Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:09, научная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Работа содержит 1 файл

Su_kodeksi.doc

— 948.00 Кб (Скачать)

8. Жер үсті қабаты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға, тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыған және басқа да қалдық суларды жер үсті қабатындағы су объектiлерiне ағызуға:

1) теңгерімінде олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылары;

2) суды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;

3) су беруге және (немесе) қалдық және сорғытылған суларды ағызуға қосалқы су пайдаланушылармен шарттары бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар беріледі.

9. Тәулiгiне елуден eкі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсаттар үшін жер қойнауы бөлігінен жер асты суларын пайдалануға:

1) теңгерімінде қолданыстағы санитариялық-эпидемиолоиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай келетін құрылыстары немесе техникалық құрылғылары болып, солардың көмегiмен жер асты су объектілерiнен суды тарту жүзеге асырылатын;

2) су тартуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;

3) қосалқы су тұтынушыларға су беру шарты;

4) жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптамалық қорытындысы және жер асты су объектiсi туралы геологиялық ақпараты бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар берiледi. Терiс мемлекеттік геологиялық сараптама болған жағдайда, екі жылға дейiнгi мерзiмге геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу және бұл мерзім өткеннен кейiн жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi органның қорларға мемлекеттік сараптама жүргізу шартымен рұқсат берiледi.

10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға немесе оның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды:

1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелуi туралы куәлiктің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;

3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортын;

4) салық органында есепте қойылғаны туралы куәліктің немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;

5) осы баптың 7-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді ұсынады.

11. Су тарту үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіктері туралы мәліметтер;

2) су тартуды есепке алу және тартылатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.

12. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;

2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;

3) балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;

4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;

5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер.

13. Суды алмастан жер үсті қабатындағы су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) кеменің техникалық сипаттамалары;

2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;

3) кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және жүзбелі құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;

4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.

14. Уәкілетті орган немесе оның тиiстi өңірлік органы - отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - өтiнiш   берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен өтiнiш берген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктірмей рұқсат бередi.

15. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі арнайы су пайдалану рұқсатының қайта ресімделуін қажет етеді.

Су шаруашылығы жүйелерін қайта құру немесе су тұтыну шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға қайта рұқсат алуды қажет етеді.

16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті орган:

1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайларда заңдарда белгіленген тәртіппен оның қолданысын тоқтата тұрады.

Осы тармақта аталған жағдайларда уәкілетті орган рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою мерзімін жазбаша нысанда көрсете отырып, су пайдаланушыны он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігін және анықталған бұзушылықты жою мерзіміне жүзеге асырылады.

Хабарламада көрсетілген арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылған жағдайда рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша растамасының негізінде рұқсаттың қолданысы қайта басталады.

Су пайдаланушының тоқтата тұру немесе қолдануды қайта бастау туралы хабарлама алған кезінен бастап рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрған немесе қайта басталған болып есептеледі.  

 

67-бап. Оқшау су пайдалану

1. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Оқшау су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Оқшау су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi. 

 

68-бап. Бiрлесiп су пайдалану

1. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.

2. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде  бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Бiрлесiп су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Бiрлесiп су пайдаланатын су  пайдаланушылар, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiмен өзгеше белгiленбесе, ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi. 

 

69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

Шаруашылықтың әртүрлі салаларын сумен қамтамасыз ету үшін тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы да бастапқы су пайдалану болып табылады.

2. Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады.

3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негiзгi талаптары көрсетiлiп, бастапқы су пайдаланушы үшiн белгiленген лимит шегiнде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепiлдiк берiледi.

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бастапқы және қосалқы су пайдаланушы қайталама су пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.  

 

70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi

1. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi.

2. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану  тұрақты деп танылады.

3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.

4. Қажет болған жағдайда су пайдалану мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн.

5. Арнайы су пайдалану мерзiмдерi су объектiсiнiң ресурстық әлеуетi мен ағымдағы экологиялық жай-күйiне байланысты болады.

6. Ортақ су пайдалану тұрақты болып табылады. 

 

71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары

Су пайдаланушылардың:

1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;

2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл орайда, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;

4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;

6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;

7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;

8) белгiленген су беру лимитi  мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;

9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

 

72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi

Су пайдаланушылар:

1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;

2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) белгiленген су пайдалану лимиттерін, рұқсат етілген көлемдері мен режимдерiн сақтауға;

4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға, су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;

6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

7) арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындауға;

8) белгiленген нормативтерден асатын  зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;

9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;

10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгізуге шаралар қолдануға;

11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;

12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;

Информация о работе Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы