Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шарушылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады.

Содержание

КIРIСПЕ .................................................................................................. 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЭВАЛЮЦИЯСЫ

1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19
2.2 Валюталық конвертациясына өтудің әлемдік тәжірибесі .........................22
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................33


ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................40

Работа содержит 1 файл

валюта жуйеси.docx

— 115.10 Кб (Скачать)

Екiншi  дүниежүзілiк  соғыста  Еуропа  мемлекеттерiнiң  қираған  экономикасын қалпына  келтiру  және  тұрақтандыру  мәселелерiн  шешу  мақстында  Бреттон-Вудстағы өткен  халықаралық  валюта  қаржылық  конференциясында  2  ұйым: Халықаралық  валюта  қорын (ХВҚ) және  халықаралық  қайта  құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру  туралы  қаулы  қабылданды. Қор  әлемдiк  валюта  жүйесiнiң   тұрақтылығын  қолдау  үшiн, ал  банк  оған  қатысушы  елдердiң  ұзақ  мерзiмдi  экономикалық  дамуын ынталандыру  үшiн  құрылған .

ХВҚ  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  маманданған органы  ретiнде  өз  жұмысын  1947 жылы  наурызда  бастады. Оның  штаб-пәтерi Нью-Йоркте  орналасқан, басқарушы  органы  барқрмалар  кеңес  қатысушы  елдердiң  қаржы  министiрлерiнен  немесе  орталық  банктердiң басқармаларынан  тұрады, кеңес  жыл  сайын  шақырылады. Атқарушы органы  директат. алғашқы  кезде   бұл  қорға  49 ел  мүше  болып  кiрiп, оның капиталы  8 млд  доллорды   құрады.  Қазiргi  кезде  мүшелерiнiң  саны  иөрт  есе  көбейiп, ал  капиталы  шамамен  18  есе  өстi. /5/

ХВҚ-ның  негiзгi  қызметтерi төмендегiлер:

Халықаралық  сауданың  немесе  валюталық  ынтымақтастықтың  дамуына  көмек  көрсету.

  • Валюталық  паритеттiң  тұрақтылығын  сақтау  және  валюталық  шектеудi  жою;
  • Төлем  балансының  теңелуi  үшiн  кез-келген  қатысушы  елге  несие ресурстарын  беру;

Қорға  мүше  болып  кiру – мемлекеттiң ХҚҚДБ-ге және оған  туыстас басқада  валюта  несие  ұйымдарына  кiруiнiң  мiндеттi  жағдайы.

Халықаралық  қайта  құру   және  даму  банкi  БҰҰ-ның  маманданған  және  оның  шешiмдерiне  тәуелсiз  орган ретiнде  өз  жұмысын  1946 жылы  маусымда  бастады . Банктiң  өз  жұмысын  кеңейту  барысында  туыстас  төрт  бөлiмшелер  ұйымдастырылады: халықаралық  салық  корпарациясы , халықаралық  даму акциясы,  халықаралық  инвестицияладрды,  таластарды  реттеу  орталығы және  инвестициялықты  қорғау  жөнiндегi  көп  жақты  агенттiк. Қазiргi  кезде  осы  ұйымдар  бiрiгiп  әлемдiк  банк (ӘБ) тобын  құрайды, оның  штаб пәтерi Вашингтонда  орналасқан, ал  ХҚҚДБ – осы  топтың  орталық  буыны – оны  әлемдiк  банк  деп  атайды.

Әлемдiк  банк  топтың  ең қуатты  бөлiмшесi, ол  240 млд   доллардан  акциялық  капиталды  иемденедi, қазiргi кезде  оның  құрылтайшылар  саны    180  мемлекетке  жеттi. Банк басқару  органы – басқармалар  кеңесi – қатысушы – елдердiң  қаржы  министiрлiгiнен  немесе  орталық  банктерден  басқармаларынан  тұрады. Оны  президент  басқарады. Банктiң  күнделiктi  атқарушы  директорлар  кеңесi  басқарады, кеңес  штап  пәтрiнде  орналасқан  ол  жетңi саиын  кеңес  отырысын  өткiзедi. Кеңес  24  адамнан  тұрады, олар-iрi  акциянерлердiң  бiр-бiр  өкiлi  және  19  аймақтың  өкiлдерi.

Әлемдiк банктiң  негiзгi атқаратың  қызметтерi:

Спектiрлi  бағытта, яғни  денсаулық  сақтау, бiлiм  беру  қоршаған ортаны  сақтаудан  бастап  инфроқұрылым  және  экономикалық  саясат  реформасына  дейiн  дамушы  елдерге  көрсететiн  инвестициялық  iс-  шаралар;

  • Экономикалық  мәселелер  бойынша талдау және  кеңес  беру  iс – шаралары;
  • Көрсетiлген  қызметтердiң, сондай-ақ  жүргiзiлетiн  жобалардың  мазмұнымен  құрамын  үнемi  өзгеру;
  • Бай  және  кедей  елдерге  ресурстарды  қайта  бөлудегi  делделдiк  қызметi;

Халықаралық  қаржы  коорпарациясы 1956 жылы мемлекеттiк  кепiлдiк  алмай-ақ  дамушы  елдердiң  экономикасындағы   жеке  сектордың  жұмысын  анықтау  үшiн  құрылған.

Халықаралық қаржы коорпарациясының негiзгi принциптерi  мыналар:

  • Жоба  бойынша жалпы  шығындар саласында  25 пайызын  қаржыландыру;
  • Кәсiпорын  акцияларының  тек  35%    сатып  алу.

Қарыз 3 жылдан  15 жылға  дейiнгi  мерзiмде  берiледi. Корпарация  жылма-жыл 200  жоба  бойынша  3 млд  доллар  самосындағы  займ бередi және оған  170  ел  мүше.

Халықаралық  даму  ассоциясында  (ХДА) 1960 жылы  дамушы  мемлекеттердiң  iшiнен  Әлемдiк банктен  қарыз  алуға  жағдайы  келмейтiн  ең  кедейлерге  көмек  көрсету  үшiн  құрылған. ХДА  заңды  дербес  ұйым  болғанмен, көп  жағдайда  ӘБ  бiрiгi  несиелiктi  жобалайды . Қазiргi  уақытта  жылма-жыл  жалпы  соммасы  6  млд  доллар  болатын  125-тен  астам  жобаларға  несие  бередi, оның  159  мемлекеттен  тұратын  мүшелерi  бар.

ХВҚ  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  маманданған органы  ретiнде  өз  жұмысын  1947 жылы  наурызда  бастады. оның  штаб-пәтерi Нью-Йоркте  орналасқан, басқарушы  органы  басқармалар  кеңес  қатысушы  елдердiң  қаржы  министiрлерiнен  немесе  орталық  банктердiң басқармаларынан  тұрады, кеңес  жыл  сайын  шақырылады. Атқарушы органы   алғашқы  кезде   бұл  қорға  49 ел  мүше  болып  кiрiп, оның капиталы  8 млд  доллорды   құрады. қазiргi  кезде  мүшелерiнiң  саны  иөрт  есе  көбейiп, ал  капиталы  шамамен  18  есе  өстi. /5/

Инвистициялардың  кепiлдiгi  жөнiндегi  көп  жақтық  агеттiк  1988  жылы  дамушы  елдердiң  шетел  жеке  инвистициторларына  инвестициясынан  саяси  қауыптен  қорғану  үшiн  құрылған. Атап  айтқанда: экспропорция, яғни  жеке  меншiктi  айыру  қаупi , келiсiм  жағдайларды бұзу  қауiптiлiгi  т.б. 15-20  жыл  бойы  сақтауға кепiлдiк  бередi. Агентiк  мүшелерi  болып  тек  ХҚҚДБ  берген  несиелер  мемлекеттiң  төлем  қабылеттiлiгiне  сүйенедi.

