Теңіз мұнай өндірістік қондырғыларды
жобалау сатысында орындарды
және қондырғыны орнату схемасы үлкен
көлемде және нақты мәліметтерді
талап етеді.Қоршаған ортаны зерттеу
арнайы әдіспен және арнайы өндіріс
орындарының, қоғамның және ведомстволардың
ойлап тапқан әдістері арқылы жүргізіледі.Қоршаған
орта жұмыстың құнына өте көп әсер
етеді, гидрометео шарттары мәліметтердің
сапалы және толық болуы көрсеткіштерді
дұрыс анықтауға, техникалық мінездемелерді
дұрыс табуға септігін тигізеді.Жобаны
игеру үшін геотехникалық мәліметтердің
бағасы керек.Геотехникалық шарттар картаға
енгізілуі керек.
Теңіз мұнай өндірістік құрылғыларды
тұрғызу инженерлік жұмыстардың
барлық комплексін жүргізуді қажет
етеді, оны құрылыс орнында және лабороториялық жағдайда нормалармен,
ережелермен сәйкес анықтайды.
Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік экономикалық
және экологиялық жүйе болып саналады.
Оларда өндірістік және өндірістік
емес салалардың транспорттың тұрмыстық
мәдениеттің тұтас организм тығыз
байланысқан. Қазіргі кезде дүние жүзінің
көптеген қалалары мен өнеркәсіп ауаның
ластануын бақылайтын байқайтын жалпы
мемлекеттік қызмет негізінде атмосфера
ауасының химиялық құрмын меторалогиялық
параметрлері және ауаға шығатын зиянды
қоқыстарын бақылау жатады.Өнеркәсіп
өндірісінің қарқынды дамуы ауа ортасының
күш қаласыз өңірлердің пайда болуына
әкеп соқты.Бұған ең алдымен өнеркәсіп
дамыған қалалар жатады.Ластайтын минералдық
заттарға кен бөлшектері 300 тонна құм,балшық
шлак,минералды тұздар басқада заттар
жатады.
Завот қуаты тәулігіне тонна қоқыс
жылына 73 мың тонна қоқыс шығарады.
Қазақстанда жыл сайын бес миллион
тоннадан астам қатты тұрмыстық
қалдықтар пайда болады.Оның тек
бес пайызы ғана жойылады екен.Республиканың
түкпір түкпірінде орналасақан кәіпорындарында
қалдықтың 25 миллярт тоннасы жинақталғанын
ескертсек қоршаған ортаға тигізетін
залалы мен зардбын айтып жеткізудің
өзі қиын.
2.3.Экологиясы және Экономикасы.
Мұнай-газ өндіретін аймақтардың осы күнгі экологиялық жағдайы саладағы әдебиеттерге,
мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп
жатқан кері әсерлері және оны азайтудың
жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу
жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың
нормалық құжаттарына талдау жасалынуда.Қазіргі
кезде,экологиялық қауіпсіздік жалғыз
біздің Республикамыз үшін емес дүние
жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған
ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.Табиғи
ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым
қауіпті көріністері белең алған: кейбір
аймақтарда топырақтың тозуы,су ресурстарының
тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену,тірі
табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі,
тіршілікке қатер төндіретін қауіпті
улы қалдықтардың қолдалынуы.Еліміздегі
осындай экологиялық дағдарысқа химия,
мұнай, металлургия,отын өнеркәсіптерінің
жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен
әсерін тигізуде. Теңіз кен орнының ашылуы,оның
өндіріске берілуі,Теңіз газ өндеу зауытының
іске қосылуын экологиялық жағдайды қиындата
түсірді.Өндіріс дамыған жерде экологиялық
проблемалар қатар жүреді.Теңіз кен орнының
ашылуы,әсем табиғатқа оның экологиялық
жағдайына топырақ жамылғысының судың
ластануына үлкен қауіп төндіруде.Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін
және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар
әсер етуде.1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға
135,1 мың т зиянды заттар оның ішінде 132,8
мың тонна газ тәрізді заттар, 2,3 мың тонна
қатты заттар шығарылған. Бұл улы заттарды
атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық
жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай
ұңғымасы шығарады.Мұнай кәсіпшілігінің
ең басты экология. проблемасы – ілеспе
газды іске жарату.Қазір жылына 800 млн.3
газ ауада жанады.Мұнай кен орындарында
мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен
қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі
оларды ластайды.Солтүстік Каспий жағалауының
мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған
аумақ 194 мың га жерді алып жатса, төгілген
мұнайдың мөлшері 1 млн. тоннадан асады.
Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың
теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының
құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органика
пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген
шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған.Судағы
мұнай өнімдерінің ең жоғасыр концентрациясы
мамыр – шілде айларында байқалады.Теңіз
жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен,
улы газдармен ластануы планктондар мен
теңіз суында тіршілік ететін жануарлар
мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде.Теңіз
түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен
ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер
мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары
мен балықтарға да зиянын тигізуде.Теңіз
суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі-ыдырамайтын
ауыр металдар мырыш,барий.Судағы мыс пен мырыштың мөлш. 20 мкг/л
рұқсат етілген шектен 2 есе артық, ал барийдікі
– 50 мкг/л бұл-5 есе артық.
Теңіз аймағының ластануы
онда тіршілік ететін организмдерге
ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына
да үлкен қауіп төндіруде.Экономикалық өсу-өрлеу территорияларында
соңғы кезеңгі дейін экологиялық орта
факторы ескерілген жоқ.
Соңғы он жыл ішінде ТШО қоршаған ортаның
экологиясын қорғау жұмысына 330. миллиард теңгеден астам қаржы
бөлді.Ал 2011 жылы бұл мақсатта 11 миллиард
теңге жұмсалды.2012 жылы одан да көп қаржы
жұмсауды жоспарлап отыр.Келесі жылы біз
бұған 18,1 миллиард теңге жұмсамақ.Көптеген
жобалар жүзеге асты: ақаба суларды тазартып
пайдалану, күкірт мәселесін шешу т.б.Ауаға
алау газ жағуды қысқарту бойынша көптеген
жұмыстар жасалды.Газды кәдеге жарату
бізде 99 пайызға арттырылды. Ал алауға
жағылатын газдың көлемі 94 пайызға қысқартылды.
2009 жылы ТШО өте жақсы нәтижелерге қол
жеткізді: алауға жағылатын газды мүлдем
тоқтатты.2010-2011 жылдары алау газ жағуға
әкеліп соқтыратын техникалық ақауларды
азайтқан.Зауыттың өндірістік сенімділігіне
келетін болсақ,ол әруақытта жоғары. Алауға
жағылатын газ бен басқа да ластағыш заттарды
қысқартумен қатар біздің өндірістік
табыстарымыз да өсіп отырды.ТШО-ның қоршаған
ортаның экологиясына тастап отырған
зиянды қалдықтарына мониторинг жүргізіп
отырады. Қазір әр жылы Теңіз кенішіндегі
алауларда 300 миллионт екше метр ілеспе
газ жағылып, ауаға 500 мың шартты тонна
зиянды заттар таратылады.Сонда, тек бір
компанияның өзі ғана облыстың әр адамына
1000 кг шамасында залалды нәрсе шығарады
екен.ТШО-ның 1993 жылдан бастап 2011 жылдың
маусым айына дейін Қазақстанға тікелей
қаржы төлемі тұтастай алғанда 52,4 миллиард
АҚШ долларын құрады» Теңізшевройл» ЖШС
елімізде заманауи технологияларға негізделген
жобаларды жүзеге асырып, қауіпсіздік
техникасын сақтау және еңбекті қорғау,
өндірістің экологияға әсерін азайту
және өнім өндіру көлемін ұлғайту бағытындағы
жаңа жетістіктерді көрсете отырып, ұлттық
кадрлардың үлесін ұдайы арттырумен келеді.ТШО-ның
мұнай өндіру көлемін жылына 24 миллион
тоннадан 36 миллион тоннаға дейін ұлғайту
мақсаты экологиялық тұрғыдан негізсіз
болып табылады. Теңізшевройл 1998 жылдан
бері қоршаған ортаға әсердің толымды
бағалауын өткізген жоқ.ТШО қызметінің
салдарынан пайда болатын зиянды заттардың
қоршаған ортаға әсері зерттелмей жатыр.Каспий
теңізінің акваториясына 500 мың тонна
көлемінде зиянды заттар түседі, алайда
Каспий теңізі ортасынаТШО-ның тигізетін
әсері зерттелмей тұр.«Теңізшевройл» компаниясына
ең жақын орналасақан Атырау облысы.Бұл
компанияның облыстың экологиясына кері
әсері өте көп,сол себепті «Теңізшевройл»
компаниясы үшін қоршаған ортаға эмиссияға
рұқсат әрекетін тоқтату қажеттігін мәлімдеді.Бұл
мәлімдеме өңірдің экологиялық мәселелері
бойынша өткен үйлестіру кеңесінің отырысында
жасалды.Атыраудың табиғи жедеғабыл,
жаны ашымай, болашақты ойлаң қырамай
игерудің салдарынан табиғаттағы тепе-теңдікті
және дамудың тұрақты ырғақтылығын үнемі
сақтамау, бұларды ондаған жылдар бойы
бұзу аймақтағы экологиялық ахуалдың
нашарлауына әкеп соқтырады.Ұзақ жылдар
бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық
зардаптан сақтауға жете назар аудармай
келгені мәлім.1998 жылы ауаға ұшқан зиянды
заттардың мөлшері 22,3мың тоннаға өскені
немесе 1980 жылғыға қарағанда 33,9 пайызға
көбейгені осының айқын дәлелі бола алады.
1998жылғы дерек бойынша
облыстың ауа кеңістігінің су айдарында
және топырақ бетіне тасылатын зиянды
өндірістік заттарды жан басына шаққанда,әр
жанға 404 кг улы зиянды заттардан келеді. Саралап көрсетсек, аталмыш
зиянды заттардың 7%-і Атырау мұнай өңдеу
зауыты,53%-і «Теңізшевройл» бірлестігі
28%-і «Ембімұнайгаз» және де 12%-і «Теңізмұнайгаз»
өндірістік бірлестігінің үлесіне тиеді.
Яғни өнім өндіру мкөлемі ұлғайған сайын
бүкіл қоршаған орта, сондай-ақ, су, топырақ
беті және ауаның ластануы жеделдей түсуде.
Төңіректі қорғау шаралары мүлде сылбыр
жүзеге асуда.Атырау өңірі табиғаты экологиялық
жағынан ежелден қолайсыз,батпақты, тұзды
топырақ болып келеді.Оның үстіне кейінгі
кезде құрамында күкіртті сутегі газы
25%мөлшерде. Атырау қаласының маңында
«Карабатон» зауыты ашылуыда. Зауыттан
шыққан зиянды қалдықтарды ауаға таратпайтын
қондырғы орнату қажет.Қазiргi уақытта
Соңғы жылдары Құлсарықаласында ауруға
шалдыққандардың саны он есеге артты.
Ал ТШО компаниясы басты себепші бола
тұра құлсарылықтардың дертін зерттемей
жатыр, оның үстіне ел денсаулығын жақсартуға
бағытталған сақтандыру төлемақыларын
бөлмей отыр. Күкіртті ашық сақтаудан
адам денсаулығына деген әсері зерттелді.
Мұнай өндіру көлемі жылына 36 млн.тоннаға
ұлғайтылған жағдайда апатты шығарындылар
көлемі 311,4%-ға өсу тәуекелі туындайды.Қысымы
850-900 барр болатын жалпы нормадан ауытқи
бұрғыланған әрбір терең ұңғыма атмосфералық
ортаға таралатын шығарындылардың көзі
болуы мүмкін.1,0 х 1,0 км кестесімен бұрғыланған
бүгінгі105 ұңғымасаны болашақта 327-ге дейін
жеткізіледі. Шығарындылардың қазіргі
көлемі 50 пайызға ұлғаймақ. Сонымен қатар,
мұнай өндіру көлемін жылына 36 миллион
тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні
кологиялық дәлелдеме жоқ,сол себепті
өндіру қуаттарын кеңейту жосықсыз болып
табылады.Мұнай өндіру көлемін арттыру
зиянды заттардың жалпы көлемін 60 мың
тоннадан 90 мың тоннаға тиісінше арттырады.ТШО
шығарындылардың тоннаға шаққандағы меншікті
көлемін қалай азайтса да, шығарындылардың
жалпы көлемі алдыңғы жылдың 21 мың тонналық
көлемінен 4 есеге артатын болады. Алайда,ТШО
зиянды заттарды «аулаумен» айналыспайды.«Теңізшевройл»
компаниясының Теңіз кен орнында қоршаған
ортаны бақылау станцияларының желісі
бар. Атмосфералық ауаға тұрақты мониторинг
жүргізіліп отырады.Оның үстіне «Гидрометтің»тәуелсіз
лабораториясы атмосфералық ауаға күнделікті
мониторинг жүргізеді.
Барлық ақпарат мониторинг бойынша есеп
құжаттарын жиналып,Қазақстан Республикасының
нормативтік заңнамасының талаптарына
сәйкес,құзырлы органдарға Жайық Каспий
экология департаментіне және эмиссияға
рұқсат топтамасының бір бөлігі ретінде
Қазақстан Републикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігіне ұсынылады.Бұл ақпарат
ашық болып саналады,сондықтан да оны
Жайық Каспий экология департаментінен,
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінен немесе статистикалық
есеп бөлімдерінен сұратуға болады.Теңіз
кен орныең жақынелді-мекендерден 80-90
км қашықтықта орналасқан.
ТШО-ның санитарлық
қорғау аймағының мөлшері кен орнының
ең шеткі,болашағы бар ұңғылары мен технологиялық
нысандарынан 10 шақырымда орналасқан.ТШО
компания қызметі тұрғындар денсаулығына
әсеретпейтіндігіне сенімді. Дей тұрғанмен
де,ТШО қоршаған ортаға әсерді азайту,
бәсеңдету бойынша жобаға , яғни ауаға
таралатын шығарындылар мен төгілетін
сарқынды сулардың көлемін барынша азайтуға
бағытталған бірқатар шараларды ККЖ-ғаенгізіп
отыр. 2009-шы жыл «Теңізшевройл» компаниясы
мен бүкіл Қазақстан үшін ерекше болды.
Өткен жылы біз Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің
110 жылдығы мен Теңіз кеніші ашылуының
30 жылдығын салтанатпен атап өттік. ТШО
үшін 2009-шы жыл 22,5 миллион тонна мұнай
өндірілген жаңа рекордымен де ерекшеленеді,
соны-мен бір мезгілде ТШО өндірістің
экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарын
да жақсарта отырып, қауіпсіздік техникасы
бойынша да рекорд жасады және еңбе қатынастары
саласындағы жұмысы айрықша бағаланып,
үздік ұжымдық келісім шарты үшін жалпы
ұлттық «Парыз» байқауының алтын жүлдесіне
ие болды. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей,
2009 жылы «Теңізшевройл» Теңізде өндірістің
экологиялық қауіпсіздігін және жүйелер
мен жабдықтардың сенімділігін жетілдіруді
қамтамасыз ететін бірнеше маңызды жобаларды
аяқтады. Қоршаған ортаны қорғау ТШО-да
2009 жылғы шығарындылардың өндірілген
бір тон-на тауарлы мұнайға шақандағы
тіркелген үлесті мөлшері 2,68 килограмнан
келеді, бұл Теңізшевройл құрылған кезден
бергі барлық жылдармен салыстырғандағы
ең төменгі көрсеткіш. 2000 жылдан бері ком-пания
әртүрлі экологиялық жобаларға 2,24 миллиард
АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсады.Нәтижесінде
аталмыш кезеңде газдардың алауларда
жағылуының жиынтық көлемін 95% қысқартуға
қол жетті.Кәсіпорын таяудағы жылдары(2010-2013)
өндірісті алға қарай жетілдіруді және
жабдықтардың сенімділігін арттыруды
көздеген экологиялық жобаларды жүзеге
асыру үшін қосымша 350 миллион доллар қаржы
жұмсауды жоспар-лауда.Құны 258 миллион
АҚШ доллары тұратын газды кәдеге жарату
және 176 миллион долларлық шикі мұнай сақтайтын
жаңа резервуарлар паркі құрылыстарының
нысандары секілді 2009 жылы аяқталған бірнеше
маңызды жобалар ауаға жіберілетін шығарындылар
мөлшерін елеулі азай-туды қамтамасыз
етті. Газды кәдеге жа-рату жобасы Теңіздегі
газдың алауларда үздіксіз жағылуын толықтай
тоқтатуға және шығарындылар көлемін
жыл ішінде 6000 тоннаға қысқартуға ықпал
жасады.Жоғарыда аталған жобалардың жетістігін
ТШО газдыкәдеге жарату және мұнай сақтау
паркі жоба-ларында тиісінше 129 миллион
доллар және 92 миллион доллар көлеміндегі
жұмыстарды атқарған қазақстандық мердігер
компания-лармен байланыстырады. Теңізшевройл
қызметінің экономикалық тиімділігі ТШО-ның
қазақстандық жеке және заңды тұлғаларға
1993 жылдан бергі аударған қаржылары мен
төлемдерінің жалпы мөлшері 35,9 миллиард
АҚШ долларын құрады, бұған қазақстандық
тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың
өнімдері мен қызметтерінің ақысы, мемлекеттік
кәсіпорындар қызметіне төлемдер,ТШО-ның
ұлттық қызметкерлеріне төленген еңбекақы,
табыстың «Қазмұнайгаз» Ұлттық компания-сы
АҚ-ына бөлінген тиісті үлесі, мемлекеттің
кірісіне төленетін салықтар мен ақылар
кіреді. Тек, 2009 жылы ғана қазақстандық
та-уарлар мен қызметтерге жұмсалған қаржы
мөлшері 1.2 миллиард долларды құрады. 2009
жылы «Теңізшевройл» сыртқы саудада 3
мил-лион 191 мың 673 тонна күкірт өткізе
алды, бұл компания қызметінің бүкіл тарихындағы
ең рекордты көрсеткіш.Бұл табыс,әсіресе,
қазіргідей әлемдік қаржы-экономикалық
дағдарыс кезінде ерекше салмақты көрінеді. 2000 жылдан бері Теңізшевройл
қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған
жобаларға 2,26 миллиард АҚШ доллары көлемінде
қаржы бөлді.Қоршаған ортаны қорғауға
2000 жылдан бері жұмсалған бұл инвестициялар
алауларда жағылатын газдың жалпы көлемін
97% азайтуға мүмкіндік берді.2000 жылдан
2011 жылдың бірінші жарты жылдығыаралығында
атмосфераға жіберілген шығарындылардың
көлемі өндірілген мұнайдың бір тоннасына
шаққанда 74% азайды. 2011 жылдың бірінші
жартыжылдығында ТШО-ның атмосфераға
жіберген шығарындыларының көлемі өндірген
мұнайының бір тоннасына шаққанда, орта
есеппен, 2,14 кило-грамды құрады.
ТШО 2000 жылдан бері жылдық мұнай өндіру
көлемін 147% өсірді.2000 жылдан 2011 жылдың
екінші тоқсанының соңына дейінгі аралықта
қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалған
инвестициялар КТЖ-дегі техникалық ақаулар
санын 88%-ға, ал техникалық ақаулар кезінде
алауларда жағылатын шикі және қышқыл
газ мөлшерін 94% азайтуға ықпал етті. ТШО
10 жыл бойы әлі өзгеріссіз деген тұжырымдамамен
келіспейді. ТШО күкірт мәселесімен шындап
айналысуда.Күкірт қорлары 9 млн. тоннадан
3,2 млн. тоннаға дейін азайды. ТШО-ның ҚР
Үкіметімен 2017 жылға дейін күкірттік картадағы
күкіртті азайту туралы келісімі бар,
бірақ оны компания одан да ерте жоймақ.
Жыл сайын күкірт карталарынан миллионнан
астам тонна күкірт шығарылады. ТШО жылына
2,2 млн. т өндіріп, 3,1 млн. т тиейді. Күкірт
нарығы өте шектеулі нарық, бірақ қазір
Қазақстан ТШО-ның арқасында әлем нарығында
күкірт сатуда жетекші болып табылады.
Бұл жұмыс одан ары жалғасады. Бір жылдары
компания өзіне тиімсіз жағдайларда сатты,
өйткені ҚР Үкіметі мен жұртшылық осындай
талап қойды. Сонымен қатар ТШО-да Күкірт
бойынша ведомство аралық үйлестіру кеңесі
(ВАҮК) жұмыс істейді. Оның ішіне Атырау
облысының Әкімдігі, 5 министрлік, -ТЖМ,
МГМ, ҚОҚМ, ДСМ және ЕӘҚМ кіреді. Қазір
ТШО-да күкірт карталарын жабу жобасы
жүзеге асырылуда. Өткен жылы «Теңізшевройл»
ЖШС-і күкірт тапсырудан жақсы жетістікке
жетті. Күкірт жөніндегі негізгі
көрсеткіштерге келетін болсақ, өткен
жылы мұнай мен газдан ажыратылған күкірт
2365 миллион тоннаға жетті. Өндірістің
тиісті үлесі бойынша өсу қарқынын алдыңғы
жылғы көрсеткіштермен салыстырар болсақ,
түйіршікті өнім өндіруде өсім 7 пайыз
болды. Ал, жыл ішінде күкіртті тасымалдаудың
көлемі 3,65 миллион тоннаны құрады. ТШО-ның
2013-2015 жылдарға арналған табиғат қорғау
шаралары.Онда бүлінген жерлерді қалпына
келтіру,қоршаған ортаны бақылау стансасын
жаңғырту, шикі газ жағу көлемін қысқарту,жиналған
күкірттерді азайтып және күкірт карталарын
сақтаудың балама әдістерін қарастыру,
өндірістік аймақ пен Жылыой ауданын көгалдандыру
тәрізді маңызды бірқатар шаралар жоспарланған.
Табиғат қорғау жобасы бірнеше бөлімнен
тұрады. «Атмосфералық ауаны қорғау» деп
аталатын бөліміне зауытта көміртегінің
тотығын және қышқыл газ жағуды, сондай-ақ
шикі газ жағуды қысқарту, ұңғымаларды
сынау кезінде қалдықтарды қысқарту жобалары
енгізілген.
Ал «Су ресурстарын
қорғау және тиімді пайдалану» деген
бөліміндегі көңілге қонымдысы
– сарқынды суларды (канализациялық
және өндірістік) қайта пайдалану жобасы
болды. «Өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды
басқару»,«Жер ресурстарын,өсімдіктер
мен хайуанаттар әлемін қорғау» деп аталатын
бөлімдерде Теңіз кенішіндегі санитарлық
қорғаныс аумағын жайғастыру жайғастыру
және көгалдандыру, қоршаған ортаны бақылау
стансасын жаңарту сияқты шаралар жоспарланған.
Жылыой ауданы тұрғындары әсіресе Теңізде
тау болып үйілген күкірттер туралы не
айтылар екен деп елеңдей күткені анық.
«Теңізшевройл» қызметіне арналған Crude
Accountability баяндамасының бір тарауында
былай делінген: «2010 жылы ТШО Қазақстандағы
қоршаған ортаны ластау бойынша көшбасшы
болды. Алайда белгіленген заң бұзушылықтар
шынайы ауқымды бейнелемейді. Өйткені
олар мониторингте бар болғаны 5 элементті
қамтыған. Ал іс жүзінде ТШО атмосфералық
ауаға 40-тан аса заттек шығарады. 2011 жылдың
ақпанында Теңіз кенішінің ауданында
4 баллдық жер сілкінісі орын алды. Қазақстандық
ядро орталығы мен Сейсмология институты
оның Теңіздегі кен игерумен тікелей байланысты
екендігін мәлімдеді.
ТШО-ның озық технологияны пайдаланатындығы
туралы мәлімдемесіне қарамастан, компания
үнемі штаттан тыс ахуалдың көп мөлшерін
тіркеп отырады. 2008 жылы – 55, 2009 жылы –
75, 2010 жылдың алғашқы 8 айында 43 ахуал тіркелген.
Бұл оқиғалар жабдықтардың әжептәуір
тозу деңгейінен туындаған». «Теңізшевройл»
лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым
немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан,
бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан
кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші,
сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы
зор бірнеше учаскелер бар.Теңіз және
Королев кеніштеріндегі мұнайдың алынажақ
қорлары 750 миллионнан 1,1 миллиард тоннаға
дейін деп бағаланады.
Теңіз кенішінің ашылған және әлі ашылмаған
учаскелерінің жалпы геологиялық қорлары
3,1 миллиард тонна немесе 26 миллиард баррель
көлемінде деп бағаланса, әлемдік деңгейдегі
кеніштерге жататын Королев кен орнының
қорлары 188 миллион тонна немесе 1,5 миллиард
баррель,Мұнай өндіру Теңізшевройл ЖШС
Республика ішінде пайдалануға және экспортқа
шығаруға төрт жоғары сапалы өнім түрін
шығарады.Олар: мұнай шикізаты, сұйылтылған
мұнай газы, күкірт және құрғатылған газ.
2011 жыл бойынша мұнай өндіру көлемі
25,8 миллион метрикалық тоннаны
(206,2 миллион баррель) құрады.
ТШО өндірген мұнай Еуропа, Солтүстік
және Оңтүстік Америкаға жіберіледі. 2010
жыл бойынша Теңізшевройл ЖШС 1,3 миллион метрикалық тонна еуропалық
сапа деңгейіндегі сұйылтылған көмірсутек
газын (пропан мен бутан) өндірді және
сатты. СКГ Қазақстан мен Еуропадағы тұтынушыларға
теміржол арқылы жеткізіледі.Сатылған
құрғатылған газ көлемі 2011 жыл бойынша 6,9 миллиард текше метрді
құрады. Бұл газдың басым бөлігін Қазақстан
пайдаланады. Жоғарыда көрсетілген уақыт
аралығында ТШО 3,8 миллион метрикалық
тонна күкірт сатты, бұл өндірілген күкірттің
169 пайызын құрайды. Осы мезгіл
ішінде 2,3 миллион метрикалық
тонна күкірт шығарылды. ТШО күкірттің
төрт түрін сатады: сұйық, қабыршақ, түйіршіктелген,
кесек.