Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:08, реферат
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos –ауа және phaira-шар,алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданытынауаны біз атмосфера деп атаи береміз Бірақ-та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераньң негізгі бөлігінің бірі ғана.атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабыкшасы. Ауа осы газды қабаттың жреге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғары биіктікке көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады.
[өңдеу]Әлемдік мұхит проблемалары.
Жер бетінің 2/3 бөлігін
алып жатқан Әлемдік мұхит - суының
салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар.
Мұхит суы планетадағы су қорының
97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының
тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар
белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз
етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда
негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың
жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені
планета атмосферасына түсетін оттегінің
70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің
нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы
тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын
болғандықтан, оны қорғау халықаралық
экологиялық өзекті мәселелердің бірі.
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен,
мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті
заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық
тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына
мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы
суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5
млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын
бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов
теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас
тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар
төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының
сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік
теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947
жылдары кеңес, ағылшын және американдық
команда басқармалары қолға түскен және
өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген)
300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды.
Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық
қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды.
Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық
оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты
зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа
апармайтыны белгілі.
Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай
жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа
жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай
өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың
екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде
теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні
жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден,
мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа
созылатын улы зат болып есептеледі. Судың
құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг
жағдайда планктон мен майда шабақтар
қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа
ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға
төгілуін нағыз экологиялық катастрофа
деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті
қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті
ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында
радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы
РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды.
Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып,
үстіне бетон құйып теңізге тастайтын
белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы
РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта
көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге
көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит
суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған
560 261 контейнер көмілген.
Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.
[өңдеу]Аймақтық экологиялық проблемалар
==Ормандардың азаюы.=
=
Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің
басты көзі және оттегі тепе-теңдігін
сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан
тропикалық ормандарды «планетаның жасыл
өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның
қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы
100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің
40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20
млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы
қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде
ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп,
жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап
жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика,
Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық
ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе
30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар
қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының
азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің
мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда
жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір
қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде,
яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі
бар.
Ормандардың жойылуының басты себептері:
орман алқаптарының ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға
сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп
қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен
масштабты жобаларының іске асуы.
Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін
мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау
жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы
үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде
үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы
мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа
шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты
тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді.
Дамушы елдердегі кедей халық санының
өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың
жойылуының тағы бір себебі болып табылады.
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка
және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл
тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының
30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады.
Коммерциялық орман дайындау жұмыстары
әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей,
экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.
БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясынан
(1992 ж.) соң дамушы елдер орман ресурстарын
сақтау проблемасы бойынша халықаралық
келісімге дайын екендіктерін растады.
1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия)
кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында
орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз
ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау
туралы халықаралық комитет құру жөнінде
ойлар айтылды.
Қазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап.
Мамандардың пікірінше, еліміз орман қорғау
ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта
қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман
саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері
ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды.
Әсіресе еліміздің орман қорының 40%-ын
құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады.
Ал сексеуілдің онсыз да эколоғиясы нашар,
ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда
өсетіні бәрімізғе белгілі. Айта кетерлігі,
1992 жылы орман көшеттерін отырғызу ісі
80,7 мың гектар болса, он жылдан сон 2002 жылы
бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.
Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы
кездегі атмосферада көмір қышқыл газы
мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның
көтерілуімен байланыстырады. Осыдан
бірін-бірі тудыратын проблемалардың
тізбегін жасау қиын емес: энергияның
көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды
шешу) - парникті эффект — су тапшылығы
— азық-түліктің жетіспеуі (өнімнің болмауы).
Соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-қа
көтерілді. Әсіресе 1995-1998 жылдары температура
қатты көтерілді. Көмір қышқыл газы, метан
және басқа да газдар жылу сәулелерін
сіңіріп парникті эффектіні (жылу эффектін)
күшейтуде. Одан да маңызды фактор - тұрмыстық
және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының
артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай,
АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты
суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді.
Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін
жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан
қазба суларын пайдалануға мәжбүр. Қытайдық
ұлы өзендерінің бірі Хуанхэ бұрынғыдай
Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана
жетеді- АҚШ-тағы ірі Колорадо өзені де
Тынық мұхитқа жылдағыдай құя бермейді.
Амудария мен Сырдария өзендері де бұрынғыдай
Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы
көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды
нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып
келуде.
[өңдеу]Шөлейттену
Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде.
Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі
елдеріндегі шөлейттенудің
Орта Азияның таулы
==Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар==
Тұрмыстық және өнеркәсіптік
қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын,
ауыл шаруашылығының басқа салаларында
өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы
пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс,
транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық
(коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі
заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана
және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын,
тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ
ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары)
қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің
көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы,
АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда
- 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді.
Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген
елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары
(тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла
бастады.
Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына
алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың
мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында
пайдаланылмай қалған улы химикаттар,
құрамында канцерогенді және мутагенді
заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары.
Бұрынғы КСРО территориясында химиялық
«тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып
кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және
басқа да обьектілер салынған көптеген
қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт
өте келе сол жердегі тұрғылықты халық
әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай
қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша
АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО,
Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның
өзінде - 3200 көзі бар.
[өңдеу]Өнеркәсіптік қалдықтар
Өнеркәсіптік
(өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды
орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін
толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан
шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар
қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз
(технологиялық шығындар: буға айналу,
бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін.
Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде
жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында
- 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160
млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі.
90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың
(2,2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы
өндіріс орындарының еншісіне тиді. ==Қала
экологиясы.==
Урбанизация (адамның планета территориясын
игеруі және өзіне қажетті обьектілерді
салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың
сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін
оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен
шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен
шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология)
саласы қарастырады. Қалалардағы адам
мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде
өмір сүретін тұрғындардың психологиялық,
әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді,
орнықты әлеуметтік және экономикалық
дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта
сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде
және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік
және әлеуметтік-экономикалық кешенді
факторлар болып табылады. Адамның қаладағы
өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден
тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт
және т.б), мәдени ландшафтар ортасының
(бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ
әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық
орталардың жиынтығы.
Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті
өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға
қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда
қалалар негізгі экологиялық мәселелердің
де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта
алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны
планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар
бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын
адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан
2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы
ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды
экологиялық қиыншылықтар байқала бастады,
олар:
қоршаған орта мен адам организміне түсуі;
тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;
ландшафтарға ауысуы;
сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).
Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар:
экологиялық факторларды біріктіру;
қаланы және оның маңайын жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен қамтамасыз ету;
пайдалануды, қалдықтарды және т.б. экологияландыру;
қалалық ортаны құруға қатысы
бар барлық адамдар санасында
экологиялық этика негізін
Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар алып жатқан территориялардың
үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда
- 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың
үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған
аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы
экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін
емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар
басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға
тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті.
Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік
тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында
қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға
көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны
1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге
дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз
ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда
бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып
жатыр.
Урбанизация процесінің дамуына байланысты
қалалық ортаның көптеген проблемалары
(урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық,
технологиялық, әлеуметтік, экологиялық)
пайда болды. Оның ішінде қала саны мен
көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының,
транспорттың, тұрғындар санының артуы
да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне
байланысты ауыл мен қала тұрғындарының
саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының
саны және қалалар саны мен көлемдері
де өсуде. Қала халқының сандық пайызы
әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай.
Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған
елдері - Солтүстік Америка мен Европаның
үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі
көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің
еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен
және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы
жүздеген километрге жететін урбанизацияланған
ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне
алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис
«Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы
біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн
адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория
Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді.
Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан
асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды
«жұтып қойды».