Экологиялық тазалық

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 15:53, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі күндегі оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеудің бірі – экологиялық білім мен тәрбие беру болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбиенің негізгі міндеті – құқықтық моральдық, әлеуметтіқ, экономикалық ұстанымдарды сақтай отырып, қоршаған табиғатқа адами көзқараспен қарап оны белсенді қорғауға, үнемді пайдалануға тәрбиелеу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық тазалық.doc

— 161.00 Кб (Скачать)

        Ерте замаңнан бері адамзат  өзінің тіршілігіне қажетті заттардың  бәрін табиғат қазынасынан алып  келді және алып келеді: Сондықтан  табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай,  қайта қорландырып, нәрлендіріп,  молайтып отыруымыз керек.

        Ортаға екі шығады.

       1-оқушы:

       - Табиғатқа қамкорлық жасау әрбір  азаматтың абыройлы міндеті әрі  парасатты парызы.

       Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын

       Пән табиғат жүрегімнің тамылжыған  жарасың,

       Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың!

       Ол анаң ғой, ал сен кенже  ұлысың!

      2-оқушы:

       Ей, адамдар

       Күн мен гүлден жаралған

       От сезім мен мейірім содан  таралған

       Тіршілік иесі – 

       Жер Анаға қараңдар!

       Зор қайғыдан күрсінгенде

       Ах ұрады дүние

       Жаратылыс заңдылығы бұзалса

       Сонда болар кім не?

       1-оқушы:

       - Бүгін біздің арамызда қасиетті  Жер-Ана туған халқымыздың аяулы  ұлдары, ұлы ойшыл Әбу Нәсір  Әл Фараби, Асан Қайғы, қыл қобызын ұрпағым деп күніренткен Қорқыт аталарымыз құрметті қонақ болып отыр. Сөз кезегі сіздерде асыл, абзал бабалар!

        Жер-Ана:

  • Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарың, айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып-жойылдандар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздеріңнің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмай па едік.

    Асан-қайғы:

        Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

        Құлан кайтіп күн көрер.

       Аяғы жоқ, колы жоқ,

       Жылан қайтіп күн көрер.

    Қорқыт  ата:

        Кара тауларың құламасын,

        Саялы ағаш сынбасын,

        Қанаттарың кырқылмасын.

    Қонақтар  ортаға барып отырады.

    Жүргізуші:

  • Қазақ халқының ғұмыр бойы бір қасіреттен екінші бір қасіретке ұрынып келе жатқаны тарихтар белгілі. Әлемнің төрт бұрышына босып кеткеніміз қаншама! Сол тоз-тозы шыққан бауырларымыздың ұрпақтары Жер-Ананың түкпір-түкпірінен «Елім, Отаным, Қазақстаным» деп келе бастағанда, еліміздің табиғатты төзімсіз жағдайда ұшырап жатса, біздің елдігіміз қайда?

          Семейді полигонға айналдырдық,  Аралды апатқа ұшыраттық, тың  жерді эрозияға душар еттік,  өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық.  Осыған кім кінәлі? Өзіміз, Адамдар!

          Сөз кезегі баяндамашыларға беріледі:

    1-баяндамашы:

    «Жиырмасыншы  ғасырдың ұлы тұлғасы» Қ. Ж. Қожахметов

    2-баяндамашы:

    «Орта – табиғат режимін реттеуші ұлы  күш».

    Г. Жұмабаева, Қ. Ж. Қожахметов

    Н. Тілендиев  күй «Аққу»

    3-баяндамашы:

    «Су тіршілік көзі»

    Г. Қожахина, Ә. Бақтыбаева

    4-баяндамашы:

    «Аяулы  құстар Б. Жандосов

    «Аңшы мен бала» көрінісі:

  • Құс аулауға шығамысың?
  • Шығамын.
  • Айтқанды жығамысың?
  • Жығамын.
  • Мә, мылтығым атамысың?
  • Атамын.
  • Сен атып қайт, мен дем алып жатамын.
  • Құсың қайда қарағым-ау?
  • Атпадым.
  • Таппадың ба тоғайдан құс?
  • Таппадым.
  • Көп еді ғой көлде құс?
  • Көп екен.
  • Я, неге атпадың?
  • Түк дәлелім жоқ екен.
  • Атуға сен қимадың ба?
  • Қимадым.

    Туған жердің құстарын да сыйладым.

    5-баяндамашы:

    «Ауаның әр түрлі қосылыстарымен ластану дәрежесі»

    Г. Баженова, Ә. Бактубаева.

    6-баяндамашы:

    «Аққу махаббат пен нәзіктіктің символы»

    Н. Қаппасова, а. Купебаева.

    Ортаға  екі оқушы шығып, бірге косыла:

          Табиғатты қорғау үшін бәріміз  күресейік,

          Бір-бір ағаш егейік.

          Текке отырмай жасымыз бен  кәріміз,

          Таза ауа үшін терімізді төгейік.

    Асан  Қайғы мен Әл-Фараби бабаларымыз баға береді.

    Асан  Қайғы:

          Пайғамбарамыхдың бағын берсін,

          Сүлейменнің тағын берсін,

          Әзіретәлінің айбатын берсін.

    Әл-Фараби:

           Бата бар, далам бата бер,

           Батаңды бер де жата бер,

           Ақ торғын жерім маужырап,

           Ақ таның күліп ата бер.

    Жүргізуші ғылыми-теориялық конференцияның аяқталғаның  жариялайды, қорытындысы шығарылады. 

   Экология – ел тағдыры 

     Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдасымен таныстыру мақсатындағы кеште кодекстер мен заңдарды оқу насихатталып, еліміздегі экологиялық апат аймақтарындағы улы қалдықтар туралы білімдері толықтырылды. Сонымен бірге шығармашылық белсенділіктері арттырылып, ой-өрістері кеңейтілді. Оқушылар бойына экологиялық мәдениет қалыптастыру көзделді.

     Құрал-жабдықтар  мен көрнекіліктер: «Жас эколог»  қабынға газеті, «Атамекен» газеті, қанатты сөздер, рефераттар, тірек-сызбалар, ҚР Қызыл кітабы, Табиғатты қорғау және Қоршаған ортаны қорғау Заңдары, «Орман кодексі», «Су кодексі», т. б. Баяндау, жарнамалау, есеп беру, тренинг, топаралық жарыс, музыкалық үзіліс, интелектуалды ойындар, экологиялық тапсырма, сергіту ойыны сабақтың әдісі болды.

     Шақырылған  қонақтар: мұғалимдер, оқу, тәрбие ісінің орынбасарлары, кітапханашы, ата-аналар.

     Кеш «Сарыжайлау» күйімен ашылады.

     1. Мұғалим: Сәлеметсіздер ме, құтметті  қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Кешімізді  «Атамекен» әнімен бастаймыз  (ән хормен орындалады).

     Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан 2030 жылы ауасы  таза, ауыз суы мөлдір, жасыл да жайқалған мемлекет болуы тиіс»,-деді. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау – экологияны жақсарту бүгінде өткір проблема. Табиғат – адам баласының тіршілік-тынысы, әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғатпен біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Еліміздегі экологиялық жағдайдың қалыпты емес екендігі халық денсаулығының жылдан-жылға нашарлауынан көрінеді. Қатерлі ісік, жүйке, тері, қан аздық, т.б. аурулар өрші түсуде. Республикамызда адам денсаулығын жақсарту мақсатында қоршаған ортаның сапасына көңіл бөлініп, ауаның, судың, азық-түліктің сапасына бақылау жасап, баға беру іс-шаралары күшейтілуде.

     ҚР  Президентінің 2003ж. 3.02.№1241 Жарлығымен мақұлданған «ҚР 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі» тұжырымдамасындағы проблемалар:

  • Климаттың өзгеруін;
  • Озон қабатының жұқаруын;
  • Биоәртүрлілікті сақтауды;
  • Жердің шөлейттенуі мен тозуын шешу жолдары айқындалды.

    Экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін өткізу кезендері белгіленді:

    1) кезең – 2004-2007 ж. қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және тұрақтандыру.

    2) кезең – 2008-2010 ж. қоршаған ортаның сапа көрсеткішін тұрақтандыру, экологиялық талаптарды жетілдіру.

    3) кезең  – 2011-2015 ж. қоршаған ортаның  сапасын жақсарту және қоғамның  экологиялық тұрақты дамуының  қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

     Ұлттық  экологиялық проблемалар экономиканы  экологияландыру, халыққа экологиялық  білім мен тәрбие беру, экологиялық  мәдениетін көтеру қажет. («Қазағым»  әні орындалады).

     2. Авторы кім? ойыны. Ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шұрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін, қорғауды мақсат еткен. Экология тақырыбына қалам тартқан ақын-жазушылар мен журналистерді ойын арқылы атау.

     Жүргізуші:

     1). Орман да сиреп барады,

         Барады сиреп аңдар да.

        Тауыңа түскен жараны,

         Жазатын балам, жан бар ма!?

                                                              (М. Мақатаев).

           2). «Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»

                                                                    (Асан Қайғы).

           3). Су мен жер туралы ой –  бұл сайып келгенде, адамның өзі  туралы ой.

(Ш. Айматов).

            4). Табиғаттың өзінде өзгеше бір  сүйкімді, жанға жақын бір нәрсе  бар.

            5). Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар?

(Ш. Уалиханов)

3.  Эклогиялық  апат аймақтары

(Картаны  пайдалану, әр оқушыны қол шапалақтап қарсы алу).

1-оқушы:  «Арал теңізінің тағдыры аянышты,  жағалау бойындағы аудандардың  халқы үшін нағыз қайғы» - деп өзінің шын күйзеліс көңіл-күйін заманымыздың заңғар жазушысы Ш. Айтматов.

      Салыстыру:

Арал  теңізі Бұрын Қазір
Теңіздің  ауданы 64 мың км 34 мың км
Судың тұздылығы 9,94 грамм 46 грамм
Балық түрі 178 түрлі 38 түрлі

      Теңіз табанынан 100 млн. Тонна улы тұз көтеріледі, ауаны ластап, жер шарына таралады.

      2-оқушы:  Семей полигоны (миға шабуыл) туралы  не айта аламыз?

1). Семей  полигонында 40 жыл бомба жарылды.

2). 500 рет  ядролық жарылыс болды

    350 рет                                113 рет                                       27 рет  

Информация о работе Экологиялық тазалық