Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:09, научная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Работа содержит 1 файл

Su_kodeksi.doc

— 948.00 Кб (Скачать)

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

10) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

11) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейндік басқару 

 

40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi бассейндiк басқармалар) - уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Бассейндiк басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бассейндiк принцип  негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру;

3) тиiстi бассейн шегiнде перспективалық жоспарлар мен даму бағдарламалары негiзiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер дайындау және iске асыру;

4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингін жүргізу;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) осы Кодекспен белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, олардың күшiн тоқтата тұру;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) мыналарды:

тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын;

судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды;

судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасы жобаларын;

су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды;

су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөніндегі iс-шаралар жоспарларын келiсу;

8) судың жай-күйiне әсер ететiн өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;

9) су пайдаланушылар  деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

10) жер асты суларының қорларын бекітуге қатысу;

11) бiрлесiп пайдаланылатын су  қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

13) тиiстi бассейн суларын  кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

14) тиiстi бассейн бойынша  су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;  

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;

19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20) тармақша өзгертілді

20) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;

21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

22) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тіркеу.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 24) тармақшамен толықтырылды

24) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу. 

 

41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы

1.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруда:

1) жасалған су шаруашылығы баланстары, тиiстi бассейннiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары негiзiнде су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге;

2) уәкілетті органмен бiрлесiп тиiстi бассейннiң су объектiлерiнiң мониторингiн жүргiзуге;

3) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

4) бассейндiк келісімдер әзiрлеуге және ведомстволық бағыныстағы аумақтарда олардың жүзеге асырылуын бақылауға;

5) су объектiлерiн пайдалану,  ұдайы молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн ұсыныстар әзiрлеуге қатысады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бекітілген бас схемаларына сәйкес су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн жүзеге асыруға қатысады.  

 

42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер (бұдан әрi - бассейндiк келісімдер) бассейндiк басқармалардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және су объектiсi бассейнiнiң шегiнде орналасқан басқа да субъектiлердiң арасында олардың қызметiн бiрiктiру және үйлестiру, сондай-ақ су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды iске асыру мақсатында жасалады.

2. Бассейндiк келісімдерде  тараптардың орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды кооперациялау жөніндегі мiндеттемелер болады.

3. Бассейндiк келісімдердi  дайындау су шаруашылығы баланстары, су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғау схемалары, су объектiлерiн пайдалану, қалпына келтiру және қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, ғылыми және жобалық әзiрлемелер, даму болжамдары және өзге бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Бассейндiк келісімдердiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттармен және тәртiппен, қаражаты су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қорлар құруы мүмкін. 

 

43-бап. Бассейндiк кеңес  

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Бассейндiк кеңес тиісті бассейн шегінде құрылатын консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара);2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Тиiстi бассейндiк басқарманың басшысы басқаратын бассейндiк кеңес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының басшыларынан, мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының басшыларынан және су пайдаланушылардың өкiлдерiнен тұрады. Бассейндiк кеңестiң құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың қауымдастықтарының өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Бассейндiк кеңестiң әзiрлiк жұмысын ұйымдастыру бассейндiк басқармаға жүктеледi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Бассейндiк кеңес су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көкейкестi мәселелердi қарайды, бассейндiк келісімге қатысушылар үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді. 

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8 тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы

мемлекеттік жоспарлау 

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi:

халықтың ауыз су мен тұрмыстық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету;

сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттік жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi. 

 

45-бап. Су шаруашылығы баланстары

1. Су шаруашылығы баланстары су объектiлерiнiң бассейндерi, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша су ресурстарының болуын және оларды пайдалану мүмкiндiгiн бағалауға арналған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы