Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:33, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Биоэкологии".
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
15 Озон қабатының жұкару себептері және биосфераға әсеріОзон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3 мм құрайды. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілетін тесіктерді «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4%-ға артып отыр... Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған.. Қазіргі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде, т.б. қолданылады. Көптеген мемлекеттер фреондардың өнідірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қолданды. Бірақ, жоғары дәрежедегі тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Сонымен қатар, озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер етеді. Озон қабаты интенсиві түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі, қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Космосқа ұшу апппараттарын шығару атмосферадағы ядролық жарылыс, атмосфераның жоғарғы қабаттарына азот оксидтері мен кейбір көмірсулардың шығарылуына әкелетін ірі өрттердің озон қабатының бұзылуын Галлей кометасымен де байланыстырады. Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антиоксидант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді, кейбір канценрогенді заттарды бұзуға қабілетті
16. қоректік тізбектер және трофикалық деңгейлер, қоректік торлар Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.
Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:
1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.
2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.
3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.
Экожүйелердегі әр түрлі байланыстардың түрлерін, жұмыс істеу механизмдерін түсіну үшін маңызды экологиялық түсініктердің бірі - экологиялық қойма (экологическая ниша) ұғымын білу керек.
Әрбір түр немесе оның бөліктерінің (популяциялар, әр түрлі деңгейдегі топтары) қоршаған ортада белгілі бір орны болады. Мысалы, белгілі бір жануардың түрі өзі қоректенетін заттардың құрамын немесе қоректену уақытын, көбейетін орнын, баспанасын және т.б. өз еркімен өзгерте алмайды. Келтірілге
н мысал экологиялық қойма не оның жекеленген элементтерін сипаттайды
Экологиялық қойма дегеніміз - ағзаның табиғаттағы орнын және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орнын, яғни қоршаған ортаға қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жиынтығы. Бұл түсінік «мекен ету орнынан» көлемді және мазмұнды үғым. Одумның түсіндіруі бойынша мекен ету орны ағзаның «мекен жайы» (адрес), ал экологиялық қойма оның «мамандығы» болып табылады. Бір жерде әдетте әр түрге жататын көптеген ағзалар тіршілік етеді. Мысалы, орманда жүздеген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендейді, бірақ олардың әрқайсысының өзі мамандануы экологиялық қоймасы болады.
Ормандағы қоян мен тиін бір жерде мекенде. Бірақ, олардың экологиялық қоймасы әр түрлі: тиін негізінен ағашта тіршілік етеді де, ағаштың тұқымдары мен жемістерімен қоректеніп, сонда көбейеді. Қоянның бүкіл тіршілік циклі жер бетімен байнысты болады.
Егер ағзалар әр түрлі экологиялық қоймада орналасса, онда оларда бәсекелестік қатынастар болмайды. Мұндай қатынастарды нейтралды деп қарастырамыз
Әрбір экожүйеде бір экологиялық қойманы не оның элементтерін қажет ететін (қорек, баспана және т.б.) түрлер болады. Мұндай жағдайда экологиялық қойма үшін бәсеке міндетті түрде орын алады.1930—1934 жылдар аралығында Г.Ф. Гаузе инфузориялардың екі популяциясынан тұратын жүйеде эксперименттер жүргізді Эксиерименттерде жыртқыш инфузория дидиниумның өзінін, жемтігі инфузория кебісшені толық жойыи жібере алатыны, бірақ содан соң қоректің жетіспеуінен өзінің өлетіні көрсетілді. Егер жемтіктің жеке дараларының тірі қалуына жағдай жасалса, сақталып қалган жемтік даралары жылдам көбейеді.
Гаузе принципі бойынша экологиялық жагдайлары ұқсас екі түр ұзақ уақыт бір экологиялық қоймада тіршілік ете алмайды.
Жыртқыш (царазит) - жемтік (ие) жүйесіндегі тураралық қатынастар таза күйінде табиғатта болмайды. Себебі, жыртқыш тек бір түрмен ғана қоректенбейді.
18 Шөлдену проблемасы, экожүйенің шөлдену себептері
Шөлдену – шөлге шектес жатқан жерлердің құнарсыздануы барысында шөлді аумақтардың ұлғаюы. Шөлденуге табиғи (климаттың циклдік өзгеруі нәтижесінде ағын сулардың өзгеруі салдарынан кезеңдік қуаңшылықтардың қайталанып отыруы) және антропогендік себептер (ауыл шаруашылық мен өнеркәсіптің дамуы, тағы басқа) басты әсер етеді. Шөлдену процесі кезінде өсімдік жамылғылары аумағының азаюы (әсіресе ағаштар мен бұталардың), топырақ эрозиясы (онымен қоса жел мен су эрозиясы), топырақтың тұздануы, көп жылдық өсімдіктердің жойылуы нәтижесінде құмдардың құнарлы жерлерді басуы байқалады. Ал адамзаттың шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде бұл процестер жеделдей түседі де Шөлдену аумағы тез өседі. Адамзат өз тарихында кезінде өнім беріп келген шамамен 1 млрд га-дай жерді шөлге айналдырған. Қазіргі кезде Жер бетінің 3,6 млрд. га жерін (Еуропа аумағынан 3 есе, немесе Жер бетінің бөлігін, яғни 25%-ға жуығын қамтыған) шөл және Шөлденуге бейім жерлер алып жатыр. Шөлдену процесі Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі және ол 110 мемлекет аумағын қамтиды. Шөлдену процесі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап адамзатқа үлкен қиыншылықтар туғызуда. Мысалы, 1968 – 73 ж. аралығында Сахараның оңтүстік белдемінде (Сахелияда) қуаңшылықтың салдарынан 250 мың адам көз жұмып, малдың 40%-ы қырылған. Ал 80-жылдардың ортасында осы белдемдегі қуаңшылық салдарынан 3 млн-ға жуық адам қырылған. Мұның бәрі табиғатқа антропогендік келеңсіз әсерлер нәтижесінде болып жатқан құбылыс. Климаттың жаїандық жылуына байланысты Шөлдену үрдісі Еуропаның оңтүстік белдемдерін және Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия елдерінің орталық және солтүстік белдемдерін қамти б астады.
Шөлдену , шөлге айналу - шөл аумағының төңірегіндегі жерлер есебінен кеңеюі. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен болады. Табиғи факторларға құрғақшылыққа апарып соғатын климат пен су ағынының циклдік өзгеруі, ал антропогендік факторларға шөлмен көршілес аймақтағы ағаш өсімдіктерінің азаюы (құрылысқа, отынға және т.б. Жыртқыштар жемтіктерін жоя отырып, олардың санына әсер етеді. Паразиттердің де осындай, иесін әлсірете отырып, олардың көбеюін тежейді, тіпті өліміне де әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бәсекелестік қатынастарда, жыртқыштық пен паразитизм құбылыстарына ертеден экологтар назар аударып келген. Солардың ішінен А. Лотканың ( 1923, 1925 ж.ж.) жұмыстары ерекше орын алады. Ол алғаш рет жануарлардың паразит - иесі жүйесіндегі өзара қатынастардың математикалық үлгісін (модель) ұсынады.
А. Лотканың жасаған тұжырымы: паразиттердің өздерінің иелерін жоюы тек паразиттердің санына емес, иесінің санына да тәуелді болады. Иесінің белгілі бір санына сәйкес келеді және иесінің популяциясының тығыздығының артуына байланысты паразит популяциясының тығыздығы артады. Паразит санының артуы иесінің санының кемуіне әкеледі де, соңғысы қайтадан паразиттер санының кемуіне әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады.Мұнда динамикалық өзін - өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит - иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді.
Өзінің зерттеулері негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды:
1) периодтық цикл заңы. Екі түрдің санының ауытқулары периодты болады. Жыртқыш пен жемтігінің популяцияларының өсу коэффициенті мен бастапқы салыстырмалы санына байланысты болады;
2) орташа шамалардың сақталу заңы. Екі түрдің популяцияларының орташа саны бастапқы санына тәуелсіз, популяцияның үлкеюі мен кішіреюі, жыртқыштардың көбею интенсивтілігі тұрақты болғанда, тұрақты болып қалады;
3) орташа шамалардың бұзылу заңы. Егер екі түрдің даралары олардың популяцияларының тығыздығына пропорционалды түрде жойылса, онда жемтігінің популяциясының орташа саны артады, ал жыртқыш популяциясында кемиді.
Экожүйелердегі әр түрлі байланыстардың түрлерін, жұмыс істеу механизмдерін түсіну үшін маңызды экологиялық түсініктердің бірі - экологиялық қойма (экологическая ниша) ұғымын білу керек.Экологиялық қойма дегеніміз - ағзаның табиғаттағы орнын және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орнын, яғни қоршаған ортаға қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жиынтығы
21 Біздің республикамыз бойынша жыл сайын жануарлар әлемінен 2-3 түр жойылса, өсімдіктер әлемінен де дәл солай, керек десеңіз, одан да көп түрлері құрып жатады. Ал, кейбір жылдары 5-6 түрге дейін жойылудың кездескені бар. Әсіресе, бұл тұста бізге ең қауіптісі – өндіріс аумақтары болып тұр. Айталық, мұнай-газ өндіріп жатқан Батыс Қазақстанда пайдалану) мен шөптесін өсімдіктердің жойылуы (шамадан тыс мал жаю) жатады. Биоалуантүрлілікті сақтау мәселесін шешу үшін биологиялық әртүрлілік туралы БҰҰ конвенциясын ҚР 1994 ж. бекіткен. ҚР орман кодексі қабылдаған, биолауантүрлілікті пайдалану мен сақтау бойынша жоспар әрекеті мен ұлттық стратегия дайындалды. Қазіргі уақытта 2005-2007 жж. «жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылды және «орманды сақтау мен ормандылығын арттыру» жөнінде жаңа ЕҚТА жасалды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын енгiзу жөніндегi жұмысты жүргiзу осындай объектілерге халықаралық талаптардың сәйкестiгi көзқарасы жағынан оларды зерттеудi, қатаң қорғау жүйесiн жетiлдiрудi қамтиды.
Топырақ-өсімдiк қабатына және жануарлар әлемiне Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орны объектілерінің әсерiн анықтау - жедел дамып келе жатқан мұнайгаз өндiру саласымен байланысты жұтау процестерiнде нақты көрiнiс беретiн Батыс Қазақстан үшін өте көкейкестi. Алынған нәтижелер осындай табиғи және экологиялық жағдайдағы өңiрлерде пайдаланылатын болады.
Батыс Қазақстанның жағалау-сулы және су экожүйелерiне бағалау жүргiзу үшін флора мен фаунаға түгендеу жүргiзу, су қоймаларының гомеостатистикалық өлшемдерiн анықтау, осы аумақтарды мақсатты пайдалану жөнiндегі ғылыми-практикалық нұсқамаларды беру қажет.
Биоалуандылықты сақтау мақсатымен шөлейттену процестерiне Қазақстан аумағының ұшырауын бағалау, Қазақстанның шөлдi аудандарында шұратты жүйелердi құрудың мүмкiндiктерiне ғылыми бағалау жүргізу, атмосфералық және топырақ құрғақшылығын бақылаудың жүйесiн әзiрлеу қажет.
19. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің барлығы бірдей ағзаның өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы ағзаның энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады.Экологиялық пирамидалар — экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас (санмен өрнектелуі — Элтон сандарының пирамидасы, құрамындағы энергияға қатысты — энергиялар пирамидасы). Сандар пирамидасы немесе дарақтардың қоректік деңгейлер бойынша бөлінуі мынадай факторларға байланысты:
1) Кез келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді; 2) Жыртқыштардың әр түріне оңтайлы көлемді жемтіктер азық болады.