлерде төтенше жағдайларға жол бермеу және бұрынғы қателіктерді алға қарай қайталамау үшін ТШО қызметкерлері төтенше жағдайлардың себептері мен салдарларын мұқият зерттейді. Оқиғасыз жұмыс сондай-ақ, мердігерлермен және қызмет көрсетуші фирмалармен өзара тығыз қарым қатынасы және тәжірибелер алмасуы арқылы да қамтамасыз етілудеТек басты мақсат қоршаған ортаға келетін зиян мөлшерін неғұрлым азайту үшін әрекет ету.Теңіз жағалауы оның суын ластаушылардың бастысы –мұнай.                                      Мұнай өндіру барысында Теңіз кенішінде қалдықтардың 60-қа жуық түрі түзіледі.                               Қалдықтар пайда болуы мен құрамы жағынан жəне қауіптілік сыныптары бойынша ерекшеленеді.                                                                                                                                                                                          ТШО нысандарында қалдықтардың түзілуі мен оларды жайғастыруды бақылау жұмысын қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қалдықтарды жайғастыру тобы жүзеге асырады. Қалдықтар екі санатқа бөлінеді: тұрмыс жəне өнеркəсіп қалдықтары. Өнеркəсіп қалдықтарының негізгі түзілу көздері - кəсіпшілік нысандары (ұңғымалар, манифольдтар, өлшеу қондырғылары, диспетчерлік бекет), сыртқы нысандар (қазандық, газ-турбиналық электр стансасы, тазар-ту құрылыстары, резервуарлар жəне тауарлық парктер), газ өңдеу зауыты жəне өндірістік база.Өнеркəсіп қалдықтары технологиялық процестердің нəтижесінде пайда болады жəне пай-даланылып болған катализаторлардан, молекулярлық елеуіштерден, химиялық материалдардан жəне пайдаланылып болған майлардан тұрады.Тұрмыс қалдықтарының негізгі көздері - вахталық əдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлерге арналған тұрғын үй жайлары.Тұрмыс қалдықтары асханаларда, кеңселерде, емханаларда жəне қызметкерлер тұрып жатқан жайларда пайда болады.                                                                                 Өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру жөнінен Теңізшевройл Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындары арасында көшбасшы саналады.

Информация о работе Теңіз кенішіінің қоршаған ортаға зияны