Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
шет елдік тәжірибелерді қарастыру.

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.docx

— 82.42 Кб (Скачать)

   Егер, несие алушы экспертиза жасауға  қажет барлық құжаттар жиынтығын  және ұсынылып отырылған қамтамасыз ету мүліктерін бағалауға байланысты құжаттарды беретін болса, онда кешенді экспертиза бес күн ішінде жасалануы тиіс.

   Несиелік  Комитет Экономикалық қауіпсіздік  Департаментінің қортындысына сүйене отырып, тұтыну несиесінің проектісін қаржыландыру  (несие мерзімін өзгерту (пролонгация)және тағы басқа) туралы ұсынысты, кепілдің заңға сәйкес тіркелуін  қарастырып жобаны

   Ал  егер несиелік жоба күрделі болып  Департамент көлемінде шешім  қабылдауды қиындатса, ол Несиелік Комитетінің  қарарына жіберіледі.

   Тұтыну  қажеттілігін өтеу үшін берілетін несие  сомасы клиенттің банктік шотына  аудару арқылы немесе қолма-қол  ақша арқылы берілуі мүмкін. 

   Қарыз алушы банктегі есеп шоттан несиелік қаражаттарды пайдалануға құқық  беретін төлем құжаттарын Коммерциялық  Департамент Директорының орынбасарына тексергенге берілгеннен кейін, ол құжаттар Банктің операциялық  Басқармасына  ақшаны аударуға жібереді.

   Несие берілгеннен кейін он күн ішінде несиелік қызметкер несиелік қаражаттардың  мақсатты жұмсалуын тексеріп, несиенің мақсатты  жұмсалуы туралы Акт жасайды  және бұл Акт несие алушының атына  арналып ашылған кітапшаға тігіледі.

   Егер, клиент несиелік келісім шарт бойынша  несие мерзімінің бітуіне он күн  қалғанға дейін банкке несие мерзімін ұзарту туралы өтініш жазып келетін  болса, несиелік қызметкер қарыз  алушының қаржылық жағдайына, ал заңгер кепіл мүлкінің сапасына талдау жасауы қажет.

   1.Мониторинг жүргізу тәртібі.

   Несие қызметкерінің міндеттері:

  • Несие алушының несие келісім  шартында көрсетілген шарттарды орындауын, соның ішінде төлемдердің уақытылы төленіп отыруын бақылау;
  • Несие алушының банктегі шотқа ақша қаражаттарының уақытылы түсіп отыуын жүйелі тексеріп тұру;
  • Кепіл заттың сапасын бақылап отыру;
  • Кепіл берушінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу.

   Осы жасалған жұмыстар бойынша тексеру  Актісі жасалады, оны 

   Коммерциялық  Департамент Директоры тексеріп, оған қол қоюы қажет. Ал, бұл Актінің  мазмұнына келсек:

  • Несие қаражаттарының мақсаты немесе мақсатқа сай емес қолдануы туралы фактілер, яғни мақсатты қолданған қаражаттарға құжаттардың болуы, мысалы, меншік алған болса, меншікке деген құжаттардың болуы және сол меншіктің бар екендігіне қол жеткізу; Несие алушының табыстары қаржылық сараптау мәліметтерімен салыстырылады, олардың көбеюі немесе азаюына және кепілге меншіктік құқықтық сақталуына талдау жасалады;
  • Кепіл берушінің қаржылық жағдайын бақылауға алады;
  • Кепіл заттың сапасын қадағалайды.

   2.Тұтыну мақсатына берілетін несиелердің шарттары.

   Аталмыш «Казкоммерцбанк» АҚ-дағы банктік экспертиза жасау 

    барысында несие алушыға келесідей талаптар қойылады:

  • Несиені алған клиент 58 жасқа толғанша өтеуі. Демек несие 21 жастан 56 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі;
  • Расталған табыстардың болуы қажет;
  • Несие алушының тұрақты жұмыс орны болуы керек;
  • Клиенттің және оның туысқандарының басқа несиелік институттар алдында несиелік қарыздардың болмауы шарт;
  • Несие бойынша өтімді кепіл мүліктері болуы керек;
  • Несие алушы сотталмаған және үстінен іс жүргізілмеген болуы  керек.

   Несие алушының төлем қабілеттілігін анықтау.

   Банктің несие қызметкері  несие алушының арызын алып, тіркегеннен кейін барлық құжаттарда,анкетада көрсетілген мәліметерді текері қажет. Егер несие алушы өз несиесін жалақы есебінен өтейтін болса, онда оның төлемқабілеттілігі жұмыс орнынан әкелген анықтама негізінде дәлелденіп есептеледі және Жинақтаушы Зейнетақы Қорынан алған растамамен куәлендіреді.

   Ол  анықтамада келесі мәліметер көрсетілуі керек:

   А) анықтама берген ұйымның толық атауы, банктік шоттың нөмері, пошта адресі;

   Б) несие алушының осы ұйымда тұрақты  жұмыс істеу мерзімі;

   В) соңғы 12айдағы несие алушының орташа айлық табысы;

   Г) жалақы есебінен соңғы 12 айдағы шегерімдер.

   Анықталған  ұйымның жетекшісінің және бас бухгалтердің қолы, ұйымның мөрі қойылады.

   Ал, егер несие кәсіпкерлік қызметтен  түсетін табыс есебінен өтелетін болса, несие қызметкері орташа айлық  табыс мөлшерін әр күндік табысқа  келтіріп талдау жасау арқылы анықтайды. Несие алушының төлем қабілеттілігін анықтау кезінде анықтамада, анкетада көрсетілген табыстан барлық міндетті төлемдер алынып тасталуы тиіс (яғни, табыс  салығы,пайлар, алиментер, компенсациялар және тағы басқалар).

   Несие алушының төлем қабілетін анықтау  барысында және несие соммасын анықтау  барысында несие алушылардың  табыстары АҚШ доллар құнының  өсуі мүмкіндігіне байланысты қарастырылуы қажет.

   Ал, жеке тұлғалардың автокөлік алуын  қолдап, нсие берудің банкке мынандай мүмкіндіктері беруде:

  • Жеке клиенттерге көрсетілетін банктік қызметтер спектрін көбейтіп оларды тарту;
  • Банктегі тұтыну несиелерін беру процесін унификациялау;
  • Банктік қызметтерді көрсету үшін тек жеке тұлғаларды емес, сонымен бірге сауда компанияларын тарту (мысалы, автосалондарды және тағы басқаларды);
  • Банктік несие портфелін көбейтіп, диверсификациялау.

     Автокөлікті банктік несие  арқылы алу кезінде несие тұрақты схема бойынша берілсе, несие алушы міндетті түрде өз қаражаттары есебінен алғашқы салым төлеуі қажет. Ал, несие қалған сома мөлшеріне беріледі. Бұл схема автокөліктерді автосалондардан, жеке тұлғалардан сатып алуға бағытталған.

      Казкоммерцбанк «Татымды несие» Сіздерге елдің кез келген автосалонында ең тиімді шаттармен жаңа қазіргі заманғы автомобиль алуға мүмкіндік ұсынады!

       Бұл бағдарлама Сізге тиімді несиелеу шарттарымен қолданыста болған кез келген маркілі және модельдегі автомобильді жеке сатушыдан немесе автосалоннан сатып алуға мүмкіндік береді. Неліктен бұл Сізге тиімді болуы мүмкін? Өйткені Казкоммерцбанктің тұтынушылық несиесі – бұл;

  • Жылдам!- Несие беру туралы мәселені банк Сіз өтініш берген сәттен бастап 3 күн ішінде шешеді. Тиімді! – Қолыңызда оның құнының бөлігі ғана бола тұрып, автомобиль сатып алуға болады, қалған соманы Сізге банк береді.
  • Ыңғайлы! – Несиені сіздің тұратын жерңізге немесе жұмысыңызға жақын болу ыңғайлылығына қарай, банктің 22 филиалының кез келгеніне барып рәсімдеуіңізге болады.

      «Ұсталған» автокөлікті сатып алудың несиелеу бағдарламасы.

      Қолданыста болған автокөлікті сатып алудың несиелеу бағдарламасы Сізге тиімді несиелеу шарттарымен айдалған кез келген маркілі және модельдегі автокөлікті жеке сатушыдан немесе автосалоннан сатып алуға мүмкіндік береді.

      «Татымды несие» -жаңа автокөлік сатып алуды несиелеудің арнайы бағдарламасы. «Казкоммерцбанк» АҚ жаңа автомобиль сатып алуды несиелеудің «Татымды несие» атты жаңа бағдарламасын ұсынады. Аталған бағдарлама Казкоммерцбанктің тиімді несие шарттары арқылы қазіргі заманға сай жаңа автокөлікті едің кез келген авасалонынан жоғары дәрежелі қызметпен сатып алуға ерекше мүмкіндік ереді.

        Гаранттық схема (гарантированная схема) – автакөлікті сауда копаниясы сатқан уақытта қолданылады. Яғни, несие алушы өз қаражаттары  есебінен автокөлік құнының  50 пайызын төлеп, қалған 50 пайызын сауда компаниясының банктік гарантия негізінде бөліп төлеуге келіседі. 