Қорыта  айтқанда, халықаралық  валюта  және  несие  қаржы  институттары – ХВК  және  Әлемдiк  Банк  тобы – халықаралық  несие  қатынастарын  реттеуде  маңызды  роль атқарады. Олардың  қарызы  онша  көп болмасада, елге  қарыз капиталының  әлемдiк  нарығына  жеке  банктерден  қарыз  алуға  жол  ашты. Сөйтiп  ХВҚ  мен  ХҚҚДБ  берген несиелер  мемлекеттiң  төлем  қабiлеттiлiгi  бар екенiн дәлелдейдi.

ХВҚ  және ХҚҚДБ  басқа  да  халықаралық  ұйымдармен  қатар  ежелгi  дамушы елдердiң   және  батыс  еуропа  бұрынғы  социялистiк  елдерi  мен  ТМД  елдерiнiң  сыртқы  қарыздарын  реттеуде  белсендi қатысуда.

 

 

1.2 Валюталық жүйе типтері және  оның элементтері

 

 

         Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң  арсындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

  1. Ұлттық  валюталық  жүйе;
  2. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйе;
  3. Аймақтық  немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе. 

Тарихта ұлттық  валюталық  жүйе  ең  бiрiншi  қалыптасқан.  

Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге  асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне  қажеттi  валюталық ресурсты сұрайтын  және  оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық  қатынастар жиынтық бiлдiредi. /6/

Ұлттық валюта елдің  ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық  және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына  байланысты анықталады.

Ұлттық  валюта  дүниежүзлiк  валюталық  жүйемен  тығыз  байланысты. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйе  XIX ғасырдың  ортасына  қарай  құрылған .

Дүниежүзілік  валюталық  жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары  мен валюталық құралдардың қызмет  етуiн қамтамасыз  ететiн халықаралық келiсiм шарттары  мен мемлекет  аралық  құқұқтардың нормалар  кешенiн құрайды . Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.

Ұлттық  және  дүниежүзлiк  валюталық  жүйелер  арасындағы  байланыстар  мен  айырмашылықтары  олардың  негiзгi  элементтерiнен  көрiнедi. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламыз.

 

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілiк валюталық жүйе

1.Ұлттық валюта.

 

Резервтік  валюталар, халықаралық  есептесу  валюталық  бiрлiктері

2. Ұлттық валютаның   алмастырылу шарты

Валюталардың  өзара алмастырылуы

3. Ұлттық валюта  паритетi.

Валюталық  паритеттiң  ортақ режимi

4. Ұлттық валюта  бағамының режимi

Валюталық  бағамдар  режимiнiң регламентациясы.

5. Валюталық   шектеудiң, валюталық бақылаудың  болуы немесе болмауы

Валюталық шектеудi  мемлекет аралық реттеу

6. Елдiң халықаралық  валюталық өтiмдiлiгiн реттеу.

Халықаралық валюталық  өтiмдiлiктi мемлекет  аралық  реттеу.

7.  Халықаралық  несиелiк айналыс  құралдарын  пайдалануды регламенттеу.

Халықаралық  несилiк айналыс  құрылыстарды  пайдаланудың  ережелерiнiң  бiртұтастығы

8. Елдiң  халықаралық  есеп айырысуларын регламенттеу.

Халықаралық  есеп  айырысудың негiзгi  формаларының  бiр  тұтастығы

9. Ұлттық  валюталық   рынок  пен  алтын  рыногiнiң   режимi.

Дүниежүзілiк  валюталық  рыноктар  мен  алтын  рыноктарының  режимi.

10. Елдiң  валюталық   қатынастарын  басқаратын  және  реттейтiн  үлттық  ұйымдар.

Мемлекет аралық  валюталық  реттеудi  жүзеге  асыратын  халықаралық  ұйымдар.


 

 

Сурет-1 - Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң

негiзгi элементтерi

 

Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi: 

1-шi кезең, жаңа  жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн, анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс  сақталады.

2-шi кезең, жаңа  жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске қосылады.

3-шi кезең, толық қызмет  ететiн жаңа  дүниежүзлiк жүйе  құрылады.

Валюта жүйесі әлемдік  шаруашылық байланыстарда дербес рөл  атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық  жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық  банктер арқылы жүзеге асырылады.

Аймақтық  валюталық  жүйе  өнеркәсiбi  дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе  тереңдiгiне  құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе  – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше  елдердiң қоғамдастық валюта  аймағында ұйымдастырылуы  – экономикалық  формасындағы катынастырды  бiлдiредi.

  Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды. /7/

Валюталық жүйенің негізгі  элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге  жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі  байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.

Валюталық  жүйенiң  маңызды  элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң құндық  көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы  қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.

Валюталық  бағам  – бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағалы  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.  

Бағамның  қалыптасуына  ықпал  ететiн  үш  факторлар  тобын  бiлiп  қарастыруға  болады;

Саяси  тұрақтылық  валюталық заңдылықтардың  ырықтандырылуы, валюталық саясат  және  т.б.

Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық  тiк бұрыштың  шыңы  сияқты:  экономикалық  өсу, валюта  тұрақтылығы және  инвляцияның төменгi  қарқыны, жұмыссыздықтың  төменгi  деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;

Психологиялық: жаппай  сұраныс, негiзгi  капиталды тәуекелден  қорғануға ұмтылыс және  т.б.

Валюталық  бағамның  дамуы  жай  тауар  өндiрiсiнен  қазiргi  дүниежүзiлiк  шаруашылыққа  қозғалыстың  тарихи  процесiн  көрсетедi.

Монометализм  тұсында  –  алтын  немесе  күмiс  валютылық  бағамның  базасы  монеталық  паритет  болып  табылады, яғни  ол  әр  түрлi  елдердiң  ақша  бiрлiктерiннiң  олардың металдық  құрамына  байланысты арақатынасын  сипаттайды. Ол  валюталық  паритет  ұғымымен  сәйкес келедi.

Валюталық  бағам  валюталық  паритет  шеңберiнде  аутқиды. ХВК-ның  жарғысы бойынша  1978  жылдан  бастап  валюталық  паритет  СДР  немесе  ЭКЮ-да  валюталық  “қоржын”  базасында  бекiтiледi .

Жалпы  алғанда  валюталық  бағамның  қозғалысының  бағытырын  анықтайтын  факторларды  3 топқа  бөлуге  болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа  мерзiмдi  күтпеген факторлар.

 Валюталық  нарыққа   қатысушылардың  арасындағы  валюталық   операцияларды  айырбастаусыз   және  олардың  пропорцияларын  анықтаусыз  жүзеге аспайды. Бiр   валютаны  басқа  валютаға  айырбастау  деп  шетел  валютасының   ұлттық  валютаға  немесе  басқа   валюталарға  сату немесе  сатып   алу , ал  оларды  айырбастау  пропорциялары  валюталық   каперотив  арқылы  анықталады. /7/

Валюталық  мәмiлелердiң  түрлерiне  байланысты  ағымдағы  және  мерзiмде    факторлар  бағамдары болады. Ағымдағы  валюталық  мәлiметтердi  жасағанда  валюта  айырбасы  сол  сәтте ағымдағы  валюта  бағымы бойынша  жүзеге  асады . мерзiмдi  валюталық мәмленi  жасағанда  валютаны  айырбастау  алдынала  белгiленген  мерзiмде  бекiтiлген  форвард  бағымы  бойынша  жүзеге  асады .

Кейбiр  мемлекеттерде  операцияның  әр  түрi  бойынша  қолданылатын  ұлттық  валюта  бағымдарының  бiрнеше түрi  бар. Бельгияда  2  бағам  қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық  операциялар  бойынша.

Айырбас  валюталық  бағамдардан  басқа  статистикалық және  экономикалық  талдау  кезiнде  колданылатын  есептеу  бағамдары  бар . Оған  жататын  орташа  бағамдар – сатушы  және  сатып    алушы  бағамдарының  арифметикалық  ортасы . Шын  мәнiнде  айтсақ  мұндай  бағам  жоқ , бiрақ  оның  мөлшерi  күнделiктi  ақпарат  құралдарында  жарияланады.

Информация о работе Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері