Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шарушылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады.

Содержание

КIРIСПЕ .................................................................................................. 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЭВАЛЮЦИЯСЫ

1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19
2.2 Валюталық конвертациясына өтудің әлемдік тәжірибесі .........................22
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................33


ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................40

Работа содержит 1 файл

валюта жуйеси.docx

— 115.10 Кб (Скачать)

Қазiргi  кезде  АҚШ  долларының  тиiмдi  бағымының  индексi  номиналды  және  нақты  түрде  есептеледi. 

Ұлттық валюталық жүйенің  негізгі элементтері:

1) Ұлттық валюта.  1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгiзiлдi.  Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

3)  Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.  Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес. /1/

Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).

70 жылдардан бастап паритеттер  валюта қоржыны негізінде анықталуға  көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

3)  Валюталық  жүйенiң   маңызды  элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң құндық  көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы  қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.

Валюталық  бағам  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.   Валюталық  бағамның қажеттігі:

  • Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
  • Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі.  Валюталық шектеу    резиденттерi  мен резидент  еместердiң валюталар және  басқадай  валюталық құндылықтармен  жасалатын операцияларын заңды түрде немесе  әкiмшiлiк түрде тиым  салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың  құрамдас  бөлiгi  болып табылады. Валюталық шектеу  валюталық заңдылықтармен  бекiтiледi .

Валюталық  шектеудiң  мақсаттары  келесiдей :

  • төлем балансын  теңестiру; 
  • валюталық  бағамды қолдау;
  • ағымдағы  және  стратегиялық  мiндеттердi  шешу  үшiн  мемлекеттiң  қолында валюталық бағалықтардың  шоғырлануы;

Валюталық  шектеу  келесiдей  қағидаларға  сүйенедi :

  • валюталық  операцияларды  Орталық  және  өкiлеттi  банктерде  орталықтандыру;
  • валюталық  операциялар  жасау  үшiн  рұқсат қағазының  берiлуi ;
  • валюталық  шоттарды  жартылай  немесе  толық  жабу;
  • валюталардың  қайтарымдығын  шектеу.

5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу. /4/

6) Халықаралық несиелік  айналым құралдары мен халықаралық  есеп айырысу формаларын қолдану  тәртібін белгілеу;

7) Валюта нарығы мен  алтын нарығының ережелері;

8) Валюта қатынастарын  реттейтін ұлттық органдардың  статусы. Оларға елімізде: Ұлттық  банк, Қаржы министрлігі, валюталық  бақылау ұйымдары және т.б.  жатады.

Ұзақ тарихи даму нәтижесінде  дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі  элементеріне келесілер жатады:

  1. Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
  2. Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
  3. Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;
  4. Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
  5. Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-ді, еуроны);
  6. Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;
  7. Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
  8. Мемлекетаралық реттеу институттарының статусы – 1944 жылдан бастап «Халықаралық валюта қоры» бекітілді.

Өз кезегінде  валюталық бағам айырбасқа қатысушылар  үшін валюта нарығындағы сұраныс  пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны екіншіге  қайта  есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық деңгейін көрсететін сатып  алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар  өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлтық  бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол  елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың  тиімділік дәрежесі айқындалады. /4/

Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады: 

  1. Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын  валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің  және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.
  2. Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті  төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
  3. Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.
  4. Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.
  5. Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.
  6. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.

Халықаралық есеп  айырысу  баланстары  агрегаттық экономикалық  көрсеткiштер жүйесiнде  маңызды  орын  алады, себебi ол  ұлттық  табысты  елдер  арасында  қайта  бөлудi  көрсетедi. Сондықтан  жиынтық  ұлттық  өнiммен  ұлттық  табысты  бөлгенде  халықаралық  талаптар мен мiндеттемелердiң  таза  сальдосы есептелiнедi.

Халықаралық  есеп  айырысу  баланстары – ол  бiр  мемлекеттiң  басқа  мемлекеттерге  қарағанда  ақшалы  талаптары  мен  мiндеттемелерiнiң  және  түсiмдерi  мен  төлемдерiнiң  арақатынасы.

Сөйтiп, төлем  және есеп  айырысу  баланстарының  бiр-бiрiнен  айырмашылықтары  көбiнесе халықаралық  қатынастарының  дамуымен  айқындалады. Төлем  балансының   құрылымын  қарастырып  өтейiк. Операцияларының  сипатына  қарай  басылымдарда  жарияланатын  төлем  балансы  негiзгi  екi  бөлiмдi  бiрiктiредi.

 

Кесте-1 - Қазақстан Республикасының төлем балансы /14/

(млн.АҚШ  доллары)

 

2008

2009

2010

2011

Ағымдағы есеп

-1024,34

-272,6

454,9

-485,7

Сауда балансы

1987,14

3679,00

6785,55

10321,8

     Экспорт

10026,91

13232,63

20603,14

28300,6

     Импорт

-8039,77

-9553,63

-13817,59

-17978,8

Қызмет балансы

-1024,34

-272,6

454,9

-485,7

     Экспорт

1540,42

1712,29

1999,1

2251,0

     Импорт

-3538,28

-3752,69

-5026,2

-7466,4

Табыстар балансы

-1127,37

-1746,6

-2815,3

-5179,7

Несие және қарыз бойынша төлемдер

-213,07

-277,5

-410,0

-817,9

Тікелей инвесторлар табысы

-1014,80

-1448,3

-2331,8

-4611,5

Резервтер бойынша сыйақы

127,70

123,6

140,21

228,2

Ұлттық қордың активтері бойынша  сыйақы

72,58

68,10

118,25

181,8

Тағы басқалары

-99,77

-212,5

-331,8

-160,3

Ағымдағы трансферттер

113,74

-164,67

-488,16

-412,4


Жоғарыдағы  кестеден көретініміз, ағымдағы есеп бойынша  Қазақстан Республикасының төлем  балансы көбінесе теріс шамада болғандығын, ал сауда балансының жылдан-жылға  еселеп артып келе жатқандығын, экспорттын 2008 жылғы 10000 млн. доллар шамадан 2011 жылы 30000 млн. долларға жеткендігін, импорттын да өсіп келе жатқандығын көре аламыз. Жалпы айтқанда елдің экономикасының өсуімен қатар төлем балансының да құрамдық мөлшері жылдан-жылғңа артып келе жатыр. /14/

ҚР төлем  балансының оң сальдосы экспорттың импорттан  артық болған жағдайда орын алады. Оның графикалық кескінін келесі суреттен көре аламыз.

 

 

             
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               

Сурет 2 – ҚР-ның сыртқы саудасындағы экспорт пен импорттың  құрамы

 

Суреттен  көріп отырғанымыздай еліміздегі сыртқы сауда сальдосы оң болып отыр, яғни экспорт импорттан жоғары болып  келеді. Алайда осы экспорттың 85% шамасын  шикізаттық немесе дайын емес фабрикаттар  құрайды. Сондай-ақ импорттың басым  бөлігін өңдеуші сала өнімдері мен  дайын өнімдер құрап отыр. /14/

Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң  бiрi болып отырған, Бүкiләлемдiк Сауда  Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек.

Информация о работе Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері