Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 15:28, курсовая работа
Амазонка ойпаты – бұл батпақтар мен джунглилер патшалығы, жер шарындағы ең үлкен ойпат болып табылады. Бұл жұмыстың тақырабы – “Амазонка ойпатының кешенді сипаттамасы”.
Бұл тақырыптың ең өзектісі сол, қазіргі кезде Амазонка ойпатының табиғат кешендері деградацияға ұшырап отыр.
Жұмыстың мақсаты – Амазонка ойпатына кешенді сипаттама жасап, осы аймақтық геоэкологиялық проблемаларын анықтау.
Жұмыстың міндеті – осы аймаққа қатысты ғылыми – көпшілік әдебиеттерді оқып, осы ауданның табиғи – ресурстың қуатына баға беру, табиғатты қорғау, орманды кесу қарқынын төмендетуге бағытталған ұсыныстарға талдау жасау.
Кіріспе
1 тарау.Физикалық – географиялық жағдайы
1.1. Географиялық орны, геологиялық құрлысы, жер бедері
1.2. Климаты
1.3. Ішкі сулары
1.4.Топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі
2 тарау. Табиғат ресурстары
2.1. Минералды ресурстары
2.2. Агроклиматтық ресурстары
2.3. Су ресурстары
2.4. Жер ресурстары
3 тарау. Табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
3.1. Өсімдіктре дүниесі және адам
3.2. Орман және адам қызметі
3.3. Тропикалық ормандардың құрып бітуін қалай тоқтатуға болады
3.4. Орманды өрттен қорғау
3.5. Орманды зиянкес жәндіктер мен аурудан қорғау
3.6. Орманды қорғау шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қала халқының артуына, өндіріс орталықтарының өсуіне байланысты ерекше қарқынмен дамып келе жатқан урбанизация жағдайында, қала халқының табиғат аясында демалуға ұмтылысы да артуда. Қысқа мерзімді уақытта табиғат аясында болудың өзі ағзаға үлкен қуат береді, яғни орманның ағзаны сауықтандандыру көрсеткіші ерекше, атап айтқанда жүрек қызметі, тыныс алу органдарымен жұмысы қан айналымы жақсарып, адамның көңіл күйі, жұмыс қабілеті жақсарады, ми қабатының қозғыштығы жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді. Орман массивтері мен қала маңындағы орманның халықтың жаппай дем алатын орнына айналуының салдары ретінде, демалушылардың қоршаған ортаға келитіретін экологиялық зиянын атап айтуға болады:
Табиғи орманның санитарлық-гигиеналық жағдайы топырақ қабаттарының, су қорының ластауы табиғат сұлулығына келтірген зиян. Осының бәрін болдырмау үшін шаруашылықты жүргізудің ерекше режимі, аймақты ұйымдастырудың кәсіби формалары және үздіксіз бақылау қажет. Өзендердің гидрологиялық режимін қалыпты жағдайда ұстауда, топырақты эррозия мен дефляциядан сақтауды, құрғақшылықтан сақтану үшін орманның ролі ерекше. Сондықтан су қоймалары өзендер мен көлдер, каналдардың жағасына орман отырғызу жұмыстары ерекше қарқын алуда. Орман белдеулері су көздерін ластанудан сақтап, табиғи фильтр (сүзгі) қызметін атқарады.
3. 2. Орман және адам қызметі.
Қоғамдағы эволюциялық процесске байланысты адамның табиғатқа, оның ішінде орманға әсер ету сипаты мен масштабы (өлшемі) өзгерді, ғалымдар аң аулау, балық аулау кезінде алғашқы антропогендік экологиялық дағдарыс болған деп есептейді, Европаның жазықтағы орманы кесу мен оттың салдарынан азайса, адамзат қоғамының мал шаруашылығ мен жер өңдеу, егін салудың дамуына байланысты, орман алқабының ауданы екі есе кеміген. Осы тарихи период аралығында аралас және жалпақ жапырақты орман жерінің ауданы 40-50 пайызға муссонды орман алқабы 85-90 пайызға Жерорта теңізі құрғақ орман алқабы 70-80 пайызға кеміді. Орманды кесу темпі артуда, жылына орман алқабы 200 мың кв.км-ге кеміді. Әсіресе тропикалық орманның жағдайы алаңдатады. Бұл жерде минутына 15-20 га орман алқабын құрту фактісі келтірілген. Орманның ең қауіпті жауы өрт, оны топырақтың эррозиясы мен салыстыруға болады. Сондай-ақ автомобиль қозғалысы өте жоғары ірі автомагистральға жақын орналасқан орманға ауа құрамындағы қорғасын үлкен зиян келтіреді, өсімдік тканіне өткен қорғасынның салдарынан ормандар құрып кетеді. Орман өсімдіктеріне цемент зауыттарынан ұшатын шаң тозаң құрамындағы ізбес, кремний, т.б. заттардың келтіретін зияны еркеше, оның салдарынан өскіншелер бітеліп, хлорофил бұзылады да, бетінде қабық пайда болады. Соның ішінде: қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан 322,2 орман өртінің салдарынан 243,8 зиянды жәндіктерден зақымдану 16,7 бактериялық грибок ауруларынан 1,7 тұяқты жануарлар мен кемірушілерден зақымдану 9,7 антропогендік факторлар, 1,3 оның ішінде өндріс қалдықтары 0,7.
Соңғы жылдардағы алаңдататын құбылыстардың бірі – орманның құруы, оның салдарынан орман ішіндегі барлық экожүйебайланыс бұзылады. Орманның құруының негізгі себебі қоршаған ортаның өндіріс қалдықтары мен ластануы: қышқыл жаңбыр; ауа құрамындағы улы заттар, жоғары кернеулі электр тогы, радиактивтілік, климаттық факторлар, зақымданған ағаштарды паразиттері насекомдар көбейіп, ауру ағаштар саны артады.
Орман өртінің қаупі, ағаштардың құлауы артып, ағаштың сапасы төмендейді, экожүйе ыдырап, соңында құрып бітеді. Орманға төніп тұрған қауіптің үлкен масштабы мен жоғары темпі, оның себептерінің алуан түрлілігі орманды сақтауға бағытталған нқты шараларды жүргізуге кедергі келтіреді. Орманның құрып кетуіне әкелетін тұрақты себептердің бірі – ірі-қара малдардың жайылымы мен жабайы аңдардың зияны.
Амазония.
Амазонканың сегіз мемлекеттің территоиясынан өтетін – Боливия, Бразилия, венесуелла, Колумбия, Перу, Эквадор, Гаянна, Суринаж – 7 млн.кв.километр алқапты алып жатқан тропикалық орманы – таңғажайып, әрі ерекше.
Амазония жер шарының қайталанбас нүктесі десе де болады. Табиғатта дәл осындай жер жоқ. Амазония несімен ерекше? Амазония жер шарындағы ең үлкен ойпат, ең үлкен өзенде, ең ну тропикалық орман да осы жерде бүкіл европада 200-ге жуық ағаш түрі болса, Амазонияның бір өзінде 4000 ағаш түрі өседі, өсімдіктер дүниесінің азғана түрі зерттелді, соның өзінде жаңа медициналық препараттардың және ауыл шаруашылық дақылдарының негізі болып табылады. Табиғаттың осы бір таңғажайып бұрышына да өрт пен балтаның қаупі төніп тұр. Амазония планетаның климатына үлкен әсер етеді, бұл жер биосфераның өте маңызды әрі күрделі бөлігі. Егер оның қалыпты жұмысы бұзылса, онда оның салдары планетадағы тіршілік үшін аса қауіпті. әсіресе Амазониядағы орман өрттері алаңдатады, себебі көмірқышқыл газы бүкіл тропикалық орман алқабының үстін алып жатыр, бұл орманды плантацияға арналған жер бөлігін алу үшін әдейі өртейді. Тіпті кейбір айда мұндай өрттердің саны 8000-ға дейін жетеді. Тропикалық орман тағдырын шешу үшін Оңтүстік Америкадағы 8 мемлекет 1989 жылы «Амазонка декларациясын» қабылдады. Бұл құжат Амазонка аймаағының экологиялық және мәдени бай лығын сақтауға, әлеуметтік экономикалық даму міндеттеріне тиімді көзқараспен сол жерде мекендейтін үнді тайпаларының халқының құқықтарын қорғауға шақырады.
3.3. Тропикалық ормандардың құрып бітуін қалай тоқтатуға болады?
Дүниежүзілік банк, БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы тропикалық орманның жаппай құрып кетуін тоқтату үшін көптеген қаржы мен интеллекталдық күш жұмсады. 1968 жылдан 1980 жылдар аралығында Дүниежүщзілік банк 1млн.154 мың 900 АҚШ долларын орманды қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсады. Бірақ проблеманы шешуге қаншалықты әсер еткені белгісіз.
Жүргізіліп жатқан шаралардың тиімсіздігінің бір себебі қаржының үлкен бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған проектілерге жұмсалады, себебі халықты азық-түліпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ал екінші себебі бөлінген қаржылар кейде алдымен орманды кесуге жұмсалады, тиісті орындар алдымен ағашты кесіп, оның пайдасын көруді жоспарлайды, содан соң қарызға алған қаражатты пайдаланып, кесілген орманды қалпына келтіру бағдарламасы жүзеге асуға кіріседі, нәтижесінде қарыз мөлшері екі есе артады.
1984 жылы Гаппи (Gappy, 1984) мұнай өндіретін және экспортқа шығаратын ОПЭК ұйымының елдері сияқты, ағаш сүрегін өндіретін ОТЭК елдері ұйымын құру қажет деген ұсыныс енгізді. Гаппидің пікірі бойынша, дүниежүзілік нарықта тропиктің ормандардың ағаш сүрегінің бағасы өте төмен екен. Орман кесу кезінде ағаш дайындаушылардың назарына ағаштардың 10 пайызға ғана ілігеді екен. Орманда өсетін ағаштардың қалған 55 пайызы бүлінуге ұшырайды, 35 пайызы өсіп өнеді. Нарықта сатылмай қалған ағаштардың көпшілігі пайдалануға жарамды, экспортқа шығаруға болады. Бірақ нарықтағы баға ағаш сүрегін тасымалдауға кеткен шығынды ақтамайды. Дүниежүзілік нарықта тропиктің ормандардың ағаш сүрегін сатудан түсетін пайда тым аз, орман массивтерін сақтау және дамыту жобалары, ауыл шаруашылығын дамыту, СЭС-тар үшін бөгендер құрылысын салу немесе дамытуын басқа жоспар, жобалармен бәсекелесе алмайды.
Гаппидің ұсынған ұйымы, дүниежүзілік нарықта ағаш сүрегінің бағасын көтеру арқылы, орман массивтерінің сақтаудың маңыздылығын көтеруге жағдай жасау, орманды қалпына келтіру жобаларын жүзеге асыруға мүмкіншілік берер еді.
Бұл жол тропиктік ормандарды құтқара ала ма – оны болашақ көрсетеді. Бірақ бұл жоспар, өте маңызды бір талапты анықтайды: жоспардың жүзеге асуы, яғни өсімдіктер мен жануарлардың жайылып бара жатқан түрлерін сақтау қиындығы, осыны жүзеге асыруға дайын емес жер шары халқының иығынап ауыр жүк болып тұр, турасын айтқанда дамушы елдердің арқалаған жүгі болып тұрғандығында.
3.4. Орманды өрттен қорғау
Жер шары ормандары өрттен көп зардап шегеді. Ормандағы өрттен жыл сайын 2 млн. тонна органикалық заттар жойылады. Өрт орман шаруашылығына өте үлкен зиян тигізеді: оның салдары мынадай: ағаштардың өсуі тежеледі, ормандағы ағаштардың құрамы нашарлайды, топырақ жағдайы нашарлайды, сынған ағаштардың, құлаған ағаштардың қалдықтары ұзақ уақыт сақталып, зиянкес жәндіктер мен ағаш бүлдіретін саңырауқұлақтардың кеңінен таралуына жағдай жасайды. Әлеуметтік статистика мәліметтері бойынша, ормандағы өрттің 97 пайызы адамның іс-әрекетінен, ал қалған 3 пайызы найзағайдың соғуынан болады екен. Өрт жалыны жанындағы флора мен фаунаны жоқ етіп, өртеп жібереді.
Ормандардың өртке қарсы тұрақтылығын көтеру үшін, өртке қарсы кедергілер жүйесін, су қоймалары мен жолдар жүйесін құрып, орманды қоқыстардан тазартады.
Ормандағы өртті орман күзетінің жұмысшылары арқылы немесе өртті бақылайтын арнайы стационарлық пункттердің көмегімен анықтайды.
Орман өрт сөндіру бөлімшелері – автоцистерналар, грунтомердермен, көбік генераторлары, вездеходтармен жарақтандырылған.
Жасанды жауын – шашын тудыратын және қопарғыш заттардың балы зарядтары да кеңінен қолданылады. Өртті бақылаушылардың еңбегін жеңілдету мақсатында телевизиялық аппаратуралар енгізілуде. Орман үстіндегі қою қара түтін жағдайында ауадан өрт ошағын анықтау үшін инфрақызыл авиадетектор қолдану қарастырылған. Жердің жасанды серіктерінен алынатын хабарлар қолданылады. Ормандағы өрт ошағын анықтап, сөндірудің жеделдігін көтеру үшін авиациялық орман күзеті бөлімшелерінің оңтайлы жұмыс тәртібін компьютердің көмегімен есептеп, енгізу керек. Солтүстік Сібір мен қиыр Шығыстың халық аз қоныстанған аудандарында орманды күзету үшін десант-өрт сөндірушілер мен парашютисттерден тұратын тобы бар ұшақтар мен тік ұшақтар пайдаланылады.
Орман өртке жанып жатқан бөліктің шекарасында топыраққа дер кезінде енгізілген арзан әрі залалсыз блинофит ерітіндісі тосқауыл бола алады.
Өрттің алдын алу үшін, бұқаралық ақпарат құралдары, радио, телевидение, баспасөз арқылы өртке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Орман шаруашылығының қызметкерлері халықты, орман кәсіпшілігінің жұмысшыларын, әртүрлі экспедиция мүшелерін, демалушы туристерді ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарымен таныстырып, осы ережені бұзған жағдайда заңға сәйкес қандай шаралар қолданылатыны ескертіледі.
3.5. Орманды зиянкес жәндіктер мен аурудан қорғау
Орман ағаштарын зиянкес жәндіктердің жаппай көбеюі мен, олар тудыратын аурулардан қорғау үшін алдын алу үшін арнайы іс-шаралар қолданылады. Зиянкестерді және ауруарды құрту шаралары дұрыс қолданылып, уақытында жүргізілгенде ғана тиімді. Қорғау шараларының алдында орманда энтомологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зиянкес жәндіктер мен ауру ағаштардың таралу аймағын анықтау қажет. Жиналған мәліметтер негізінде қандай қорғау шарасын пайдаланған тиімді екендігі шешіледі.
Техникалық тұрғыда қолданылуы мен іс-әрекет принципіне қарай зиянкестерге және ауру ағаштарға қарсы күрес шаралары мынадай топтарға бөлінеді: орманшаруашылық, биологиялық, химиялық, физикамеханикалық және карантиндік. Орманды қорғаудың бұндай әдістері іс жүзінде кешенді түрде қолданылады. Күрес әдістерін тиімді құрамдастыру арқылы жүргізу зиянкес организмдердің өмір сүру әрекетін жоюды өте жақсы нәтиже береді.
