Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

    Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

    Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

    Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

    Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның  болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің  және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

    Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік  маңызды мәселелерінің бірі болып  табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің  шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

    Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

    Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін  берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

    1992 – 96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту, екі мемлекеттік  бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.

    Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған  шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық  проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын  кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

    Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару  объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері  бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

    • жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
    • ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);
    • мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
    • бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

      Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны  мәні – шағын кәсіпкерліктің  экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.3. Нарықтық экономикасы  бар елдердің шағын  және орта бизнесті  дамытудағы тәжірибесі. 

    Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1)

    кесте №1 

Дамыған мемлекеттер  тәжірибесі ҚР деңгейін бағалау
1 Мемлекттік  саясат мақсаттарын анықтайтын кәсіпкерлік  қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін  әлеуметтік құқықтық актілер болуы.  Даму үстінде
2 Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру  Даму үстінде
3 Шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың тікелей және жанама шараларының байланысы  Жоқ
4 Әр түрлі  деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті  қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын  анықтау Даму үстінде
5 Шағын бизнес саласындағы  барлық міндеттерді міндеттерді  реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы Жоқ
6 Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу Даму үстінде
7 Мемлекеттік билік  органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым  – қатынасы Жоқ
8 Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты өзара қарым – қатынасты қолдауға бағытталған Даму үстінде

    Үлестерден  көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп  күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың  айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.

    Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан  екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке  барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.  

    1 – сурет. Ортаның бизнеске  макро ықпалы  
 

Экономикалық

факторлар

      Бизнесті мемлекеттік  реттеу
  Ортаның бизнеске макро ықпалы
 
Әлеуметтік  факторлар
Технологиялық

факторлар

    Ресурстық факторлар    
 

    Ішкі  немесе бақыланатын факторларға  кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі  тәжірибесіне келейік.  

    АҚШ – ғы шағын бизнес . 

    Әдетте  америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың  санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

2 – сурет.  АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың  саны 

Фирма көлемі Фирма саны
Ірі 1000
Орташа 134000
Шағын 2000000
Шағын кеңселер 3000000
 

    АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

    Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын  және орта бизнес саласында жұмыс  істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

    Енді  АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын  кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 %  қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

    Америкалық  тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік  еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер  ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың     бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары