Экологиялық тазалық

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 15:53, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі күндегі оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеудің бірі – экологиялық білім мен тәрбие беру болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбиенің негізгі міндеті – құқықтық моральдық, әлеуметтіқ, экономикалық ұстанымдарды сақтай отырып, қоршаған табиғатқа адами көзқараспен қарап оны белсенді қорғауға, үнемді пайдалануға тәрбиелеу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық тазалық.doc

— 161.00 Кб (Скачать)

  Жер астында                      жер үстінде                              атмосферада

3). Олардың  радиактивті қалдықтары жарты  миллион адамға зиянын тигізді.

1-карточка       22 млрд. тонна      -еліміз  жиналып қалған қалдық мөлшері;

2-карточка        1 млрд. тонна       -1 жылда  шығарылатынқалдық мөлшері;

3-карточка       230 млн. тонна      -Радиактивті  қалдық бар, жартысы көмілген.

4-карточка       7 млн. тонна          -Атыраудағы күкірт – қалдық;

     Қоршаған  ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова қалдықтарды азайту мәселесін шешуде.

     4. Қоқыс шірігенде метан улы  газы (СН) бөлінеді, ауаны улайды. Алматы  шетінде қоқыс өндейтін зауыт  салынуда. 5-тен 2 топ құрылады.

     «Қоқысты  іріктеу» ойыны. Екі топқа түрлі  заттар беріледі, қайсысы дұрыс іріктесе сол топ жеңеді. Қалдықты табу, табиғи жолмен бұзылмайтынын атау. (резина, шыны сынығы, жүн, пластмасса, саз, жапырақ).

     5. Эколог болғым келеді...

     Мақсат: Экология пәніне қызығушылығын арттыру, мамандыққа тарту.

     1-оқушы:  Кілем фабрикасы бойынша іздеу жұмысының қорытындысын Г. Жамиханова әңгімелеп берді. Жұмыс орнынаң экологиясын жақсарту туралы ғылыми жұмыспен айналысу арманы екенін айтты.

     «Атамекен»  әні мен «Қазақ биі» орындалады.

     6. Оқу ісінің меңгерушісіне сұрақ  қойылады:

     Ата – аналар балаларына экологиялық тәрбие бере ме? Мектеп экологиясы туралы не айта аласыз?

     7. Көрме-жарнама.

     8. «Таңғажайып жетілік» интерактивті  ойыны. 

10 10 10
20 20 20
30 30 30

      

         Жүргізуші оң, ортадағы, сол жақтағы сандарды таңдатады да сұрағын оқиды. Соңынан алған саны бойынша жеңімпаз аңықталады.

      1. 10 Бамбук. (а) шөп; (ә) бұта; (б) ағаш; (1 күнде 1 метр өседі).

      2. 10 Радиацияны жұтатын (сіңіретін)  ағаш: (а) мойыл; (ә) емен; (б) қайың;

      3. 10 Ауыздағы қантты қышқылға айналдырып, тісте тесік пайда болдыратын бактерияны ата: (а) мутанс; (ә) стрептококкус; (б) кох; 

      1. 20 Тілде неше тіс бар? (4 тіс)

      2. 20 Әлемдегі ең баяу құсты ата  (Марғау, Көрші бұтаға жету үшін 30 минут керек).

      3. 20 2000 жылы жұрпалы аурудан 50 мың  итбалығы қырылған теңіз. (Каспий). 

      1. 30 Суға төгілген мұнайды тазалау  үшін қолданылатын биоұнтақты  ата (пероил).

      2. 30 Пероил мұнайды қандай заттарға  ыдыратады? (Су мен көмірқышқыл  газына).

      3. 30 Биыл Семей орманын қалпына  келтіру үшін қанша қарағай  көшеті отырғызылды? (3 млн. қарағай  көшеті).

      9. Қоратынды сөз.

      Экология  кешіне белсене қатысқан оқушыларға дипломдар тапсырылып, экологиялық  мазмұнды сурет конкурсының жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілді.

      Кеш «Менің Қазақстаным» әнімен аяқталады. 

Экологиялық білім – сабақта 

     Биология сабақтары – «Табиғаттану», «Өсімдіктану», «Жануатану», «Тәнтану» және «Тіршіліктану» пәндерінде оқушылардың экологиялық көзқарастарын қалыптастыру - әрбір ұстаздың негізі мақсаты. Мұны жүзеге асыру үрдісінде жүйелілікпен, терең ойлану негізінде ғылыми түсініктерді қажет ететін сұрақтарды ойын түрінде бекіту өз нәтижесін беруде. Біз 11 сыныпта «Тіршіліктану» пәні бойынша берілетін «11 тарау. Экология негіздері және биосфера туралы ілім» тақырыбын қорытындылау кезіндегі тәжірибемізді әріптестер назарына ұсынып отырмыз.

     Сабақ мақсатын анықтап, оның жоспарын былай  жобаладық: 1) оқушылырдың экологиялық  көзқарастарын тереңдету барасында  проблемалық ой-толғаныс, ғылыми ізденісті  қажет ететін есептер шығарту; 2) халықтық педегогика негізінде ұлттық ойын түрлерінің үлгісін пайдаланып, оқушылар бойына экологиялық, эстетикалық, отансүйгіштік тәрбиені сіңіру; 3) туған өлкедегі өсімдіктер мен жан- жануарлар түрлерін, табиғат байлығын қаз қалпында танып-біліп, сұлулығы мен әсемдігіне қаныға отырып, оларды бақылай білу, қорғап табиғатқа қамқорлық жасауға шақыру.

     Осы жоспар негізінде қорытындыланған  сабақ, біздің пікірмізше, өте сәтті  өтті. Сабақта «Биология в школе», «Биология, география және химия», «Қазақстан мектебі» журналдары және жергілікті басылымдар пайдаланылды.

     Сабақ негізінен, ұлттық ойынға құрылып, «Алам бәйге», «Жасырынбақ», «Қыз қуу» сондай-ақ «Тершелерді пайдалану» ойындары ойналды Сабақты «Аламан бәйге» ойынымен бастап, оқушыларға проблемалық ой- толғам, ғылыми талдауды қажет ететін экологияға құрылған есептер шығарттым.

     Осыны ескеріп, жарысқа қатысатын оқушыларға сыртында бәйге атпен шауып бара жатқан шабандоздың суреті бар хатқалталардағы  есептер тапсырылды.

     1-есеп. Елбасымыз Н. Назарбаев 2030 жылға  дейінгі бағдарламасында пайдаланған  «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген мақал өздеріңе таныс болар. Бұл – Президентіміздің қошаған ортаның ластануына жол беймеу мәселесіне айрықша мән беруі. Осыған орай мына есеп шартын оқып, өзіндік саралау, сараптау жұмысын жасаңыз.

     Америка халқы 1997 жылы 5 миллиард темір қалбыр 30 миллиард шыны ыдыс 4 млн. т. пластмасса ыдыстарын қоқысқа төгіпті. Қоршаған ортаны ластынудан сақтауға өзіңіз қандай үлес қостыңыз? Кәне, соны есептеп көріңіз. Дұрысырақ айтқанда, қоршаған ортаны ластауға өзің қалай қатысқаныңды анықта. Ол үшін: 1) бір тәулікте (24 сағатта) қанша қағаз, шыны ыдыс, пластмасса тастап, табиғатты ыластадыңыз, соларды тізімдеп, есептеңіз; 2) бір жылдағы қоршаған ортаны ластауға қосқан үлесіңізді есептеу үшін өзің тізімдеген ластаушы заттардың санын 365-ке көбейтінді сіздің бір жылдағы қоршаған ортаны ластауға қатысқан үлесіңіз болады.

     2-есеп. Жүзім көп өсірілетін жерлерде  құстарды үркіту үшін мынадай  шаралап қолданылған: 1) айна сынығы  толтырылған шар (шар күнге  шағылысып, жарқыл береді); 2) құстардың  қауіп-қатер төнгендегі айқай-шуылы жазылған магнитофон таспасы. Осы деректерді пайдаланып, ғылымдар бақ, жүзімдіктерді құстардан қалай қорғап қалды? Бұл шаралардың экологиялық тұрғыдан тиімділігі неде екенің түсіндіріңіз.

     3-есеп. Тоқылдақтың орман ағаштарының  емшісі екенін ескере отврвп, температура, ылғал, кене, ағаш, бунақдене дернәсілдері, кесілген ағаш, орманға дәрі шешу, орманның өртенуі ұғымдары мен толықдақ тіршілігінің арасында қандай байланыс болатынын ғылыми түрде дәлелдеңіз.

     4-есеп. Қандысу өзені маңындағы шалшық судан мына ағзаларды: пішен таяқшасы, эвглена, кірпікшелі кебісше, дафния, элодея өсімдігі, ақ сұлама, тоспаұлу, маса және бақаны кездестіруге болады. Шалшық су биоценозға жата ма? Жауабыңызды ғылыми тұрғыда дәлелдеңіз.

     5-есеп. Зайсан көлінде массасы 400 килолық дельфин өсіру үшін балдырлар мен бақтериялардың қанша массасы қажет? Жауабыңызды ғылыми тұрғыда дәлелдеңіз.

     Екінші  ойынды «жасырынбақ» деп атадық.

     1-ойын. Мына ұсынылған суреттерде Зайсан  көліндегі қоректік тізбек бейнеленген.  Осыларды пайдаланып, толық қоректік тізбекті құрастырыңыз. Егер қоректік тізбектен 6 және 4-тізбек бөліктерін алып тастаса, қандай өзгеріс болады? (Суреттер пластилин арқылы жапсырылатындықтан, олардың орналасу ретін оқушы өз қалауынша ауыстыра алады.).

     2-ойын. Тақтада ілінген суреттен аулымыздағы Қабыкен бағын көріп отырсыз (тақтаға қоректік тізбекті дұрыс етіп орналастырыңыз. Осы қоректік тізбектен екі бөлікті алып тастаса, қандай өзгеріс болады? Қандай табиғи заңдылықтар бұзылады?

     Келесі  ойын «қыз қуу» деп аталды. Мұнда оқушы мақсатына жету үшін берілген кеппешөптің атауын және қай бірлестікке жататынын тез табуы қажет, егер оқушы жеңіліп қалса, мақал-мәтел айтып, айыбын тартады.

     Ең  соңғы ойын – «Текшелерді пайдалану». Қатырмақағаздан бірнеше текшелер жасап, оған қоректік тізбек бөліктері жеке-жеке жазылды, мынадай.

     Қатусушылардың  әр қатарына әр түрлі тапсырмалар  берілді. Мысалы, 1-қатардағыларға –  тұщы су қоректік тізбегін құрастыру; 2-қатардағыларға – шыршалы орман  қоректік тізбегін құрастыру; 3-қатардағыларға – жасанды биогеоценоз құрастыру тапсырылды. Тапсырманы әрі тез, әрі дұрыс орындаған қатардағы оқушыларға қосымша тапсырмалар берілді «температура өзгертілді», «улы дәрі шашылды», «өрт болды», «орман ағаштары кесілді» деген өзгерістер еңгізіліп, соған байланысты берілген тапсырмада құрастырылғандарын өзгерту ұсынылды. Оқушылар бұл тапсырманы құлшына, қызыға орындады.

     Аталған ойындар толық өз рөлін атқарғаннан кейін, тапсырманы қай оқушының қалай орындағаны сараланып, бағасын беру арқылы сабақ қорытындыланды. Бұл сабақта «Қара бура», «Арал қасіреті», «Арал дауысы», «Қайрындағы балықтар» картиналарынан сурет көрмесі көрсетілді. Осылай ұйымдастырылған сабаққа оқушылар ынтамен кірісіп, экология негізірі және биосфера туралы білімдерін ойын арқылы берілген тапсырмаларға жауап қайтару арқылы тиянақтай білді. Сөйтіп 11 сыныптағы тіршіліктану пәненен өткізілген бұл тақырып қорытындылаушы экологиялық сабақ міндетін атқарды. 
 

     ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

     Қазіргі кезде адамзат алдыгда тұрған аса күрделі экологиялық проблема-қоршаған ортаны қалыпты жағдайда ұстау. Табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану мәселесі болып отыр. Қоғамымыздың бүгінгі нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу жүйесінің негізгі міндеттерін белгіледі. Онда табиғат ресурстары – жерді, суды, ауаны, пайдалы кендерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, оларды қорғау және байыту мәсілесіне айрықша мән берілді. Әсіресе, республикамыздың « Табиғат қорғау» Заңының «Елімізде табиғат қорғау ісін түбегейлі қайта кұру туралы» бағдарламасында адамдардың бойында өсімліктер мен жануарлар дүниесіне, жер су ресурстары мен пайдалы қазбаларға ұқыпты да жоғары адамгершілік көзқарасты тәрбиелеуге баса назар аударылған.

     Табиғат – адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар ролі зор. Табиғат бөлщектірі: жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен – сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала – бәрі адамдардың ойына – сана, денесіне – қүат, бойына – күш, өнеріне – шабыт, көңіліне – қанат береді.

     Ерте  заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне  қажетті заттардың бәрін табиғат  байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта  қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз  керек.

     Қазіргі кезде ізгелендіру мен демократияландыруға  бағытталған білім стандарттарын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық білім негіздерін оқыту үндісіне енгізу – білім беру жүйесін дамытудың негізі.

       Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан қалыптастырып, кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың зандылықтарымен оқушылардың міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті тереңдетуге жаңа саналық деңгейде экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу, оқушылардың өз бетімен ізденіп жұьыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді. Оқыту мақсатына сай және белгілі бір жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын менгеру психологиясы, дайындығы, қызығушылығы ескерілуі қажет. Оқушылардың экологиялық сауаттылығын, мәдениетін танымдық белсенділігін арттыруға мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал етеді.

     Экологиялық білім берудің негізгі мақсаттарының  бірі – оқушылардың экологиялық  санасын көтеру ақыл – ой қабілетін дамыту, теориялық білімдерініс жүзінде қолдана отырып,шығармашылық жұмыстар жүргізу, өз бетімен ізденіп зерттеулер жүргізуге баулу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Экологиялық тазалық