Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:33, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Биоэкологии".

Работа содержит 1 файл

биоэкология шпоры глав.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

9-12. Шелфорд ережесі— экология ғылымы негізгі қағидаларының бірі. Мұны толеранттылық заңы (лат. tolerantіa — шыдамдылық) деп те атайды. Бұл бойынша қандай да бір организм популяциясының тіршілік етуі немесе таралуы өзін қоршаған ортаның кешенді экологиялық факторларына тәуелді болады да, әрбір организмнің өзіне тән шыдамдылық ауқымы айқындалады. Шыдамдылық ауқымы, организмдер тіршілік ете алатын, әрбір фактордың ең төмен және ең жоғары деңгейімен шектеледі. Мұны түрдің экологиялық стандарты деп атайды. Популяцияның немесе түрдің тіршілігіне қолайлылық деңгейі әсер ететін фактордың қарқындылығына байланысты ең жоғары қолайлылық деңгейі негізінен күмбез пішінді сызық түрінде көрініс береді. Шелфорд ережесін 1913 жылы америка экологы В.Э. Шелфорд (1877 — 1968) өзінің жәндіктерге әр түрлі қарқындылығы бар физикалық әсерлер арқылы жүргізген тікелей тәжірибесінің негізінде ұсынды. Шелфорд ережесі Либихт заңымен (минимум заңы) бірге шектеуші факторлар қатарына жатады. Кез келген экологиялық фактор шектеуші фактор болуы мүмкін (мысалы, құстар үшін ұя салуға жарамды орындардың саны, т.б.). Дегенмен, маңызы бар факторларға темперература, су, қоректік заттар (өсімдіктер үшін топырақ құрамындағы биогенді заттардың болуы) жатады. Шелфорд ережесі басқа да қосымша қағидаларға сүйенеді: шыдамдылық ауқымы жеке факторлар мен олардың әрқалай ұштасуына байланысты әр түрлі болады; сыртқы ортадағы кез келген жағдайларда тіршілік ете алатын (шыдамдылық ауқымы жоғары) организмдер (эврибионттар) өте кең тараған; егер бір фактордың деңгейі шыдамдылық шегінен артып кетсе, онда организмнің басқа факторларға шыдамдылық ауқымы тарылады. Организмдердің шыдамдылық ауқымын ажырату үшін көптеген терминдер қолданылады. Мысалы, температураның әлсіз ауытқуын — стенотермділік; темпетураның кең деңгейде ауытқуын — эвритермділік; қоректік заттардың аз болуына шыдамдылығын — стенофагтық; қоректік заттардың көп болуын — эврифагтық деп атайды.

10. Экологиялық факторлардың классафикациясы: аби, био, антропогендік факторлар
Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.

а) Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық деп

бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер т.б факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.

б) Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір – біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір- бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым – қатынаста болады.

Аталған қарым – қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.

в) Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс - әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материялдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.

Экологиялық факторлардың организмге әсері.

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың

бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады.

11.табиғат жағдайларының адам шаруашылығы әрекетінен озгеріске ұшырауы

Қоршаған ортаның ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыз­дандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Экологияның нашарлай түсуі Қазақ­стан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Оған ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер мысал бола алады.

Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып, кейбір жағдайда экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің шөлге айналуы мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көлік, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.

 Солтүстік Қазақстан бойынша, құ­нар­­лы жерлердің 25-30%-ы жарамсыз­дан­са, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркә­сібінің өнімдерімен ластану 100 мың га, техногенді ластану 2,5 млн. га жерді, жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отырса, 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануға көміліп отыр. Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орта­лық Қазақстанды да қамтуда. Онда техногендік, өндірістік ластану, жайы­лымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиоактивті және зымыран-ғарыш қалдықтарымен ластану жоғары деңгейге жетуде. Оңтүстік Қазақстандағы эколо­гиялық жағдай Арал өңіріне тән Әмур­дария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал таба­нындағы тұздар экожүйелерді бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га қара сексеуіл орындарының құрып кетуі тағы бар.

Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы,Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына көп қолайсыздық туғызуда.

Әлемде климаттың өзгеруі Қазақ­станның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр.

 

13. эвритоптық және стенатоптық организмдер және жер бетіне таралу ерекшеліктері

Егер біз екі түрге жататын организмдердің температура эсеріне жауап реакцияларын салыстырар болсақ, олардың тіршілік ету оптимумдарының мөлшері тең болған жағдайдың өзінде де, термо-преферендум немесе термооптимум қисық сызықтары бірдей бола бермейтіндігі анықталады (2.3,1-сурет). Демек, эр түрдің өзіне ғана тән бейімділігі, фактордың эсеріне эр түрлі дэрежеде тезімділігі арқылы да көрінеді. Жеке алынған эрбір өкілі (особі) фактор мөл-шерінің оптимумынан шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын түр-лер - стенобионттъщ (2.3,1-сурет. А қисық сызығы), ал фактордың едэуір көп өзгерістеріне төтеп бере алатын түрлер - эврибионттьщ түрлер (В қисык сызығы) деп аталады.

