Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:33, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Биоэкологии".

Работа содержит 1 файл

биоэкология шпоры глав.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

 

1. Жас кезінде Өлім-жітім мөлшері көп түрлердің тірі қалу қисық сызықтары

Тірі қалу қисық сызықтарының үш түрі (типі) бар. ІІ тип (устрица) - өмірінің бастапқы кезеңінде особьтердің өлім-жітімі көп болуын керсететін қатты иілген ойық сызықтар. Кейбір құстардың, балықтардың, сондай-ақ омыртқасыз жануарлардың өмір ұзақтығы осындай сызықтармен сипатталады.

 

2.Фософордың биогеохимиялық айналымы

Фосфордың биогеохимиялық циклының ерекшелігі-редуценттердің фосфорды органикалық формасынан бейорганикалық формасына тотықтырмай көшіретіндігінде. Нэти-жесінде элементтің бір бөлігі терең шөгінді қабаттарына кетіп қалатындықтан, фосфордың циклы азоттың циклына қарағанда кемірек жетілген болып есептеледі.Фосфор қосылысқа түсуге өте бейім болғандықтан, оның айналымы көптеген факторлар байланысты. Мысалы, кір жуғанда кір жуғыш заттардың құрамындағы фосфордың үлкен бөлігі, сарқынды сулар барысында фосфор тыңайтқыштарының біршама бөлігі жуылып, сарқынды сулармен қоршаған ортаға келіп қосылады.

 

 

3. Ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі арадардың еншісіне күн энергиясының қанша пайызы түседі, схема.

Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе эко жүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену , өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңестігін бірлесе пайдалануын тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили.АТенсили эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша аәтқанда экожүйе – заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде заттектер айналымының жүоуіне органикалық маникулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары , продуценттер, консументтер, ретутенттер болуы керек.

Экожүйелер біртіндеп екіншісіне ауысады. Үлкен экожүйелердің құрамына кіші экожүйе кіреді. Орман экожүйесі мезоэкожүйе болып саналады, және ол  микроэкожүйелерден құралып, басқа ірі экожүйелерге енеді.

күн    100%

10% гүл                                    1% ара  

 

4. Саны күрт өсіп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасы

 

Тірі қалу қисық сызығының типін біле отырып, жастарының пирамидасын тұрғызуға болады. Бұндай пирамидалардың үш түрін (типін) ажыратқан жөн. Төлдерінің проценттік үлесі жоғары болуына сэйкес келетін алшақ табанды пирамида, ол туылым коэффициентінің шамасы үлкен популяцияларға тэн. Суретте бірінші (А) пирамидасы – саны күрт өсіп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасы. Сол сияқты (Б) пирамидасы – Саны тұрақтанған популяциялардың жастық пирамидасы. Және (В) пирамидасы – саны кеміп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасы

 

5. Kүкірттің биогеохимиялық айналымы

Күкірттің биогеохимиялық циклы жер қыртысында ауқымды сақтау қорының және атмосферада шағындау сақтау қорының болуымен сипатталады Алмасу жэне сақтау қорла-рының қызметінің жақсы үйлестірілуінің арқасында күкірт шектеуші фактор болып табылмайды. Ең соңында, көміртегі циклға атмосферадағы шағын, бірақ өте жылжымалы сақтау қоры арқылы қатынасады.Мұхиттың карбонаттық циклының буферлік жүйесінің арқасында көміртегінің айналымы біршама орнықтылыққа ие болады, дегенмен сақтау қорының көлемі шағын болуына байланысты (СО2 0,029%) оның оңай зақымдалуы мүмкін.

 

6. Өлім-жітімі тұрақты түрлердің тірі қалу қисық сызықтары

ІІ тип өлім-жітім коэффициенті өмірінің ұзына бойында тұрақты болатын түрлерге тэн. Сол себепті тірі қалу қисық сызығы тік сызықка айналады. Тірі қалу қисық сызығының бұндай формасы тұщысу гидрасына тэн.

 

7. Биосферадағы үлкен геологиялық және кіші геологиялық айналымдар

Планетадағы барлық заттар үнемі айналымда болады. Күн энергиясы Жер бетінде екі зат айналымын қамтамасыз етеді: үлкен (геологиялық, биосфералық) және кіші.

Биосферадағы заттардың үлкен айналымы негізгі екі кезеңмен ерекшеленеді: Жер дамуының бүкіл геологиялық өне бойында жүріп келетін және биосфераның дамуында негізгі роль атқаратые планетарлық процесс.

Геологиялық зат айналымы тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бұзылған өнімдердің - сынықтар мен химиялық элементтердің кейін басқа жерге ауысуымен байланысты. Бұл процестердегі басты ролді су мен топырақ бетінің термиялық қасиеті: күн сәулелерінің сіңірілуі мен шағылуы, жылу өткізгіштігі және жылү- сиымдылығы атқарады. Жер бетінің тұрақсыз гидротермиялық жағдайы атмосфера айналымының (циркуляция) планеталық жүйесімен бірге Жер дамуының бастапқы этаптарында құрылықтарды, мұхиттарды және қазіргі геосфераны түзумен байланысты болды. Биосфераның калыптасуымен үлкен айналымға организмдердің тіршілік өнімдері де қосылды. Геологиялық айналым тірі организмдерді қоректік элементтермен қамтамасыз етіп көбіне олардың тіршілік ету жағдайларын анықтайды Литосфераның негізгі химиялық элементтері: оттегі, кремний, алюминий, темір, магний, натрий, калий және басқалары, жоғарғы мантияның тереңдегі бөліктерінен литосфераның беткі қабатына дейін өтіп үлкен айналымға қатысады. Бұл жыныстар уақыт өте тереңге батып, температурасы мен қысымы жоғары жерлерде өзгеріске ұшырайды, яғни «қайта балқытылады». Балқытылған соң жаңа жыныстар пайда болып, олар жер қыртысының жоғарғы қабаттарына шығып тағы да заттар айналымына түседі.

Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Биологиялық айналымының аталған кезеңдерін жүзеге асыруға қатысатын тірі организмдер үш үлкен топқа бөлінеді:

-продуценттер (өндірушілер) – бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер;

-консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы органикалық затпен қоректендіретіндер (жануар, саңырауқұлақ)

-редуценттер (қалпына келтіруші) – осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық затқа ыдырататын микроорганизм.

 

 

8. Оттегінің табиғаттағы айналымы

Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз балдырларында жүретін үдеріс.

6СO2 + 6Н2O → С6Н12O6 + 6O2↑

Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•1015 т, оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция (даму) үшін маңызды үдерістер.

 

9. Қоректік тізбекте органикалық зат өндіруші, тұтынушы, ыдыратушы организмдердің орналасуын схема түрінде көрсетіңіз.

Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады. Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.

Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.

 

10. Судың табиғаттағы айналымы

Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мүхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11. Ірі сүтқоректі жануарлардың тірі қалу қисық сызығы

Тұяқты жануарлардың, яғни сүтқоректілердің  көпшілігінің тірі қалу қисық сызықтары дөңес келеді, бірақ түріне жэне жынысына байланысты деңестік дэрежесі әр түрлі. Суретте забра мен буйволдың тірі қалу қисық сызығы көрсетілген.

 

12-22. Тірі қалу қисық сызықтарын тұрғызу, тірі қалу қисық сызықтарының негізгі типтері

Тірі қалу қисық сызықтарының үш түрі (типі) бар.

І тип өлім-жітім коэффициенті өмірінің ұзына бойында тұрақты болатын түрлерге тэн. Сол себепті тірі қалу қисық сызығы тік сызықка айналады. Тірі қалу қисық сызығының бұндай формасы тұщысу гидрасына тэн.

ІІ тип (устрица) - өмірінің бастапқы кезеңінде особьтердің өлім-жітімі көп болуын керсететін қатты иілген ойық сызықтар. Кейбір құстардың, балықтардың, сондай-ақ омыртқасыз жануарлардың өмір ұзақтығы осындай сызықтармен сипатталады.

III тип (адам, дрозофила) особьтердің көпшілігінің өмір үзақты-ғы біркелкі жэне қысқа уақыт аралы-ғында өлетін жағдайға сәйкес келеді. Қисық сызықтар өте дөңес пішінімен сипатталады. Бұдай тірі қалу қисық сызықтары адамға тэн

 

13. Көміртегі айналымы

 

Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5 – 40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4 – 46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органик. қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмір қышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ көміртек, зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмір қышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы К. а., оның Жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмір қышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органик. немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді.

 

14. Саны кеміп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасы

 

Тірі қалу қисық сызығының типін біле отырып, жастарының пирамидасын тұрғызуға болады. Бұндай пирамидалардың үш түрін (типін) ажыратқан жөн. Тар табанды (теріс) пирамида(B) - кәрі особьтері саны жағынан жас особьтерден басым түсетін популяцияға сәйкес келеді, бүл кеміп бара жатқан популяцияларға тэн. Бұндай популяцияларда өлім-жітім коэффициенті туылым коэффициентінен жоғары болады.

Суретте бірінші (А) пирамидасы – саны күрт өсіп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасы. Сол сияқты (Б) пирамидасы – Саны тұрақтанған популяциялардың жастық пирамидасы.

 

15. Азот айналымы

Азоттың биогеохимиялық циклы - сақтау қоры атмосферада орналасқан өте күрделі зат айналымының мысалы бола алады. Ақуыздардың жэне басқа да азотты қосылыстардың құра-мындагы азот органикалық формасынан бейорганикалық формасына бірқатар редуцент бактериялардың эрекетінің нэтижесінде кешіріледі жэне де бактериялардың эрбір түрі жұмыстың өзіне қатысты бөлігін атқарады.

 

16. Саны тұрақтанған популяциялардың жастық пирамидасы

Пирамиданың ортаңгы типі (Б) - біркелкі пирамида - туылым жэне өлім-жітім коэффициенттері теңестірілген, особьтері жастары бойынша біркелкі бөлінген популяцияларға сәйкес келеді. Б пирамидасы- Саны тұрақтанған популяциялардың жастық пирамидасы

Суретте бірінші (А) пирамидасы – саны күрт өсіп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасы. Сол сияқты (В) пирамидасы – саны кеміп келе жатқан популяциялардың жастық пирамидасы

 

18. Үш буыннан тұратын қоректік тізбек

Әрбір түр органикалық заттар ыдыраған кезде бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын, өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан. Көптеген түр (ағза) дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды. Төменде үш буыннан тұратын қоректік тізбектер келтірілген:

Өсімдік  қоян  қасқыр

Өсімдік  сиыр  адам

Өсімдік  ақбөкен  арыстан

Өсімдік  шұбалшаң  торғай

 

19. Миллиондаған уылдырық шашатын бекіре тұқымдас балықтардың тірі қалу қисық сызығы

өмірінің бастапқы кезеңінде особьтердің өлім-жітімі көп болуын керсететін қатты иілген ойық сызықтар. Кейбір құстардың, балықтардың, сондай-ақ омыртқасыз жануарлардың өмір ұзақтығы осындай сызықтармен сипатталады. Төменде суретте

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"