Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:33, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Биоэкологии".

Работа содержит 1 файл

биоэкология шпоры глав.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен  жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиясы- биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен- көлде, теңіде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жауарлар құрмы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі.

 

10. Климаттың өзгеруі, оның биосфераға және адамзаттың келешегіне әсері.

Климаттың өзгеруі дегеніміз адамдардың әртүрлі антропогендік іс әрекетінің нәтижесінде жердің климат жағдайының өзгеріске ұшырауы. Оның басты себептері: СО2 мен CH4 тің концентрациясының өзгеруі, атмосфераның мөлдірлігінің өзгеруі, жер орбитасының параметрлерінің өзгеруі, күннің жерге түсуінің өзгеруі және т.б.

Климаттың өзгеруі - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

Климаттың өзгеруі адамзаттың өз қолымен жасап отырған өзгерісі. Сондықтан қазірден бастап бұл жұмысты өолға алмасақ биосферадағы тіршілікке үлкен нұқсан келеді. Климат жылынатын болса, онда мұздықтар еріп, тіршілікке қауіп төнеді. Енді жаһандық жылынуды адам факторымен байланыстыратындардың  дәлелін сараптап көрейік. Біріншіден, ауа температурасының мұндай жылдамдықпен жылынуы бұрын-соңды  болмаған құбылыс көрінеді. Бар болғаны  соңғы жүз жылға жетер-жетпес кезеңде ауаның орташа температурасы 0,7-0,8 градусқа ысуы мың жылда да болмаған. Тіпті соңғы 15 жыл ішінде ғана ауа  температурасы жылынуының жылдамдығы 0,3-0,4 градусқа артқан. Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны  жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі  кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын  көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа  өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ғалымдар қазіргі жаһандық жылыну үрдісіне себеп болып отырған  кесапаттың 90 пайызы адам қолымен жасалып  отыр деген тұжырымға тоқ­таған. 
С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және климаттың өзгеруіне  басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

11 Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік. Сукачев және Тенсли енбегі. .Биогеоценоз— тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді.Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);биомасса.Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).

 

12 биогеоценоздың қалыптасуындағы климаттық, эдафикалық және биотаның үлесі. Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.

Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.  Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды.

Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.

Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады. Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.  Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді. Экожүйелер» және «биогеоценоз» ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.

Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен болатын өзгерістерді сипаттайды.

Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол бірлестікте басқарушы түрлердің пайда болуына әкеледі.

Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.

Бірінші суцессия – тіршілігі жоқ жерде тіршілік түғызады.

Екінші сукцессия – бұрын тіршілік болып, түрлі экстремалдық жағдайларға байланысты (өрт,мұздану т.б.)жойылып кеткен жерде тіршілік пайда болуы немесе басқадай ағзалық құрамда қайта қалпына келтіреді.

 

13 Қышқыл жаңбырлар, жауу себептері, құрлық және су экожүйесіне әсері Қышқыл жаңбырлар – ауаның қышқылды тотықтармен ластануына байланысты жауын-шашынның рН мөлшері төмендейтіні байқалатын метеорологиялық жауын-шашынның барлық түрі (жаңбыр, қар, бұршақ, тұман, жаңбырлы қар). Алғаш рет «қышқыл жаңбыр» ұғымын 1872 жылы ағылшын зерттеушісі Роберт Смит енгізді.  Оның көңілін Манчестердегі викториан улы тұманы аударды. Әрине ол кездегі ғалымдар қышқыл жаңбырдың бар екені туралы теорияны жоққа шығарғанымен, қазіргі таңда су айдындарының, ормандардың, өнімнің және өсімдіктер жамылғысының бұзылуы осы қышқыл жаңбырлар салдарынан екеніне ешкім күмән келтірмейді. Одан басқа ғимараттар мен ескерткіштер, құбырлар, автокөліктер зақымданып, топырақтың құнарлылығын төмендетеді.Кәдімгі жаңбыр суы да әлсіз қышқыл ерітінді. Бұл атмосфераның көмір қышқыл газы (СО2) сияқты табиғи заттары жауын суымен реакцияға түсіп, әлсіз көмір қышқылы (CO2 + H2O <=> H2CO3) түзіледі. Негізінен жауын суы рН 5,6-5,7-ге тең. Ал шын мәнінде жауын суының қышқылдық көрсеткіш (рН) әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Бұл негізінен атмосферадағы күкірт тотығы мен азот тотығы бар газдардың құрамына байланысты. 1883 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус қолданысқа – қышқыл және негіз ұғымдарын енгізді. Ол қышқыл деп, суда еру кезінде бос оң зарядталған сутегі иондары (H+), ал негіз деп, суда еру кезінде бос теріс зарядталған гидроксид-иондары (ОH+) бар заттарды атады. Сутегі көрсеткіші (рН) – ерітіндідегі сутегі иондарының (H+) концентрация деңгейінің көрсеткіші болып табылады да, оны су қышқылдығының көрсеткіші ретінде де пайдаланады.Қышқыл жаңбырлар су мен күкірт тотығы (IV) S2 және азоттың әр түрлі тотықтары (NхОy) арасыындағы реакциялар нәтижесінде пайда болады. Бұл заттар атмосфераға автокөліктерден, металлургиялық кәсіпорындардан, жылу және атомдық электрстанциялардан бөлінеді. Күкірт қосылыстары (сульфидтер және басқалары) рудалар мен көмірлерде (сульфидтер әсіресе қоңыр көмірде көп) жану, күйдіру кезінде күкірт тотығы (IV) S2 (күкіртті ангидрид), күкірт тотығы (VI) SО3 (күкірт ангидриді),  күкірттісутек H2S (төмен температурада, толық жанбау немесе толық күйдірмеу кезінде аз мөлшерде бөлінеді) түрінде түзіледі. Азоттың әртүрлі қосылыстары көмірде, әсіресе шымтезек (торф) құрамында бар. Пайдалы қазбаларды жағу кезінде азот тотығы түзіледі (мысалы, азот тотығы (IV) NO2). Атмосфераның суымен реакцияға түсу арқылы (көбіне күн сәулесінің әсерімен) олар – күкірт, күкіртті азот, азотты қышқыл ерітінділеріне айналады. Сосын қармен немесе жаңбырмен бірге жерге түседі.

      Қазіргі таңда күкірт пен азот тотықтарының қоршаған ортаға техногенді бөлінуіне байланысты бұл мәселе барлық индустриалды дамыған елдерде бар. Бірнеше ондаған жылдан бері бұл апаттың әсері айтарлықтай біліне бастады. Осыған байланысты 1982 жылы Стокгольмде 20 елдің өкілдері мен халықаралық ұйымдар қатысқан қышқыл жаңбырлар проблемаларына арналған арнайы халықаралық конференция болып өтті. Бұл проблеманың өткірлігі ұлттық үкіметтер мен халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының үнемі назарында.

                  Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт қостотығының мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.

      Атмосфераны күкірт қостотығынан (диоксидінен) қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.Су айдындарына қышқыл жаңбырлардың әсер етуінің 3 стадиясын ажыратады. Бірінші стадия су айдынының эутрофикация (батпақтану) стадиясы. Алғашында су қышқылдығының жоғарылауымен (рН<7) жануарларға қорек болатын су өсімдіктері өле бастайды, судағы оттегі мөлшері азаяды, балдырлар (қоңыр-жасыл) қарқынды өсе бастайды.  рН - 6 жағдайда тұщы суда тіршілік ететін асшаяндар (креветка) өле бастайды.

      Екінші стадияда қышқылдық (рН) – 5,5-ке дейін көтеріледі. Су түбінде тіршілік етіп, органикалық заттар мен жапырақтарды ыдырататын өліп, су түбінде органикалық қоқыстар жинақтала бастайды. Одан кейін планктондар – бактериялардың органикалық заттарды ыдыратуынан пайда болған заттармен қоректеніп, қоректік тізбектің негізін құрайтын майда жануарлар қырыла бастайды.

      Үшінші стадияда қышқылдық (рН) 4,5-ке дейін жеткенде барлық балықтар, бақалар мен насекомдардың басым көпшілігі өледі.

 

4        14. Биосфера эволюциясының негізгі кезеңдері.Биосфера эволюциясы — Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап, қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын биологиялық процесс.

Биосфера эволюциясы — тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі. Эволюция ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған. Осы кезге дейін бұл процесс ұзақ уақытты қамтыған деген пікірлер айтылып келсе, соңғы жылдардағы микропалеонтологиялық, палеогеохимиялық, ғарыштық химия, изотоптық, т.б. зерттеулердің қорытындысы химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға қысқа геологиялық мерзім аралығында ауысқандығын дәлелдеп отыр. Жер планетасының геохронологиялық шежіресінде ең ежелгі заман — криптозойда (4550 — 570 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен тірі организмдердің қазба қалдықтары сақталмаған. Ол кезде өте ұсақ алғашқы прокариотты организмдер (цианобактериялар, бактериялар, көкжасыл балдырлар) тіршілік еткен. Олардың қатты қаңқасы болмаған, денесіне сіңген суда еріген әр түрлі минералдық заттар ұсақ түйіршіктерге айналып, ежелгі тау жыныстарының арасында сақталғандығы соңғы кезде анықталды. Оны ғылымда строматолиттер деп атайды.Қазіргі кезде олар Батыс Германия мен Батыс Австралияда, Оңтүстік Африкада, Украинада бұдан 3,4 — 3,8 млрд. жыл бұрын түзілген тау жыныстарынан табылған. Сол замандағы өте ұсақ организмдер теңіздерде тіршілік етіп, гетеротрофты жолмен қоректенген. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер бұдан 4 — 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Олар кейін күрделі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. 2 — 1,5 млрд. жыл бұрын бір клеткалы эукариотты организмдер шыққан, олардан кейін (1,4 млрд. жыл бұрын) көп клеткалы организмдер пайда болып Жер бетіне кеңінен таралған. Ал 700 — 600 млн. жыл бұрын тіршілік еткен моллюскілердің қатты қаңқа қалдықтары толық сақталған.Ғылыми деректер бойынша, биосфера эволюциясында мынадай негізгі кезеңдер болған: өздігінен қалпына келе алатын гетеротрофты организмдердің тіршілік кезеңі; әлсіз тотығу процестеріне негізделген алғашқы автотрофты организмдердің тіршілік кезеңі;толықотығу процестері жүретін автотрофты организмдердің Жер бетінде кеңінен таралу кезеңі. Биосфера эволюциясының палеонтологиялық шежіресіне сүйене отырып: биосфера эволюциясы ешқашан кері жүрмейді; геологиялық замандарда биологиялық эволюцияның жылдамдығы арта түседі; жалпы эволюцияның қарқынды жүруінен жаңа түрлер пайда болады; жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесінде олардың жүйке жүйесі күрделене түседі деген тұжырымдар жасауға болады. [1]

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"