Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:09, научная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Работа содержит 1 файл

Su_kodeksi.doc

— 948.00 Кб (Скачать)

2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 

 

46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары

1. Cу ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау мақсатында әзiрленедi.

2. Су ресурстарын  кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын уәкілетті орган мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзiрлейдi.

3. Кешендi схемаларда  көзделетiн iс-шаралар:

1) өндiрiс технологиясын жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын ұтымды әрi үнемдi пайдалануға;

2) суы аз және сусыз процестердi қолдануға;

3) суару жүйелерiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;

4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемiн азайту есебiнен жергiлiктi су ресурстарын мүмкiндiгiнше барынша пайдалануға;

5) қалаларды, елдi мекендердi, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектiлердi су басуының және топан су басуының алдын алуға бағытталуға тиiс.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.  

 

47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы

1. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемалары құрамында су объектiлерiне экологиялық жағынан жол берiлетiн деңгейде су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су ресурстарын өндiргiш күштер мен экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында пайдалану және қорғау болжамын орталық атқарушы органдар әзiрлейдi.

3. Орталық атқарушы органдар әзiрлеген өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берiлетiн деңгейi нысанасында уәкілетті органда келiсуден өтедi. 

 

9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама  

 

48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:

шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;

су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;

2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;

3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;

4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;

5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;

6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 

 

49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;

2)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган;

4) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;

6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган;

7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

8) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.

2. Уәкілетті органмен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiредi.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Уәкілетті орган және оның бассейндік су шаруашылығы басқармасы:

1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;

2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;

3) су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен ережелерінің, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;

4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерін және су қоймаларын пайдалану ережелерінің сақталуын;

5) су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;

7) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;

8) су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;

9) белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін;

10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;

11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкілетті органдар, карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар:

1) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) су қорының сапалық және сандық жай-күйінің өзгеруін тексеруді және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;

4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;

5) су объектілеріне белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізілген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін жекелеген өндіріс объектілерінің, цехтар мен кәсіпорындардың қызметіне тыйым салу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді. 

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 49-1 баппен толықтырылды

49-1-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 49-2 баппен толықтырылды

49-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 49-3 баппен толықтырылды

49-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Осы Кодекске сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;

тиiстi бассейннiң су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және олардың орынбасарлары, тиiстi бассейннің су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және мемлекеттік инспекторлары. 

 

2. 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

 

3. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдар cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiленген үлгiдегi тиiстi қызметтiк куәлiкпен, омырауға тағатын белгімен, техникалық құралдармен қамтамасыз етiледi. 

 

51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) осы Кодекс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуына «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттік органдарға, жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға олар үшiн Қазақстан Республикасы су заңдары нормаларының орындалуы мiндеттi талаптар қоюға, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген көлемдерде, коллекторлық-сорғыту және ағынды суларды ағызудың жол берiлетiн шектi нормаларын сақтау жөнiнде тиiстi шаралар жүргiзуге және су ресурстары мен ағынды сулардың сапасын зертханалық бақылауды ұйымдастыруға;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға және оны қайтарып алуға;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін ұйымдарға және өзге де объектiлерге баруға, су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн бақылауды жүзеге асыруға, су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау ережелерiнiң анықталған заң бұзушылықтарын жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге құқығы бар. Су объектiлерiнде өз бетiмен су алу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезiнде су пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізуге;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) су пайдаланудың белгіленген лимиттерінің, тіреуіш гидротехникалық құрылыстар режимінің, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын пайдалану қағидаларының, олардағы шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

Информация о работе Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы