Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 10:54, курсовая работа
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD-проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип-чарттар (плакаттар), маркерлер, А-4 форматтағы қағаз болғаны дұрыс.
1. Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері..................................3
2. Case-study.................................................................................................6
3. Кейс- Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы....................10
4. Әдебиеттер...............................................................................................
Бұнымен қатар кейс – стадидің басқа да артықшылықтарын келтіруге болады:
Кейстерді сабақтарда келесідей тәртіпте қолдануға болады.
Оқытушы сабаққа дейін кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады. Кейс студенттерге сабақтан бұрын, әдетте бір-екі күн таратылып беріледі: олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс бойынша өзіндік пікір қалыптастырады.
Сабақта студенттер аудиториясы 4-5 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, 1,5-2 сағат ішінде кейсті талқылайды, онда қойылған мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіреді.
Студенттер толық құрамда бір аудиторияда жиналып, кейс бойынша пікірталас басталады. Мұнда әр топтан (спикерлер) шығып, топтың пікірі мен көзқарасын дәлелдейді. Дәлелдеуде алдын – ала әзірленген кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек. Басқа топтардың студенттері әр пікірді талқылауға қатысады, бір біріне сұрақ қойып, проблеманы шешудің басқа да варианттарын ұсынады. Студенттер өздерін белсенді ұстап, талқылау мен пікірталастан қалыс қалмау керек.
Пікірталас аяқталғаннан соң оқытушы сабақты сараптап, студенттердің көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді.
Студенттер өздері жасаған жұмысы туралы (пікірі, көзқарасы, шешімі) жазбаша есеп береді. Жазу уақыты мен форматын (көлемі және басқа да талаптар) оқытушы сабақтың мақсаттарына сай белгілейді.
Кейс-стадиде оқытушы талқылауды ұйымдастырушы және жүргізуші рөлдерін атқарады. Ол студенттерді өз көзқарасын қабылдауға күштемей, талқылау барысын сабақ мақсаттарында көрсетілген нәтижелеріне бағыттап отырады, барлық студенттердің пікірталастан тыс қалмай, жұмысқа белсене қатысуын қадағалайды.
Кейс-стадиді оқу процесінде қолданғанда келесі ережелерді ескерген орынды:
Кейстің форматы қандай болуы керек?
Ситуацияларды жан-жақты жазбаша сипаттайтын кейстердің шет елдерде кеңінен таралған форматы төмендегідей:
Мұнда кейстің атауы, авторы, жазылған жылы келтіріледі.
Негізгі объекттің даму тарихы сипатталып, басты белгілері суреттеледі, оқиғаның басталу уақыты көрсетіледі.
Ақпараттың негізгі бөлігі беріледі. Мұнда шешімі қажет проблема нақтыланып, оның қиындық туғызатын жерлері келтіріледі, студенттерге сұрақтар қойылып, тапсырмалар ұсынылады.
Ұсынылған проблеманы шешудің талаптары келтіріліп, студенттерге тапсырмалар беріледі.
Проблеманы шешу үшін қажетті ақпарат.
Кейсте қарастырылған нақты ситуациялар қандай болуы керек?
Практикалық маңызы бар бұл ситуация студенттік аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера тудыруы керек, яғни ол барлық студенттерге қызық болып, пікір алмасуы мен таластарға әкелуі керек.
Практикада кездесетін
ситуацияларды екі түрде
а. Өмірде болған оқиғалар мен әрекеттердің негізгінде («далалық»).
б. Жасанды ситуациялардың негізінде («кабинеттік»).
2. Ситуация бір нәрсеге үйретуі керек.
Ситуацияны талқылау
арқылы пән немесе тақырып бойынша
белгілі бір прагматикалық
Кейсте келтірілген оқиға аудиторияда талқыланып, ол жөнінде пікірталас ұйымдастырумен бірге бұл ситуация қандай да бір шешім қабылдаумен аяқталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, ситуация өзекті бір проблеманы шешуді талап етуі керек. Сол арқылы студенттер өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын ұштай түседі.
Ал ақпараттың көптігі, біріншіден, таңдауды қажет ететін болса, екіншіден, студенттерден де басқа ақпарат көздерін тауып, қолдану талап етуі керек.
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
2.2 Тасымалдаушы көліктердің ауа атмосферасына әсері.
2.3 Тасымалдаушы көліктің атмосфераны ластаушы қайнар көзі екенін сипаттау.
2.4 Газ балондарымен
жүретін автокөліктердің
3.Кейс - Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
Бұл ситуацияда студенттер «Экологиялық зиянды заттар», «Экология және тұрақты даму» пәндері бойынша теориялық білімдерді қандай деңгейде игергендігін практикалық әрекеттерді қолдану арқылы көрсету мүмкіндігін береді.
Кіріспе. Атмосфераның ластануы ГОСТ 17.21.04.77 келісім бойынша атмосфера құрамында әр түрлі қоспалардың болуы. Атмосфераның ластануына табиғаттың түрлі жағдайлары себеп болуы мүмкін (құмды дауылдар, әртүрлі шаң тозаңның пайда болуы) немесе адамның іс-әрекеттерінен атмосфера ластанады. Сондықтан адамның іс-әрекеттерінен кейбір аудандарда әр түрлі өнімдердің шығындыларын ашық тастай салу салдарынан атмосфера ластана бастайды.
Атмосфераның ластануын әр түрлі бөледі жаппай бүкіл әлем бойынша атмосфераның ластануы немесе қалалардың қоршаған ортаны әртүрлі қалдықтарын шығарып тастап атмосфераны ластауы. Атмосфераны ластау процесінің ерекше түрінің бірі ол бір уақытта өте үлкен аймақтың атмосфераның өзгеруі.
Негізгі бөлім.
Ситуацияны сипаттау.
Шымкент қаласы үлкен өндіріс орталығы онда 200 тарта өндіріс орындары орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының айналаны қорғау аймақтық басқару орталығының мәліметтеріне қарағанда ауаны латсаушы өндіріс болып есептелуші ол мұнайды қайта өңдеуші зауыт ТОО «Петро Қазақстан Ойл Продактс», металл өңдеу өндірісі және жлу энергетика объектілері АО «ПК Южполиметалл», ОАО «Шымкентцемент», ОАО «Энерго орталық-3». Мұнайды қайта өңдеуші зауыт ТОО «Петро Қазақстан Ойл Продактс» 2004 жылы атмосфераға – 9 мың.тонна, АО «ПК Южполиметалл» - 4,8 мың тонна, ОАО «Шымкентцемент»- 0,97 мың тонна, ОАО «Энерго орталық-3» - 6,6 мың тонна зиянды қалдықты атмосфераға шығарған. Өнім өндірісінің шығарған зиянды қалдықтарын классторға бөлсек:
І кл - АО «ПК Южполиметалл», ОАО «Шымкенттасбоцемент», ОАО «Химфарм», ОАО «Джин-Тэкс»;
ІІ кл – АО «Құрылыс материалы», ТОО КСМ ПТ «Аликулов и К»;
ІІІ кл – ТОО «Спецстрой», ТОО «Адал», ОАО «Алтын дән»;
IV кл – кіші және орта бизнес орталықтары, АЗС, СТО және т.б.
ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жағуға пайдаланатын отындары көмір, ал ОАО «Энергоорталық 3» - мазут.
Қалалық СЭС – тің мәліметтері бойынша АО ПК «Южполиметалл», АО «Химфарм», ЖЭО – 1, ЖЭО – 2, өндірістері қаланың қоныстанушы аймақтарына орналасқан, ал бұл өндіріс орталықтарының санитарлық қорғау істері әлі іске асырылмаған атмосфераны қорғау іс-шараларытолық көлемде орындалмай отыр.
Соңғы 5 жылда лас шығындылар
көлемі (1998-1999жж) қарағанда біршама
төмендеген еді, ол кейінгі жылдары
(2002-2007 жж) керісінше көтерілді. Шығындылардың
азайуының себептері ауа
Сұрақтар:
2. Адамның iс-əрекетiнiң ауа райы мен климатқа əсерi қандай?
3.Атмосфераға температураның əртүрлi инверсиялары қалай əсер етедi?
4.Атмосфералық ауаның
ластануы халық саны мен
5.Ауаны ластаушы қалдықтардан тазартудың негiзгi əдiстерi қандай?
Қорытынды бөлім.
Тапсырма.
1.Автотранспорттан қандай улы қалдықтар бөлiнетінін және улы қалдықтардан азайтуын анықтадыңыздар?
2.Атмосфераны ластаушы негiзгi факторларға көз жеткіздіңіздер?
Қосымша.
Атмосфераны ластаушы (ЗВ) зиянды заттарының ауаға таралу қала экономикасының қарқынды дамуы, құрылыс өндірісінің өркендеуі, автокөлік санының көбейуіне байланысты. Қазіргі кезде қала бойынша – 60,0 мың дана әр түрлі жеңіл, жүк көліктерінің саны тіркелген, ол 1999 жылы мұндай пайдаланушы автокөліктер – 34,0 мыңды құраған еді.
Автокөліктер санының қарқынды өсуі 200- ге тарта өндіріс орталықтарынын жұмыс істеуі атмосфераны ластаушы орталықтарының жұмыс істеуі атмосфераны ластаушы орталық болып есептеледі, және жаңа құрылыс аймақтары жақсы аяқталмаған құрылыстар (шағын мөлтек аудандар) және де басқа. Қаланың құрылысы аяқталған аймақтарының зиянды қалдықтары атмосфераға тарап ол қоршаған ортаны бүлдіріп адам ден саулығына зиян келтіруде.
Атмосфераның ластануын және оның ішіндегі қоспаларды олардың концентрациясына қарап ластану деңгейінің санын анықтайды оның таралу аймағын уақытына қарай анықтайды. Сондықтан атмосфера фонының ластану деңгейін зиянды қоспалар концентрациясының ұзақ уақыттағы жиынтығы (ай, жыл) нәтижесінде анықтайды.
Қаланың атмосферасының ластануын мемлекеттік бақылау жүйесі тіркеп отыртады. Шымкентте – 2006 ж. Казгидрометтің мәліметтері бойынша 4 бақылау орындары арқылы бақылау жүргізіледі:
№ 1 пункт – Абай проспекті, 1 май көшесінің қиялысы;
№ 2 пункт – Ордабасы даңғылы;
№ 3 пункт Попов көшесі қиылысы (№62) және Сайрам көшесі.
№ 8 пункт – Сайрам көшесінің қиялысы және Манкент тас жолы.
Бақылау негізін төрт
ауданы латсаушылар негізінен
Төмендегі В кестесінде ауа атмосферасындағы осы заттар концентрациясының мәліметтері келтірілген, бұл арқылы қаланың атмосферасын ластаушы ингредиенттердің деңгейінің жоғарылығына куә боламыз. Әсіресе шаң , азот диоксиді, сирек көміртегі оксиді.
Информация о работе Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы