Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 10:54, курсовая работа
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD-проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип-чарттар (плакаттар), маркерлер, А-4 форматтағы қағаз болғаны дұрыс.
1. Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері..................................3
2. Case-study.................................................................................................6
3. Кейс- Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы....................10
4. Әдебиеттер...............................................................................................
Ф.7.11.-19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС ЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жайназарова Жанар
Пән: «Экология және тұрақты даму»
КЕЙС
Тақырыбы: Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы
Шымкент, 2011ж.
Мазмұны
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD-проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип-чарттар (плакаттар), маркерлер, А-4 форматтағы қағаз болғаны дұрыс.
Аудитория үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мысалы, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі ықтимал, сол себептен парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.
Әдетте аудиторияда студенттер партаға екеуден отырып, жүздерін оқытушы жаққа беріп отырады. Бұлай отыру олардың бір бірімен қоян қолтық араласып, тиімді қарым қатынас жүргізуіне мүмкіндік бермейді: алда немесе арт жақта отырғанмен қалайша әңгімелесуге болады? Отырғанда студенттер бір бірінің жүздерін көргені дұрыс, өйткені олардың әңгімелесетін, қандай да болмасын мәселені талқылайтын серіктері өз жолдастары болады.
Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бәрі де бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.
Екінші ереже. Топқа бөлу.
Әр сабақта (әсіресе
семинар мен практикалық
Топқа бөлу әдетте кездейсоқ
түрде жасалады. Алайда семестр бойы
бір студент жолдастарының
Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.
Үшінші ереже. Мақсаттарды
және күтілетін нәтижелерді
Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтілетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіден өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар төңірегінде ой толғаныс жасауға шақырады.
Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап (силлабуста келтірілгендерден басқа), оларды әрі қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емес, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейілінше қадағалауға тырысады.
Ережелер сан алуан болуы мүмкін, мысалы, жұмыс регламенті, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста сыйласымды қарым қатынас құруға бағытталуы керек.
Мысалы:
Бесінші ереже. Сенім мен жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Үйренушілерді психлологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрін дерлік оқуға белсенді араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері:
Үйренушілердің сабақ
барысында барлық шарттылықтардан
арылып, ойлау аппаратын
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады.
Интербелсенді әдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсенді қатысуы қажет. Сондықтан сабақтың басты тәсілі ертінде топтық жұмыстарды таңдау қажет.
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады.
Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірлерін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Мұндайда барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.
Топтық бірлескен жұмыстан соң әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру қажет. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (оны «сөйлеуші», «шешен», «спикер», «капитан» деп атауға болады) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазбаша жұмыстар (жазу) – ойлаудың шырқау биігі. Сондықтан әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Ал үйренушінің бүгінгі сабақта қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады.
Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың мазмұны мен әдіс тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің ой пікірлері мен эмоциялары, олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы) өз мұқтаждарын келтіруі. Бұл пікірлер оқытушыға өткізілген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.
Үйренушілер «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсе білдіңіз?», «Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап берумен жалғастыруы мүмкін. Жауаптарды, мысалы, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша беруге болады. Әдетте жауаптар анонимді түрде беріледі.
«Шығу парақтарында» студенттердің сабақ бойынша келесідей сауалдарға жауап бергені орынды:
Әр «Шығу парақтарында» үш сұрақтан аспағаны жөн.
Үйренушілердің пікірлері мен қойған сұрақтары оқытушы тарапынан ескеріліп, келесі сабақта соларға жауап берумен бастау мүмкіншілігін береді.
Кері байланыс ұстаз
бен студенттердің арасында сенімге
негізделген қарым қатынас
Case-study – таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдайларды) практикалық тұрғыдан талдау мен олардың өмірде кездесетін түрде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделген.
Ағылшын тілінен аударғанда, «кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» деген мағынаны білдіреді. Сонда «кейс» деген сөз жағдайды (ситуацияны) сипаттауды, суреттеуді білдіреді. Ал кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың формасы.
Кейс-стади мақсаты – студенттерді келесідей әрекеттерге жұмылдыру:
Кейс-стади практикалық мәселерді жан жақты қарастыру арқылы пәннің теориялық мазмұнын толықтырады. Кейс-стади арқылы өмірде туындайтын проблемаларға жауап іздеу арқылы студенттер ертеңгі өмірде кездесуі мүмкін жағдайлар мен мәселердің дұрыс шешімін табуға жаттығады.
Бүгінгі күні кейс-стадидің
негізгі екі мектебі қалыптасқа
Кейс-стадидің басты қағидасы «Ақиқатты іздену – ақиқаттың өзінен де маңызды» деп тұжырымдауға болады, өйткені бұл әдіс оқу/үйренуді іздену процесі ретінде қарастырады: оның негізін проблема шешу деп танып, талқылау мен пікірталасты, шешім қабылдауды оның басты құралдары қатарына жатқызады.
Кейс-стади әртүрлі әдістер мен тәсілдерді біртұтас күрделі жүйеге біріктіреді. Олардың қатарына келесідей бірлескен жұмыс тәсілдерін жатқызуға болады:
Информация о работе Атмосфера және атмосфера ауасының ластануы