Теңіздерді мекендеуші ағзалардың көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген, судағы түздар концентрациясының төмендеуі - олар үшін апатты жағдай. Түщы суларды мекен-деушілер де төзімділік шектерінің өте тар болуымен сипатталады, тек бүлар су қү_рамындағы түздардың аз мөлшеріне бейімделген.

Бұлардан басқа, су тұздылығының өте көп мөлшерде ауытқуына төзе алатын, сол себепті көп жағдайларда тұщы су қоймаларында да, теңізде де тіршілік ете беретін, организмдердің үшінші тобы да кездеседі (үш тікенекті шаншар балық - Ьазіегозіет асиіаіиз, Агіетіа заііпа жэне басқалар).

Экологиялық әдебиеттерде түрдің фактордың құбылмалы мәніне төзімділік деңгейін ғана емес, сонымен бірге аталмыш фак-тордың шығу төркінін де айқындайтын терминдер жиі қолданы-лады. Мысалы, тұздылыққа қатысты стено- жэне эвригалл түрлері, температураға қатысты стено- жэне эвритерм түрлері, ылғал-дылыққа қатысты стено- жэне эвригигробионт түрлері, тіршілік мекеніне қатысты стено- және эвриойк түрлері ажыратылады.

Енді, екі түрге жататын организмдердің тіршілік оптимумдары үйлеспейтін жағдайды қарастырайық. Бұл жагдайда график бір-бі-рінен алшақ орналасқан екі қисық сызық түрінде сызылады (2.3,2-сурет). А түріне жататын организмдердің тіршілік процестері В түрімен салыстырғада, фактордың азырақ мөлшері кезінде оптимал жылдамдыкпен өтеді. Егер фактор ретінде температура алынып отырса, онда А түрі суъщ стенотермдік, ал В түрі жылы стенотерм-дік болып аталады. Тағы бір айта кетер жай, оптимумдар фактор ауқымының орта шеніне келе бермейді: қайта керісінше, оптимум төзімділіктің оң жақ немесе сол жақ шегіне таман жылжи орнала-сатын жағдайлар табиғатта жиі кездеседі (2.3,3-сурет), оларды практикалық жұмыс кезінде ескеру кджет.

 

13.(7-10) ,басқа факторлар. Дәстүрлі топтасрытудың анық болмауына байланысты топтасрырудың басқа жолы ұсынылды. Бұл әдіс бойынша барлық экологиыллық факторлар екі категорияға популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді факторлар деп. Бірінші категорияғы факторлардың популыцияға әсер етулері нәтижесінде жойылатын особьтердің пайыздық мөлшері олардың санына немесе тығыздығына байланысты болмайды,екінші категория факторлары әсерінен опат болғандардың пайыздық мөлшері олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артып отырады.бірінші катогориы факторларына негізінен климаттық факторлар жатады.мысалы, ауа райының күрт суынуы салдарынан особьтердің бір бөлігі опат болуы мүмкін және бұл популяция тығыздығына тәуелсіз болады. Популяция тығыздығына тәуелді факторларға көбіне биотикалық факторлар жатады.

А.С.Мончадскийдің классификациясы. Экологиялық факторлардың жоғарыда аталғанынан басқа орта факторларының әсеріне ағза реакциясының бейімделгіштік дәрежесін бағалауға негізделген топтастырылуы да бар.бұл топтастыру кеңес ғаламы Мончадский ұсынған. Оның пікірі бойынша экологиялық факторлар оңтайлы классификациясы еі алдымен осы факторлар әсеріне тап болған тірі ағзалар реакциясының ерекшеліктерін, оның ішінде ағзалардың адаптациясчының кемеліне жету дәрежесін ескеруі тиіс: аталмыш адаптация неғұрлым көне дәуірден басталған болса оның кемелденуі соғұрлым жоғары болады. Бұл топтастыру барлық экологиялық факторларды үш топқа : бастапқы периодты факторларға, туындаушы периодтық факторларға және периодсыз факторларға бөледі. Жеке тоқталсақ. Температура, жарықталу, мұхит суының толысуы мен қайтуы бастапқы п.ф.жатады. мончадскийдің айтуы бойынша, б.п.ф өзгерісінің особьтар санының реттелуіне ықпалы тек түрлер ареалдырының ауданына әсері арқылы ғана білінеді. Ал ареал ішінде олардың әсерінің шешуші мәні болмайды. Бастапқы периодты факторлар көптеген тіршілік мекендерінде басым рөл атқарады. Бұл заңдылықтан тек абиссаль немесе жер асты қуыстары сияқты бастапқы периодты факторлардың өзгеріс-тері нөлге тең не өте шамалы болатын ерекше тіршілік аймақтары ғана тысқары қалады.

Туындаушы периодты факторлардың өзгеруі бастапқы периодты факторлардың өзгеруінің салдары болып табалады.туындаушы п.ф байланысы бастапқы п.факторлармен тығыз болса оның пероидтылығы да соғұрлым жиі білінеді.мысалы, ауаның ылғалдылығы тікелей темперетураға тәуелді фактор. Сондай-ақ, азықтық қызмет атқарушы, өсіп-жетілу периодты-лығы вегетациялық циклмен байланысты өсімдік жамылғысы да туындаушы периодты фактор мысалы бола алады. Жыртқыштар мен паразиттердін жемтігі немесе иеленушісі болатын түрлердің биологиясына немесе физиологиясына қатысты маусымдық өзге-рістер жыртқыштар мен паразиттер бейімделетін факторлар болып табылады. периодсыз факторлар организмнің тіршілік мекенінде қалыпты жағдайда ұшыраспайды.олар кенеттен білінеді сол себепті организмдер әдетте оларға бейімделіп үлгермиді.бұл топқа кейбір климаттық факторлар мысалы кенеттен соққан дауылдар, өрттер найзағайдын түсуі жатады. Адам әрекетінің барлық форма-лары жэне де жырткыштардың, паразиттер мен патогенді жануар-лар түрлерінің эсері де, яғни қалыптаскан терминологияға сэйкес бір түр особьтері арасындағы эрекеттесулерден өзге биотикалық факторлардың барлығы осы топка жатқызылуы тиіс.

14. агроценоздар, олардың өнімділігі мен орнықтылығы

   Агроценоздар.  Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлерде түзiлетiн биоценоздар агроценоздар деп аталады. Олардың табиғи бiрлестiктерден бiрнеше айырмашылығы бар, бiрiншiден оған кiретiн түрлер саны аз, және екiншiден, бұл бiрлестiктiң негiзгi мүшесi – мәдени өсiмдiктердiң бәсекелестерi мен зиянкестерiне қарсы тұру қабiлетi төмен. Мәдени өсiмдiктердiң селекцияда адам пайдасына қарай өзгергенi соншалықты, адамның көмегiнсiз тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шыға алмайды.

Агроценоздарға адамзат көп энергия жұмсайды (адамдар мен жануарлардың бұлшықеттi энергиясы, тыңайтқыш себу және қосымша суғару жұмыстарына жұмсалатын энергиямен байланысты ауылшаруашылық машиналарының жұмысы және тағы басқа). Табиғи биоценоздар энергияның мұндай қосымша түрiн сiңiрмейдi. Егiндiктерде өсiмдiктiң бiр түрiн өсiредi. Шаруашылықты көзқарас жағынан, үлгiлi агроценоз бiр ғана түрден, ал үлгiлi қоректiк тiзбек екi буыннан тұруы керек едi: өсiмдiк – адам немесе өсiмдiк – үй жануарлары. Бiрақ мұндай жүйе табиғатта болмайды, өйткенi ол тұрақсыз. Егiндiкте егу жұмысынан соң, егiнге үздiксiз антропогендi әсер жағдайында тiрiшiлiк етуге қабiлеттi түрлерден тұратын әртүрлi бiрлестiктер түзiледi. Үш-төрт буыннан тұратын тiзбектер түзiледi, түрлер арасында бәсекелестiк өзара-қатынас және басқа да қатынас түрлерi қалыптасады. Мысалы, егiндiктегi бидай өсiмдiгiнде орташа шамамен буынаяқтылардың 300-ге жақын түрлерi кездеседi. Сонымен бiрге, ол жерде кемiрушiлер, құстар, әртүрлi саңырауқұлақтар, топырақтағы омыртқасыз жануарлар, бактериялар, арам шөптердiң көптеген түрлерi мекен етедi. Сонымен, агроценоздарда жүздеген және мыңдаған түрлер өзара әрекеттескенмен, бұл әртүрлiлiк табиғи бiрлестiкке қарағанда аз. Адамның арам шөптер мен мәдени өсiмдiктердiң зиянкестерiмен күресте бумеранг эффектiсi түзiледi. Қазiргi кездегi ауылшаруашылығында өсiмдiктi қорғаудың әртүрлi химиялық заттарын –пестицидтердi қолданады. Сонымен, агроценозда түзiлген реттеушi байланыстар бұзылады. Қоректiк тiзбектiң жоғарғы деңгейiнде тұрған жыртқыштар мен паразиттер өзi қоректенетiн түрлерге қарағанда уларға сезгiштiгi жоғары болады.

15. организмдер тіршілік ететін негізгі тірш орталары

Тіршілік ортасы деп белгілі бір организм (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады. Су — тіршілік ортасы. Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір организмдер тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"