Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
шет елдік тәжірибелерді қарастыру.

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.docx

— 82.42 Кб (Скачать)

    Тұтыну  несиелерінің төмендегідей түрлері  бар:

      Несиелік  мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы сипаты бойынша ):

     Банктік тұтыну несилері;

     Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін  несиелер;

     Банктік емес типтегі несие мекемелерімен  берілетін тұтыну несиелері 

     ( ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс  қоғамдары, зейнетақы қорлары  және т.б.);

     Жеке  тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;

     Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей алынған тұтыну несиелері;

     Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері  былай жіктеледі: қысқа                                 

    мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер.

    Отандық банктер тәжірбиесінде банктік  несиелердің пайдалану мерзіміне  қарай бөлінуі:

    Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )

    Орта  мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін )

    Ұзақ  мерзімді ( 3 жылдан жоғары )

    Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдық  деп те атайды. Мұндай несиелерді қарыз  алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап етпеген  жағдайда өзіне қолайлы уақытта  өтей алады.

    Тұтыну  несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз (овердравт, кейінге  қалдырылмайтын қажеттіліктерге ) деп  бөлінеді.

    Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген          (сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген ) және қамтамасыз етілмеген  болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие  алушы несиені уақытылы, толығымен  қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуекелімен байланысты. 

       
 

    

    

    

    

    

    

      

    

      

    

      

      
 

    Сурет 1- Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің  элементтері  

    Дерек көзі : ҚазҰУ Хабаршысы №3 (49) 2008 

    Бөліп қайтарылатын несиелерге: қарызды тұрақты  кезеңдер бойынша өтеу (әр ай сайын, әр тоқсан сайын және тағы басқа); қарызды  тұрақсыз периодтар бойынша өтеу (қарызды өтеу барысындағы бөліктер белгілі бір факторларға байланысты өзгеріп отырады (азаяды немесе көбейеді)).  Бөліп қайтарылатын несиелер мәмәленің  жүзеге асу мерзімінде бөліктеп қарыздың соммасын есептеп шығару принципі бойынша  беріледі. Несиені бұл жолмен қайтару  клиент үшін мерзім соңында бірден қайтаруға қарағанда жеңіл болады. Банк үшін де бұл жол тиімдірек, себебі несиенің айналымын тездету арқылы банк несиелік ресурстарды босату арқылы банктің өтімділігін жоғарылатады.

    Пайыздарды  төлеу әдістеріне байланысты несиелер:

    1.Несиені беру уақытында берілетін пайыздық несиелер;

    2.Несиені өтеу уақытында берілетін пайыздық несиелер;

    3.Несиені пайдалану мерзімі бойынща пайыздары бірдей бөліктер арқылы       (әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген гоафик бойынша) төленетін несиелер;

    Қаражаттардың айналымы сипатына байланысты несиелер:

    1.Бір жолғы несиелер;

    2.Жаңартылған (револьверлі, роллеверлі) болып бөлінеді. Ровольверлі несиелер тобына негізінен несиелік карталар, немесе овердрафт формасындағы активтік – пассивтік шоттар бойынша берілетін несиелер жатады. Әлемдік тәжірбиеде жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі шоттары бойынша несиелік желілер аз тараған, бірақ олар несиелік карталар бойынша берілген несиелерсияқты қолданылады. Клиенттер шотындағы қалдықтан көп қаражаттарға чек жазып бере алады (чектік несие), бірақ банкке овердрафт қолданғаны үшін пайыздар төлеуі тиіс.

    Оған  мысал ретінде АҚШ – тың  тәжірбиесін келтіруге болады. АҚШ  банк жүйесінде тұтыну несиесін үш топқа:

    1.Бөліп қайтарылатын несиелер;

    2.Револьверлі несиелер;

    3.Бөліп қайтарылмайтын несиелер деп бөлеміз.

    Бөліп қайтарылатын несиелер шартты пайыздарды және қарызды белгілі мерзім сайын  төлеу. Әдетте, бұл несие қарыз  алушы тауарларды сатып алу үшін немесе басқа шығындарын жабу үшін және әр ай сайын бірдей бөліктер арқылы өтеу шартымен беріледі. Несие карточкалары және овердрафт бойынша берілген несиелерді де шартты түрде осы топқа  жатқызуға болады, себебі бұлар бойынша  да белгілі бір мерзім сайын өтеледі. Бірақ олардың өз ерекшеліктері  бар.

    АҚШ–та  бөліп қайтарылатын несиелерді өтеу мерзімі 2-5 жыл аралығында болады. Ал несиеге берілетін сомалар мөлшері үлкен диапазонда ауытқиды. Мұндай несиелер аз соммаларға берілсе де, несиелеу объектілеріне автокөліктер, яхталар, ұшақтар және басқа да 100 мың доллардан көп тұратын заттарды сатып алуға берілуі мүмкін.

    Револьверлі несиелерге қарағанда, бөліп қайтарылатын несиелердің қамтамасыз етілу деңгейі  жоғары болады.

    Бөліп қайтарылатын несиелер банктік несиенің тікелей және жанама формасында берілуі  мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде  банк пен қарыз алушы арасында несиелік шарт жасалады. Ал, жанама несиелеу делдал арқылы жүргізіледі, көбінесе делдал ролін бөлшек саудамен айналысатын  кәсіпорындар атқарады. Бұл жағдайда несиелік шарт қарыз алушы және заңды  тұлға арасында жасалады да, осы  заңды тұлға банктен несие  алады. Жанама несиелеудің кең тарағанына мысал келтірсек, АҚШ-та автокөлік  сатып алуға берілетін несиелердің 60%-ы жанама формада беріледі.

    Біздің  елімізде сауда ұйымдары арқылы халықты  несиелеу дамуда. Сатып алушылар қымбат тауарларды (автокөліктерді, таңазытқыштарды, кір жуғыш машиналарды, компьютерлерді және тағы басқа ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды), көбінесе, бөліп қайтарылатын несие арқылы алуда.

    Банк  пайдасының үлкен бөлігі несиелеумен  байланысты. Бірақ несиені қайтармау, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені  банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы  банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне  итермелейді. Бірақ та бұл операция түрінен пайда табу барысында  банк өз тарапынан қиындықтарға кездеседі. Ол қиындық – банкінің несие бойынша  баратын тәуекелі болып табылады. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді  басқару, реттеу шараларымен уақытылы айналып отыруы тиісті. Осы ретте  проблемалық несие ұғымын анықтап  алсақ. Проблемалық несие дегеніміз  несие келісім - шартында көрсетілген  уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген  қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша  сақтандыру компонияларының, кепілхаты  және кепілдеме берушінің банк алдындағы  міндеттемелері орындалмаған және несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім  – шартта көрсетілген күннен 30 күн  өткенге дейін қайтарылмаған  несиелер жатады.

    Банкінің  өзінің несие саясатын жүргізу барысында  проблемалық несиелерді болдырмауға  бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клинтпен міндеттеменің орындалуын қатаң  бақылап отырады. Оның басты мақсаты  – ссуда бойынша төленетін  пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төлеуіе қамтамасыз ету. Әрине әрбір ссуда түрі бойынша  ойламаған жағдайлардың өріс алу  қаупінен өзінің тәуекелі болады. Банк бұл тұрғыдан әр түрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті  сенімді қарыз алушыларға ғана несие  беру саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ  мұндай жағдайларда ол көп пайдалы  мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте  қымбатқа шығып кетеді. Сондықтан  ен оптималды саясатсақтық пен ресурстарды  табысты орналастырудың барлық потенциялды  мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады .

    Қазіргі кезде, несиелеу секторындағы коммерциялық банктер арасындағы бәсекелестік өзінің ең жоғарғы деңгейіне жеткен уақытта, банктер несие алушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыру, банктік қызметтер  спектрін, банктік қызмет көрсетуді  жетілдіру арқылы клиенттерді тартуда.

    Проблемалық несиелерге мыналар жатады:

  • Несиелік келісім шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
  • Сақтандыру, кепіл- хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
  • Несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.

          Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға  мыналар жатады:

  • Қарыз алушының қызметін қайта құру;
  • Несиені қайтару кестесін өзгерту;
  • Пайыз (сыйақы)  төлеу тәртібін төзгерту.

   Отандық тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне  сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және үмітсіз несиелер жатады. 

   Біздің  елде дамымаған, бірақ шет ел банктерінде  кеңінен қолданылатын несиелер түрлеріне  тоқталып кетсек:

   1.ағымдағы шот бойынша берілетін несиелер ( овердрафт );

   2.ағымдағы шоттың «несиелік зонасы»;

   3.есептік несие;

   4.тұтыну несиесі және жеке тұлғаларға берілетін персоналды несиелер;

   5.ипотекалық несие;

   6.балалар оқуына және студенттеоге берілетін несие;

   Бұл несие түрлерінің Батыс елдердегі  ерекшеліктеріне келетін болсақ:

   1) ағымдағы шот бойынша берілетін  несиелер Ұлыбритания, Канада, Германия  сияқты бірқатар дамыған елдерде  овердрафт несиесін қолдану құқығына  тек сенімді клиенттер ғана  ие. Ал, АҚШ- та соңғы кезге дейін  ағымдағы шот бойынша берілетін  несиелерге тыйым салынған болатын.  Бірақ, қазіргі заманға байланысты  кейбір американдық банктер өз  тәжірибесінде бұл несие түрін  қолдануда.

   2) Ағымдағы шоттың «несиелік зонасы».  Ұлыбританияның ірі коммерциялық  банктері – клирингтік банктері - өз клиенттеріне ағымдағы шот  бойынша жаңа қызмет көрсетуде  – қарыз алу қажеттілігін жабу  үшін «несиелі зона» қолданылады.  Ағымдағы шотта дебиторлық сальдо  қалып, біоақ клиент белгілі  бір шектерге дейін онымен  қолдана берген жағдайда ғана  «несиелік зона» іске асады. 

   3) Есептік несие. Бұл коммерциялық  банктермен вексель ұсынушыға  вексель бойынша төлеу мерзімі  келгенге дейін және пайыз  сомасының айырмасы негізінде  берілген қысқа мерзімді несие.

   Банк  несие алушы ұсынған вексель  бойынша дисконтталған жалпы  сомманы анықтайды. Бірақ, банктер  кейбір жағдайларда анықталған сома мөлшеріндегі вексельдерді сатып алудан бас тартуы мүмкін. Мысалы, Германиядағы банктер, әдетте, тек айналымы 90 күннен аспайтын тауар вексельдерін сатып  алады. Себебі, бұл вексельдерді олар Бундес банкте қайта дисконттауға мүмкіндігі бар.

   Есепті  несие клиентке белгілі бір артықшылықты береді. Ондай артықшылықтарына вексельді  негізге ала отырып, төлемді кейінге  қалдыру бойынша сатып алушыларға берілетін несиелерді өте жеңіл  және төмен пайыз мөлшерімен қайта  қаржыландыру мүмеіндігі бар. Сонымен  қатар, вексель берудің қатаңдықтарына байланысты банктер қосымша қамтамасыз етуді талап етпейді.

<

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның формалары мен түрлері