Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2012 в 19:39, реферат

Описание работы

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Содержание

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға мінездеме
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Работа содержит 1 файл

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.docx

— 66.96 Кб (Скачать)

    Тұрғындар  қопарылманың   басталғандығы  туралы    хабарды  алған  бойда   үй-жайдан    жылдам  шығып,  төңіректегілерге   қауіп  туралы    ескертіп,  қауіпсіз  орынға    барған  жөн.  Үйден  шығарда   пешті    өшіріп,  су  мен  газ  бұрандаларын   жауып,   жарық  пен  басқа  да  электр   қондырғыларын  ажырату  қажет.

Қар  басу

 

    Қар  басу – табиғаттың  тосын күштері   көріністерінің  бірі.    Бұрқасынмен,  қарлы   боранмен  тығыз байланысты.  Ол  бірнеше    сағаттан  тәулікке  дейін   жауған   қалың   қардың     әсерінен    пайда болып,   қалыпты   тіршілікті    бұзады,   ал  кейде   адамдар құрбандықтарына,  малдың     шетінеуіне  және   материалдық   құндылықтарының жойылуына әкеліп  соғады.

    Қардың  басуы,  боран   туралы  хабар  алған  бойда,  уақыт  болса,  кедергілер  орнатылады.  Жолдың  ғимараттың   шетінен  желге    қарсы  бағытта  арасы  15-20  метр  қалқан,   қар  тосқауылы   қойылады.

    Қар  жауған  кезде   және  одан  кейінгі уақыттағы  негізгі   жұмыс  түрлері: жоғалған адам мен  малды іздеу; запрдап шеккендерге   алғашқы дәрігерлік көмек көрсету;  жол бойындағы, үй-жай  төңірегіндегі  қарды  тазалау;  жолда тұрып  қалған көлікке   көмектесу;  коммуналдық  және   энергетикалық   желідегі    аварияларды  жою.

    Барлық  жұмыс бірнеше адамнан тұратын  топпен бірге   жүргізіледі.

    Егер  қар  басуға  автомобильмен келе   жатып  тап  болсаңыз  тоқтап,  тұрған  жерді  белгілеу  керек,  ол  үшін   ашық  матаны    ілген  жөн.  Машинаның  үстін  толығымен  жауып,  двигательді  радиатор  жағынан  қымтау керек.   Машина  капотын  желге    қарай  бұрып,  отынды  үнемдеу  үшін,  пешті  ұдайы   қоспаған  жөн.  Машинаны   қар басып  қалу   қаупі  болса,  есіктің   бірін  жиі   ашып,   күртік    қарды    әрірек    сырыңыз.  Далада    қалған   машинада    қатты   тоңсаңыз    да  қозғалтқышты   қоспаңыз,  ол  жұмыс   істеп   тұрған  кезде    бүлінген     улы  газ  автомобиль   ішіне   жиналып,  қақаған    суықтан  бұрын  өзіңізді    өмірден  алып  кетуі  мүмкін.

    Машинадан  шыққанда   міндетті  түрде    өзіңізді   арқанмен  байлаңыз  (Бір  ұшын   автомобильде  қалдырыңыз).  Адам  үйден  немесе    машинадан  жарты  метр  ұзағанда    бағдардан   айырылып,  қаза  болған  жағдайлар  көптеп  кездеседі.

    Жолдағы  көкайғақ   аса  қауіпті,    ал   қилысы   көп  жерлерде    автомобиль  қозғалысын    мүлдем   тоқтатуы  мүмкін.  Жаяу   жүру   өте  қиын,  әр түрлі заттардың    құлауы   және  ұшуы    өте  қауіпті.   Бұл  жағдайларда   ескі   құрылыстардың  маңынан,  электр   желілерінің    және  олардың    діңгектерінің     жанынан  аулақ  кеткен  жөн.

    Қар  басуы,  боран  туралы  хабарды  алған  бойда,  уақыт  болса,  жалпы  қоршаулар,  жолдағы  ғимарат   шетінен   15-20  метр  қашықтықта   жел  соғатын   жақтан  қалқандар    орнатылады. 

Дауыл

 

    Дауыл  -  жойқын  күші бар және  едуәір  созылатын,  30  м/с жылдамдықпен  соғатын    жел. 

    Дауылдардың  пайда  болуына  ауа  айналымының  ерекше   жағдайында   пайда  болып,  атмосферадағы  тепе-теңдіктің  өте    жоғары    жылдамдықпен   аяқ  асытнан  бұзылуы  әсер  етеді.

    Дауыл  үлкен  бүліншілікке   ұшыратып,  адам   құрбандықтарын  алып  келеді,  малдар  шетінеп,   материалдық  залал   келітреді.

