Студенттердің өзіндік жұмысы
оқу үдерісінде үлкен роль атқарады,
өйткені ол студенттердің практикалық
дағдыларын бекітуіне, ұсынылған теориялық
міндеттерді өз бетінше шеше білуіне жол
ашады.
Алайда, қазіргі кезде филология
факультетінде оқу және ғылыми
үдерісті жеткілікті түрде техникалық
қамтамасыз етпеуге байланысты бірқатар
мәселелер бар. Осы мәселелерді шешуге
барынша күш жұмсалынғанына қарамастан,
электронды және дистанциялық оқыту құралдары
жетіспейді. Факультет оқытушылары электронды
оқу құралдарын, ОӘК-дер әзірлеуде. Факультет
сайтындағы ақпараттар тұрақты жаңартылады.
Студенттердің
өзіндік жұмысын ұйымдастыру
сапасын арттыру мыналарды талап
етеді:
1) Интернет желісін кеңейту және
оған факультет оқытушыларының,
қызметкерлерінің, студенттер мен
магистранттардың еркін енуін
қамтамасыз ету;
2) факультет басылымдары бойынша электронды
каталог пен электронды кітапхана құру;
3) филология, семинарлар мен тренингтер
оқытудың, өткізілетін online және online-кеңестердің
дистанциялық әдістерін әзірлеу.
Филология факультетінде оқушылар
контингентін қалыптастыру өзекті
мәселе болып табылады. Қазіргі
кезде оқыту негізінен студенттерге
нақты сала бойынша базалық
білім беруді қамтамасыз етуге
бағытталған. Қазіргі заманғы нарықтағы
үрдістер ескеріледі, бірақ жеткілікті
дәрежеде емес. Бәрінен бұрын, қандайда
бір мамандыққа қажеттілікті анықтай
отырып, факультет жұмыс берушілерге қажетті
мамандардың ерекшеліктерін, нақты санын
ескерместен, бірнеше жыл бойы сол бағыт
бойынша кадрлар даярлайды. Сонымен қатар,
соңғы уақытта ғылыми пәндердің интеграциясы
жағдайында пәнаралық зерттеулер жүргізуге
қабілетті кең ауқымды мамандарға (мысалы,
физиканың, филологияның, философияның,
социологияның іргелі мәселелерін зерттеу
кезінде) деген қажеттілік өсті. Ақпараттандыру
мен компьютерлендіру барлық мамандықтар
бойынша ақпараттық технологиялар жөніндегі
пәндерді ендіру қажеттігін туғызды. Бұл
филология факультетінде негізінен табысты
іске асырылуда. Қазіргі нарық жағдайында
мамандардың жұмысқа орналасуы аясы едәуір
кеңи түсті. Оқу үдерісінде бұл да ескерілуі
тиіс. Мысалы, жақында ғана филология факультетінің
бітірушілері негізінен жоғары және орта
оқу орындарына, ҒЗИ-на, баспаларға, радио
мен теледидарға, кітапханаларға қажет
болса, ал енді оларға деген сұраныс көрсетілген
мекемелерден басқа туристік компанияларда,
көптеген ірі компаниялар мен банктердің
кадрлармен жұмыс жүргізу бөлімдерінде,
жарнама мәтіндерін әзірлеу және дайындау
жөніндегі фирмаларда; кітап дүкендерінде
(кеңесшілер ретінде); елшіліктерде туындады,
олар бұларды қызметкерлерін іскерлік
қарым-қатынас жасауға, сөйлеу этикеті
мен тіл имиджіне үйрету үшін алғысы келеді.
Студенттерді тиімді іріктеу және
бітірушілердің қажет болуын қамтамасыз
ету мәселесін шешу мынадай міндеттерді
қарауды және қоюды талап етеді:
1) филология факультетіне қабылдау емтихандарын
алу жүйесін кадрларды даярлау саласы
мен бағытын ескере отырып жетілдіру,
БҰТ-ге балама ретінде қазақ және орыс
тілдерінде шығарма нысанында жазбаша
емтихан енгізу, бұл талапкерлердің үйренетін
тілінің нормалары мен ережелерін білуін,
шығармашылық қабылетін, тілдің функционалдық
стильдерін меңгеру деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді;
2)нарықтың мамандарға деген қажеттілігін
анықтауға мүмкіндік беретін сараптаманы
жыл сайын өткізу;
3) филология факультетінің жанынан
бітірушілерді жұмысқа орналастыру
және олардың оқу бітіргеннен
кейінгі тағдырын қадағалау мәселелерімен
айналысатын арнайы комиссия немесе
бөлім құру;
4) филология факультеті кафедрасының
бітірушілері мен әлуетті жұмысқа алушы
мекемелер арасында оларға керекті мамандардың
тізімі, олардың саны және оларды даярлауға
қойылатын талаптар ескерілетін ресми
келісімдер мен шарттар жасағанға дейін
тұрақты байланыс орнату және дамыту;
5) филолог-мамандарды қажет ететін
мекемелерді (оның ішінде ауылдық
жерлерді) кадрлармен қамтамасыз
ету мақсатында филология факультетінің
бітірушілерін мемлекеттік бөлуді енгізу.
Филология факультетіндегі дарынды
жастарды ашу және дамыту мақсатында
шығармашылық бірлестіктер мен
үйірмелер жұмыс істейді. НИРС-қа
ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын
филология факультетінде жас
ғалымдар мен студенттердің ғылыми
конференциясы өткізіледі. Ең қызықты
зерттеу еңбектер «ҚазҰУ хабаршысында»,
филология сериясында және кафедралар
шығаратын ғылыми жинақтарда жарияланады.
Оқытуды басқару мен ұйымдастыру
процесінде филология факультетінің
профессор-оқытушылар құрамын даярлау
және қайта даярлау айрықша мәнге ие. Осыған
байланысты оқытушылардың Біліктілікті
көтеру институтында, кредиттік оқыту
технологиясы проблемаларына, оқытушылардың
өзін-өзі білімін көтеру және оқытушылардың
шетелде тағлымдамадан өту мүмкіндігін
және тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету
мақсатында факультеттің халықаралық
байланыстарын кеңейту мәселелеріне арналған
курстар мен семинарларда маманданудан
өтуіне ерекше көңіл бөлінеді. Алайда
Қазақстанның еуропалық білім беру үлгісіне
көшуі және бәсекеге қабілетті 50 дамыған
елдің қатарына кіруі жағдайында бұл шаралар
жеткіліксіз. ППС үшін білім бағдарламаларын
қаржыландыруды көбейту қажет, шетелдік
жоғары оқу орындарымен келісім бойынша
ТМД және Алыс шетелдер университеттерінде
бір оқу семестрі немесе оқу жылы ішінде
дәрістер оқуына, әлемнің жетекші жоғары
оқу орындарындағы Жазғы университеттерде
оқуына мүмкіндік туғызу қажет.
Қазіргі уақытта филология факультетінде
шетелдік университеттермен бірге
PhD докторанттарын даярлау жүргізілуде.
Еуропа жоғары оқу орындарының
тәжірибелеріне сүйене отырып, факультеттің
жетекші кафедралары барлық негізгі
салалар бойынша халықаралық
деңгейдегі мамандар даярлау
бағдарламаларын жасады, онда қазіргі
заманғы әлемдік ғылымның жетістіктері,
оның басым бағыттары ескерілген. Қазіргі
кезде филология факультетінде қажетті
ғылыми әлует, материалдық-техникалық
база бар, ол біріншіден, бакалавриат-магистратура-докторантура
жүйесі бойынша оқытудың үздіксіздігі
мен сабақтастығын; екіншіден, докторанттардың
факультетте жүргізіліп жатқан ғылыми
зерттеулерге, жобалар мен әзірлемелерге
белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. Ph.D бағдарламасында
мамандарды теориялық және практикалық
жүзінде дайындаудың барлық жақтары қарастырылған.
Докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарын
жоспарлау мен ұйымдастыру шараларын
факультеттің және шетел мамандарының
жетекші ғалымдарының жетекшілігімен
іске асыру мақсатын негізгі орынға қойды.
Бағдарламада Ph.D жоспары бойынша
оқып жатқан мамандарды шетелдерден стажировка
өтуді , сондай-ақ ғылыми зерттеу еңбектер
отандық және шетел басылымдарынан апробациядан
өту шараларыда қарастырылған.
1)Ph.D докторанттарды
дайындауда тиімді және нәтижелі болу
мақсатында магистратураны оқыту бардарламасын
біршама өзгерту қажет екенін атап өтеміз.
2)Ph. D бағдарламасы
бойынша мамандарды дайындау үшін магистратурада
қолданып оқу бағдарламасын қайта қарау
керек.
3)Халықаралық
және отандық еңбек нарығы талабына сай
магистратураның оқу жүйесімен байланыстыру
керек.
4)Магистранттарды
білім жағынан қадағалау талабын күшейту.
5)Магистранттардың
шетелдерден тәжірбие жинақтауына жағдай
жасау.
6)Шетел
мамандарын дәріс оқуға шақыруды ұйымдастыру.
Яғни өз еліміздегі мамандармен тәжірбие
алмастыру.
Мамандарды
дайындау жүйесінде басты рольді
қазіргі заманға кредиттік технологяға
және халықаралық білім беру стандарттына
сай, нәтижелі оқыту әдістемесін
жасау болып табылады. Осы бағытта
филология факультетінде мемлекеттік
білім беру стандарттар бойынша жасалған
оқыту -әдістемелік құралдардың авторы
болған жетекші мамандар мен оқытушылардан
құрылған оқыту-әдістемелік бюросы жұмыс
істеп жатыр.
Білім
берудің сапасын арттыру және
қамтамасыз ету мақсатында филология
факультетінде төмендегідей шаралар
қолданылады:
1) компьютерлік
технологиялар, қашықтықтан оқытудың
әдістері белсенді түрде ендірілуде;
2) тұрақты
түрде оқу бағдарламаларын жаңарту
жүзеге асырылуда;
3) білім
беру үдерісі жүргізілетін оқу-әдістемелік
кешендерге қойылатын талаптар
артуда;
4) шетелдік
мамандармен тұрақты түрде
тәжірибе алмасу қамтамасыз етілуде.
Білім
беру сапасын арттыру туралы мәселені
шешкен кезде бакалаврлардың, магистрлардың
және Ph.D дипломдарын халықаралық
тануды қамтамасыз ету мақсатында филология
факультетінің әрбір студенті үшін
академиялық бағдарламалардың икемділігін
және оқытудың жеке траекториясын әзірлеуді
көздейтін кредиттік технологияны
ендірудің тиімділігі проблемасына
баса назар аударылады. Тиісінше, осы
бағыттағы басым міндеттердің бірі
халықаралық еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып оқу
бағдарламаларын түрлендіру және оларды
бұдан әрі жетілдіру мүмкіндігі
болып табылады.
Бітіруші
мамандарға деген қажеттілікті қамтамасыз
ету мәселесі өзекті мәселе болып
табылады. Оны шешу төмендегідей міндеттерді
қоюды және шешуді болжайды:
1) факультет
жанында арнайы комиссия (5-6 адамнан
тұратын) құру, ол комиссия нарықтың
үрдістерін және факультетте
дайындалатын мамандарға деген
қажеттілікті зерделейді, әлуетті
жұмыс берушілер туралы ақпаратты
жинайды және оларды студенттермен
кездесулерге шақырады;
2) студенттердің
оқу бағдарламасын негізгі және
қосымша деп бөле отырып, жетілдіру,
бұл білім беру үдерісін еңбек
нарығының қажеттіліктеріне байланысты
реттеуге мүмкіндік береді;
3) мамандарды
дайындау бағытын нақты айқындау
(ғылыми, педагогикалық немесе ғылыми-педагогикалық)
және бағытына байланысты оқу
бағдарламаларын жетілдіру. Мәселен,
студенттің талдау қабілетін
және шығармашылық ойлау қабілетін
дамыту, негізгі пәндер бойынша мықты
базаны қамтамасыз ету, зерттеу қабілеттерін
дамыту үшін ғылыми бағыт жөніндегі негізгі
бөлікке қажетті пәндердің тізбесін қосу.
Педагогикалық бағыт жөніндегі негізгі
бөлікті дайындау кезінде студенттің
кейінгі кәсіби қызметінде қажетті пәндерге,
оның коммуникациялық дағдыларын, адамдардың
әр түрлі жастағы және әлеуметтік топтармен
байланыс орнату қабілеттерін дамытуға
баса назар аударған жөн. Оқу бағдарламасының
қосымша бөлігін еңбек нарығының қажеттіліктерін
және жұмыс берушінің талаптарын анықтау
жөніндегі арнайы комиссия жүргізетін
сараптама және зерттеулердің нәтижелері
негізінде тұрақты түрде жетілдіру керек;
4) кестеге
кәсіби бағдар бойынша арнайы
сағаттарды енгізу (айына 1 рет
жиілікпен), оның шеңберінде студенттер
өздерінің болашақ мамандығына
және дайындау саласына қатысты
сұрақтарын қоя алады;
5) тұрақты
түрде студенттердің әлуетті
жұмыс берушілермен кездесулерін
ұйымдастыру, ол кездесулер барысында
бітірушілердің алдағы жұмысқа
орналасуы туралы шарттар мен
келісімдерді жасауға мүмкіндік
алу.
Бакалавриат-магистратура-докторантура
жүйесі бойынша оқу және білім
беру үдерісінің жалғастығы, оның халықаралық
стандарттарға және еңбек нарығының
қажеттіліктеріне бағдар алу, дипломдардың
айырбасталу мәселелеріне айрықша
көңіл бөлген жөн.
Филология
факультетінде оқу үдерісін жетілдіру
және сапа менеджменті жүйесінің, кредиттік
технологияның, халықаралық стандарттаудың,
сертификаттау мен аккредиттеудің
ең жоғарғы талаптарына жауап
беретін білім беру жүйесін қалыптастыру
төмендегідей әдістер мен тәсілдерді
пайдалануды ұйғарады:
1) алдағы
жылдары филология факультетінің
қызметін дамыту және жоспарлау
стратегиясын әзірлеу;
2) профессорлық-оқытушылық
құрамды конкурстық іріктеу жүйесін
жетілдіру, ол үміткердің ғылыми
жетістіктерін, біліктілігін, ғылыми
және педагогикалық өтілін, оның
тиісті саладағы белгілі ғалымдар
мен жетекші мамандардың тарапынан
мінездемесін есепке алуды, біліктілігін
арттыру туралы сертификаттар
мен дипломдардың болуын және
оның жетістіктерін ғылыми және
оқу орындары тануды, қазіргі
заманға сай технологияларды
ескере отырып дәрістер оқу
және практикалық сабақтар жүргізу
қабілеттерін, оқылатын курстарға
арналған қажетті материал мен
оқу әзірлемелерінің болуын ұйғарады;
3) профессорлық-оқытушылық
құрамның (ПОҚ) біліктілігін арттыру
мүмкіндігін және олардың ТМД
және алыс шет елдердің университеттерінде,
ҒЗО-да және ҒЗИ-да тағылымдамадан
өтуін қамтамасыз ету;
4) отандық
және шетелдік мамандардың тәжірибесін
ескере отырып, қазіргі заманға
сай халықаралық білім беру
стндарттарына сәйкес бакалаврларды,
магистрларды, Ph.D философия докторларын
дайындау;
5) ғылыми
зерттеулерді дербес жүргізу
дағдыларына үйрету мақсатында
магистранттар мен докторанттарды
ғылыми зерттеулерге, жобалар мен
әзірлемелерге кеңінен тарту;