Филология

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:16, реферат

Описание работы

Стратегия әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2009-2011 жылдардағы даму стратегиясының жарғысына сәйкес ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы негізінде жасалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің жоғары білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік мүмкіндіктері зор. Мұндай жетістіктерді филология, қазақ тілі мен әдебиеті, аударма ісінің үздік мамандарын даярлау барысында ең бір заманауи талаптарға сай әрі тиімді етіп пайдалану қажет.

Содержание

Кіріспе
1. Стратегияның базалық векторы
2. Оқыту үдерісінің дамуы және іске асуы
3. Менеджемент ғылымы мен инновациясының модернизациялануы

Работа содержит 1 файл

Филология.docx

— 39.28 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 Кіріспе

1. Стратегияның  базалық векторы

2. Оқыту үдерісінің дамуы және іске асуы 

3. Менеджемент  ғылымы мен инновациясының модернизациялануы  

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

Стратегия әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2009-2011 жылдардағы даму стратегиясының жарғысына сәйкес ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы негізінде жасалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология  факультетінің жоғары білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік мүмкіндіктері зор. Мұндай жетістіктерді филология, қазақ  тілі мен әдебиеті, аударма ісінің үздік мамандарын даярлау барысында  ең бір заманауи талаптарға сай әрі  тиімді етіп пайдалану қажет.

•1.     Стратегияның базалық векторлары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің 2008-2011 жылдардағы  стратегиялық дамуы факультеттің мақсаттары мен міндеттерінен, білімі мен біліктілігінен тұрады. Елбасы ұстанған саясат негізінде  оны қайта құрудың басты бағыттарынан тұрады. Ол стратегияда көрсетілген  мерзімдегі факультеттің стратегиялық басқару жүйесінің негізін қалайтын құжат болып есептеледі.

Стратегияның  базалық векторлары болып мыналар  есептеледі:

-филология  факультетінің топ-менеджментін  қазіргі халықаралық талаптарға  сай корпаративтік басқарудың  амалдарын енгізу арқылы;

- оқу  үдерісін  жүйелі түрде жетілдіру  мен дамыту;

- инновация  мен ғылыми менеджмент жүйелерін қайта жасатау;

Қазақстанда құрылып жатқан жоғары білім беру саласының жаңа моделі оқу процесін басқару мен стандартауда, оны  ұйымдастыруда, дистанциялық және үздіксіз білім беруді дамыту, жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды  батыл енгізуде маңызды мәнге  ие болып отыр. 
 
 

Филология факультетінің мақсаттары мен міндеттері, білімі мен миссиясы.

Факультет миссиясы университет миссиясымен  реттеледі. Оның міндеті еліміздің  қоғамдық өмірі мен ғылымының, экономикасының маңызды бағыттарын үздіксіз дамыту мәселелерін шешуге негізделген заманауи элиталық жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті мамандардың жиынтығын жасақтау.

Факультет білімі - стратегиялық жоспарлау міндеттерін  жүзеге асыру нәтижесінде филология  факультеті әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны болып есептеледі. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытудағы көшбасшысы әрі әдістемеік орталық  болып табылатын, өз қызметін барлық бағыттардағы корпаративтік менеджменттерінің  тиімді жүйелеріне ие, ең бір алдыңғы  қатарлы әдістер мен технологияларды  ұтымды пайдаланатын әрі импорттаушы  университеттің маңызды бір бөлігін  құрайды. Факультет жоғары фундаментальді білімі бар қазақ, орыс, шетел филологиясы  мен аударма ісінің бәсекеге қабілетті  әлемдік деңгейдегі мамандарды дайындап, ғылыми зерттеу жұмыстары мен  оқулықтар жазуда жоғары деңгейде дамытып, оларды нәтижелерге, қоғам мен экономикаға  тиімді түрде жүзеге асырып келеді.

Филология факультетінің стратегиялық мақсаттары

- филология  факультеті ҚазҰУ құрамында Орта  Азия аумағындағы халықаралық  және республикалық білім беру  орталығы ретінде әлемдік ғылым-білім  кеңістігіндегі өзіндік айқын  ұстанымдарымен дамыту;

- Қазақстан  мен шетелдік азаматтарға, қашықтан  оқыту, электрондық және коммуникациялық  құралдарда білім беру технологияларын  ұстанып, сапалы қызмет көрсету;

- Факультеттің  қолданбалы және фундаментальді  ғылымдардың ЖОО секторларындағы  басшылық ұстанымдарын әрі қарай  бекіте түсу және қалыпты деңгейде  ұстау.

- Инновоциялық  жаңалықтарды қолданысқа енгізіп,  іс жүргізу үшін жайлы жағдай  жасау.

Филология факультетінің міндеттері

- Әлемдік  білім беру кеңістігінде толыққанды  интеграцияны қамтамасыз ететін  және отандық ғылым мен жоғары  білім беру саласында алдыңғы  қатарлы халықаралық тәжірибелерімен  үйлесетін университет пен факультеттің  жаңа инновациялық моделін жасау;

- Еліміздің  жоғары филологиялық білімі беру  жүйесінде алдыңғы қатарлы оқу  әдістемелік және ғылыми орталық  болып есептелетін факультеттің  статусын бекіте түсу мақсатында шетелдік білім беру технологияларын қабылдап, заманауи білім беру технологияларын өңдеу;

- оқытушы-профессорлар  құрамының қоғамдық және экономикалық  статусын арттыру, дипломдардың  халықаралық беделін көтеру, бітірушілердің  бәсекеге қабілеттілігі мен жұмысқа  орналасуын қамтамасыз ету;

- ЖОО  менеджменттерінің технологияларын  дамыту;

- әлемдік  және республикалық деңгейлердегі  ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп, оларды қоғам мен экономикаға  енгізу мақсатында қолданбалы  және фундаментальді зерттеулер  жүргізу, ғылым мен білім беру  үдерісінің байланысын қамтамасыз  ету;

- білім  беру, ғылыми және инновациялық  инфрақұрлымдарды дамыту, факультет,  кафедра және зертханаларлардың  қызметін ұтымды қаржылық қорлармен  қамтамасыз ету;

- жоғары  білім беру ауқымдылығы, ЖОО  кейінгі дайындықтарды, тәжірибе  алмасу мен профессор құрамындағы,  оның білімін жетілдіруде, ғылыми  зерттеулердің жұмыстарын жүргізу  мен инновациялық жаңалықтарды  жүзеге асырудағы халықаралық  кооперацияны дамыту.

Модернизация  бағыттары

1. Факультеттің топ-менеджментін жасақтау.

Қазіргі жай-күйі мен шешілетін мәселелер  Еліміздің президенті ұсынған міндеттер университет пен факультетіміздің дамуындағы жаңа білімініңауқымын айқындайды. Бұл міндеттер олардың стратегиялық жоспарлаудағы жаңа жолдарды реттеуді талап етеді.;

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің оқу ақысы ҚР-ғы алдыңғы қатарлы университет компусын қамтамасыз ету мол қаражаттарды қажет ететіндіктен білім беру гранты бекіткен базадан жыл сайын жоғарылығымен келеді.

Істі  шешудің тетіктері мен міндеттері.

Бұл стратегия  факультет менеджментін жасақтау шеңберіндегі  мынандай жүйелі модельдерді анықтайды.

 Бірінші  - қызметкерлерді, қаржылық, материалдық,  материалдық емес активтерді, жалпы  басқару ресурстарын жетілдіру.

 Екінші - профессор-оқытушылардың және филология  факультетінің қызметкерлерінің  жалақыларын көтеруді жүйелеу.  Оқытушылар, қызметкерлер және студенттерді  әлеуметтік жағынан қамтамасыз  етуді ұлғайту.

Үшінші - филология факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің жалақы деңгейін жүйелі түрде көтеру, оқытушыларға, қызметкерлер мен студенттерге қолдау көрсету үшін әлеуметтік пакетті  кеңейту.

Төртінші - сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесін  бақылауды жетілдіру және оның деңгейін түбегейлі көтеру.

Бесінші - факультетке, оның имидждік қызметі  мен халықаралық келбетіне сыртқы қолдау көрсетудің заманауи жүйесін  қалыптастыру.

Қойылған  міндеттерді шешу үшін мынадай әдістер  мен тетіктер қолданылады:

►факультеттің негізгі функционалдық бөлімшелерінің қызметін стратегиялық жоспарлау;

► факультетті  басқару жүйесін функционалдық  құру;

►факультеттің жұмысын талдау және материалдық  емес активтермен жетілдіру;

►қызметкерлердің  құрылымы мен штаттық саны бойынша  ғылыми және қаржылық негізделген ұсыныстар, қызметкерлер туралы ереже, еңбекақы төлеу  туралы ППС-ты, аттестацияны қосқанда әзірлеу және пайдалану, университеттің нормативтік актілерін әзірлеу  және басқалары;

►профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің жалақысын  олардың үлесі мен еңбегінің  сапасына қарай шет елдердің жоғары оқу орындарында пайдаланылатын ынталандыру жүйесін талдауға негізделген  дифференцияланған ақы төлеуге  көшу негізінде көтеру, оқытушының еңбегін бағалаудың жаңа критерийлер  жүйесін жасау және жалпы арақатынасты егжей-тегжейлі негіздеу және әрбір  нақты қызметкер үшін үш құрамдас еңбекақы төлеу ережесін негіздеу: негізгі жалақы, қосымша ақы төлеу  және ынталандыру төлемдері, оның ішінде оқу үшін түсетін, ғылыми және шаруашылық қызметтен алынатын бюджеттен тыс қаражатты, демеушілер көмегін және басқаларын пайдалана отырып;

► үздік  қызметкерлерді материалдық емес ынталандыруды  едәуір күшейту;

► факультет  қызметін бақылау жүйесінің тиімділігін  арттыру және соның негізінде  Университетті дамытудың қазіргі  кезеңіндегі маңызды міндеттердің қатарында Елбасы атаған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, сыбайлас жемқорлық  көріністерінің жүйелі түрде алдын  алуға арналған жағдай жасау;

► Университеттің Қамқоршылар Кеңесін құруға және ҚазҰУ бітірушілерінің Қауымдастығы жұмысының тиімділігін арттыруға  қатысу;

► факультет  пен Университеттің имидждік қызметін, оның Интернет-сайты мен презентациялық материалдарын түбірімен жетілдіру;

► Университет  пен факультеттің корпоративтік мәдениетін жетілдіру.

2. ОҚУ  ҮДЕРІСІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ

         2.1. Жай-күйі және мәселелері

         Филология факультетіндегі оқуды 10 кафедра іске асырады. Олар мамандарды заман талабы мен кредиттік технологияны ескере отырып дайындайды. Қазіргі кезде олардың басым міндеттері халықаралық стандартарға жауап беретін тиімді оқыту үдерісін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта факультетте жаңа оқу технологиялары мен оқыту әдістері, қазіргі заманғы ғылымның жетістіктері қарқынды түрде енгізіледі. Мамандарды даярлау бакалавриатта, магистратурада, докторантурада жүзеге асырылады.

         Филология факультетінде студенттердің  оқудағы жетістіктерін тәуелсіз сырттай бақылау жүйесі - аралық мемлекеттік бақылау (АМБ), ішкі бағалау жүйесі - аралық ішкі бақылау (АІБ) және бітіруші курстар студенттерінің білімінің сақталуын тексеруге арналған аттестациялау қолданылады. ТQМ принциптері негізінде әзірленген білім сапасы менеджменті жүйесі табысты қызмет етеді.

         Филология факультетінің халықаралық  байланыстарының ауқымы кең. ТМД  және Алыс шет елдердің жетекші  жоғары оқу орындарымен және  ҒЗО мен ҒЗИ-мен бірқатар шарттар жасалған, олардың ішінде СО РАН, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Стамбул университеті, Колумбия университеті, Белград университеті және басқалары бар.

         2005 жылдың басынан бастап филология  факультетінде 020-111 «Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін Қазақстан жоғары оқу орындарына шетелдік мамандар тарту» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Жыл сайын Ресейден, Польшадан, Түркиядан, АҚШ-тан, Украинадан мамандар келеді. Олар әдебиеттану мен тіл білімінен дәрістер оқиды. Қазіргі кезде Алыс Шет елдерден PhD диссертацияларына жетекшілікке және олардың кәсіптік қызметін халықаралық еңбек нарығында іске асыру мақсатында кредиттік технологиямен оқыту бойынша мамандар даярлауға жетекші ғалымдар тартылуда.

         Филология факультетінде халықаралық  сертификат алған ИСО 9001:2000 стандарты  негізінде білім сапасы менеджменті жүйесі (БСМ) игерілуде. Соның аясында жыл сайын оқу үдерісінің деңгейі мен тиімділігіне бақылау жасалады, оны ары қарай білім процесіне ендіру стратегиясы мен әдістері әзірленеді.

         Филология факультетінде студенттердің  өз бетінше жұмыс істеуіне  ерекше мән беріледі. Қазіргі  уақытта оны ұйымдастырудың екі  нысаны - СРС (бакалавриатта), СРМ  (магистратурада) және СРСП (бакалавриатта), СРМП (магистратурада) қолданылады.  Олардың мақсаты - шығармашылық  және талдаушылық ойлауды, өз  бетінше жұмыс істеу дағдысын  дамыту, студенттердің теориялық білімін бекіту және тереңдету.

Информация о работе Филология