Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
шет елдік тәжірибелерді қарастыру.

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.docx

— 82.42 Кб (Скачать)

              Банкаралық бәсекенің өсу жағдайында  халықты несиелеуді жетілдіру  банк үшін оның қоғамдық мәртебесін, табыстылығын, тартымдылығын нығайтатын  басты фактор болып табылады. Тұтыну несиесінің бұл қасиеттері  оған көңіл бөлуді қамтамасыз  етеді. Банктің бұндай бөлшек  қызметтерді ұсыну қабілеттілігін  оптималды мерзімде потенциялды  келісімдердің тәуекелдік есебінен  бағалануы тиіс, несие беруге  тапсырыстардың үлкен санының  түсуіне әсер етеді. Басқаша  айтқанда, қарыз алмастан бұрын,  «тұлға маркетингін» өткізу керек.  Мұнда тапсырыс берушінің морльдық, іскерлік және қаржылық сапаларын  банк сұранысын, талабын қандай  деңгейде қанағаттандыратындығын,қарыз  алушыныі мүмкіндіктері несиені  арналымы бойынша пайдаланғандығын  және оны пайыздарымен уақытында  қайтара алатындығын анықтайды.

              Несиелік операциялардың табыстылығын  жоғарылату несиелік тәуекелдерді  бағалау сапасына байланысты. Клиентті  тәуекел тобы бойынша жіктеуге  байланысты банк несие беруге  бола ма, несиелеу лимиті қандай  және пайыздарды белгілеу керек  екендігін шешеді.

              Қазақстандық банктерде жеке  тұлғаларға деген несие қабілеттілігінің  скорингтік бағалау жүйесі дами  бастады.

              Алайда, скоринг негізінен банк қызметтері міндетті түрде дүкенде бола тұра, тауарды несиеге  сатып алғысы келетін клиенттен қажетті ақпаратпен толтырылған анкеталарды (дербес мәліметтер, тұлғаны куәландыратын құжаттар, тұрғылықты жерінің тіркелу мекен жайы, нақты тұрғылықты мекен жайы, әлеуметтік статусы, жанұялық жағдайы, балаларының және асырауындағы адамдардың саны, жеке және табыс мөлшері, жылжымайтын мүлік түрі, қызмет орны және білімі жөніндегі мәліметтер және т.б.) жинай отырып, несиелік және сауда ұйымдарының әріптестік байланыстарының нығаюя үшін пайдаланылады. Тез өңдеуге бейімделген бұндай анкеталар тез арада материалдардың жеке архмвін ескере отырып, несиенің берілуі немесе берілмеуі жөніндегі шешім қабылданатын банк бөлімшесіне беріледі. Бұл процедура бір сағат мөлшерінде уақыт алады. Оның шешімі несиелеу параметрлері (пайыз мөлшері, ссуда көлемі мен уақыты, алғашқы жеке салым көлемі) балл түрінде бағаланған қарыз алушының сенімділігі мен онымен алынатын тауардың әлеуметтік мәніне байланысты белгіленеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Халық өз мұқтаждығына қажетті қаржы ресурстарын несие алу арқылы қамтамасыз етеді. Халық несиені өздерінің кәсіпшілігіне,шаруашылығына және отбасы бюджетін толықтыруға алады. Ал отбасы бюджетінің несиелеу түрлері: материалдық шығындарға несиеленуі тұрмыстық шығындарға несиеленуі, рухани шығындарғы несиеленуі деп бөлуге болады. Халықтың несие алуы тағы да жеке кәсіпшіліктер мен шаруашылықты дамыту арқылы пайда табуынан бағытталған түрлері бар.

       Несие – банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады. Осы арқылы шаруашылық субъектілер мен халықтың үлкен мөлшердегі ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі. Ол ақшалай қаражаттарды шоғырландырып, халықтың табысын активті жұмыс істейтін капиталға айналдырады. Мемлекеттегі ақшалай айналымын несие жүйесі реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызмет көрсетеді,сонымен бірге экономикалық қатынастар пайда болады, оларды несие қатынастарына жатқызуға болады. Несие қатынастары қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.Несие ұйымдарына сақталынатын ақша, яғни ол несие ресурстарының қалыптастырылуы, ал олардың экономикаға және халықтардың қажеттіліктеріне беру ол – несие беру.

          Халыққа несие беру екі жүйемен жүргізіледі.

    • Бюджет арқылы несие беру;
    • Банк арқылы несие беру.

              Халыққа бюджеттен несие беру  төмендегідей мақсаттарды қаржыландыру  үшін береді.

    • Лизингті ұйымдастыру бағдарламасы шеңберінде;
    • Шағын және орта бизнесті қолдау жобасын іске асыруға;
    • инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруға;
    • ауыл шаруашылық жобаларын бірлесіп қаржыландыруға;
    • мемлекеттік білім беру жүйесіне берілетін несиелер.

              Халыққа банк арқылы несие  беруді ұйымдастыру бірнеше түрге  бөлінеді: тұтыну,лизинг,ауылшаруашылық,шаруашылықаралық,ипотекалық, мемлекеттік,халықаралық және т.б.

              Тұтыну несиесі – ол төлемін  кейінге қалдырып, тұтыну тауарларын  несиеге сату. Несие алушы халық,  ал несие беруші әр түрлі  өндіріс орындары, фирмалар, банктер,  мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну  несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары  арқылы төлемін кейінге қалдырып,тауар  сату) және банктік несие формасында  яғни тұтыну тауарларын сатып  алуға ақша беру-ұзақ қолданылатын  тауарларға беріледі.

              Несиенің берілу мерзіміне байланысты  қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан бес  жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес  жылдан жоғары) несие. Қысқа мерзімді  несие айналмалы капиталдың қозғалысынан  туындайтын қарыздардың ағымдағы  қажетіне беріледі.

          Қазақстан 2030 жылға  дейін дамуының стратегиялық жоспарындағы ең маңызды мақсаттардың бірі-ауылдың  ең елеулі проблемаларын шешу және кедейдік пен жұмыссыздық пен күресу. Бұл мәселелерді шешу үшіін және орта бизнесті дамытудың, Қазақстанның неғұрлым көп халық санын кәсіпкерлік қызметке жұмылдырудың маңызы үлкен. Сондықтан да ЕДБ-дің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды: республика ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынтық мөлшері 2006 жылдың ақпан айында 205 322 млн. теңгені құрады.

          Сонымен, шағын және бизнесті несиелеу жағдайын талдау барысында  мынандай қорытындыларға келуге болады:

  • шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемі жыл сайын өсуде: республика ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің ижиынтық мөлшері 2006 жылдың ақпан айында 205322 млн. теңгені құрады,
  • ЕДБ-дің шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелердің валютасындағы несиелер алады;
  • ЕДБ-дің аймақтар бойынша шағын және орта бизнес суьъектілеріне берген несиелерінің құоылымында дерьбес кәсіпкерлік қаласы-Алматы ең үлкен орынды алады, әйтсе де Астана қаласында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында берілген несиелер көлемінің өскендігі көрінеді.
  • ЕДБ-дің шағын кәсіпкершлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысына жуық бөлігі сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалады.

           Тұтынушылық несиелендіру жайла сөз қозғасақ, оның басты идеясы тұтынушылық несиелендіру елдегі және ғаламдық көлемдегі экономикалық дамытуды ынталандырудың негізгі факторларының бірі болып табылуында. Тек қана осы бизнес абсолютті бақылауға алынбауы тиіс, біз оны жауапкешілікпен жүзеге асыруымыз тиіс, нақты заңнамалық базаны негізуіміз тиіс, сондай-ақ кәсіби түрде мониторингіні жүргізу үшін жаңа технологиялақ құралдарды іске асыруымыз тиіс.

          Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау  Тұтынушылық несиелендірумен Алматы, Астана және бірқатар облыс орталықтары  қамтылған, бірақ аймақтар толығымен  қамтылмаған. Егер халықтың табыс деңгейі бүкіл Қазақстан бойынша өсіп жатса, онда банк филлиалдарының ашылуы тұтынушылық несиелендірудегі өсімнің үлкен қарқынына әкеліп соқтыруы тиіс.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

        Бұл жұмыстың бірінші тарауында жалпы  тұтыну несиесі және оның жіктелуі туралы сөз қозғалды.

        Тұтыну  несиесі деп халыққа тұтыну тауарларын сатып алу, тұрмыстық қызметтерді  өтеу мақсаттарына берілетін коммерциядық немесе банктік формадағы несие.

              Несиенің бұл түрі қымбат өнімдерді сатып алу мақсатына, мысалы: автокөліктерді,жиһаздарды сатып  алғант уақытта қолданылады. Тауар  бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дамыған  елдердегі несиенің жртысынан көбі автокөлік сатып алу мақсатына  беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма қол ақша арқылы сатып алады.

              Тұтыну несиесі  көптеген елдер экономикасында үлкен  роль атқаратындықтан, мемлекеттік  органдар жағынан реттеліп отырады.

              Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне, осы несие  түрі берілген уақытта ақшалай және тауарлы капитал қатынастары  пайда болады, және потенциалды қарыз  алушылар жеке тұлғалар болып табылады. Тауарлы формада бұл несие  түрі қызметтерді және тауарларды өтеуін кейінге қалдырып өткізетін кез-келген шаруашылық субъектілеріне беріледі.

              Ақшалай формада  тұтыну несиесі тұтыну тауарларын алумен, көрсетілген қызметтер үшін төлемдермен  байланысты шығындарды жабу үшін несиелік мекемелермен халыққа беріледі.

              Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты-халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту.

              Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның даму деңгейі әр елде әр түрлі сатыда екенін көре аламыз.

              Соңғы зерттеулерге сәйкес тұтыну несиесі банктермен берілетін  несиелердің ішінде ең табысты түрі болып табылады.

              Екінші тарау жеке тұлғаларды несиелік қабілетін бағалауға  және екінші деңгейдегі коммерциялық банктер мен тұтыну несиесін беру тәртібіне арналған.

              Банк несиелік саясатын белгілегеннен кейін, осы саясаттың  іске асуын жүзеге асыратын жүйені қарастыруы қажет. Ал, оның негізіне қарыз  алушының несиелік қабілетін анықта, бағалауды жатқызамыз. Несиелік қабілеттік несиені басқарудың әдісі ретінде  несиелеу процесін экономикалық жағынан  қарастырады.

              Несиелік келісім  шартта бекітілген несиелеудің мүмкіндіктері  мен шарттары туралы мәселелерді  шешу үшін қарыз алушының сапалы сипаттамасы-несиелік қабілеттілік деп аталады. Банк жеке тұлғаның несиелік қабілеттілігін анықтауы өз несиелік тәуекелін азайтып, жұмысының  тұрақтылығын жоғарылату үшін қажет.

              Сонымен, несиелік қабілеттілік дегеніміз-қарыз алушының уақытылы және толық қайтару қабілетімен  анықталатын, несие алудың маериалдық және қаржылық мүмкіндіктерінің жиынтығы.

              Коммерциялық банктер  несие алушының өткен жылдардағы қаржылық жағдайына және банкпен  берілген несиенің несиелік мерзімі  кезінде перспективаларына, болашақтағы  қаржылық жағдайына талдау жасайды. Банк нарықты зерттей отырып, несие  алушының қаржылық жағдайын және елдің  жалпы экономикалық жағдайын ескеруі  қажет.

              Бұл жерде банкпен  жүргізілетін: төлем қабілеттілікті бағалауға, несие қабілеттілікті және қаржылық тұрақтылыққа сараптама жасау  жұмысы үлкен роль атқарады.

              Несие қабілеттілікке сараптама жүргізу әр бір банкте кеңінен қолдануда, бірақ бұл  жүргізілетін сараптамалар тек корпоративтік  клиенттерге бағытталған.

              Қазақстан Республикасында  жылжымайтын мүлікті кепілге  ала отырып,банктік несиелер әр түрлі  мақсаттар үшін берілуде.

              «Казкоммерцбанк»  АҚ-ның мәліметтерін талдай отырып, мынандай қорытындылар жасауға болады: берілген 150 тұтыну несиелерінің 60 қозғалмайтын меншік сатып алуға, 60-автокөлік  сатып алуға және басқа мақсаттарға  берілген.

              Ал, үшінші тарау  шетелдік тәжірибеге және Қазақстан  тұтыну несиелерінің ерекшеліктеріне  арналған.

              Қазіргі кезде, коммерциялық банктер арасында бәсекелестікке байланысты несие алушыларды тарту мақсатында банктер пайыздық мөлшерлемелерді  мүмкін болғанша төмендетіп, несие  мерзімін ұзартуда. Кейбір банктер  несие алушының тұрақты табысына негізделіп несие беретін болса, келесі банктер несиені уақытылы қайтаруды қамтамасыз етуді негізге  алады. Осы сияқты жағдайлар жеке тұлғаларға несие алу мүмкіншілігін  көбейтті.

          Қазақстандағы несиелік жүйе Батыс елдерінің несиелік және жалпы банктік жүйелерінен ерекшеленеді. Сондықтан да, тәжірибесін бізге  толық енгізуге болмайды. Бірақ, бұл  тәжірибелерді ішінара біздің елдің  экономикалық коньюктурасына икемдеп  қолдануға болар еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері