Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 15:28, курсовая работа

Описание работы

Амазонка ойпаты – бұл батпақтар мен джунглилер патшалығы, жер шарындағы ең үлкен ойпат болып табылады. Бұл жұмыстың тақырабы – “Амазонка ойпатының кешенді сипаттамасы”.
Бұл тақырыптың ең өзектісі сол, қазіргі кезде Амазонка ойпатының табиғат кешендері деградацияға ұшырап отыр.
Жұмыстың мақсаты – Амазонка ойпатына кешенді сипаттама жасап, осы аймақтық геоэкологиялық проблемаларын анықтау.
Жұмыстың міндеті – осы аймаққа қатысты ғылыми – көпшілік әдебиеттерді оқып, осы ауданның табиғи – ресурстың қуатына баға беру, табиғатты қорғау, орманды кесу қарқынын төмендетуге бағытталған ұсыныстарға талдау жасау.

Содержание

Кіріспе
1 тарау.Физикалық – географиялық жағдайы
1.1. Географиялық орны, геологиялық құрлысы, жер бедері
1.2. Климаты
1.3. Ішкі сулары
1.4.Топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі

2 тарау. Табиғат ресурстары
2.1. Минералды ресурстары
2.2. Агроклиматтық ресурстары
2.3. Су ресурстары
2.4. Жер ресурстары

3 тарау. Табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
3.1. Өсімдіктре дүниесі және адам
3.2. Орман және адам қызметі
3.3. Тропикалық ормандардың құрып бітуін қалай тоқтатуға болады
3.4. Орманды өрттен қорғау
3.5. Орманды зиянкес жәндіктер мен аурудан қорғау
3.6. Орманды қорғау шаралары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Амазонка.doc

— 141.00 Кб (Скачать)

Орманды қалпына келтіру өте қиын жұмыс. Соған қарамастан, орманды ағаш кесілген жерлерде, жазық алаңқайларға ағаш тұқымын себу, құндылығы шамалы ағаштарды қайта өзгерту, түлету арқылы қалпына келтіреді. Ресейде орманды қалпына келтіру жұмысының көлемі жыл сайын ұлғаюда. Жоғары сапалы агротехника орман ағаштарының жақсы өсуін қамтамасыз етеді. Мемлекетік маңызы бар ормандардағы шарушылық тұрғыдан бағалы ағаштардың түр құрамы:  қарағай (48-51паыз), шырша (27-29 пайыз), балқарағай (2,5-3,2пайыз), емен (3,0-3,5пайыз), өрік тұқымдас және басқа да мәдени өсімдіктер. Қазақстан мен Орта Азиядағы шөлейтті және шөлді аудандарды жыл сайын 100 мың га жерге құм тоқтатушы ағаштардың түрлері сксеуіл, черкез, қандым отырғызылады.

Бұл ағаштар құмды тоқтататын, бекітіп, микроклиматты өзгертіп, осы ірі мал шаруашылықты ауданның жем – шөп қорын жақсартады. Бағалы өрік тұқымдас ағаштарды плантациялық әдіс арқылы өсіруге көп көңіл бөлінеді.

Осындай орманды жасанды жолмен, қолдан өсіру арқылы қалпына келтірумен бірге, орманның табиғи жолмен қалпына келтіру жұмыстары да кең таралғаг, оған шаруашылық маңызы бар бағалы ағаш тұқымдардың һз бетіменн өсіп шыққан өскіндерін күтіп-баптау жатады. Орманда ағаш кескен кезде өсіп келе жатқан балапан ағаштардың сақталуына көп көңіл бөлу керек. Орман өнімділігін арттырудағы маңызды факторларға, оның түр құрамын байытуда, ағаштардың жаңа бағалы тұқымдарын, түрлерін, гибридтерін, инфрадуценттерін шығару жатады. Ағаштардың түр жағын алуан түрлі болуы бағалы ағаш түрлерін іріктеу, жаңа теориялық  негіз бойынша жүзеге асырылады. Оның негізіне ағаштарын табиғи популяциларының фенотиптік және генотиптік құрамына талдау жасау, биотипке салыстырмалы талдау жасау арқылы ерекше бағалы белгісін бөліп алу жатыр.

Гибрид түрлерді бағалауда, бағалы ағаш түрлерін сұрыптауды, ағаштардың жасының сандық немесе технологиялық піскен жоғары өнімділігіне ғанг емес, сонымен бірге онтогенездің бастапқы кезеңінде өсімдіктің жоғары қарқындылықпен өсу ерекшелігіне де назар аудару керек. Бұл ағаш кесу айналымы қысқа жоғары қарқынды плантациялар үшін қажет.

Плантация – бұл орман шаруашылығындағы өсімдік өсірудің ерекше формасы, өнімнің белгілі бір түрін өсірумен айналысады. Плантацияларда агротехникалық шаралар қолданылады және орман шаруашылығы өндірісін интенсивтендіру мен мамандандырудың қуатты күші болып табылады.

Болашақтың орманын өсіру бағдарламасы ұзақ уақытқа есептелген. Ормандағы ағаштардың түрі ерекше, әдеттегі ағаш түрлеріндей емес, өнімділігі жоғары, тез өсетін ағаштар. Еліміздің орман қызметінде жұмыс істьейтіндердің алдынд тұрған міндет – селекциялық негізде ағаш тұқымдарының тұрақты базасын жасау. Бұл жұмыстың 1 кезеңі – орманның ағаштарын селекциялық-генетикалық тұрғыдан тексеру.

Маман қызметкерлер ағаштың ең жақсы түрлерін анықтап, іріктейді. Олардан алынған тұқымдар мен өскіндер болашақ орман массивтерінің негізін құрайды. Тізімге 9 мың элиталық ағаштар мен 3,3 мың плюс ағаштары енгізілген. 1,4 мың га жерге алғашқы тұқымдық плантацилардың негізі қаланды, 84 мың га тұқымдық бөліктер.

Орман шаруашылығын дұрыс жүргізсе, орманның сапасы жақсарып, өнімділігі артады.

Солтүстікте орналасқан ормандарға қарым-қатынасты түбегейлі өзгрту қажет. Тундра зонасының алдындағы, орманды тундрада ағаштардың өсуі Оңтүстікке қарағанда екі есе төмен, сондықтан бұл жерде ағаш кесу өте қауіпті, өйикені орман сол жерден климаттың қалыптастыратын басты фактордың бірі.

Қазіргі кезде біздің елімізде орманды пайдаланушыларға қатаң талаптар қойылады. Ағаш кесуге бөлінген жерлердегі ағашты тиімді пайдалануға, кесілмей қалған ағаш қалдыруға болмайды, дайындалған ағашты тастап кетуге, топырақ эрозиясына ұшырататын ағаш кесу әдістерін пайдалануға быйым салынады, орманды қалпына келтіру үшін қажетті жағдайларды сол бөлінген жерлерде қамтамасыз етуге міндетті.

Ресейде орман шикізат ресурстарын ұқыпты, тиімді пайдаланудың құқықтық талаптары бекітілген. Орман кесудің жыл сайынғы ғылыми түрде негізделген оңтайлы нормаларын сақтау және тағайындау тіртібі енгізілген.

Орманды пайдаланудың белгілі бір тәртібі орманның экологиялық ролін есепке ала отырып қарастырылған.

Ағаш өнімдеріне деген сұранысты, орманды кесу арқылы емес, ағаш сүрегін тиімді пайдалану, толық пайдалану арқылы қанағаттандыру.

Негізгі бағыты – аз қалдықты, немесе қалдықсыз технологияға көшу. Біздің еліміздле орман итнсдустриның кәсіпорындарын қайта жарақтандырудың, жабдықтардың қарқыны көтерілуде. Ағаш плиталарын, жиһаз жасау, ағаш қалдықтарынан өндірілетін өнімдердің түрлері көбеюде.

Дүниежүзілік орман шаруашылығындағы негізгі бағыт – орманды аз кесіп, оны толық әрі тиімді пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Амазонка ойпаты туралы әдеби түпнұсқаларды оқып, оның табиғи – ресурстық қуатына баға бере отырып, оның ауданының ормансыздануын көріп, мынадай қорытынды жасауға болады:

Антропогендік әсер ету, Амазонияның табиғатына өте үлкен зиян шектіруде, халық санының өсуі нәтижесінде орман алқаптарындағы ағаштардың қырқылуы, жайылым және егістік жерлер ауданының ұлғаюы.

1978 – 1994 жылдар аралығында жердің жасанды серіктерінің мәліметтеріне талдау жасаудың негізінде, ормансыздану жылдамдығы жылына 15 – 20 мың км2 алқапты қамтитынын көрсетті. Бұл экологиялық тұрғыдан алып қарағанда Амазонка ойпатының  табиғат кешеніне өте үлкен зардабын тигізуде.

Орман – жердегі өсімдік жамылғысының ең басты түрі, жердегі ең ежелгі шикізат – ағаш сүрегінің бастауы, пайдалы өсімдік өнімдерінің бастауы, жануарлардың өмір сүру ортасы.

Біз орманды қорғауымыз керек, орманды көздің қарашығындай сақтауымыз керек, өйткені ормансыз, өсімдіктерсіз жерде тіршіліктің болуы екіталай, өйткені орман – планетаның өкпесі, тіршілік үшін қажетті ауаның құрамындағы «оттегінің фабрикасы». Бірақ, өкінішке орай, орман кесушілер, сату үшін немесе баю үшін ағашты кесіп жатқан кезде, бұл туралы ойламайды да. Орманды сақтау туралы, қорғау туралы сөздердің бәрі жалаң сөзге, құрғақ сөзге айналған сияқты. Бұл іске мемлекет тарапынан нақты көңіл бөліп, қолға алған кезде ғана оң нәтиже күтуге болады, әйтпесе басқа елдер, өздерінің орман ресурстарын сақтап отырған, біздің орман өнімдерін өте арзан бағаға сатып алып, байығанның үстіне байи береді.

Бұл іске біздің үкімет назар аударған кезде, оның кеш болматынына кім кепіл?!

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.      Алисов Б. П., Полтораус Б. В., Климатология. – М: изд.МГУ, 1974.

2.      Бобринский Н. А., Гладков Н. А. География животных. – М: просвещение, 1961.

3.      Вальтер Т. Растительность земного шара. Т1 (тропические и субтропические зоны). – М: Прогресс, 1968.

4.      Власова Т. В. Физическая география материков (с прилегающими частями океанов) В 2 ч. Ч.2 Южная Америка, Африка, Австралия, океания, антарктида. – М: просвещение, 1986.

5.      Второв П. П., Дроздов Н. Н. Биогеография материков. – М: Просвещение, 1977.

6.      Дорст Н. Южная и центральная Америка. – М: Прогресс, 1974.

7.      Львович М. Н. Мировые водные ресурсы. – М: Мысль, 1974.

 



Информация о работе Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар