Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 15:28, курсовая работа

Описание работы

Амазонка ойпаты – бұл батпақтар мен джунглилер патшалығы, жер шарындағы ең үлкен ойпат болып табылады. Бұл жұмыстың тақырабы – “Амазонка ойпатының кешенді сипаттамасы”.
Бұл тақырыптың ең өзектісі сол, қазіргі кезде Амазонка ойпатының табиғат кешендері деградацияға ұшырап отыр.
Жұмыстың мақсаты – Амазонка ойпатына кешенді сипаттама жасап, осы аймақтық геоэкологиялық проблемаларын анықтау.
Жұмыстың міндеті – осы аймаққа қатысты ғылыми – көпшілік әдебиеттерді оқып, осы ауданның табиғи – ресурстың қуатына баға беру, табиғатты қорғау, орманды кесу қарқынын төмендетуге бағытталған ұсыныстарға талдау жасау.

Содержание

Кіріспе
1 тарау.Физикалық – географиялық жағдайы
1.1. Географиялық орны, геологиялық құрлысы, жер бедері
1.2. Климаты
1.3. Ішкі сулары
1.4.Топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі

2 тарау. Табиғат ресурстары
2.1. Минералды ресурстары
2.2. Агроклиматтық ресурстары
2.3. Су ресурстары
2.4. Жер ресурстары

3 тарау. Табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
3.1. Өсімдіктре дүниесі және адам
3.2. Орман және адам қызметі
3.3. Тропикалық ормандардың құрып бітуін қалай тоқтатуға болады
3.4. Орманды өрттен қорғау
3.5. Орманды зиянкес жәндіктер мен аурудан қорғау
3.6. Орманды қорғау шаралары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Амазонка.doc

— 141.00 Кб (Скачать)


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

География кафедрасы

 

 

Курстық жұмыс:

 

Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Жәнібек Әнел

Тексерген: ШҚМҰ доценті

Забенова Г.Б

 

 

Өскемен қаласы, 2010 жыл

 

Мазмұны

Кіріспе

1 тарау.Физикалық – географиялық жағдайы

1.1. Географиялық орны, геологиялық құрлысы, жер бедері

1.2. Климаты

1.3. Ішкі сулары

1.4.Топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі

 

2 тарау. Табиғат ресурстары

2.1. Минералды ресурстары

2.2. Агроклиматтық ресурстары

2.3. Су ресурстары

2.4. Жер ресурстары

 

3 тарау. Табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын тиімді     пайдалану

3.1. Өсімдіктре дүниесі және адам

3.2. Орман және адам қызметі

3.3. Тропикалық ормандардың құрып бітуін қалай тоқтатуға болады

3.4. Орманды өрттен қорғау

3.5. Орманды зиянкес жәндіктер мен аурудан қорғау

3.6. Орманды қорғау шаралары

 

Қорытынды

        Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Амазонка ойпаты – бұл батпақтар мен джунглилер патшалығы, жер шарындағы ең үлкен ойпат болып табылады. Бұл жұмыстың тақырабы – “Амазонка ойпатының кешенді сипаттамасы”.

        Бұл тақырыптың ең өзектісі сол, қазіргі кезде Амазонка ойпатының табиғат кешендері деградацияға ұшырап отыр.

Жұмыстың мақсаты – Амазонка ойпатына кешенді сипаттама жасап, осы аймақтық геоэкологиялық проблемаларын анықтау.

Жұмыстың міндеті – осы аймаққа қатысты ғылыми – көпшілік әдебиеттерді оқып, осы ауданның табиғи – ресурстың қуатына баға беру, табиғатты қорғау, орманды кесу қарқынын төмендетуге бағытталған ұсыныстарға талдау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Физикалық-географиалық жағдайы

1.1 Географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері Амазонка ойпаты аса ірі Оңтүстік Америка платформасының спеклизациясында орналасқан, батысында Анд геосинклинальды аймағының шеткі кінімен шектеседі, шығысында Гвиана және Бразилия қалқандарымен сығылып, тарылса, батысында өте кең ойпатты болып келеді. Ойпат теңіздік палеозой шөгінділермен және мезозой мен кайнозойдің континенттік шөгінділерімен толған.

Батысында үштік және төрттік көлдік-өзендік аллювий қабаттары тән, бұл қабат мезозойда бері өзгермеген ылғалды ыстық климат жағдайында түзіліп шөккен, ыстық белдеудің аса ірі ойпаты 5 млн. шаршы метр жерді алып жатыр. Ойпаттың батысындағы жер бедері өте тегіс, өзен аңғармалары да өте нашар телімдеген, мысалы Анд тауларынан Мараньон өзені шығар жердегі биіктік 150 метр болса, Манаустың бойындағы Американың орта ағысында бар жоғы 26 метр болады. Ойпаттың шығысында өзен аңғармалары терең, өзен аралықтары биіктігі 150-300 метр болатын тегіс қытат сияқты, оны “Табулейрон” деп атайды.

Амазонияның солтүстік және оңтүстік шеттері, қалқандардың кристалды жыныстарымен көмкерілген, біртіндеп биіктеп таулы қыратқа айналады.

Ойпаттың батысы мен оңтүстік – батысындағы Пурус және Беня өзендерінің алабындағы жер бедерінің биік болу себебі, Анд тауларынан тау жыныстарының шайылуымен байланысты.

 

Батыс Амазония

Амазонка ойпатының батыс бөлігіне ылғалды экваторлық ландшафт тән. Бұл аймақтағы ойпаттың ені солтүстіктен-оңтүстікке қарай 1300 км. Дейін созылған. Гвианна таулы үстіртінің гранитті негізгі Риу-Негру өзенінің жоғарғы ағысымен Какетенін бойынан көрінсе, Бразилия үстіртінің фундаменттік құрайтын кристалды жыныстар 9 С о.е. тұсында Мадейра бойында жер бетіне шығады. Дамудың ұзақ жолынан өткен үгілу қыртысының қалыңдығы ондаған метрге жетеді. Топрақ жамылғысын үгілу қыртысынан айыру өте қыйын, өзендердің шаю әрекетінің нәтежесінде топрақ жамылғысы сілтіленген, күлгін тіпті ақшылтым түске ие болған. Ал темірмен аллюминий тотықтарының қалдығы төменге қарай шайылып, қызғылт түске ие болады.

Амазонканын бастауы мен салаларының жоғары ағысындағы буырқанған суағыны Анд тауларындағы тау жыныстарын қарқынды түрде буған, өте көн шөгінді жыныстарды ағызады, жазыққа шыққаннан кейін кесек тау жыныстары өзеннің түбіне шөгеді, ал ұсақ құм, саз бөлшектері ғана төменгі ағысына дейін жетеді. Батыс Амазонканың батыс және оңтүстік шегінде шөккен делювиалді – проновиальді қулды шөгінді жер бедерін 300 – 400 метр биіктіке көтерді, өзен аңғармалары барынша терең орналасады. Жалпы, Батыс Амазонканың жерінің биіктігі көл бөлігіндегі мұхит деңгеінен бар жоғы 100 метр орналасқан.

 

 

 

Шығыс Амазония

     60 С б.б., яғни Риа – Негру Мадейра өзендерінің сағасынан шығысқа қарай Шығыс Амазония орналасқан. Шығыс Амазония да экваторлық еңдікте орналасқан, температурасы өте жоғары +26 С + 28 С және тұрақты. Шығыс Амазония Гвиана және Бразилия таулы үстірттерінің аралығында жатыр. Таулы үстірттерінің кристалды жыныстарының жақын орналасқаны сондай, тіпті олар өзендердің жағалауларында кездеседі.

 

 

 

 

 

 

1.2. Климат

Амазонка ойпаты экваторлық және субэкваторлық климаттық белдеулерде орналасқан. Ауаның t C- сы жыл бойы + 24С, +28 С, жауын – шашынның мөлшері жылына 2000-3500 мм. Жауын шашының түсу режімі әркелкі. Амазонияның батысында экваторлық тұрақты ылғалды климат, жауын-шашынның жылдық мөлшері 2,5-3,5 мың мм. , орташа айлық t-ның ауытқуы 2-3 С, ал шығысында субэкваторлық климат тән, мұнда жылына 3-4 ай құрғақ маусым болады, жауын-шашын мөлшері 1500-2000 мм , температураның ауытқуы өте үлкен континенттің оңтүстігінен соғатын суық желдер оңтүстік-шығыста тіпті термометірге деін үсік туғызады.

Батыс Амазонияда тұрақты жоғары және біркелкі t-23,5-26 С. Күнделікті түстен кейін жауатын нөсер жаңбыр, жылына 3 мың мм жауын-шашын түіреді, ең “құрғақ”айдың өзінде 120-150 мм жауын-шашын түседі. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-90 %, түнде таңға жуық 100 % жетеді.

Шығыс Амазонияда шығыс бөлігінде құрғақ маусымда бар жоғы 175 мм жауын - шашын түеді, орталығында 400 мм түседі, ал ылғалды маусымында тиісінше 2300 мм, 1800 мм түседі, салыстырмалы ылғалдылық атлантина маусымында 90-95 % , орталығында 85 % көрсетеді.

Жауын-шашынның жыл бойы әркелкі түсуі, аудан бойынша әркелкі түсуі өзіне тән ерекше топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесін қалыптастырады.

 

1.3. Ішкі сулары

Япура-Канеба, Иса-Путумайо, Нано, Маральон, Уальяга, Укаяли, Бени және тағы бірқатар ұсақ өзендер басым Анд тауларынан алады.

Бұл өзендер Анд тауының шығыс беткейіне көп түсетін жауын-шашынның суымен, еріген қар суымен, мұздықтардың суымен қоректенетіндіктен, жыл бойы суы мол, режімі өте күрделі болып келеді. Амазонияның жоғарғы ағысындағы сол жақ салалары, басым экватор Андысынан алады, сондықтан көктемде сәуір-маусым аралығында тасыйды. Ал Перу мен Боливияның Андысынан басталатын оң жақ салалары желтоқсан-ақпан айларында тасыйды. Тиісінше осы екі кезінде судын деңгейы көтеріліп Маральон ойпатында амазонканың жоғары жағында өзен арнасына шығып жайылады. Су деңгейінің ең жоғары көтерілген кезі ақпанның алғы мен шілде аралығында, екінші көтерілу кезені – қазан-қаңтар аралығында орта ағысында су денгейі 12-15 метр көтеріледі, ал шаялмасы ондаған км-ге созылады. Өзеннің сағасында ені 200 км-ге дейін жетеді, бірақ Амазонка алып өзен болып көрінбейді, өйткені ол сағасында бірнеше бөліккеи аралдар арқылы бөлініп жатады.

Шығыс Амазония өзендер үштік шөгінділерге терең бойлап енеді, өзендердің жағалары тік беткейлі, “барраннос”деп аталатын шұғыл шығыңқы бөлігі, қызғылт түсті латерітті қабаттан тұрады. Өзендердің шоңғалдарымен иірілмдері өте көп. Өзендердің Амазонка не мұхитқа құятын сағалары кең, кеме қатынасына қолайлы.

Амазонканың салалары өте терең 20-25 метр, Обидус бойында 90 метрге дейін тереңдейді, тіпті, жатышаның шағын өзендері- «игарапес» те терең, суы мөлдір бірақ өсімдіктердің шіріген қалдықтарынан «қара өзендер», «риос негрос» деген атқа не болған.

Маусым – тамыз және қазан – желтоқсан айларында Амазонканың су шығыны су тасу кезімен салыстырғанда екі есеге шуық төлендейді.

Амазонканың су деңгейін тек жаңбыр сулары ғана емес, сонымен бірге толысу толқындары ағады.Тереңдігі 7,5 метр кем болатын Амазонканың сағасында толысу толқындары қатты 5-10 км жерден естілетін дыбыс шығарып ағады, биіктігі 4-5 км жететін жол “пророка” деп аталатын бұл ағыс, жағалары бұзып, жайылманы суға басады. Амазонканың осы төменгі сағасында, ленидосисены деп аталатын балықтар мекендейді.

 

1.4. Топырақ жамылғысы мен өсімдіктер және жануарлар дүниесі

Ұзақ уақыт су басып жататын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандарын Бразилияда “каа-игано” деп атайды.

Өзеннің биік жайылмасы қатты телімденген, төрттік террасалары – Амазонка базисінің өзгеруінің куәгерлері іспетті. Гинияның өсімдіктер типі, қысқа уақытқа ғана су басатын және тіпті жыл сайын да емес, “варзеа” деп аталады, олардың ені 200 км-ге дейін жетеді. Амазонка нуына енетін жақсы зерттелген. “Иганоға” қарағанда “варзеадағы” өсімдіктердің түр құрамы бай, биік әрі қалың өскен. Панайя, әр түрлі пальмалар, ағаш сүрегі бағалы алуан түрлі ағаштар хина ағашы, каучук ағашы “гевея”, Амазонка өзенінде өсетін жапырағы 1,5метр жететін Виктория-Регия өсімдігі, салмағы 30 кг-дық 12 жастағы баланы жапырағы көтере алады.

Ағаш сүрегі жұмсақ “ақ”тұқымды ағаштың түрлері, биіктігі 30 метрге дейін жебеді, олар әр түрлі пальмалар, соның ішінде жаварн пальмасы фикус ағашы, ассану өсімдігі, жемісі пысқан кезде револьвердің аталған оғындай тарс етіп жарылады және тағыда басқа әдетте үш ярус құрайтын өсімдіктер өседі.

Бийігірек жерлердін өсімдіктеріне ылғалды экваторлық ормандардың сипатты белгілері тән: көпярусталық (төрт ярусқа дейін), алакөлеңкелі, лиана мен эпифиттердің алуан түрлілігі, алып ағаштарды көп болуы, көптеген аса бағалы өсімдіктердің болуы. Батыс Амазония ландшафтісының негізгі типі «ЭТЭ» немесе «қатты жер» деп аталады, үйткені су тасу кезінде бұндай жерлерді су баспайды, сондықтан бұл жерлердің өсімдектері алуан түрге бай.

Ұзақ уақыт дамудан өткен үгілу қыртысының қалыңдығы ондаған метірге жетеді; топрақ жамылғысының үгілу қыртысынан ажырату өте қиын, үнемі шаялудың нәтежесінде топрақ жамылғысы сілтеленген, күлгінденген, қышқылданған ақшылтын түске ие болған. Топрақтың төменгі қабаттарында темір мен аллюминийді қалдық тотықтары болғандықтан қызғылт түске ие, ал жоғарғы қабаттарында кварц болғандықтан куледауытты болып келеді. Ағаш жапрақтарының үнемі түсуі, ағаштардың шіруі, микроағзалардың тіршілік әрекетті ылғалды экваторлық ормандардағы топрақтардың құнарлығынын сақтауға әсер етеді. Этэнің ормандарына адам баласының қолы тимеген, тек өзен жағалауында өскен гевея сияқты аса бағалы ағаштар ғана кесілген немесе қийылған. Биіктігі 30-35 метр, кейде тіпті жекелеген ағаштарының түрлерінің биіктігі 60 метрге дейін жететін «ЭТЭ» ормандары ішінде хош иісті орхизияларымен қалындығы мен ұзындығы әр түрлі болатын шырмауық өсімдіктер шаналарымен шырмалған. Глияда өмір сүретін жануарлардың түрлері өте көп болғанымен, саны жағынан аз. Қалын ну жыныстарда жануарлардың қандай түрлері өмір сүре алады екен?! Бұл жануарларға жер жетпей ме? Оларға ағашты өмір сүруге бейімделу керек, немесе ұзақ уақыт суда өмір сүруге бейімделу керек. Содықтан Амазонияда тіршілік ететін жануарлардың құйрықтары ағаштың бұтақтарымен діңдеріне өрмелеген кезде орын алатындай ұзын, мықты болуы керек.

Ағаштарда өзін жақсы сезінетін жануар ол әрине, маймылдар; Амазонияның маймылдары әдетте кеңтұмсықты, құйрықты болып келеді. Олардың ең жарқын мысалы-жалқауаңдар, Оңтүстік Америкаға тән эндимек жануар, ағаштардың бұтақтарында салбырап, жергет түспей, төрт алғымен бірақ бұтаққа ілініп, арқа жағымен жерге, іш жағы жоғары қаратып, салбытап тұрады. Олардың ұзын күлгін түсті қалың түпкірінің арасында, гинияның ылғалды ауасының әсерінен балдырлар өсіп, жалқауаңдарға жасылтым түс береді. Маймылдардан басқа ұзын, орын алатын құйрығы бар әр түрлі отрядынан-жайран, жыртқыштардан-жанаттар ұясына жататын , қалталылардан-опоссумдар, құмырсқаны жегіштер және т.б.

Ағашта өмір сүретін жануарларды аулайтын Оңт.Американың мысықтары да ағашқа жақсы өрмелеп, секіреді ірі ягуар мен оңелот – теңбел тұқамдастар, сұрқоңыр пума мен ягуаранды-гилияның ең басты жыртқыштары. Олардан кейінгі жыртылған шығатын жыртқыштар-экземин жануар-жанды қасқыр мен бұта арасында жүретін – желетігін жерде аулайды.

Толық тістілер емес отрядына жататын жерде тіршілік ететін ауның бірі-ұзындығы 2 метрге дейін жететін алып броненосецтар.

Ылғалды батпақталған топырақта өзін яноттық туысы, эндемик жануар қызылтұмсықтар, куницалар, саз құндыздар, скунстар, ұзындығы 3 метрге жететін құмырсқа жегіштер жақсы сезінеді.

Жутуяқтылардың өкімі су шошқасы-пекарм, тақтуяқтылардан-ұзақтұмсықты тапир тіршілік етеді. Қосмекенділер мен кесірткешілер Амазонияда өте көп және алуан түрлі, бақалары ұрық шашу үшін тіпті ағаштан батпаққа түсу қажет емес, өйткені гилеяның ауасы өте ылғалды.

Амазония ормандарының ең қауіпті бауырмен жорғалаушылары тірі лианалар яғни жыландардың көптігі. Ағаштардың бұтақтарына оралып, кейде салбырап, түрлі – түсті денесіндегі суреттермен өз жемтігін аңдын тұрады. Олардың ең қауіптісі ұзындығы 4 метрге жетеді, жуандығы адамның санының жуандығындай жергілікті халық суруруку деп аталатын тікенқұйрықты-бушмейстер жылына, жолындағының бәрін үркітіп, орман ішінде сусындайды гремучка, асынд және жакарака жылындары.

Ұзындығы 5-8 метр жететін воа мен ұзындығы 11м жететін анаконда суда мекендейді. Кейбір тасбақаларының басы жыландарға ұқсас, аса ірі аррау тасбақасын еті мен жұмыртқасы үшін аулайды.

Жыртқыштар мен судағы жыландардан қашан құтылмақшы болған тірі жан Оңт. Американың өзендерінде тіршілік ететін аллигаторларға, каймандарға тап болды. Крокодилден де қаіпті ұзындығы 30-40 см болатын жыртқыш балық пираньа, көзді ашып – жұмғанша кез келген тірі денені қаңқасына дейін жоқ қалады. Аранайма (пираруку) балығы аса ірі Амазонкаға сәйкес келетін, тәтті теуге жаралды балық, оның ұзындығы 5 метр, салмағы 200 кг-ға дейін жетеді. Балықтардың Амазонкада 2 мыңға жуық түрі мекендейді. Амазонканың теңізбен ұқсастығын, теңізде мекендейтін-скаттар тұщы су дельфины-иния, ламантиндер көрсетеді.

Информация о работе Амазонка ойпаты, экологиялық проблемалар