Орман шаруашылығық шаралары ормн қорғау ісінде профилактикалық мақсатты көздейді: олар зиянкес жәндіктер мен аурулардың таралуының алдын алады, өсімдіктердің биологиялық беріктігін көтереді. Питомниктер жасау мен орманның мәдени өсімдіктерін қолдау отырғызу кезінде жоғары сапалы тұқымдар таңдап алынады. Ағаш тұқымын себу мен өскіндерін отырғызу кзінде барлық агротехникалық әдістер есепке алынады, олай болмаған жағдайда, өсімдіктің топыраққа үйреніп өсіп өнуі нашарлайды және ауруға шалдығу, зиянкестердің бүлдіру әрекетіне қолайлы жағдай қалыптасады. Биологиялық әдістердің негізінде паразит насекомдар (энтомофагтар) мен жыртқыш жәндіктерді патогенді бактериялар мен вирустарды, жәндіктермен қоректенетін құстар мен аңдарды зиянкес жәндіктерден орманды қорғау үшін пайдалану жатыр.
Әсіресе, патогенді микроорганизмдерді қолдануға негізделген микробиометодәдісі өте маңызды. Дендробацилин, инсектин, таксобактерин, экзотоксин, битотоксибацилин, гомелин және т.б. бактериалық препараттар қатары ұсынылады. Орманды қорғау ісі қоршаған орта мен адам ағзасына зиянды әсер етпеуі керек.
Зиянкес жәндіктер мен ауруға қарсы химиялық әдіс, жәндіктерге қарсы – инсектицидтер, зең ауруын туғызатын саңырауқұлақтарға қарсы – фунгецидтер деп аталатын улы заттарды қолдануға негізделген. Бұл әдісте улы заттар ұшақтар мен тікұшақтар көмегімен зиянкес жәндіктер мен аурулар тараған орман аумағына шашылады. Физика-механикалық әдісте жібек көбелегінің жұмыртқа салған жерін тауып, қыру, златогузканың өрмекші ұясын салған ағаш өскіндерін кесіп алып тастау, зиянкес жәндіктердің личинкаларын теру және т.б жатады. Бұл әдіс еңбекті қажет ететін жұмыс болғандықтан, орманның шағын учаскесінде жүргізу тиімді.
3.6. Орманды қорғау шаралары
Орманды қорғаудың ең басты міндеті, оны тиімді пайдалану және қалпына келтіру болып табылады. Әсіресе орманы аз аймақтардағы орманды қорғау мәселесі өте маңызды, өйткені суды, топырақты қорғауда, тазалық сақтау, денсаулықты қалпына келтіруде оның атқаратын ролі ерекше.
Суды реттеудегі, топырақты қорғаудағы маңызды іс-әрекет атқаратын тау ормандарын қорғауға еркеше көңіл бөлінуі керек. Орман шаруашылығының дұрыс жүргізетін болса, орман ағашьтарын бір жерде екінші рет кесу 80-100 жылдан кейін ғана иүмкін, яғни ағаштар осы уақыт аралығында толық пісіп, жетілуі керек. XX ғасырдың 60-80 жылдары Ресейдің Еуропалық бөлігінің біроқатар облыстарында бір жерде ағашты екеінші рет кесуге ертерек келген. Бұл орманның климат қорушы, суреттеуші маңызының жойылуына әкеліп соқты, ұсақ жапырақты ормандар санының көбеюіне әкелді. Орманды тиімді пайдалануының маңызды шарасы бұл ағаш сүрегін жоғалтуға қарсы күрес. Ағаш сүрегін дайындау кезінде оның көп бөлігі жарамсыз қалдыққа айналады. Ағаш кескен жерлерде бұтақтар, қылқанда қалып қояды. Олар қылқан ұнын даярлауға қажетті өте бағалы шикізаттар, мал шаруашылығында дәруменді жем болып табылады. Ағаш қалдықтары сол сияқты эфир майларын алу үшін де бағалы шикізат.
Информация о работе Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар