Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2012 в 19:39, реферат

Описание работы

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Содержание

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Работа содержит 1 файл

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.docx

— 66.96 Кб (Скачать)

    Уақыт   жеткілікті   болған жағдайда    қауіпті  аймақтағы   халық   дүние-мүлкімен  бірге  су  басу  аймағынан  тыс   орналасқан   жақын  елді-мекендерге  көшіріледі.

    Кәсіпорын  мен  мекемелер    су  қауіпі  төнген  жағдайда   жұмыс  тәртібін  өзгертеді,   ал  кей  жағдайда  жұмыс  мүлдем  тоқтайды.  Су  басу   ықтимал     аймақта  мектептер  мен    балалардың   мектепке  дейінгі   мекемелері    уақытша   жұмысын    тоқтатып,  балалар  қауіпсіз  жерге  орналасқан   ментеп  пен  балалар  мекемесіне    ауыстырылады.    Егер   төменгі    қабатта  тұратын   және  кешенді   адамдар   судың   көтерілуін  байқаса,  жоғарғы    қабаттарға    көтерілуге,  егер    үй бір    қабатты  болса,  шатырға    шығу  тиіс.   Жұмыста   әкімшілік    нұсқауымен  белгіленген     тәртіпті  сақтап,  биік   орналасқан  орындарға   көтерілу   керек.  Далада  кенеттен   су  басқан  кезде   дөңеске    немесе    ағашқа  шығып,  әр  тұрлі  жүзу    құралдарын  пайдаланған  жөн.

    Үйден    (пәтерден)  шыққан  кезде  өзіңізбен  бірге  құжаттарыңызды,  құнды  заттарды,  аса  қажетті  заттарды,  екі-үш   тәулікке  жеткілікті  азық-түлік  қорын  алу    ұсынылады.

    Судың  басуынан  сақтауды  қажет  ететін  және  алу    мүмкін  емес  мүлікті   жоғарғы   қабатқа,  шатырға   шығару   керек.  Үйден  (пәтерден)  шығардың  алдында    электр  мен   газды    ажырату,  пешті   өшіру,  есікті, терезені,  ғимараттағы  желдеткішті  және    басқа  да   саңлауларды   нығыздап    жабу  керек.

    Су  басқан   аумақтағы   ададмдарды  іздеу  шұғыл   ұйымдастырылып  осы  жұмысқа  АҚ  және  ТЖ  құрамалары,   әскери  бөлімдері,    жүзу  құралдарының  экипажы   мен  басқа   барлық   қолда  бар  күш  пен  құралдар  тартылады.  Құтқару    жұмыстары   кезінде   ұстамдылық  танытып,    құтқарушылар  талабын   бұлжытпай   орындау  керек.  Жүзу   құралдарына   (қатар,   қайық,  желкен  және т.б.)  шектен  тыс салмақ    алуға  болмайды,  өйткені    бұл  адамдардың    өміріне  қауіпті.  Көмектің  бірінші    кезекте   балаларға,  ауру  адамдар  мен  қарттарға    көрсетілетінін  есте  ұстаған  жөн.

Табиғи   өрттер

 

    Қазақстан  Республикасында  табиғи  өрттердің  негізгі  түрлері      ландшафты   өрттер – орман,  орманды  дала  және   дала  (егіс)  өрттері  болып  бөлінеді.

    Ормандағы   өртті  сөндірудің   негізгі  жолы   суды   пайдалану,  ал  мүмкін  болмағанда    өртті  қолда  бар  құралдармен    сөндіруге  күш  салады.   Мысалы,  отты   топырақпен  көму,   оттың  шоғын   бұтамен  жанып  кетен  жерге  қарай   сыпыру,  қарсы  от  қою,  тулақты   немесе  киізді    пайдалану  т.с.с.

    Ормандағы  өрттердің  80  пайызы   халықтың    еңбек  немесе   демалыс   орындарында   өрт  қауіпсіздігі  шараларын  бұзуынан,  сондай-ақ  орманда   ақаулы   техниканы    пайдалану   нәтижесінде  болады.

    Орманның  жоғарғы  жағындағы  өртті   сөндіру   қиын,   сондықтан  оны   кедергі   жасау,   күйдіру  және   суды  пайдалану  арқылы   сөндіреді.  Бұл  жағдайда   кедергінің    ені   ағаш  биіктігінен  кем  болмауы  керек,  ал  жоғарыдағы  өрт   аумағының  алдындағы  күйдірілетін     кедергінің   (жердің)  ені   кемінде  150-200 м  өрт   қанаттарының  алдында  кемінде   50 м  болуға  тиіс.

    Өрт  адамдарға   психологиялық    тұрғыдан  үлкен  әсер  етеді.    Тіпті кішігірім  өрттің  өзінде  адамдарды  жаппай   үрей  билеуі  адам   шығынына   әкелуі  мүмкін.  Өзін-өзі   ұстап  үйреген  адам  қиын  сәтте   өз  өмірін   құтқарып  қана  қоймай,  басқа  адамдарды,     материалдық   құндылықтарды  да  құтқара  алады.

    Егер  сіз  орман  өртін  сөндіру   жөніндегі  топқа  кірсеңіз    панахана   орны  мен  оған  апаратын    жолдарды  жақсы    білуіңіз  керек.  Оттан  қорғайтын   киім  киіп,  керекті  жарақтарды  (адамдағы   мүмкіндігішне  арнайы  киім,  противогаз,   каска,  түтіннен   қорғайтын  маска)  пайдалану  керек,   әр  топта   сол аймақты   жақсы  білетін  жол  серік  болғаны  дұрыс.  Егер  түтіндеу  аймағындағы  көру  шегі  10  метрден  аспаса,  ода  оған  кіруге  болмайды.

    Өрттен  адамдарды  құтқару  кезінде  өте  жылдам  әрі  тиімді   қимылдау   қажет,   себебі  түтін,  улы  газ,  жоғары  температурадағы   ыстық,  ғимараттың  құлауы,    тез   жанатын   және  улы  газ   бөлетін   заттардың   болуы  сияқты   қауіптер  кез-келген   жерден   шығуы  мүмкін.   Жанған  ғимарат   арқылы   үсті-басқа   ылғал  мата  (киім)  жауып,  түтіннен  жоғарылай   немесе  тізерлей   қозғалу   керек.

    Көп  қабатты    ғимараттарда,  егер  подъезден  шығуға  мүмкіндік  болмаса,   балконды,  апаттық  люк  пен  балкондағы      баспалдықты,  көрші   подъезд  арқылы,  құтқаруға   арналған төбенің   люгін  пайдаланыңыз.  Құтқару   жұмысына  қатысатын  адам,  алғашқы  медициналық  көмекті  көрсете  білуге  тиіс. 

2. Техногендік (өндірістік) сипаттағы төтенше  жағдайлар

 

    Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар  деп адамдардың өз қолдарымен жасалып  жатқан апаттар мен қирауларды айтады.

    Оның  түрлері:

  • Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда  және т.с.с.).
  • Көлік жүйесіндегі апаттар.
  • Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында,  мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде,  коммуналдық  жүйеде  және  т.с.с.).

    Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң  дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа  химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп  жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа     әкеліп  соғу  қауіпі   де  туындап отырады.  Кей жерлерде   жаңа    техниканы    және  технологияны,  материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды,  қауіпсіздік      шаралары   орындалмайды.  Міне,  осы сияқты   қателіктердің салдарынан  апаттың   болу  қауіпі    туындайды.

    Апаттың   тағы  бір  себептері -  улы,  тез   тұтанғыш,  жарылғыш  заттарды  сақтау,   тасымалдау  ережелердің  сақталу-сақталмауы,  олармен   жұмыс  істеудегі   қателіктерге  жол  берілуі  жатады. 

    Апаттың  болуы,  адамдардың  еңбек   тәртібін    сақталмаушылығына,   жұмыс   істеуші   адамдардың  салақтығына,  олардың  тиісті   дәрежеде    білімінің   жетіспеушілігіне, техниканы және оның  қауіпсіздік  сақтау  ережелерін  жете  меңгермегендігіне  көп  байланысты. 

    Міне,  осылар   жұмыс орындағы  апатқа,  жарылыстарға,  өртке,  қирауға,   қоршаған  ортаны  улы  не   радиоактивті   заттармен  ластауға    әкеліп  соқтырады.   Мысалы:   1971 жылы  Минск   теле-радио  заводында  жарылыс  болып,  өндіріс  орны  қирап,  адам  шығынына  ұшыратты.   1986 жылы  Чернобыль  атомдық   станциясында   ірі  жарылыс  болып,   үлкен  апат   болғаны  белгілі.  Мұндай  жағдай  Атырау  химия,  мұнай  айыру  заводтарында  да  болып  тұратындығы  ықтимал.

    Апаттың  тағы бір  өте  қауіптілігі - күшті  улы  заттардың   ауаға   тарап  кетуі.  Осындай  өрттен   шыққан  қалың   түтіндегі   улы  заттар  ауаға   көтеріліп  жерге  де  жайылып  қонады.  Әсіресе  полиэтилен ,   полистирол  тұрпаттас   материалдардың    жануы адам,   жан-жануар,   құстар  және  т.б.  өміріне  өте  қауіпті.

    Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен  байланысты.

    1.  Өрттің  негізгі  жою  факторлары  мыналар:  от  заттарға  тікелей   және  алыстан  қызуы  арқылы  әсер  етеді.  Нәтижесінде    отта  қалған   заттар,  объектілер,  ғимараттар  және  оның   құрылымы   толық  немесе  жартылай   жанып  кетуі  мүмкін.  Ал  өте   жоғары  температураның  әсерінен материалдар,  металдан  жасалған  тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар,  технологиялық    қондырғылар,  бұйымдар  және  техникалар  балқып,  жанып  істен  шығады  әрі   өзінің    қасиетін  жоғалтады.  Адамдар,  жан-жануарлар  зардап  шегеді.

    2.  Жарылыстың  қырып-жою   факторлары  мыналар: 

  • ядролық  бомбаның,  жарылғыш  заттардың,  сұйық  отынның  газдың  жарылыстарынан  туындайтын    соққы   ауа  толқыны.
  • жарылыстардан   жарықшақтардың,   сынықтардың  пайда  болуы  әрі  оның   үлкен   аймақты  қамтып,   үлкен  зардап  әкелуі.

    Жарылыстардан  қирау,  объектілердің  жойылуы,  адамдардың  және  жан-жануарлардың  өлімі,  жарақаттануы  сияқты  зардаптары  болады.  Жарылыстың  нәтижесінде  үлкен    өрттер  пайда    болуы  мүмкін.  Неғұрлым   жарылыстың   қуаты   күшті  болса,  соғұрлым   оның  экономикаға,  қоршаған  ортаға,  адамдарға  және   экологияға  әкелетін  зияны  зор  болады.

Өте  улы  заттар  таралатын  апаттардың    түрлері

 

    Химиялық  объектілерде   болған  апаттар  аса  қатерлі   апаттардың    қатарына  жатады.  Себебі   ондай  апаттар   адамдарды,  жан-жануарларды,  өсімдік    әлемін  жаппай   жоятын   улы  заттар  шығумен   сипатталады.

    Улы   заттектер   /сильно  дейтсвующие  ядовитые  вещества/  жаппай  қыру   қаруларының  біріне  жатады.  Бұлардың   негізін   химиялық    қосындылар  құрайды.  Олар  адамдарды,  жан-жануарларды,  ауаны,   жер  бетін,  техниканы,  суды   және  азық-түлікті  улайды.  

    Жаппай  қыру  мақсатында    қолданғанда  олар  тамшы,  сұйық,  тұман,  түтін  не  бу  күйінде  болуы  мүмкін.

    Улы   затпен  зақымданудың   бірнеше  ерекшеліктері  бар: 

  • аз  уақыт   ішінде   жаппай  улануға  болады;
  • ауа,   жер  кеңістігінде   үлкен  аумақта   улай алады;
  • аэрозоль,   бу  түрінде   қорғануы  нашар  үйлерге,  бөлмелерге  кіріп  кетеді;
  • әр  түрлі  жағдайда,  әр  түрлі  орындарда  /тұйық, желсіз  жерлерде/ ұзақ   сақталуы  мүмкін.

    Улы     заттармен  зақымданудың    жолдары:

  • уланған   ауамен  демалғанда;
  • улы   тамшылардың  теріге  не  көзге  тиюі;
  • уланған   заттарды  ұстағанда;
  • уланған  азық-түлікті   не суды   пайдаланғанда.

    Улы   заттардың  ішіндегі   көп     кездесетіні  әрі  қатерлісі  хлор  мен  аммиак.

    Хлор  жасыл-сары  түсті   өткір  исі  бар газ.  Хлор   ауадан  екі  есе  ауыр,   сондықтан    хлор    бұлты  жер  бауырлап  ұшады.

    Оның  қайнау   температурасы  - 34,60С.  Яғни,  хлор  қыс  кезінде  де  газ   түрінде  де  қала  береді.  5-7  атм  қысымында    тез  қысылып,   жасыл-сары   түсті   сұйыққа   айналады.  Суда     жақси  ериді.  Өндірістің  түрлі   салаларында    кеңінен    қолданылады.    Ауыз  сулармен  ағын  суларды  тазарту,  зиянсыздандыруға  қолданылады.

    Адамдардың  тыныс  алу  жолын  зақымдайды  және  өкпені   ісіндіреді.  Ал  мөлшері  көп  болғанда  5-25 минут   ішінде  адам  өледі.

    Бірінші  көмек:    противогаз  кигізу керек,    ол  аймақтан  адамды  тез    арада   таза  ауаға    шығарып,   оттегімен    демалдырған  жөн.  Тыныс  алу  жолдары   зақымданғанда   нашатыр  спиртін  иіскеткен   дұрыс.  Көзін,  мұрнын,  аузын  2-пайзды    соданың  ерітіндісімен    жуған  дұрыс.   Хлор ауаға   тарағаны   естігенде   үйдің   жоғарғы  қабатына   ығып   кетуге  тырысу  керек.  Хлор  тараған  территориядан  тез  өтіп,   жел  соққан   жаққа  кетуге    тырысыңыз.  Бірақ   жүгірмеңіз.  Жердің   шаңын   көтеруге  болмайды.  Хлормен   уланған  адамға  нашатыр  спиртін   иіскету  керек.    Ыстық  сүт,  шай  беріп  жылы  жерге  науқасты  орналастыру  керек.

    Аммиак  – нашатыр  тәрізді  иісі  өткір,  түссіз  газ.  Суда   жақсы  ериді.   Аммиактың  ауамен   араласқан  түрі  /1:3  мөлшерде/      қопарылыс   жасауға  қабілетті.   Адамның    тыныс  мүшелеріне,  көзіне  қатты әсер   етеді.  Аммиактың   жоғары  концентрациясы    адамның   нерв  жүйесіне  қатты    әсер  етеді.   Теріні,   көзді  күйдіріп  не  үсіріп  жібереді.

    Аммиактың  ауаға   тарағаны  туралы  хабар  болғанда   өзіңіз  тұратын  үйіңіздің  не  жұмыс   бөлмеңіздің  есік-терезесін,  саңылауларды  ылғал   матамен,  мақтамен   тығыздап   жабу  керек,  газ,  электр   жүйелерін   тез  ажырату   қажет.

    Өндірісте  арнайы  противогаздарды   пайдаланады,  мақтадан   жасалған  ауыз  жапқыш  100  минутқа  дейін  көптеген   улы  заттардан   сенімді   сақтайды.    Бірақ   ол  аммиактың,  метихлоридтің,   венилхлоридтің  улы   заттарынан  сақтауы  екі  талай.  Егер  болмаған   жағдайда    дәкені,    мақтаны  сулап,  сол   арқылы  демалу   керек.    Киімнің  түкті,   мақталы  жері,    бөкебай,  киімнің  жағасы,  жеңі  де  тыныс  алу  органдарын    сақтайды.

    Аммиактың  буымен  уланған  адамды   ол  жерден  тез  алып  шығып,  оған  сірке  қышқылының    ерітіндісін  немесе  судың   жылы буын  иіскету    керек.  Зақымданған   жерді   химиялық   пакеттегі  ерітіндімен  сүртеді,   немесе  сабынды    сумен   жақсылап   жуады.

Информация о работе Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар