Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:26, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АҚША ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ............................................5
1.1. Қазақ даласыдағы ақша құралының тарихы..........................................5
1.2. Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық валютасының пайда болуы.......................................................................................................................8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА ДАМУЫМЕН ҚАЛЫПТАСУЫ...........................................................................................,,,,,,,11
2.1. Ұлттық банктің қалыптасуы.....................................................................11
2.2. Қазақстан Респбликасының мақсаттары мен міндеттері....................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ................................................20
3.1. Валюта ресурстарының маңызы..............................................................20
3.2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері...............................23
3.3. Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері..................30
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.
Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың ең аз сомасы, сондай-ақ берілген лицензияға сәйкес валготалық операция бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі белгіленеді.
Валюталық операцияларды тіркеу
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның I 4-тарауында аталған валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады.
2. Тіркеу режимі валюталық шартты тіркеуді және тіркелген валюталық шарт бойынша резиденттің кейіннен мәліметтер беруін қамтиды.
3. Валюталық операцияға қатысушы резидент тараптардың бірі валюталык шарт бойынша міндеттемелерін орындауды бастағанға дейін не осы Заңның 20-бабының 7-тармағында және 23-бабының 2-тармағында аталған мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал осы Заңның 25-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда шот бойынша операциялар жүргізіле басталғанға дейін тіркелуге өтініш беруге міндетті.
4. Резиденттер валюталық операцияларды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңның 10-бабы бірінші бөлігінің 1) -4), 6), 7), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шарттармен және тәртіппен тапсырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.
5. Резидент құжаттардың толық топтамасын тапсырған күннен бастап он жүмыс күні ішінде тіркеу жүзеге асырылады.
Валюталық шартты тіркеген кезде өтініш берушіге белгіленген үлгідегі құжат - тіркеу куәлігі беріледі.
6. Тіркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) дұрыс емес ақпарат ұсыну не осы Заңға сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбау;
2) жүргізілетін операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде тіркелуге тиіс мәміленің ең аз сомасы және тіркеу тәртібінің ерекше жағдайлары белгіленеді.
Валюталық операциялар туралы хабарлама
1. Хабарлама режимі валюталық операцияларға қатысушы резиденттердің және (немесе) уәкілетті банктердін, сондай-ақ клиенттердің тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың Казақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық шарт бойынша белгіленген нысанда ақпарат ұсынуын және жүргізілген операциялар мен валюталық шарттың өзгерістері туралы кейіннен ақпарат ұсынуын қамтиды. Валюталық операцияларға қатысушы резиденттер валюталық шарт жасалғаннан кейін, бірақ ол бойынша міндеттемелерді тараптардың бірі орындауды бастаған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шетелдік банкте шот ашу кезінде, осы Заңның 25-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлама жасайды. Егер хабарлама тәртібі валюталық шартқа ол бойынша міндеттемені орындау процесінде қолданылған болса - валюталық шарт бойынша жүзеге асырылатын валюталық операциялар хабарлама жасалуға тиісті күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияға қатысушы резидентке одан валюталық шарт туралы ақпарат алған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде хабарлама туралы растау береді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операциялардың жасалу мән-жайларын нақтылау мақсатында соның негізінде валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шартты талап етуге құқылы.
4. Уәкілетті банктер және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары хабарлама туралы растау болмаған жағдайда клиенттердің валюталық операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлай отырып жүргізеді.
Резиденттер валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Заңда белгіленген валюталық реттеу режимдерінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) тігіліп, қол қойылып (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөр басылып (заңды тұлғалар үшін) куәландырылған валюталық шарттық көшірмесі;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
5) құрылтай қүжаттарының нотариатпен куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
6) бірегей сәйкестендірілген код берілгенін растайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
7) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) өтініш берушінің талаптарға, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
9) резиденттің шетел валютасы шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы;
10) валюталық шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмесі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі танысу үшін осы бапта аталған құжаттардың түп нұсқаларын резиденттен сұратуға құқылы.
3.3. Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады.Ұзақ мерзімді болашақта, сондай – ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасынндағы өзгеріс болып табылады.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30 – жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкеншағындар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы .Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан,бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейінен сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) жатады. Ол үй шаруашылығының «тұтыну қоржынына» жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады.ТБИ Қазақстанда 1991 ж. бастап анықталады. «Тұтыну қоржыны» 275 тауарлар мен қызметтер түрін қамтиды.Бағаның құрылымы мен тұтыну тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ қайта қаралып, өзгеріп отырады. 1996 ж. шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір жанұя бюджетін зерттеу нәтижесінен келіп
«Тұтыну қоржыныдағы» тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталынды: тамақ өнімдері – 62,6%(бұрынғысы – 58,2 %), азық – түлік емес тауарлар - 23,2%(30%) ;ақылы қызмет – 14,2 % (11,8 %)
Шартты түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады:глобалдығына қарай – локальдық, яғни жекелеген елдерде ғана орын алатын және дүниежүзінде;даму қарқынына қарай – төмен, бәсең, гиперинфляция, яғни бағаның өсуі 5% - дан аспайтын болса; циклдігіне қарай – жылжымалы (бағаның біртіндеп өсуі), тұрақты, сатылы.
Егерде инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл стагфляция деп аталады.
Көп уақыттар бойы айналыстағы ақша массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік экономис - монетаристердің назарында болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар.Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс – инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.
Инфляция процесінің Қазақстандағы дамуы да осы көзқарасты куәландарады.Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталындырды.Осылайша, 1993 ж. ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125 %; 1995 жылы - 216% және 160% құрады.1996 ж. ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды – ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады.Бірақ дүниежүзлік тәжиребеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білетін тәжиребесі бар.Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30 – 40% - дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен бұл курстық жұмыс қандай мәселелерді қарастырды.
Біріншіден қазақ жеріне ақша құралының алғаш қолданылу кезеңдері көрсетілді. Осы кезеңднрдегі ақша құнының қаншалықты мөлшерде болғаны, ол қандай заттармен теңестірігені жайлы көп айтылды.
Қазақ хандығы ақшаларының тек қана экономикалық қана емес, саяси мән-маңызының, тарихи міндетінің жоғары болғаны талас туғызбайтын ақиқат.
Екіншіден, бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу саясаты. Бұл саясат дербес, егеменді Қазақстан үшін өте қажетті әрі міндетті түрде керек болды. Себебі Ұлттық валюта - бұл мемлекеттің мемлекеттілігінің маңызды бір символдық белгісі.
Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
ХВК – ға енетін кез келген ел өз төлемін валюта түрінде еркін конверциялаған валюта сатып алуға резерві мен төлем балансының тапшылығы жойылмайынша конверцияланбаған валюта басқа елге сатылмайды.
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын (жарақтарын) қалыптастырудың соңғы қадамы болды. Оның үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Қазіргі дағдарыс жағдайында ұлттық валютамызды енгізу амалсыз шара болды, оған 1993 жылы 7 тамыздағы және 23 – ші қыркүйектегі жаңа тұрпаттағы сом аймағын құру туралы Ресей үкіметімен жасалған келісім шарттардың ресейліктердің кіріснен жүзеге аспай қалуы себеп болды.
Теңгені енгізу байланысты алда тұрған басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта конверсиялану қабілеті бар валютаға айналдыру. Ол үшін ең алдымен экономиканы дүниежүзілік нарықты бәсекелестік қабілеті бар экономикаға айналдыру, ал валюта – қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік қатынастардың халықаралық стандартына сәйкес қайта құру керек.
Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге байланысты алда тұрған басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта валютаға айналдыру. Қазіргі таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Теңгенің енгізілуі республиканың экономикалық және саяси - әлеуметтік жағдайына әсер етті. Қазақстанның сол уақытқа дейін «сом зонасынан» шықпауы, бұрын қалыптасқан экономикалық кеңістікті және оның шаруашылықтық байланыстарын сақтау мақсатында болатын.
Қазақстан валютасымен енгізуге дайындық үдерісінде Ұлттық Банк шетел және ТМД елдерінің тәжірибесін мұқият зерттеді. Әр түрлі варианттар тыңғылықты қарастырылды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1). Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына
Жолдауы, Алматы – 1998 ж.
2). Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
3). Бухгалтерлік бюллетень, N 8 – 2004
4). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актісі
5). "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы" заңы
6). «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
7). Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005
8). Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, N 9 – 2005
9). ҚР-ң қаржы министрлігінің ақпараттық хабаршысы
10). Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы
11). ҚР-ң қаржы министрлігінің ақпараттық хабаршысы
12). Н.Назарбаев Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы – 1998 ж.
13). Бухгалтерлік бюллетень, N 8 – 2004
14). ҚазЭУ Хабаршысы – 2005, N 7
15). Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.
16). Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,
N 9- 2005
17). Худяков А.И. Основы теории финансового права. -Алматы, Жеті Жаргы, 1995.
18) Дирофеев Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право. -М, НОРМА-ИНФРА, 2001.
19). Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (особенная часть) Алматы, НОРМА-К, 2002. -С.24.; Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан (общая часть). -Алматы, НОРМА-К, 2003.
20). Дорофеев Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право России. -М., НОРМА-ИНФРА-М, 2001
21) Сарсембаев К.М. Казахстанское и международное валютное право. -Алматы, Данекер, 2003. (5 томов)
22). Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (общая часть). -Алматы, Қаржы-қаражат, 1995. -С.ПО-152; с.168-177; с.98.