    Ең  қауіпті  аймақта   тұрғын  үй  салуға  тыйым   салынып,   ал  қалған  аймақтарда    сейсмикалық    аудандар  үшін  қабылданған  құрылыс  нормалары   енгізіліп,   онда   пайдаланылатын   материалдардың   қолайлы   үлгілері    көрсетілуге    тиіс.  Дауыл  өзінің   алапат  күшімен  инженерлік    ғимараттарға  жер  сілкінісінен  кем  әсер    етпейді.

    Шаңдақ  дауыл -  бұл  күшті  жел  салдарынан  шаңның,    құмның,  топырақтың,  тұздың  және  көлемі  1 мм  аз  басқа  да  бөліктердің  ауаға    көтерілуі.

    Қазақтсан   аумағында   шаңдақ  дауыл -  сәуір,  мамыр    және  қыркүйек   айларында  жиі  байқалады. 

    Дауылдың  жойқын    салдарын  төмендетудің    тиімді   шарасы,  ол – таянған  дауыл   қауіпін   тұрғындарға   дер  кезінде  хабарлау  және  дауыл      болып  тұратын   аудандарындағы   осыны   ескере   отырып  орналастыру.  Ең  қауіпті    аймақта    тұрғын  үй   салғызбай,  ал  қалған  аймақтарда   сейсмикалық   аудандар  үшін  қабылданған  құрылыс    нормаларын   енгізіп,  бақылауға  алып  көмектесу  керек.

    Дауылдың  жақындағаны  туралы  хабар  алған  соң,  мына  іс-әрекетті   жүзеге  асыру  қажет:

    Панахананы,  жертөлені  әзірлеу;   есікті,  терезені,  шатырдағы  (желдеткіш)  люкті  нығыздап  жабу;   саңылауларды  бекіту;  төбеден,  лоджиядан,  самалдықтан    жел  ұшырып  кету  қаупі  бар  заттарды  шығару;  даладағы    заттарды   бекіту  немесе    үйге  кіргізу;    газды,  электр  жүйесін  ажырату,   суды  жабу;   пешті  сөндіріп,  қажет  болса   қорғаныс    панаханаларына    барып  орналасу  керек.

    Өндірісте   барлық   сыртқы   жұмыстарды  тоқтату,  қондырғыларды  бекіту,  агрегаттарды,  механизмдерді   ажырату   және   панаханаларға    жасырыну,    ауылды  жерлерде   фермалардағы  мал  үшін   жемнің,  судың  қорын   даярлау,   панаханада  радиоқабылдағышты  тұрақты  қосып  қою  керек.  Ғимарат   ішінде   болған  әйнек,  шыны    сынықтарынан   және    жарықшақтардан  сақтанған  жөн.   Далада    қалған  кезде   ең  жақын   шұңқырды,  жел  өтінен  сақтайтын    жерлерді    іздеу  керек  немесе  жерге   етпетінен  жатады.   Орманда   қалғанда  ең    жақсысы  ашық  алаңға  шыққан  жөн,    нөсерлі   дауыл,  найзағай  жарқылдаған  кезде  жалғыз  тұрған  ағашқа  жасырынбаңыз,  электр   беру     желілерінің    діңгектеріне  жақындамаңыз.  Дауылды  жел,  қарлы  боран  кезінде    үйден  тек  ерекше   жағдайда  ғана  бірнеше  адам   болып  шығады.  Шаңдақ  дауыл   жақындағанда    үйде  есік   пен  терезені    нығыздап  жауып,   ғимараттан  шықпаған  жөн.   Үй   хайуанаттарын  қорға  немесе  ғимарат    ішіне   қамау  керек.

    Егер  сіз  ауылдан  алыс  жердегі     құмдақтағы  жайылымда   болсаңыз,  малды  тасаға  жасыру   қажет.  Жақын   жерде    сексеуіл,  шеңгел   тәрізді   бұталы  жерде   малды  ұстай  тұрған  жақсы.

    Егер  дауыл   кезінде   елді  мекеннен  қашықта  болсаңыз,  көру   қашықтығы  азайып,   адасып  кету  қауіпі  туса,  онда   қозғалысты  тоқтату  қажет.   Егер   адассаңыз,    жарақат    алсаңыз,   онда  өз   орныңызды   білдіру   мақсатында   түтіні   қатты   шығатын   матаны,   бұтаны,   көк   шөпті  жағып,  дыбыс   беріп,   алыстан  көрінетін     ашық  затты   жерге   іліп,  қам   жасағаныңыз  жөн.

    Егер  шаңдық  дауыл  кезінде   жапан  далада   қалсаңыз   киімдеріңізді   түймелеп,    бас  киімдеріңізді  киіңіз.  Көзіңізге   шаң  мен  тас,  қоқым  түспес  үшін  арнайы   көзілдірік  киіңіз.  Егер  қандай  да   бір  жамылғы  болса,  оны   шаңнан,   суық  желден,  дененің   суынуынан  қалқа  ретінде   пайдалануға  болады.

    Дауылдан,   бораннан,   буырқасыннан   кейін  құтқару    бөлімшелері  еңбекке   жарамды   тұрғындармен  бірге   жасырынған,  жарақаттанған   адамдарды  шығарып,   қауіпсіз   жерге  немесе   емдеу   мекемесіне   апарады.

    Таудың  су тасқыны.  Таудан  аққан көп   су  аз  уақыт ішінде   дүлей күшке айналып,    жолындағы тау     тастарын,   топырақтарын  ала төмен құлайды.    Олардың    биіктігі   10-20  метрге,  кейде 40-50  метрге   дейін   жетеді.  Құлау    шапшаңдығы    секундына 3-5  метрді  құрайды.  Су   тасқынының    пайда болу   себептеріне    таудағы   жауынның  ұзақ  болуын,   мұздың  кенеттен   мол еруін,  сол жердің   топырағының бостығын,  тас жиынтығының көптігін   жатқызуға болады.

    Республика  бойынша  300-ден  аса  осындай  қауіпі  бар  тау   бассейіндері  бар.  Әсіресе   қауіпті  жерлерде  Іле,   Жоңғар,  Талас,  Алатау,  қаратау,  Кетмен,  тарбағатай  таулары  жатады.  Бұл  тауларда    осындай    тасқындар  жыл   сайын    болып  тұрады.

    Тау су  тасқынынан   сақтану  жолдары:

  • Жауын  уақытында  және  жауын  өткеннен  кейін 2  күндей  тауға  шықпау;
  • Тауда  тек  бұрын  адам   жүрген  жолдармен  жүру;
  • Жазда  тауда  түс   қайтқанда,   күн  қызғанда  жүрмеу;
  • Тұманды   күні  тауға  шықпау;
  • Тауда  жүргенде  айқайламау,  шуламау (дауыс  ауаға  әсер  етеді,   ауа   қарды  қозғап  жіберуі  мүмкін);
  • Қар  басқан  тау  бөктеріне  жақындамау;
  • Егер  тасқын   жылжып   келе  жатқанын  сезсеңіз,  оның  жолынан   шығағу  тырысу;
  • Күнделікті  теледидар,  радиодан  берілетін     хабарларға  көңіл   аударып  жүру.

    Су  тасқыны.  Бұл құбылыс та  біздің  елімізде     жерімізде жиі болып тұрады.   Тек соңғы   бес жылдың  ішінде,   Атырау   облысының өзінде  ғана   бірнеше су  тасқыны болды.   Бұл өзгерістердің   барлығы    тек абиғат  күштерімен  ғана  болып жататын   құбылыстар.   Әсіресе,   Каспий  теңізінің   тасуынан     Құрманғазы,  Исатай  аудандары   көп зиян   шегуде.  Мал,  қора,   қыстақтар,  үйлер суға  кетуде.

    Жайық,   Ойыл,  Эмбі  өзедерінің   суының  көтерілуінен  Қызыл-қоға,  Жылой,  Махамбет  аудандары   көп зиян   шегіп  отыр.  Каспий    теңізі  мен  Жайық   өзендері   Атырау     қаласына   қауіп   төндіруде.  Бұған  қарсы  облыс  басшылары   тиісті   шаралар    қолданып  (жағаны  бекіту,  елді  мекендерді  қауіпсіз   орындарға  көшіруді),  күрес  жүргізуде.   Осындай  жағдай  2003-2004 жж. Шардара  су  қоймасында,   Сырдария  өзенінің   батысында  болып,  үлкен  материалдық  шығын  әкелді.    

    Су  басу -  өзен,  көл немесе  теңіз суының  деңгейінің  көтеріліп,  жердің  белгілі бір бөлігінің   су  астында қалуы.   Ол  елді  мекендердің   су  астына  қалуына,  адам  мен    малдың    өлім-жітіміне  алып  келеді.

    Көптеген  су   басудың   негізгі  себептеріне  нөсер  жаңбыр  жаууы,  қардың,  мұздақтардың    үздіксіз  еруі  жатады.

    Сырғымалар,  бөгеттерден,  тоғандардан  кенет  бұзылуынан   пайда  болатын  су  басу  өте  қауіпті   болады.

    Судың   көтерілуінен  болатын  су  басуы  Қазақстанның  барлық  аймақтарындағы   өзендерде   болып  тұрады.   Оңтүстік  Қазақстан  өзендерінде  мұндай  құбылыстар    ақпан-наурыздан,  оңтүстік-шығыс  және   Шығыс  Қазақстанда  -  наурыз – шілдеде,  республиканың  жазықтағы  өзендерінде  – наурыз-маусым  айларында   болады.

    Жаңбырдан  болатын  тасқындар,  Қазақстан   аумағында   таза   түрінде   негізінен  оңтүстіктегі,   оңтүстік-шығыстағы   тау   етегінде   және   ортасындағы   өзендерде,    сайларда  көктемнің  аяғында    және  жаз   мезгілінде,   сондай-ақ   жазғы-күзгі  мерзімде.  Ертіс  байссеіні  өзендерінде   байқалады.  Орта таулы   аймақтардағы  жаңбыр   тасқынының   ерекшелігі  сол,   белгілі  бір   жағдайларда  олардың  селге   айналуы   мүмкін.   

    Қума  желге   байланысты   апатты  тасқын  Қазақстан  аумағында  Орал   өзенінде  және  Каспийдің   бүкіл   солтүстік-шығыс   жағалауында  болады.  Атырау  және  Маңғыстау   облыстарының   бүкіл шаруашылық  кешеніне  орасан  зор    залал  келтірген  соңғы    жылдардағы  су  тасқыны    Каспий   теңізінің    деңгейінің   көтерілумен  ушыға  түсуде. 

    Кептелулер  мен  тосқауылдардан  болатын  қирату    салдары  бар  тасқынның   таралу   аудандары  Іле,  Жоңғар  Алатауының,   Шығыс   Қазақстан  өзендері  болып  табылады.   Олар  күз  бен   көктемде   мұз  жамылғысының    бұзылуы   мен  пайда    болуы  кезінде  байқалады.

    Өзеннің    жоғарғы   бөлігінде    мұз  тосқауылдары    топырақ   бөгеттерінің   бұзылуы     жағдайында    тасқын  қас-қағым  сәтте   болуы  мүмкін.

    Қалған  жағдацларда    су  басу   қауіпіне  дер  кезінде   назар  аударуға  мүмкіндік  беретін   азды-көпті  уақыт  бар.   Алайда   қардың  көктемгі  еруі,    құбылмалы  ауа  райының  созылуы,  мұз  жүрген  кезде,  қар  еріп жатқанда  және   қолайсыз  ауа  райы    кезінде   батпақтардың  үстімен  жүрі   өте  қауіпті.  Су  батпақтардың    сінгіштіген  азайтады  да,    батпаққа   батудың    қауіпі  туады.

    Су    тасқыны   апаты   кезінде   мүмкіндігінше   төменгі  жерден  жылдам  кетіп,  биік  жерлерге  көтерілу   қажет.

    Елді    мекендегі  тасқын  кезінде    қауіпсіздің    көп   жағдайда    оның  алдында   жүргізілген   сақтандыру   жұмыстарымен  қамтамасыз   етіледі.

    Республика  аумағындағы    көптеген  тасқыдардың   судың   деңгейінің   көтерілуінің   болатындығынан  белгілі.  Алдын  алу   жұмыстарының  тұтас  жүйесі  бар:  судың    басуы  болатын  аумақтың    тасқын  судың  арнасын  бұру;  су  қоймасы,  ьөгет,   тосқауыл  тұрғызу;  жағаны  биіктету  және  түбін  тереңдету  жұмыстарын  жүргізу;  ғимараттар  мен  үй-жайларды  судан   оқшаландыру   қондырғысын  қою;     қысқа бұталы    ағаштар   отырғызу;    жүзу  және  құтқару  құралдарын  жасау  және  даярлау;  толқын   соққыларына  төзетін    күрделі   құрылысты  тұрғызу;  отбасының   барлық  мүшелерін   жүзуге  үйрету;  қайықтың  болуы;   жақын  орналасқан    биік  жерді   білу;    жақындаған   зілзала    туарлы  хабарды  алуға    дайын  болу;   тұрғын  үйдің   жанына   топырақ  салынған  тосқауылдар  қою,  топырақ  төгу.

    Тұрғындарды  уақытша   көшірудің  басталуы  мен    тәртібі  туралы  жергілікті  радио  мен  теледидар,  ал  жұмыс  істейтіндерге    кәсіпорын,   мекеме  және   оқу  орындары  арқылы,  ал  өндіріс    пен  қызмет  көрсету    саласында  жұмыс  істейтін  халыққа  тұрғын  үй   басқармасы  органдары   арқылы  хабарланады.

    Халыққа   жиналатын    орынды,    жиналу  мерзімін,  көшу   кезінде  жаяу   баратын  бағыт,  сондай-ақ   апаттың  күтілген  көлеміне  орай   туындаған   жағдайларды,  оны  ауыздықтау  жолдарын   және  барысын  және басқа  да   мәліметтер  хабарланып  отырады.

Информация о работе Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар