Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:08, реферат
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos –ауа және phaira-шар,алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданытынауаны біз атмосфера деп атаи береміз Бірақ-та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераньң негізгі бөлігінің бірі ғана.атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабыкшасы. Ауа осы газды қабаттың жреге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғары биіктікке көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады.
1-кесте
Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері.
млн.тонна
Заттектер |
Дүние жүзі бойынша |
Қазақстан | ||
Тұрақты көздер |
Көлік |
Тұрақты көздер |
Көлік | |
Қатты бөлшектер |
57 |
80 |
6,4 |
3,7 |
Көміртек оксиді |
177 |
200 |
7,6 |
10,1 |
Күкірт оксиді |
99 |
0,7 |
9,2 |
- |
Азот оксиді |
68 |
20 |
3,0 |
1,1 |
Көмір сутектері |
4 |
50 |
0,2 |
2,0 |
Бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.
2.4. Ауаның стацоинарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.
Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиянын тигізеді, ал улы заттар денені улайды.
Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер.
Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады.
2- кесте.
Өндірістің нешізгі
Негізгі өндіріс салалары |
Шаң-тозаң |
Күкіртті газ |
Көміртек тотығы |
Азот тотығы |
Көмірсутек |
Жалпы үлес салмағы |
Жылу электр станциялары |
39 |
38 |
- |
- |
- |
29,0 |
Құрылыс материалдарын өндіру |
25 |
- |
- |
- |
- |
8,1 |
Қара металлургия |
10 |
16 |
43 |
23 |
3 |
24,0 |
Түсті металлургия |
16 |
22 |
- |
- |
- |
10,5 |
Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндірісі |
- |
3 |
13 |
- |
82 |
15,5 |
Химия өнеркәсібі |
- |
- |
- |
12 |
- |
1,3 |
Автопарктің облыс бойынша саны 2009 жылы 36214 бірліктен 2010 жылы 45278 бірлікке дейін өсті.
Автотранспорттан шыққан улы қалдықтар:
- 2009 жыл – 75,5%
- 2010жыл – 71,6%
- 2011 жыл – 60,8%
3-кесте
Қызылорда облысы бойынша стационарлы көздерден бөлінетін зиянды заттар туралы мәлімет.
Көрсеткіштер |
2009ж |
2010ж |
1. Зерттелген мекемелер саны |
48 |
37 |
2. Ластаушы көздер |
1578 |
682 |
3. Зиянды заттар мөлшері мың.тонна |
182 |
153 |
4-кесте
Қызылорда қаласында атмосфераны ластайтын зиянды заттардың ингредиенттер бойынша мәліметтері
Зиянды заттардың құрамы |
2009ж |
2010ж |
Ауытқуы + - |
Қатты заттар |
31,8 |
24,1 |
-7,1 |
Газ тәрізді сұйықтар |
32,1 |
31,3 |
-0,8 |
Күкірт оксиді |
7,4 |
5,7 |
-1,7 |
Көміртек оксиді |
16,7 |
17,7 |
+1,0 |
Азот оксиді |
2,8 |
2,2 |
-0,6 |
Қызылорда қаласында атмосфераны ластайтын зиянды заттардың мәліметтері
Мұнай өңдейтін және жасанды жібек шығаратын кәсіпорындар сутек қалдықтарын ауаға шығарады; химия кәсіпорындары азот тотығын бөледі; құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың шаңы мен тозаңында, газдарында кальций тотығы, топырақтағы алюминий тотығы, кремназем (кремнийдің оттекпен қосындысы), магний, темір, көмір, гипс, асбест, әк, тағы басқа заттардың қалдықтары бар. Құрылыс материалдарын шығару технологиясында шикізатта қазу, тасу, ұнтақтау, елеу, араластыру, нығыздау, кептіру, күйдіру сияқты жұмыстар кіреді. Осы жұмыстарды жүргізгенде сол маңайға шаң-тозаң, күл, бу, түтін т.б. ластаушы заттар бөлетіні белгілі.
Сусымалы және ұнтақталған заттармен жұмыс істегенде шаң-тозаңды басу өте қиынға түседі. Мысалы, цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент тозаңын көп шығаратын, сол маңайдағы өсімдіктерді күйдіріп жібереді. Зауыттан 2 км қашықтықта 1 куб метр ауада 20 мг тозаң болады, ал санитарлық норма бойынша ол 0,15 мг аспауы керек. Асфальт шығаратын зауыттардың шаң мен түтіні көп болғандықтан оларды қаладан тыс жерлерге салу көзделген.
2.5. Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы.
Ауаны ластаушылардың ішінде автомашиналардың алатын орны ерекше. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде зиянсыздары – азот, оттек, сутек, судың булары, зияндылары – көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а) пирен, күйе, күкіртті түтін т,б, /11-12/
Автомашиналардан бөлінген қалдық газдардың 75 пайызы көміртек тотығынан, 15 пайызы көмірсутектен, 7 пайызы азот тотығынан тұрады. Автомашина қозғағышы 1 тонна бензинді жаққанда 12,3кг, 1 тонна дизель отынын жаққанда – 24,5 азот тотығы бөлінеді.
Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Ірге тас қалау, су қоймаларын салу үшін топырақтың үстіңгі қыртысын алғанда, құрылыс салу, бояу, сылақ жұмыстарында айнала шаң-тозаң, иіс болып, қалдықтар үйіліп жатады. Құрылыста қолданылатын полимерлі материалдар мен шайырлардың ішінде уыттылары да бар. Сондықтан да ауаға формальдегид, фенол, шайыр бөлетін фенолформальдегидтер мен шайырларды пайдалануға тыйым салынған.
Коммуналды – тұрмыстық қызмет орындары да от жаққанда, пәтер үйлерде пеш жағып жылытқанда ауаны ластайды. Қалдықтарды мезгілінде жинап, тасып, белгілі бір орынға дұрыстап үймей қоршаған ортаны да ластап жатады.
2.6. Ластанған ауаның зиянды әсері
Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10 мкм аралығындағы шаң-тозаң мен газдар 1км-ге көтеріліп жан-жаққа жүздеген км қашықтыққа тарайды. Онан ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта түседі. Мысалы, Лондонда 1 квадрат км жерге жылына 390 тонна, Нью-Иоркте 300, Париж бен Чикагода-260, Алматыда125 тонна шаң-тозаң түседі. /9-12/
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 пайызға жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныс демікпесіне дейін) аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң-тозаңның көп болуы өкпе ауруына себепші болады.
Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын. Қоршаған ортаға аса қауіпті автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглабинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге, оттекпен нитрит топырақтан ауаға қосылған адамдар өкпе ауруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, ұйқысы бұзылып, денесі көгеріп кетеді.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады. /9-12/
Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарларға да зияны көп. Мысалы, ауада фтор көп болса жануарлардың тістері тез қажалып, бал аралары өліп қалады. Мышьяк көбейсе құлындардың аяғы ісіп, сал ауруына шалдығады.
Хлорлы сутек немесе Т73 қышқылы – металды өңдегенде қолданылады. Дымқыл ауада тұман пайда болып, жоғарғы дем алыс жолдарына әсер етеді.
Уран – радиоактивті элемент, атом электр станцияларында, шыны және фосфор өндірістерінде қолданылады. Сәулелену ауруына ұшыратады, бүйрекке зиянды.
2.7. Эксперименттік бөлім
Жұмыстың эксперименттік бөлігі газоанализаторда жүргізіледі. Универсалды газоанализатор МЕГАКОН 10К 300-ден астам улы газдар мен олардың буын анықтауға арналған. Бұл приборда 10 компонентке дейін анықтауға болады. Соның ішінде СО, СО2(О2), NО, NО2, SО2, СS,N2Н4, көмірсутектерді, спирттерді, күрделі эфирлерді, альдегидтерді т.б. заттарды анықтауға болады. Конструкциясында универсалды фотоакустикалық датчик және оптикалық тарамдар орналасқан Әсер ету принципі газды кампоненттің оптикалық сүзгінің инфрақызыл спектрін таңдамалы сіңіруге негізделген.
/ 1- сурет Газоанализатор түрлері /
Газоанализаторлар үш топқа бөлінеді.
Облысымызда табиғи және мұнайға ілеспе газдарды кешенді және тиімді пайдаланып Арысқұм ойтпатының Оңтүстік Торғай иінінде экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар мен жылу көздерін Қызылордада газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.01ж. №281 және 29.08.01ж №1121 санды қаулылары қабылданды. Осы қаулыға сәйкес «Қызылорда қаласындағы жылу көздерін ілеспе газдарға көшіру» құны 7,48 млрд.теңге болатын жобасы жасалып, жылу турбинасы іске қосылғаннан кейін, Қызылорда жылу орталығынан бөлінетін қалдықтардың көлемі жылына 415 тоннаға азайды.
Ақшабұлақ кен орындарындағы қондырғы 300млн м3 казды өңдеп, зиянды заттарды 8563 тоннаға азайтады.
Атмосфераның
жерге жақын қабатын
5-кесте
Теміртау |
Қара металлургия (болат, шойын өндірісі), автокөлік, синтетикалық каучук зауыты |
Фенол, шаң, көміртек, азот оксидтері, бенз(а)пирен, сынап |
Ақтөбе |
Хром, форросплав, химия зауыттары, жасанды талшық өндірісі, энергетика, автокөлік, |
Хром қосылыстары, азот оксидтері, фторлы газдар, сульфаттар, күкіртті көміртек, күкіртті сутек, қорғасын, т.б. ауыр металдар |
Қостанай |
Тау-кен өнеркәсібі, жөндеу механикалық зауыты, энергетика, машиналардың шинасын жөндейтін зауыт, түрлі түсті жасанды талшық өндіретін химия зауыты, құрылыс-монтаж конструкциялар комбинаты, темір-бетон, қызыл, силикатты кірпіш зауыттары, «Транс Петролеум» |
Аммиак, көміртек оксидтері, шаң-тозаң, ауыр металдар, көмірсутектері. |
Павлодар |
АҚ «Қазақстан алюминийі», автокөлік, жылу электр орталығы, мұнай өңдеу зауыты |
Фторлы қосылыстар, көміртек, азот оксидтері, бенз(а)пирен, көмірсутектері, шаң |
Жезқазған |
Тау-кен металлургия комбинаты, жылу электр станциясы, кірпіш зауыты |
Күкірт оксидтері мен тұздары, мышьяк, ауыр металдар |
Қарағанды |
Синтетикалық каучук өндіретін зауыт, коксхимиялық өндіріс, металлургия комбинаты, автокөлік |
Көмір қышқыл газы, аммиак, күкірт қышқылының буы, күкіртті сутек, азот оксидтері, күйелер, көмірсутектер |
Семей |
Цемент зауыты, автокөлік |
Азот, күкірт, көміртек оксидтері, цемент шаңы, ауыр металдар, бенз(а)пирен, радиоактивті элементтер |
Рудный |
Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты, асбест комбинаты, кірпіш зауыты, темір-бетон конструкциялар комбинаты, машина жасау комбинаты |
Темір қосылыстары, шаң, күкірт, фосфор оксидтері, қорғасын, мырыш, көміртек оксиді |
Лисвковск |
Кен-байыту комбинаты, автокөлік |
Фосфор оксидтері, темір қосылыстары, шаң, көміртек, азот оксидтері, күйе |
Атап шыққан қалалардың көбінесе кейбір ластағынтардың мөлшер ШРК-дан асқан. Жалпы зиянды заттектерді шығарындылардан негігі үлес афтокөліктерге түсіреді. Қара жұмыс істейтін кісілер көміртек тотығын аз жұтса да инфаркт миокарда (жүрек бұлшықетінің жансыздануы) ауруына шалдығуы мүмкін.