Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2012 в 19:39, реферат

Описание работы

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Содержание

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Работа содержит 1 файл

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.docx

— 66.96 Кб (Скачать)
  • Барлау   жұмыстары   үзіліссіз,  тез  арада    жинақтылықпен   жүргізіледі.   Барлау   берген  мәліметтер  жағдайды    толығынша   ашуы  керек.
  • Барлаудың   үзіліссіз  жүргізілуі  -  оның  жоспарлы,   жүйелі  түрде   күндіз-түні,  ауа  райына,  жер   жағдайына  қарамастан    қамтамасыз   етілуі.
  • Барлаудың    тез  арада    жүргізілуі  - оның  белгілі   уақытта   АҚ  штабына   барлау   бөлімдерінің    жинаған    мәліметтерін    қажеттілігіне     қарай  тез    арада    штабтарға   жеткізілуі.
  • Барлаудың   жинақтылығы  -   болған   жағдайды  толық  қамту.
  • Барлаудың  швнайылығы  -  жағдай  бірнеше     жолдармен  тексеріледі,   жинақталған    мәліметтерді    салыстыра  отырып,  оның  дәлдігіне   көз  жеткізіледі.

Барлау  органдарының  жұмыстары

 

    Бейбітшілік   кездегі   төтенше    жағдайда:

  • Ауаның,  судың,  топырақтың,   өсімдіктердің  және   басқа  да   объектілердің  улы,   радиоактивті   заттармен    ластанғанын   бақылап,    лабораториялық     талдаудан  өткізіп  отыру;
  • Табиғат  дүлейіне  ірі   апатқа    ұшыраған  аймақтың   көлемін,    қолайсыз  эпидемиялық    не   эпизодтық   жағдайға  ұшыраған   аудандарды    анықтайды;
  • Елді  мекенді    көшіретін  жағдайда  жолдың,   жол    бойғы   құрылымдардың  жәйін,    апатқа   ұшырау    қауіпі    бар объектілерге     жол-қатынас    мүмкіндігін   зерттейді.
  • Барлаушылар  соғыс  сипатын,  жаппай   қырып-жою   қаруларын   және  қарудың    түрін,   апат  ошықтарын,   химиялық  қару  жарылған  орындарды   анықтайды:  (радиациялық,  химиялық   зақымданудың  бар-жоғын,  деңгейін,  улы  заттардың   түр-түсін  анықтайды).

    Зақымға  ұшыраған  елді  мекендердегі    панаханалардың  /убежище/  дайындық    жағдайын,   адамдарға    қажетті    бұйымдармен,  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етілгендігін,   сыйымдылығын,   медициналық   көмек   көрсете  алу  мүмкіндігін  анықтайды.

    Су  және   құрғақтағы  көлік   жүйелерінің  жағдайларын,   олардың   халықты  көшіруге    дайындығын,   құтқарушылар   үшін    жасалған  жұмыс    жағдайларын,  анықтап  біледі.

    Барлаудың   түрлері:

  1. Әуе  барлауы;
  2. Су-өзен   арқылы  жүргізілетін  барлау;
  3. Құрлықтағы   барлау.

    Әуе  барлауы  ұшақ  пен тікұшақтардың   қатысуымен  жүргізіледі.  Бұл барлау   арқылы   ядролық    жарылыстың  ортасын,   бұл жердегі    радиация     деңгейі    мен радиоактивті    бұлттың   жылжу    бағытын,     радиоактивті    заттармен    ластанған    жерлердің   шекарасын анықтайды.  Өрттің   көлемін,    сипатын белгілейді.

    Ұшақ  арқылы   радиацияның  деңгейі    анықталады,  кейбір   аудандарды  фотосуретке   түсіріп  алады.

    Теңіз,  өзен  суы  арқылы  барлау.  Бұндай  барлау    жұмыстары  
  теплоходтармен,  катерлермен,  моторлы қайықтармен жүргізіледі.    Теңіз өзен   жағалауындағы    радиацияның деңгейін,  уы  заттардың   концентрациясын,   таралу   бағыты  мен   көлемін   және  басқа да  ластанудың    дәрежесін   зерттейді.  Су  үстіндегі   құрылыстардың,      паромдардың,   көпірлердің зақымдану   дәрежесін,   апат    болған  жерге   жақындау    жолдарын,   құтқарушыларды    түсіретін орындарды    анықтап,   химиялық,  радиациялық ластану   дәрежелерін анықтайды.

    Құрлықтағы  барлауға  Азаматтық   қорғаныстың  күштері,   олардың   барлаушылары  түгел  қатыса  алады.  Бұл   қызметке  арайы  барлау   бекеттері,    зертханалық   бақылаулар  (гидрометеостансалар,  санитарлық-эпидсатнсалар,  ветеринарлық  зертханалар)  қатысады.

    Төтенше   жағдайда   барлау  жұмысы   жүргізу  Азаматтық   қорғаныс  немесе  Төтенше   жағдай   ұйымдарының   штабтарының,   оның  кейбір    бөлімдерінің,    соның  ішінде,  ең  алдымен,  жасақшылар  командирлерінің  ең  басты    қызметі.  Бұл  барлау  жұмысы    бейбіт  уақытта  да   тоқтатылмайды,  үнемі    жүргізіліп  отырады. 

    Өндіріс  орындарында  барлау  топтары,  байқау  бекеті,   ал  құтқарушылар  тобында  - барлау  звеносы   құрылады.   Олардың  құрамдарын  өндіріс    орнының  штабтары   белгілейді.  Әр  өндіріс   орнында    барлаушылар   тобы  4-5  барлау   звеносынан,   ал  звено  3-4  адамнан  тұрады.

    Барлау  бекетінде – 1  химик-дозиметрист,  1  барлаушы  және  бір  комадирі  болады.

    Барлаушы  оны   ауыстыруға    келген  адамға  өз   жұмысынан  толық  мәлімет  беруге  міндетті.  Өз  учаскесіндегі  радиация  деңгейі,  улы  заттардың бар-жоғы,  қирау  аумағы,  өрт  аумағы,  баспана,  оның ішіндегі    адамдардың    хал-жайы,   құтқару,  қалпына    келтіру   жұмыстарының  барысы  туралы  баяндайды.

    Өз  қызметін  аяқтап   шыққаннан  кейін,  оларға  арналған  пунктке  барып   орналасады,  ондай   пункттер  химиялық  улы   заттармен,   радиациямен   ластанбаған  ауданда    болуы  керек.     Осы  таза    жерге   келіп   адамдарының,   техниканың,   басқа    да  құралдардың  ластану   дәрежесін  анықтайды.                

              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 
  1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.
  2. Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.
  3. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: Оқулық  /құрастырушы С. Арпабеков. – Алматы, 2004. -   бет

Информация о работе Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар