Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:09, научная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Работа содержит 1 файл

Su_kodeksi.doc

— 948.00 Кб (Скачать)

 

104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану уәкiлеттi органмен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Су объектiлеріндегі гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:

1) ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;

2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелеріндегі балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;

3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;

4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi. 

 

20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке

қарсы мұқтаждар үшін пайдалану  

 

105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану

1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

2. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін, кеме жүруі, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану ережелерiн бекітудi Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртібін уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:

1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;

2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;

3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;

4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;

5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi. 

 

106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану

1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.

3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.

4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқсаттар үшiн пайдалануға тыйым салынады. 

 

21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы

құрылыстарын балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану 

 

107-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (оның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстың қорытындылары бойынша балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға береді.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.

3. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi және су шаруашылығы құрылыстары берiлген жеке және заңды тұлғалар:

1) уәкiлеттi органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су объектiлерi және cy шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық шаруашылығы мен мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;

2) су объектiлерiнiң жағалауларын және су шаруашылығы құрылыстарын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.

4. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын жеке тұлғалар балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады. 

 

108-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi өкiлдi органмен, уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына бередi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.

3. Мелиорациялық-техникалық жұмыстар жүргiзу мен балық аулауды, су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктер өсiру уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы молайту мен қорғау жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн және аңшылық шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да iс-әрекеттерге шек қоюы мүмкiн. 

 

22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда

су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану 

 

109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады. 

 

110-бап. Су қоймаларын пайдалану

1. Су қоймалары жер үстіндегі ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.

2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.

4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.

5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткізу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.

6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады. 

 

111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстіндегі ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады. 

 

7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу 

 

23-тарау. Су қорғау қызметі 

 

112-бап. Су объектiлерiн қорғау

1. Су объектiлерi:

1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;

2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;

3) сарқылудан қорғалуға тиiс.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Су объектiлерi:

1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;

2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;

3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;

4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;

5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;

Информация о работе Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы