Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:33, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Биоэкологии".
Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады.
Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Бұл ортада организмдердің тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін организмдердің орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды.
Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.
Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген организмдердің тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін организмдер — педобионттар деп аталады.
Организм — тіршілік ортасы. Бір организмді екінші бір организм тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады.
Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер тобын — эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.[
16. Тіршіліктің атмосферада тралуы, таралу шектері, шектеуші факторлар
Атмосфера табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада организмдердің тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан. Бұл атмосферадағы шектеуші факторға жатады. Негізінен атмосферада микроорганизмдер тіршілік етеді. Атмосфера олардың уақытша мекен ету ортасы болып табылады. Жауын шашын болған жағдайды топыраққа түседі немесе ауада өліп қалады.
17. Жер атмосферасының құрамы, тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктері
Атмосфера— жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.
Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.
Атмосфера құрамындағы өрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.
18. Жердің табиғи ресуртары
Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
19. Тіршіліктің гидросферадатаралуы, таралу шектері, шектеуші факторлар Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір организмдер тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.
Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін организмдерді пелагостар деп атайды. Екіншісі — су тубі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін организмдер бентостар деп аталады.
Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак организмдерді (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды.
Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі организмдерді (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ организмдер пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады.
20. өзге организмдерді тіршілік ортасы ретінде пайдалану,симбиоз және паразитизм құбылыстарының әртүрлі систематикалық топтарда кеждесуі
Симбиоз (селбесу) дегеніміз — әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.
Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.
Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus – арамтамақ). Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштарымен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.
Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит - иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді.
Өзінің зерттеулері негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды:
1) периодтық цикл заңы. Екі түрдің санының ауытқулары периодты болады. Жыртқыш пен жемтігінің популяцияларының өсу коэффициенті мен бастапқы салыстырмалы санына байланысты болады;
2) орташа шамалардың сақталу заңы. Екі түрдің популяцияларының орташа саны бастапқы санына тәуелсіз, популяцияның үлкеюі мен кішіреюі, жыртқыштардың көбею интенсивтілігі тұрақты болғанда, тұрақты болып қалады;
3) орташа шамалардың бұзылу заңы. Егер екі түрдің даралары олардың популяцияларының тығыздығына пропорционалды түрде жойылса, онда жемтігінің популяциясының орташа саны артады, ал жыртқыш популяциясында кемиді.
21.Тіршіліктің литосферада таралуы, таралу шектері, шектеуші факторлары.
Литосфера [1] — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Литосфера — тіршілік ортасы. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді. Олар топырақ құнарлылылығына көп әсер етеді. Осы организмдер өсімдіктердің барлық қалдықтарын ыдыратып, әртүрлі минералдық заттарға айналдырады.