Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:26, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АҚША ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ............................................5
1.1. Қазақ даласыдағы ақша құралының тарихы..........................................5
1.2. Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық валютасының пайда болуы.......................................................................................................................8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА ДАМУЫМЕН ҚАЛЫПТАСУЫ...........................................................................................,,,,,,,11
2.1. Ұлттық банктің қалыптасуы.....................................................................11
2.2. Қазақстан Респбликасының мақсаттары мен міндеттері....................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ................................................20
3.1. Валюта ресурстарының маңызы..............................................................20
3.2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері...............................23
3.3. Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері..................30
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34
2.1. Ұлттық банктің қалыптасуы
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:
- Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай-несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банктің белгіленген негізгі міндеттерді толы-ғымен орындалуына мүмкіндік береді;
- экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
- банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
- республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің қауіпсіз, уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;
- орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды, ең алдымен ақша-несиелік реттеудің құралдары және іздістері дами түсті.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көзпер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден койды, оларға: банктердің өтімділігін колдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.
1995 ж. бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші денгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, екінші жартысында операциялардың барлық ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару (нота) жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды.
1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің позитивті нақты бағытын ұстап тұрды. Инфляция қарқынының төмендеуіне байланысты ол да төмендеді және керісінше инфляцияның өсуі қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді, Инфляция каркыны 1995 жылдың каңтарында 8,9%-дан 2,4%-ға дейін темендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45%-ға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4%) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5%-ға. дейін арттыруына мәжбүр етті. Бұл өзгерістер өз кезегіндегі екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініп алды.
Ақша массасының көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі міндетті резервтер деңгейі,1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің деңгейінің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері ұшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.
1995 ж. Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер -0,8 млрд теңге көлемінде айналысқа шығарылды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар - 2,2 млрд теңгені құраған.
1995 ж. екінші жартысында өтімді нарық құруда Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорынның ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.
1995 ж. алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 ж. сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.
Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді. Сонымен қатар әр түрлі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар жүргізді.
Мұндай ақша-несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 жылы монетарлық бағдарламаға жүктелген параметрлер негізінен орындалды. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын (1994 ж.) 24,1%-дан (1995 ж.) 4,8 %-ға дейін төмендеуге әкелді, әрі шетел валюталары бойынша теңгенің бағамы тұрақтанды. Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты экономикалық тұрақтануына жақсы жағдай туғызды. Жалпы ішкі өнімнің құлдырауы (1994 ж. 23,7%) 9%-ға дейін төмендеді. 1997 жылмен салыстырғанда экономикалық бірқатар салаларда өндірістің өсуі байқалады. Сауда балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.
1995 ж. ел экономикасын сауықтыру мақсатында макроэкономикалық реттеу мен ақшалай-несиелік және салық бюджеттік саясатты үйлестіру ісінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы қатынастары беки түсті. Соның нәтижесінде, Қаржы министрлігінің өзара байланыс практикасы жақсарды, қаржылық қарым-қатынастар тәжірибесі келтірілді, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің аукциондарын өткізу бойынша Қаржы министрлігі агенті функцияларының атқарылуы жақсарды, бюджеттерге кассалық қызмет көрсетуді Ұлттық банктен - Қаржы министрлігі қазынашылығына беру жөнінде дайындық жұмыстар жүргізілді.
Экономика талаптарына сай келетін жалпы қабылданған халықаралық қағидалар стандарттарды - тәжірибелік қызметке өндіруге көмек беретін шаралар жиынтығын көрсететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы бойынша күрделі жұмыс жүргізді.
Ұлттық банк тәжірибеге жаңа шоттар жоспарын, біртұтас баланс пен негізгі және көмекші бухгалтерия бойынша нормативті құжаттар, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесіндегі қажетті бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді енгізді. Аталған жұмыс түрлерін автоматтық өндеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы аяқталды.
1995ж. банктік қадағалаудың әдістемелік базасының дамуын қамтамасыз ететін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді, әсіресе мына бағыттарда: үмітсіз және күмәнді қарыздарды жабуға арнайы резервтер (провизия) қалыптастыру бойынша, банктерді консервациялау, банктерді ашудың жаңа тәртіптері бойынша, банктік операцияларды лицензиялауға банктерді таратудың жұмыс жасап отырған тәртібін өзгертуге және банктердің ашық валюталық позициясын енгізуге байланысты.
1995 ж. екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды. Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін), шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті.
Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды. Егер жыл басында 60% банктерде жарғылық қор 5 млн теңгеге дейін болса, 1996 ж. олардың саны 35% кем болды. 80 млн теңге және одан да көп жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
2.2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның мақсаттары мен міндеттері
1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей орталық банкінің 1961 – 1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта – 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге – дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
1993 ж. 15 қарашада сағат 8 – де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
1993 ж 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма – қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
қолма – қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18 – де аяқталды. қарашаның 15 – 18 аралығында екі валюта - сом және теңге – айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16 – дан асқан азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болды.
1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта – теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырды. Сондай – ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Айналымға теңгені енгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейін 2,5 айда, келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең айқымды компаниясы басталған да теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
Нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдер мен дербес валюта қатынастарының құруымен қатар, халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.