       Бұл схема несиелік желілерді ашуға, яғни сатып алушы несие есебінен сатушыға жоспарланған төлемдерді төлеу үшін қолданылады.

       Бұл несиелер 21 жастан 56 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі және несие шарты бойынша несие мерзімі несие алушыға 58 жас толғанға дейін аяқталуы шарт

       Несие сомасы несие алушының категориясына және оның табыстары мен автокөліктің бағасына тәуелді.

       Несие алушының категориясы несиені қамтамасыз етуге байланысты анықталады. Автокөлікті сатып алуға берілетін несиелер қарыз алушының банктік шотынан сатушының осы банкте ашылған шотына ақшаларды аудару арқылы немесе несие алушының, үшінші тұлғаның банктік шотынан қолма қол ақша арқылы немесе мерзімді салымдар сомасы арқылы беріледі.Егер, кепіл ретінде алынатын автокөлік болса, оны несие алушы жүз пайыз, яғни несиелік шарт немесе банктік гарантия мерзімі аяқталғанға дейінгі толық өз құнына сақтандыруға міндеттеледі.

        Казкоммерцбанктің 2007 жылы азаматтарға тұтыну мақсаттарына берілген несиелер үлесі – 4,2% ; 2008 жылы- 6,4%, болғанын, яғни үлесі 0,52%-ға, ал көлемі бойынша 20 822 млн. теңгеден  42 249 млн. теңгеге өскенін көріп отырмыз. Ал, 2009 жылы тұтыну мақсатына берілген несиелер – 10,3 % құрады; өткен жылы бұл мақсатқа берілген несиелер көлемі айтарлықтай жоғарылағанын, нақты айтқанда 2,38 есе болған.

           

     2.3. Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары 

    Өтімділік деңгейіне қарай қамтамасыз етудің төмендегідей түрлері бар:

  • Банктің филиалдарына кепіл берушінің салған ақшалай депозиттері;
  • Кепілдеме беруге құқықтары бар ұйымдар мен кәсіпорындардың кепілдемесі;
  • Өтімді қозғалмайтын және қозғалмалы меншік.

     Несиені қамтамасыз ету ретінде несие алушының меншігі немесе үшінші тұлғаның меншігі, несие алушының банктік несие қаражаттарына алған

     Меншіктің қамтамасыз етулер ипотека түрінде де, заклад түрінде де қабылданады.

     Банктік тәуекелдерді төмендету мақсатында несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің бірнеше түрі қолданылуы мүмкін, бірақ қамтамасыз етудің жалпы сомасы несие шартындағы міндеттердің сомасынан артуы қажет.

              Қозғалмайтын мүліктерді бағалау   келесі құжаттар негізінде жасалады:

    • Бағаланатын объектілердің техникаклық құжаттамалары (оригинал);
    • Кепіл берушінің бағаланатын объектілерге меншік құқығын куәландыратын құжаттар;
    • Егер, бағаланып отырған сауда объектісі болса, жылдық, айлық тауар айналымының сомасын растайтын құжаттар;

    мүлікті бағалау үшін, банк қызқметкеріне  мүлікті көрсету туралы шарт жасалады. Клиент бағалауды жүргізгені үшін банктің  комиссиялық сыйақы Кепілге берілген мүліктерді бағалау бағаланатын  объектілерге шынайы құжаттар берілгенде ғана жасалады. Бағаланатын мүліктің меншік құқығын бағалау клиент тапсырған  құжаттарға негізделеді. Клиент құжаттарының шынайылығына жауапты болады.

              Банктің кепіл қызметі клиент  тапсырған қүжаттар негізінде  кепілге берілген қозғалмайтын  мүліктің визуалды бағалау жүргізу  қажеттілігі туралы клиентке  хабарлайды.

              Несие алушы тапсырған құжаттарды  талдау, бағаланатын объектіні визуалды  қараудың нәтижесінде банктің  кепіл қызметі арнайы әдістемені  қолданып, қозғалмайтын мүлікті  бағалау бойынша жалпылама талдау  жүргізеді және қозғалмайтын  мүлікті бағалау бойынша жалпылама  талдау жүргізеді және қозғалмайтын  мүлікті бағалау актісін жасайды.  Бағалау процесі ғимараттың орналасу  жерін жалпы қараудан басталады,  сонымен қатар ғимараттарды, олардың  қалпын суреттейді және бағаланатын  меншіктің ерекшеліктерін белгілейді. Одан кейін объектілерді пайдаланудың  мүм кін варианттары талдауға  түседі.

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері