Экологиялық тазалық

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 15:53, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі күндегі оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеудің бірі – экологиялық білім мен тәрбие беру болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбиенің негізгі міндеті – құқықтық моральдық, әлеуметтіқ, экономикалық ұстанымдарды сақтай отырып, қоршаған табиғатқа адами көзқараспен қарап оны белсенді қорғауға, үнемді пайдалануға тәрбиелеу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық тазалық.doc

— 161.00 Кб (Скачать)

       

               Осы мақсатта оқушылар өсімдіктану сабақтарын әрбір тақырыптарын өткен кезде окулықтантыс әдебиеттерді пайдаланып, косымша материалдар жинақ тауға дағдыланды. Оқушылар өз бетімен ізденіп жинаған материалдарынан өсімдіктану пәнін оқытуға қажетті қосымшалар, бетшелер,альбомдар даярлануы. Осы орыйда біз өз қолымызбен жасалған жинақтала лардың бірнеше үлгілерін ұсынамыз.(Жалғама-1).

      Эклологиялық мәдениеттілік –  адам сезімін тәрбиелеуден, эклологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Экологиялық  тәрбие мен білім беру көп сатылы үрдіс. Оны кешенді тұрғыдан қалыптастыру кажет.

      Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымдылығын тәрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс - әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру.

      Экологиялық білім мен тәрбие беру, табиғат  ресурстарын тиімді пайдалану мен  қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық  сенімінт қалыптастырып, белсенділігін  көтеру. Сондықтан экологиялық білім  беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жеке тұлғаның эмоциялық – сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік жауапкершілік қасиеттерін өсіреді.

      Оқушыларға  тек экологиялық білім беріп  қоймай, табиғатқа деген қарым-қатынастың жаңа қөзқарасын, санасын, мәдениетін қалыптастыру мақсатында. Өсімдіктану пәнінен 7-сыныпта «Адамның шаруашылықтағы іс-әрекетінін өсімдік әлеміне әсері. Өсімдіктері қорғау» тақырыбныда дебат сабағын өткіздім.

 
 
 

     Оң  бағыты бойынша:

     Тақырыбы: Өнеркәсіп пен өндіріс дамуының өсімдік әлеміне пайдасы.

     Критерий: Тыңайтқыш пайдалану арқылы жаңа сапалы өнім алуға болады.

     Аргумент: 1. Өндіріссіз қоғам ілгері баспайды.

     2. Дәрілерді өнеркәсіпте өңдеп өсімдіктерден алады.

     3. Жоғары өнімге қол жеткізу үшін тыңайтқыштар қолданудың маңызы.

     1-факт: Қоғам бірнеше сатыдан өтті. Ол  сатыларда өндірісті, өндіріссіз, қоғам өмір сүреді. Өндіріссіз  қоғам дамитын болса, алғашқы  қауымдық құрылыс кезінде дамыған  болар еді. Ал өндіріс пен  өнеркәсіп өмірге келгенде қоғамда қандай даму сатылары пайда болғаны белгілі. өнеркәсіптерді қолдау Елбасының 2030 жыл стратегиялық даму жоспарында атап көрсетілген.

     Біз тірі өсімдіктерді сол қалпында пайдалана  алмаймыз. Өсімдікті өнеркәсіптік жолмен өңдейміз. Мысалы, ағаштардан жиһаздар, қағаздар, дәрі-дәрмектер жасау нәтижесінде алынатындығын атап кету керек.

     2-факт: Дәрілік өсімдіктер өнімдерін  өндірістік жолмен өңдейді.

     Дәл табиғи күйде біз емдік өсімдіктерді пайдалана алмаймыз. Дәрі адамөмірін сақтайды. Оларды адам қажетіне жаратып, химиялық, тағы басқа жолдармен өңдейді.

     3-факт: Сапасы жоғары өнім алу осы  күнде егіншілер арасында бәсекеге айналған. Сыртқы пішіні мен дәмі айтарлықтай көз тартар пішіні бар жеміс – жидекті тыңайтқыштар арқылы аламыз. Ол тыңайтқыштар өндірістік жолмен алынады. Адам өмірінде өнеркәсіп пен өндіріс орындарының орны ерекше екенін толықтай айтып өтемін.

     Теріс бағыты бойынша:

     Тақырыбы: Өнеркәсіп пен өндіріс дамуының өсімдік әлеміне зияны.

     Критерий: Өсімдіктерді қорғау – болашағымыз.

     Аргумент. 1. Өндіріс орнынан шыққан түтіндер өсімдіктерді тұншықтырады.

     2. Тыңайтқыштар өсімдік түсімін  кемітеді.

     1-факт: қазіргі таңда өндіріс, өнеркәсіп  орындары көптеп ашылып, өз жұмыстарын  жалғастыруда. Алайда олар қалған  қалдықтарын топыраққа, суға төгу  арқылы олардың сапасын кемітеді. Топырақтың минералдарын өлтіреді. Мұржалардан шыққан түтіндер ауаны бүлдіріп, өсімдік жапырақтарының лептесіктерін бітеп, өсуін тежейді. Өсімдіктер ауруға шалдығып, жойылуы немесе өсімдіктен алынған өнім арқылы адам ауруға шалдығуы мүмкін. Сөйтіп, өнеркәсіп пен өндірістің дамуы тек өсімідіктерге ғана емес, адам өміріне де кауіп келтіреді.

     2-факт. Өнеркәсіп арқылы алынған тыңайтқыштарды өсімдіктерге пайдалану, олардың түсімін, сапасын кемітеді. Тынайтқышпен алынған жеміс-жидектердің дәмі жоқ, шырыны аз, түсі солгын болады, оны шамадан тыс көп қолдану ауруға шалдықтырады.

     Өндірістің  өсуіне қарай табиғаттан қорғау үшін өндірістің көлемі мен қарқынын тежеу  керек деген ұғым қалыптаспау  тиіс. Бұл жерде-табиғат пен адам арасындағы арақатынасты дұрыс жолға қою мәселесін қарастыру шарт.

     Адамның табиғатқа бағытталған өзімшіл  шабуылынан туындайтын кесапат зардаптарды  болдырмау үшін ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, экологиялық және басқа бірқатар проблемаларды шешу керек. Өсіп келе жатқан ұрпақты мектеп қабырғасында жүріп айналадағы табиғи тұрғыда қарым-қатынас жасауға тарбиулеу басты міндет.

     

     Қоршаған  ортаны қорғау (ауа,су,топырақ, т. б.) қоғам  мен табиғаттың өзара әрекеттеу  үрдістері де кешенді тұрғыдан қарауды  талап етеді.

     Экологиялық тәрбиелік функция оқушылардың табиғатқа деген жанашырлық білімінен тұрады. Ол оқушының дүниетанымдылығының манызды құрамдас бөлігі ретінде қалыптасады. 

        

                                       

Информация о работе Экологиялық тазалық