Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:26, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АҚША ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ............................................5
1.1. Қазақ даласыдағы ақша құралының тарихы..........................................5
1.2. Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық валютасының пайда болуы.......................................................................................................................8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА ДАМУЫМЕН ҚАЛЫПТАСУЫ...........................................................................................,,,,,,,11
2.1. Ұлттық банктің қалыптасуы.....................................................................11
2.2. Қазақстан Респбликасының мақсаттары мен міндеттері....................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ................................................20
3.1. Валюта ресурстарының маңызы..............................................................20
3.2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері...............................23
3.3. Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері..................30
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34
Қазақстан 1992 – жылдың шілдесінде, ХВҚ – ға мүше болып кіргеннен бастап, өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін, 1993 – жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде, Қазақстан сом аймағында болғандықтан, шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасы болатын. Сонымен қатар, еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта қорларын құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған, заң бағаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарджы және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін тенгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді. 1995 жылы Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.
1996 жылы 24 – желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды. Қазақстанның шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері – республикада қабылданған заңдарда айқындалған.
1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерісмен есептелетін жағдайға жетті.
Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар – теңге бағамының емін – еркін өзгермелі болуына жол беру керек.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ
3.1. Валюта ресурстарының маңызы
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2) Қаржы министірлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржылаңдыру үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың, өңдірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақүрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта занды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.
Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жургізуші субъектілер және валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі — банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын
қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын келісім-шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контраютар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады ("Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары"). Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.
3) валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар өтеу;
4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.
1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
3.2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
Валюталық реттеу органдары әзірлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісілуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық реттеудің негізгі органы ретінде:
1) осы Заңның 6-бабына сәйкес резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;
2) резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде валюталық реттеу режимдерін:
лицензиялауды; тіркеуді; хабардар етуді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингті (валюталық мониторингті) жүзеге асыру тәртібін;
4) уәкілетті мсмлекеттік органдармен келісім бойынша олардың Құзыретіне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердің орындауы үшін міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейді.
Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгіленбеген валюталық операциялар шектеусіз жүргізіледі.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруга қойылатын талаптар:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық қүндылықтарды пайдалануға байланысты кызметтің мынадай түрлерін:
1) қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызметтер көрсетуді;
2) уәкілетті ұйымдардың шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруын лицензиялауға тиіс.
Осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыруға лицензия өз қызметін бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын теңіз, ішкі су, әуе, темір жол және автомобиль көлігінде жүзеге асыратын тұлғаларға беріледі.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы баптың 1-тармағында аталған қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша сауда нүктелері мен айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгілейді. Айырбастау пунктін тіркеу кезінде белгіленген үлгідегі құжат - айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі беріледі. Уәкілетті ұйымдар үшін құрылтай құжаттарын келісу тәртібі, құрылтайшылардың құрамына, ұйымдастыру-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшеріне және қалыптасу тәртібіне қойылатын талаптар, бөлімшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу жөніндегі шектеулер қосымша белгіленеді.
3. Резиденттер лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген құжаттардан басқа, осы Заңның 10-бабының бірінші бөлігіндегі 1), 3) - 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік, құқықтық актісінде белгіленген шарттармен және тәртіппен тапсырады.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған қызметті жүзеге асыруға лицензиялар немесе лицензия беруден бас тарту резидент құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.
Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;
2) өтініш берушінің осы Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сай болмауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.
6. Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Валюталық операцияларды лнцензиялау
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында көзделген валюталық операцияларға лицензиялар береді.
2. Валюталық операцияларға қатысушы резидент шоты ашылғанға дейін немесе тараптардың бірі шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін не осы Заңның 20-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде, 7-тармағында және 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензия алуға өтініш жасауға міндетті.
3. Резиденттер лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құжаттардан басқа, осы Заңның 10-бабы бірінші бөлігінің 1) - 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіңде белгіленген шарттармен және тәртіппен ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актіде:
I) осы Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың көлемдеріне қатысты талаптарды;
2) осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес лицензиялануға тиіс операцияларды резидент-клиенттің тапсырмасы бойынша оның мүддесіне және оның есебінен резидент еместің жүргізуі көзделетін, ол тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар резидент иен резидент емес арасындағы мәміле шарттарына қатысты талаптарды;
3) осы Заңның 25-бабына сәйкес лицензиялануға тиіс операциялар бойьнша уәкілетті банктердегі шоттар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоқтығына негіздеме ұсынудың талаптарын белгілейді.
5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;
2) жүргізілетін операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеуі;
3) жүргізілетін валюталық операцияның және (немесе) өтініш берушінің осы Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сай келмеуі;
4) осы Заңның 22 және 25-баптарына сәйкес лицензиялануға тиіс валюталық операцияларға қатысты салықтық берешектің, бюджет қаражатының, үкіметтік сыртқы қарыздардың есебінен берілген кредиттер бойынша және мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;