Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2012 в 19:39, реферат

Описание работы

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Содержание

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Работа содержит 1 файл

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.docx

— 66.96 Кб (Скачать)

    Аптечканың  /АИ-2/ №2  ұясындағы    таблетканы    ішу  керек.

    Химиялық   зақымданған  аймақтан   шыққаннан   кейін   толықтай  не  жартылай    санитарлық  тазалықтан  өту  керек.

Нерв  жүйесін зақымдайтын  фосфорорганикалық  уландырғыш заттар

 

    Ви-икс-газдары.  Олар  өз  мөлшерде  буланатын  түссіз  сұйық  түрінде  кездеседі.   Оның  иісі  болмайды.  Суықта   қатпайды.  Суда    баяу  ериді  – 5,  ал  органикалық  еріткіштер  мен  майларда  жақсы  ериді.

    Ашық  жатқан  су   көздерін  /көл,  өзен/   өте  ұзақ  уақыт  бойы  - 6  айға  дейін   зақымдандырады.  Адамның  терісіне,  тыныс  жолдары,  киіміне  сіңу  арқылы  уландырады.  Жазды күні   бір жерде  7-15  тәулік  бойы,  ал  қысты  күні   2-3  айға     дейін   сақталып    улайды.

    Зарин -  бұл түссіз   немесе    сарғыштау   түрде   кездесетін,  ауада жақсы буланып ұшатын,  қыста қайтпайтын  сұйық зат.  Оны кез    келген    мөлшерде   суға  немесе  органикалық еріткіштерге  араластырып қолданады.  Судың   әсеріне    тұрақты    қарсылық   көрсететіндіктен  тұйық су   көздерін  ұзақ  уақыт   бойы  уландырады.   Адамның   терісіне,   киіміне тез сіңіп    кетеді.  Оның  буы 20  км-ге,  дейін    тарайды.   Ойлы   жерлерде   жазда бірнеше сағатқа,  қыста 2  тәулікке  сақталады.

    Осы  тәріздес    улағыш    заттың  бірі  - Зоман.  Ол  да  теріге  өтіп,  тыныс  алу  органдарын  улайды.  Организмге    сіңіп  алғаннан  кейін  орталық    нерв  жүйесіне  зардабын   тигізеді.  Өлтіргіш    қуаты  бар  кезінде    адам  жүректің   сал  болып  ісінуінен  өледі.

    Қорғаныс  жолы:  теріні  қорғау  құралдарын  және   противогаз  пайдалну,  панаханаларға,  арнайы   баспаналарға   жасырыну.

    Улы   заттардың  барлығын  химиялық   байқау   құралдары   арқылы  анықтайды.

    Теріні   күйдіріп,  іріңдететін    улағыш   заттардың  бірі – Иприт.

    Ол  сарымсақтың  иісі  бар  сарғыш   немесе   қара  қошқыл  түсті  сұйық  зат.   Органикалық  еріткіштерге  жақсы  ериді.    Әр  түрлі    лакты  бояу  жағылған  заттарға,   резинаға,  саңылаулы  материалдарға,  адамның   терісіне   оп-оңай   сіңіп   кетеді.  Адам  терісі  2-3  сағатта   қызарады  да,  жараға  айналып  20-30  тәулік бойы  жазылмайтын  жара  пайда  болады.

    Адам  Иприттің  буымен  демалғанда    бірнеше  сағаттың  ішінде-ақ  ауыра  бапстайды  да,  тез  арада   өкпесі  қабынып,  ісініп,  тынысы     тарылып,  адам    тұншығып   өледі.

    Қорғаныс   құралдары:   противогаз,  тері  қорғау  құрал-жабдықтары  және  арнайы    баспаналар.

    Синиль  қышқылдары.   Бұл тез буланып кететін түссіз  зат.  Ашық  жерде тез буға  айналып ұшып  кетеді. Қату  температурасы – 140С,  адам  синиль  қышқылы  тараған  ауаны   жұтқаннан  уланады. 

    Қорғаныс  жолы:  противогаз,  арнайы  баспаналар  пайдалану.

    Синиль   қышқылы  химиялық  құралдар  арқылы   анықталады.

    Тұншықтырғыш   улы  зат (газ) – фосген.

    Бұл  түссіз  газ  түрінде   болады,  ауадан  3,5  есе  ауыр.  Шіріген   шөптің   иісі  шығады.   Буланған  кезде   адамды   уландырады.  Тегіс  жерде    30-50  мин,  ол  жерлерде    3 сағатқа  дейін  сақталады.  Адамды  тыныс  алу   органдары    арқылы   зақымдайды.   Мұнымен  уланған  адамға  қолдан   тыныс  алдыруға    болмайды.  Бұл  газдан   қорғану  жолы   противогаз  бен  баспананы  пайдалану.  

    Әсері  күшті  улы  заттар  (ӘКУЗ) 

    ӘКУЗ  – шаруашылық  мақсатта    қолданылатын  зат,   оларды  қалай  болса  солай  сақтау  немесе  төгілуі  адамдардың    жаппай  улануына  алып  келуі  мүмкін.

    ӘКУЗ  – жабық  ыдыста   қысыммен    сақталады,  ыдыс  қирағаннан  кейін  қысым  атмосфера   қысымына  дейін  төмендейді.

    ӘКУЗ  – қайнайды  (қайнау  температурасы + 200С)  және    атмосфераға   газ  немесе   бу  түрінде  бөлінеді.  Олар  үлкен   қашықтыққа   таралады.  Сондықтан  химиялық    қауіпті  объектіге    жақын   тұратын   халық   онда  қандай    ӘКУЗ-дың   пайдаланылатындығын   білуге  тиіс.   Химиялық  зақымдау  ошағының  көлемі,  оның  адам  терісіне  тамшы   сұйық  түсуі  және  бумен  демалу  нәтижесінде    болуы  мүмкін.

    Химиялық  қауіпті  объектідегі  апат  туралы  дабыл   жарияланғанда    немесе  қоршаған  ортада  улы  заттар  қауіп    туғызғанда   төмендегі   іс-қимылды  істеу  қажет:

    - улы  заттардың  тарағандығы   жөнінде  хабар  келген  соң   тез   арада   противогаз    және  сол  сияқты    жеке  қорғану    құралдарын  пайдалану   керек;

    - жақын  жердегі   панаханаға  немесе  арнайы    жасырынатын    орынға,  ал  олар  жоқ  болса,  жақсы  қымталған   үй-жайға    жасырынады;

      Зақымдалған  аумақпен  жүрген  кезде   мына  тәртіптерді   мүлтіксіз   сақтау  қажет: 

    -  жүгірмей  және    шаңдатпай   тез  жүру;

    -  төтенше    жағдай  ұйымдарының   өкілінің   бұйрығына  дейін   қорғаныс   құралдарын  шешпеу  керек,  жыраларды,   шұңқырларды,  батпақтарды,   тонельдерді   және  улы  зат   жинақталып   қалатын   басқа  да   орындарды   айналып    өту;

    -  зардап   шеккендерге, балаларға,  сондай-ақ   өз  бетінше   қозғалмайтын    қарттар   мен  балаларға  қажетті   көмек   көрсету. 

    ӘКУЗ  төгілген  кезде    көрсетілетін    немесе   істелінетін  іс-әрекеттер:

    Хлор  -  төгілген  кезде (ол ауадан  ауыр)  ең  биік   орындарды   көтерілу  қажет:

    а)   егер  сіз   төменгі  қабаттағы  пәтерде  болсаңыз,  жоғарғы   қабатқа    көтеріліңіз;

    б)   егер сіз   көшеде  ( далада)  болсаңыз,  биіктеу  жерге  шығыңыз.

    Аммиак  төгілген  кезде  (ол  ауадан  жеңіл)  тез   буланып  жоғары   көтеріледі,  яғни  төмен  жерлерді  таңдау  қажет (жертөле).

    Химиялық   зақымдау   туралы  дабылды  естіген   бойда   жеке  қорғаныс  құралын    тез  киіп,  өзіңіз   тұрған   ғимаратты   қымтаңыз:

    - есек  пен  терезені     жақсылап  қымтаңыз;

    - ондағы   саңылауды   шүберекпен,  жапсырғышпен,  пленкамен  немесе   ылғал   қағазбен  жабыңыз. 

    Егер  дабыл   сізді   көшеде   келе  жатқан    кезде  берілсе,   ықтимал  зақымдану  аумағынан    шығып,   желге  қарсы  жүріңіз.   

    Тыныс  органдарын  қорғау  үшін,   тыныс  органдарын   аммиактан,   метиллоридтен  және  винтилхлоридтен  және   басқа  улы   заттардан  30-100  минут    бойы  қорғайтын   противогаз    кию   керек.

    Аммиак  сумен  жақсы     жайылады  (суланған  мақта – дәкі  таңғышы  көмектеседі).

    Егер  противогаз   жоқ  болса,  тыныс  органдарын  қорғау  үшін  сумен  немесе   ауыз   суының  2% (хлор   төгілген  кезде)  және  лимон   (бор)  қышқылының    5%  (аммиак  төгілген   кезде)  ерітіндісімен  шайылған  кез  келген  матаны     пайдаланыңыз.

    Тыныс  органдарын  хлордан  қорғау  үшін  өзіңіздің  немесе  балаңыздың   сұйық   дәретімен  шайылған  мата  таңғышын  пайдаланыңыз.

    Халықты  ӘКУЗ – мен  ықтимал   зақымдану   аумағынан   көшуі  негізінен  улы  бұлт  жақындағанға  дейін   жүргізіледі.

    Улы  зат  төгілген    орынға  аммиак  суын,  әк  тұнбасын,  кальциленген  соданың   ерітіндісін  немесе  60-80%  және  одан  артық   концентрациядағы     каустикті     құяды  (шамамен  2 л.  ерітіндіге  1 кг  хлор)  суды  немесе   ерітіндіні   ыдырату    үшін  су    шашыратқыш, өрт  машиналарын,  жылжымалы   автожанармай,  стансаларын,   сондай-ақ   химиялық   қауіпті   объектідегі     гидрант   немесе   арнайы   жүйе    қолданылады. 

    Аммиак   көп  төгілсе,  жайылған  сұйықты    топырақпен  қорайды,  ал  төгілген   жерді  әлсіз   қышқыл   ерітіндісін  себеді,  сумен  шаяды.

    Егер  газ   тәріздес  аммиак  төгелісе,  онда  су   шашыратқыш,   өрт  машиналарының,  жылжымалы  автожанармай  стансаларының  сондай-ақ  химиялық    қауіпті   объектідегі   гидранттың  көмегімен  буды  жұту  үшін  суды   шашыратады.

    Сақтанудың  жолдарының  бірі  болып,  мақта-мата  таңғыштарын  пайдалану  болады.  Оларды  дайындау  жолдар  үшін  50-100  см  көлеміндегі    дәке   кескіндісінен  жасайды.  (Бастауыш  сынып   оқушыларына  көлемі 80-40 см).  Отбасы  бойынша   бір  қалыпты   қалыңдығы  20-30  см  (15-20 см)  1-2 см  мата   қабатын  жаяды.   Дәке  кескіндісінің   бойымен   екі  жағынан    да  бүгіп,   мақтаның    үстіне   қояды.  Дәкенің   ұшын    екі  байлау   жұбы    шығатындай    етіп  қияды.

    Таңғыш   ауыз  бен  мұрынға        қойылады.  Олардың   ұшын    төменгі   жағының   төбе   сүйекте,    ал  жорға    жағының   құлақ    үсті  арқылы   желкеде    болатындай   етіп  байлайды.  Таңғыш   пен  беттің   арасындағы   саңылауларды   мақтамен    тығыздайды.

    Апаттың  осы  түрі  болғанда  адамдар  қандай   қимыл   жасауы  керек:

    Химиялық  қауіп  немесе  улы  заттардың  тарағаны  туралы   қалалық     Азаматтық   қорғаныс   штабынан  хабар   түседі.  Хабарды    естісімен,  противогаз  кию  керек,  ол  болмаған  жағдайда,  жамылғы  немесе   басқа  нәрселерді    басқа   жауып,  тез  арада   жақын  жердегі   паналау   орнына  жетуге    қам  жасау  керек.  Егер  үйде   не  жұмыста   болсаңыз,   сол  жердің    терезесін,  есігін  қолда  бар   нәрсемен   тығындап,  үйге  улы   зат  немесе   газ   кірмейтіндей   ету   керек.   Ескеретін   жай  улы   газдар    апаты   болғанда    үйдің    төменгі    және  жерасты   қабатын   панамалауға   тырысуыңыз,   себебі   тараған  улы  заттар  ауадан    ауыр  болса,    төменге  жиналады.

    Төтенше   жағдай  соғыс  қақтығысуларынан  да  болуы  мүмкін.

    Олардың  әсерінен  электр  жүйелері,  су,     жылу  құбырлары  бұзылады.  Өндіріс  орындары   жұмысын    тоқтатады,  адам  шығыны   болады,   осыдан   оларды  құтқару  қажеттігі  келіп  туады.   Бұндай  апаттың   зардабын   жою  немесе   бәсеңдету  үшін    Азаматтық  қорғаныс  күштерін  іске  қосуға  тура  келеді.

    Төтенше    жағдайлардың  зардабын    жою  мақсатында  істелетін  жұмыстар:  

  • Күнделікті    жүріп  жатқан  жұмысты,   оқуды,  өндіріс  заттарын  өндіруді  халыққа   түрлі  қызмет   (сауда,  көлік  жұмысы)  көрсетуді  тоқтатпау.
  • Кенеттен   болатын  жұмыстардың   сипатына,   көлеміне  қарай  дереу  шара    қолданылуы  керек.
  • Байланыс  жұмысын  үзбеуге,  тиісті   мәліметті  дер  кезінде   түсуін  қамтамасыз  еткен  жөн.
  • Апат  болған  ауданға    барар   жолдың  ашылуына   көңіл  аудару   қажет.
  • Апаттың   қоршаған  ортаға  тигізетін   зардабының  сипатын  және  көлемін   барлап,  анықтау   керек.
  • Апат  болған   жағдайда    адамдардың   арасындағы    қарым-қатынасты    зерттеп,  (қақтығысулар,   үрейленушілік, ұрлық,  тонау)  қоғамдық  тәртіпті    сақтауға  көңіл  бөлу.
  • Әр  түрлі   мекемелердің  өзара  қарым-қатынасын    үзбеуін,  байланыстарын  ұйымдастыру.
  • Жоғарыдағы   айтылған  жоспарларды   қызметкерлерге   алдын-ала  ескертіп,  таныстру  қажет.

Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызы

 

    Төтенше  жағдайладың  түрін,  көлемін,  сипатын  және т.б.  жақтарын  анықтау.  Азаматтық  қорғаныстың,  Төтенше  жағдайдың ұйымдарының барлау    құрылымдарының   негізгі   міндеттері.  Бұл  жұмысты   Азаматтық    қорғаныстың,  Төтенше     жағдайдың   штабтары ,  әскери    бөлімдері,  арнайы  барлау   органдары  ұйымдастырып,  жүргізеді.

    Барлау   жұмысы  зақымданған   аудандарды,  қарсы   жақтың  (соғыс  кезінде)  қай  жерде,   қандай  қару   қолданғанын,  радиацияның   деңгейін,  улы  заттың    түрін,   қирау  мөлшерін, өрттің алып  жатқан  көлемін,  адамдардың, жан-жануарлардың,  өсімдіктердің  немен, қаншалықты  дәрежеде зақымданғанын анықтайды. Барлау нәтижесіндегі    мәліметтер   Азаматтық  қорғаныс  немесе  Төтенше   жағдай    ұйымдарының  штабтары   жұмысын    ұйымдастыруға  қажет.   Штаб   осы  мағлұматтарды  пайдалана  отырып,    халықты  қорғау  үшін   қандай   шаралар    алу  керек  екенін,  құтқару    және  кезек  күттірмес    қалпына  келтіру    жұмыстарын    ұйымдастырып  жүргізеді.

Информация о работе Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар