Теңіз кенішіінің қоршаған ортаға зияны

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Батыс Қазақстандағы Теңіз мұнай кен орны дүние жүзіндегі ең үлкен мұнай қоры бар ауданға жатады.Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды,кен орнын игеру 1984 жылы басталды.Ол әлемдегі ең терең мұнай кеніштерінің бірі болып табылады. «Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан,бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші,сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны ТШО-Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі аса ірі инвестициялық жоба.Белсенді инвестициялық бағдарламасы мен аса бай Теңiз кенішін игерудегі тиімді қызметі қысқа мерзім ішінде ТШО-ны әлемдік деңгейдегі компанияға және жылдық мұнай өндіру көлемі мен күрделі қаржысы жөнінен Қазақстандағы анағұрлым қуатты кәсіпорынға айналдырды.Теңіз мұнай кеніші – бұл Қазақстанның нағыз ұлттық байлығы.

Содержание

I. КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім
2.1.Теңіз кен орны туралы жалпы мәліметтер.........................................................5 2.2.Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.........................................................10
2.3.Экологиясы және Экономкасы............................................................................21
2.4.Теңіз экологиясына ТШО атмосфералық қалдықтарының әсері.....................26

III.ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................27
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

тениз кениши.docx

— 91.50 Кб (Скачать)

Мазмұны:

 

I. КІРІСПЕ.......................................................................................................................3                                                                                                                                              

 

II.Негізгі бөлім         

    2.1.Теңіз кен орны туралы жалпы мәліметтер.........................................................5                                                                                                                                                                          2.2.Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.........................................................10

    2.3.Экологиясы және Экономкасы............................................................................21

    2.4.Теңіз экологиясына ТШО атмосфералық қалдықтарының әсері.....................26

 

 

III.ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................27

 

IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

2.1.Теңіз кен орны туралы жалпы мәлімет.                                                                           Қазақстандағы ең бірінші мұнай 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді.Ол жердегі тереңдігі 40 метрлік үңғыдан мұнай фонтаны атқылап,тәулігіне 25 тонна мұнай береді.Алғашқы кезде мұнайды арнайы қазылған шұңқырға жинаған. Мұнайды Самарадағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін алғашқы кезде түйені пайдаланған.1915 жылы Қазақстандағы ең бірінші мұнай құбыры Ракушечная аймағына дейін салынды.Ол жерден мұнай баржаға жүктеліп,Каспий теңізі одан ары Еділ өзені арқылы тасымалданды.                                                                                                                               Батыс Қазақстандағы Теңіз мұнай кен орны дүние жүзіндегі ең үлкен мұнай қоры бар ауданға жатады.Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды,кен орнын игеру 1984 жылы басталды.Ол әлемдегі ең терең мұнай кеніштерінің бірі болып табылады. «Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан,бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші,сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны ТШО-Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі аса ірі инвестициялық жоба.Белсенді инвестициялық бағдарламасы мен аса бай Теңiз кенішін игерудегі тиімді қызметі қысқа мерзім ішінде ТШО-ны әлемдік деңгейдегі компанияға және жылдық мұнай өндіру көлемі мен күрделі қаржысы жөнінен Қазақстандағы анағұрлым қуатты кәсіпорынға айналдырды.Теңіз мұнай кеніші – бұл Қазақстанның нағыз ұлттық байлығы.Бүкіл Қазақстан мұнайының 30 пайыздан астамы осы жерде өндіріледі.Теңіз кенішінде мұнай Каспий өңірінің мұнай-газ саласындағы аса ірі кәсіпорындардың бірі«Теңізшевройл» компаниясы.Әлемдік деңгейдегі бұл компанияның жемісті жұмысы Атырау облысы секілді бүкіл Қазақстан Республикасының да әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі ықпалын тигізді.Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық жұмыстар халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. « Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру үшін құрылды.«Теңізшевройл» ЖШС-і шикі мұнайды, сұйық және құрғақ газды,сонымен бірге күкіртті жайғастыру,өндіру және өткізумен айналысады,сонымен қатар.Теңізшевройл - геологиялық барлау, кен орнын игеру,мұнай мен ілеспе өнімдерді өндіру жəне оларды сату жұмыстарымен айналысатын қазақстандық кəсіпорын.Негізінен-тұрақтандырылған мұнай ілеспе газдан тауарлық құрғақ газ,пропан және бутан өндіріледі. Теңізшевройлдың қазіргі кездегі серіктестері: Шеврон - 50%, Қазмұнайгаз -20%,ЭксонМобил Қазақстан Инк. -25% және «ЛукАрко» Б.К.- 5%.2008 жылы кәсіпорында негізгі өндіріс қуаттарын кеңейту жобасы ойдағыдай аяқталып, Екінші буын зауыты мен шикі газды айдау кешені іске қосылды, нәтижесінде қазіргі кезде мұнай өндірудің қуаты тәулігіне 75 мың тоннадан (600 мың баррельден) асты. Мұнай өндірумен қатар кәсіпорын сұйылтылған көмірсутегі газын (СКГ),бу-тан,пропан және қарапайым күкірт өндіреді. Күкірт тұтынушыларға төрт түрде-сұйық, кесек, түйіршік және қабыршақ күйінде жеткізіледі. Оны игеруге алғашқы күннен бастап атсалысып, еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Қазақстанға алғашқы болып инвестиция салған «Теңізшевройл» секілді алып компания өзге инвесторларға озық үлгі көрсетті.Бұл бастама «ғасыр келісімшартына» айналып, жас егемен елімізге көрсетілген зор сенім болды.Енді міне,бүгінгі таңда осы өндіріс Қазақстанның мұнай-газ саласының флагманы атанып отыр.Теңіз кенішінде 26 миллион тоннадай мұнай өндірілді.Бұл-барлығы 80 млн.тоннаны құрайтын барлық Қазақстан мұнайының үштен бірі.

Теңіз -әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең,алып кен орны болып саналады,оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр немесе 13000 фут тереңдікте орналасқан.Теңіздің тереңдігі - 3810 м,Мұнай қабатының қалыңдығы - 1,6 км.Үлкен Теңіз кен орны және одан сәл кішірек,бірақ үлкен қоры бар Королевское кен орны жобаның лицензиялық бөлігіне кіреді.Өндірілетін шикізаттан ТШО өнімнің бірнеше түрін шығарады.Бұдан басқа.Теңіз мұнайындағы деңгейі жоғары күкірсутектен күкірт өндіріледі.Соңғы жылдары ТШО құрылған кезде құрылыстары басталған объектілер өз жұмыстарын бастады.Осы объектілерді іске қосу әлемдік үлгіге сай өнім өндіру,қоршаған ортаға тиетін зиянды азайту және өнім өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.ТШО-ның көмірсутектің жеңіл молекулаларынан құралған тауарлық таза мұнайы өте «жеңіл» болып есептеледі,сол себепті мұнай өңдейтін зауыттар үшін бұл мұнайдан бензин, дизель отыны,тағы басқа өнімдер өңдеу жеңілге түседі.Теңіз кеніші қорларының алтыдан бір бөлігіне тең деп бағаланып отыр.2009 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай өндіру көлемі 10,2 миллион метрикалық тоннаны 81,2 миллион баррель құрады.ТШО мұнайды бірнеше тасымалдау маршруттары бойынша экспортқа шығарады.2009 жылдың бірінші жарты жылдығында ҚҚК бойынша Новороссийск қаласына 7,5 миллион метрикалық тонна мұнай шығарылды.Қалған бөлігі темір жолмен Одесса және Феодосия, Ақтау арқылы Батумиге, әрі қарай Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр жүйесіне жіберілді. Аз бөлігі Атырау-Самара құбыр жүйесі арқылы экспортқа жөнелтілді.Кен орнындағы қабаттың қысымы (820 бар) өте жоғары.Сонымен бірге құрамында ілеспе газ және күкрттісутек бар.Мұнайды игеру 2010 жылы басталмақ.Кенішті игеру 40 жылғы жоспарланды.Сонымен қатар Теңіз кен орнында тұщы су көзі жоқ.Еділдің атырауынан құбыр желісімен жеткізілетін су бұл жерде соншалықты бағалы саналады.Сондықтан ТШО суды техникалық қажеттерге пайдаланғанда үнемдеуге көп мән береді.Жаңадан салынып жатқан барлық нысандардың суды үнемді жұмсауы ескеріледі.Осы орайда,Екінші буын зауытының жобасында техникалық суды тиімді пайдалану мақсатымен оның қайта айналымы мен қайталап пайдаланылу мүмкіндігі қарастырылды.Осыған қоса ТШО-да қолданыстағы сарқынды суды тазарту жүйесі қазіргі кезеңде модерлендірілуде,бұл компанияның қоршаған ортаны қорғау саласында көшбасшы болуға бағытталған стратегиялық мақсаттарға сай екенін және Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамаларын бұлжытпай орындап келе жатқанын айғақтайды.Сарқынды суды тазарту және оны қайта айналымға қосу жүйесінің жақын арада іске қосылуы булану алаңдарын пайдалануды және бұл жерлерді қайтадан қалпына келтірумен айна лысуды мүлдем доғаруға мүмкіндік береді. Мұнай өндіруТеңізшевройл ЖШС Республика ішінде пайдалануға және экспортқа шығаруға төрт жоғары сапалы өнім түрін шығарады. Олар: мұнай шикізаты, сұйылтылған мұнай газы, күкірт және құрғатылған газ. 2011 жыл бойынша мұнай өндіру көлемі 25,8 миллион метрикалық тоннаны (206,2 миллион баррель) құрады. ТШО өндірген мұнай Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкаға жіберіледі. 2010 жыл бойынша Теңізшевройл ЖШС 1,3 миллион метрикалық тонна еуропалық сапа деңгейіндегі сұйылтылған көмірсутек газын (пропан мен бутан) өндірді және сатты. СКГ Қазақстан мен Еуропадағы тұтынушыларға теміржол арқылы жеткізіледі.Сатылған құрғатылған газ көлемі 2011 жыл бойынша 6,9 миллиард текше метрді құрады.Бұл газдың басым бөлігін Қазақстан пайдаланады.Жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында ТШО 3,8 миллион метрикалық тонна күкірт сатты, бұл өндірілген күкірттің 169 пайызын құрайды.Осы мезгіл ішінде 2,3 миллион метрикалық тонна күкірт шығарылды. ТШО күкірттің төрт түрін сатады: сұйық, қабыршақ, түйіршіктелген, кесек. Теңізшевройл жоғары сапалы күкірттің төрт түрін ең алдымен Жерорта теңізі бассейні мен Орта Азия елдеріндегі тұтынушыларға және Қазақстан, Ресей, Украина, Қытайға жеткізіледі.

 

 

2.2.Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.                                                                               Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Топырақ, атмосфера,су қоймалары ластануға ұшырауда.Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сактау технологиясын колданып отыруды қажет етеді.Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды.Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналаскан елді мекендердегі адамдарды басқа жакка, яғни колайлы жерлерге кешіреді. Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралык кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады.Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады.Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда.Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру кажет.                                                                    Мұнай-газ өндіретін аймақтардың осы күнгі экологиялық жағдайы,мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп жатқан кері әсерлері және оны азайтудың жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың нормалық құжаттарына талдау жасалынды.                                        Қазіргі кезде,экологиялық қауіпсіздік  жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын  аударып отырған ең маңызды бірі болып отыр.Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында,яғни геологиялық  барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға  дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Осылайша, қазіргі таңда қалдықтар аз болатын немесе мүлдем қалдық болмайтын технологиялық процестерді жасап,оның негізінде өнеркәсіп пен табиғи - өндірістік кешендерді экологизациялау -осы күнгі қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі.ТРҚ-ны қайтадан өңдеп қосымша өнім алу схемасы келтірілген.

 

Теңіз кен орнындағы технологиялық үрдістердің кері әсерлерінен қоршаған ортаның ластану заңдылықтарын анықтаудың және геоэкологиялық аудандаудың ақпараттық жүйені қолдану арқылы жасалынған әдістемесі – аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартудың негізі болып есептеледі;

-табиғатты  қорғау  шараларының  тиімділігі  мұнай-газ кәсіпшілігі мен қоршаған орта арасындағы экологиялық-экономикалық модель негізінде бағаланады және тіршілік дүниесін жақсартатын атмосфера сапасының нақтылы көрсеткіштерімен ерекшеленеді.Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты-кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен  газға берілген пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес.Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны,Теңіз кен орны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін облыстарының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда,ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.                                                          

 Мұнай-газ  өдіруде баю мен пайда табу көз ретінде қарамай, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына бүгінде көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде,мысалы «Теңізшевройл» 2000 жылдан бері қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі жобаларға жұмсаған қаражаты 2,34 млрд. АҚШ доллардан асты.Осы кезеңде алауларда жағылатын газ көлемін 94%-дан астам азайды, өндірілетін мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфералық шығарындыларды 73%-ға төмендеді 2011 жыл бойынша атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі ТШО-ның өндірген мұнайдың бір тоннасына шаққанда, орта есеппен, 2,28 килограмды құрады, бұл ең төмен жылдық көрсеткіш болып. саналады «Теңізшевройлда» қоршаған ортаны қорғау және жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды одан әрі жақсарту бағытында бірнеше жобалар жүзеге асырылып жатыр.Соңғы жылдары ауаға шикі газ жіберуден алдына жан салмаған ТШО компаниясы жуырда мемлекет пайдасына тағы да 200 миллионнан аса айыппұл төледі.Экология департаментімен «Теңізшевройл» ЖШС-ға технологиялық келеңсіз жағдайға байланысты ластағыш заттарды рұқсатсыз атмосфералық ауаға шығарғаны үшін 17 897 026 теңге айыппұл салынып, мемлекет пайдасына толығымен өндірілд.2033 жылға дейін Теңіз кен орнының коллекторындағы мұнайдың алынатын қоры 750 млн-нан1,1млрд тоннаға дейін болады.

Теңіз коллекторының жалпы  барланған қорлары 3 млрд тонна және Королевское кен орнында 190 млн  тоннаны құрайды Газды қалдықсыз кәдеге жарату жобасы, оның аясында «Теңізшевройл» өндіріс қалыпты жағдайда жұмыс жасаған кезде күкірттен тазартылған және құрғақ газды алауларда жағудан мүлдем бас тарту мақсатымен жаңа технологияларға және жабдықтарға қаржы бөлуде.

ТШО өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғары əлемдік стандарттарына сəйкес жүзеге асырады.

 

Казіргі кезде шектен тыс  ластанған аймақтардың жағдайын бақылау,қоршаған орта сапасына баға беру,келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі.

Мұнай-газ өндіретін аймақтардың  осы күнгі экологиялық жағдайы саладағы әдебиеттерге, мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп жатқан кері әсерлері және оны азайтудың жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың нормалық құжаттарына талдау жасалынды.Қазіргі кезде,экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы,су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы.

Еліміздегі осындай экологиялық  дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден  тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.Жалпы  кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай - газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі.Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр.2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін.Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр.

Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар.

Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан.Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т.Ал,Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.тонна.мұнай өндіріледі.Қазір Қазақстан Республикасы жылына 60 млн.т. мұнай өндіреді. Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес мұнай өндіру дәрежесі 2010 жылы 100 млн.тоннадан аспақ.

Мұнай - газ кен орындарын өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі қалдықтар  түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды.Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында, яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.мұнай – газ кешендерінде, оның ішінде Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орны аймағында табиғи ортаның жай-күйі сын көтермейді, әсіресе экологиялық мониторинг жүргізу, оның нәтижелерін жылдам өңдеу және дер кезінде табиғатты қорғау шаралары осы күнгі талаптарға  сай жүргізілмей отыр.Осыған орай, мұнай - газ кәсіпшіліктерінің қоршаған ортаға тигізіп отырған техногендік әсерлерін азайту үшін зерттеулер жүргізу қажеттігі айқындалды және Жаңажол кен орнында автоматтандырылған геоақпараттық жүйе (АГАЖ) құрылып, ол кен орны территориясында оңтайландырылып. орналастырылды Кәсіпорнының өндірістік жоспарын жасаудағы ең басты міндет шығарылатын өнімнің көлемін әрбір бөлімшелер арасына оңтайластырып бөлу.

 

 

 

Бұл жерде өнімді оңтайластырып  бөлу дегеніміз жоспарлардың  әрбір сатысында қабылданған оңтайластыру критериясына сәйкес, функция бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары өнім шығарудың жоспары орындалуы керек.

Теңіз акваторияларындағы ең үлкен  проблема мұзбен байланысты және де теңіз  тереңдігіне байланысты.

Желдің күші мен бағытына,теңіз  тереңдігіне,теңіз ағындарына, сол  жердің рельефіне және мұздың қасиетіне  тәуелсіз мұздықтар үздіксіз өзгеріп  отырады және оны болжау қиын.Мұнай  сақтайтын орны бар бірлесіп өндіретін,бұрғылайтын және тұратын платформа,шельфтік және жағалаудағы қондырғыларға мұнай газды беру қауіпсіздіктің нақты анализін беруді талап етеді. Қорытындыда қауіпсіздіктің бірлескен жүйесі шығарылуы керек. Қондырғыларды орналастыруды дұрыс жобалау – қауіпсіздіктің талап ететін деңгейіне жету үшін жасалған қосымша шара.Шельфтегі қандай да болмасын мұнайдың төгілуін болдырмау құрлықтағыға қарағанда қиынырақ.Теңіздегі мұнай газ кен орындарын операцияның техникалық қатынасында барлау және игеру өте қиын,қымбат және бірқатар қауіппен байланысты.Бұл кен орындарын игерудегі негізгі қиындықтар -бұл жұмыстар өндірісіндегі техника және технологиялар проблемасы.                                                                                                              Теңіз кен орнының мұз түзілу аумағында барлау және игеру жұмыстары екі сатымен жүреді.Бірінші сатыда мұз аралық периодта геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі,мұндай жағдайда қалыпты ауданда жұмыс жасайтын техниканы қолдануы мүмкін.Кен орнын игерудің екінші сатысы,яғни өндіру,кәсіптік дайындау және мұнай мен газды тасымалдау үздіксіз өндірістік циклмен ерекшеленеді,мұнда процесс жыл бойы жүргізілуі керек,теңізді мұз қаптаған кезде,яғни қыста да.Бұл саты үшін сенімді және сапалы техника, технологиялық көрсеткіштер және конструктивтік шешімдер қажет.Іздеу-барлау жұмыстары және мұнай газды өндіру стационарлы платформада немесе жүзбе платформада және арнайы кемелерде жүргізіледі.Каспий теңізінің терең емес шельфінде теңіз түбімен байланысты жасанды құрлықтар жасалуда. Жұмыстарды арзандату мақсатында бірнеше скважиналарды бұрғылау үшін бір негіз, яғни бір құрлықты пайдаланады,сонымен қатар көлденеңді де.Барлау жұмыстары мен мұнай газды өндіру жұмыстарын жүргізу үшін арналған стационарлы және жүзбе платформалардың конструкциясы әртүрлі.Бірақ барлық жағдайда оларда қажет қондырғылар комплектісі және жұмыспен тұру үшін қажет орындары бар. Солтүстік Каспийдің мұнай газ кен орындары шельфін игерудің ерекшелігі-қымбат тұратын теңіз қондырғыларына шығынды азайту мақсатында кен орнының игерілуін алдын-ала қарастыру,скважинаны бұрғылауды, кусталық стационарлық платформадан мұнайды өндіру және дайындауды қосқанда.Мұнда пайдалану қондырғысының бір бөлігін бұрғылау платформасына қояды, ал екінші бөлігін-бөлек стационарлы платформаға орналастырады.Платформаның құрылысын жүргізу жобасында белгіленген мұнай газдың қоры, кен орнының орналасуы, теңіз тереңдігі, қоршаған ортаның шарттары және т.б.факторлар есепке алынады.

Информация о работе Теңіз кенішіінің қоршаған ортаға зияны