Развитие кредитной системы РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:20, реферат

Описание работы

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Несие жүйесі елдегі ақша айналысын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға түрлі несиелік қызметтер көрсетеді, мұнда экономикалық қатынастар пайда болады, оларды несие қатынастарына жатқызуға болады.
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуы мен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ .............................................5
Несие жүйесінің түсінігі және элементтері ..................................................5
Несие жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.......................................................7

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ .........................................................................10
ҚР несие жүйесінің құрылымы......................................................................10
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде....................19

III. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ...........................................................................................................26
ҚР-да несие жүйесінің негізгі проблемалары..............................................26

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32

Работа содержит 1 файл

ҚР несие жүйесінің дамуы.docx

— 163.48 Кб (Скачать)

 

Бұл нормаларды қалыптастыруға бүгінгі күннің қысқа  мерзімді талаптары кері әсерін тигізбеу керек; ал банк туралы қоғамның негізін  көз алдында елестеткенде, оның экономикада  атқаратын рөлі, жекеменшік міндездемесі, өкіметтің рөлі, рөлі қарсылас банктер  мен тағы басқа жағдайлары әсерін тигізбеу керек. Біздіңше, қазіргі кезде банк заңдамаларының алдағы өркендеуіндегі кейбір қиыншылықтар финанстық долбарда өте жоғары кедергі келтіреді. Бұл несие кедергісі, жойылу мүмкіндігі және тағы басқа. Көбіне саяси жағдайлар да әсерін тигізеді. ҚР Президентінің « Қазақстан халқына үндеуінде», жолдауында: отандық банк жүйесінің дамуының деңгейі экономикамыздың дамуына, нарықтық финансқа, экономикамыздың тиындану деңгейінеқаржы саласының жағдайына, құқықтық реттеуге әсерін тигізеді делінген. Ішкі несиелік саясат туралы ережелер ссудалық операцияларды жүргізу барысында туындайтын тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында жасалады және келесілерді анықтайды:

а) заңды  және жеке тұлғаларға несие беру шарттарын;

б) лауазымды  тұлғаларға және банк қызметкерлеріне  несие беру шарттарын;

в) несиелік комитет ұйымдық құрылымын, қызметтерін, өкілеттігін;

г) несиелік комитет мүшелерінің жауапкершілігін;

д) несиелеу шектерін;

е) несиелік шарттарды бекіту процедурасын.

 

 

1-Сурет [15]. 2010-2011ж. банктердің кредит портфелі құрылымы

 

2010-2011 жылдар аралығында банктердің кредит портфелі құрылымында стандарты кредиттер үлесі 52,7%-дан 39,8%-ға дейін кеміді, күмəнді кредиттердің үлесі 45,7%-дан 58,7%-ға дейін өсті, сонымен бірге үмітсіз кредиттердің үлесі 1,6%-дан 1,5%-ға төмендеді [15].

Банктің несиелік операцияларды жүргізу барысында оның несиелік портфелі қалыптасады. Банк балансының өтімділігі активті операциялардың тәуекел деңгейіне, несиелік портфельдің сапасына тәуелді болып отыр. Сонымен қатар банк жұмысының тиімділігіне қарыз алушының несиелеу барысында пайда болатын несиелік тәуекел деңгейі де әсер етеді. Ақшалай қаражаттарды инвестициялауды жүзеге асыру тиімділігі көп жағдайда банктің қаражаттарды әрі оптималды, әрі тиімді пайдалана алатын қарыз алушыларға беру қабілеттілігіне байланысты болғандықтан, қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдау нарық жағдайында несиелік портфельді басқарудың бір бағыты болып табылады.

2010 жылғы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің несие қоржынындағы несиелер үлесі 79,6% немесе 8 160,1 млрд. теңге болды. Бұл ретте экономикадағы несиелер үш салада шоғырланған: сауда – 27,1%, құрылыс   – 27,6% және  өндірістік емес сала  – 20,5%.

 

8 кесте. ҚР-ғы ЕДБ-дің экономика салалары бойынша берген несиелер серпіні мен құрылымы

                                                                                                        кезеңнің соңына.

Көрсеткіштер

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

Барлық несиелер, млрд теңге

4691,0

7 227, 5

7 390, 9

8 160,1

Ауыл шаруашылығы

206,7

259,0

264,4

310

үлесі,%

4,4

3,6

3,6

3,8

Өнеркәсіп

521,8

709,6

711,5

1200

үлесі,%

11,1

9,8

9,6

14,7

Құрылыс

658,4

1 198,7

1 423,4

2 252,2

үлесі,%

14,0

16,6

19,3

27,6

Сауда

1087,8

1  554,7

1 643,1

2211,3

үлесі,%

23,2

21,5

22,3

27,1

Көлік

106,7

138,0

165, 6

220,3

үлесі,%

2,3

1,9

2,3

2,7

Байланыс

32,3

37,2

41,2

57,1

үлесі,%

0,6

0,5

0,6

0,7

Өндірістік емес сала

2077,2

3 330,0

3 141,7

1 909,4

үлесі,%

44,3

46,1

42,5

23,4

Көзі:  ҚР ҚҚА есептік материалдары негізінде автормен құрастырылған.


 

Көріп отырғанымыздай несиелік қоржынның сапасы 2004 жылғы  көрсеткішпен салыстырғанда біршама  нашарлағандығы байқалады, оны несиелік қоржында күмәнді несиелердің өсуінен  байқауға болады, айталық  жылдың басында  күмәнді несиелердің үлесі 2004 жылы 37,2 %-дан 2009 жылы 52,6 %-ға дейін өсті, стандартты несиелердің үлесі 2004 жылы 61,7 %-дан 2009 жылы 43%-ға төмендеді, бұл жерде үмітсіз  несиелердің үлесі 2004 жылы 2,1 %-дан 4,4 %-ға дейін құрап отыр.

Біріншіден, несиелік қоржынның сапасының нашарлауына 2004 жылдан бастап, қолданыла бастаған 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру»  туралы ережесі бойынша қойылатын  талаптардың күшейюі ықпал етсе, екіншіден, банктердің кепілсіз шартпен  несиелеу көлемін өсіруге ынталы болуы да әсер еткен, үшіншіден, бұл  аталған банктердің басында тұрған несиелік тәуекелдің деңгейін сипаттайды.

Банк  несиелерінің өсуі серпіні өз кезегінде  банк жүйесіндегі тәуекел деңгейін арттырып, несиелік қоржынның сапасын  төмендетуге әсер етуде (сурет 1).


                Ескертпе – ҚР ҚҚА есептік  материалдары негізінде автормен  құрастырылған.

Сурет 7. Қазақстан Республикасының несиелік қоржын

сапасының серпіні

 

Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің несиелік қоржындарындағы проблемалық несиелердің  үлесі 5-6% көлемінен аспайтын болса, ал біздің банктеріміздің несиелік қоржынындағы олардың үлесі бүгінгі күні  47,4%  немесе 10 есе жоғары көрсеткішке ие.

 

 

III. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

    1. ҚР-да несие жүйесінің негізгі проблемалары

 

Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызында «Қазақстанның 50 бәсекелес мемлекеттер қатарына қосылу стратегиясы. Қазақстан өз дамуының жаңа жолында», атты Қазақстан халқына  жолдауында: «…Біз Қазақстан экономикасын дамыған елдер қатарынан, сонымен  қатар, әлемдегі жаңа және өтпелі кезеңіндегі  дүниежүзілік шаруашылық экономикасына  экономика талаптарына сай тез  бейімделу қабілеттілігін көргіміз келеді …» [9]. 
Елбасы өз еліне, халқына арқа сүйей отырып, басқа терезесі тең мемлекеттерден әлде қайда алда болу үшін бұл мақсатты қойып отыр.  
2006 жылдың 25 желтоқсанынан № 1284 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы 50 дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін 2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының қаржы мәселесі шешілуі тиіс және 2007 жылы 27 ақпандағы  “Жаңа Әлемдегі – Жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына жолдауында, тағы бір жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясын қоса отырып осы сияқты 30 ең маңызды бағыттарды қолға алып, соның ішінде 2 ішкі және сыртқы саясатқа көңіл аудару керек деген: «…Алтыншы бағыт – ол либерализациядағы жаңа бәсекеге сай жаңа бағыт. Жетінші бағыт – ДСҰ (ВТО) –ға Қазақстанның кіруі…», бұл бағыт мемлекетіміздегі банктердің қарқынды дамуына арналған. 
Егерде осы бағыттар орындалса, онда Қазақстан жарқын әлемге үлкен қадам басады, бұл бірінші кезекте Дүниежүзілік нарықты шикізатпен қамтамасыз ету мемлекеттер қатарынан шығуы [9].

Еліміздегі  несие жүйесінің даму проблемаларының  бірнеше себебі бар. Бұл проблемаларды  талқылау келешектегі еліміздің  Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру туралы және алдыңғы қатардағы озық елу мемлекеттің қатарына ену  туралы мәселеден туындайды. Бұл  – бірінші. Екіншіден, елімізде өндірістің немесе нақты сектордың қаржы  секторынан даму қарқыны жағынан  көш артта қалуында болып отыр. Бізде екі сектор бар, бірі – өндіріс  секторы, яғни нақты сектор, екіншісі – қаржы секторы. Қаржы секторы  дегеніміз – банктер, зейнетақы  қорлары, қор биржасы, құнды қағаздар нарығы, валюта нарығы, тағы да басқа  инфрақұрылымдар мен қаржы институттары.

 Банк  жүйесі дамуының бүгінгі таңдағы  проблемасы – коммерциялық банктердің  меншікті капиталының әлі де  болса, жеткіліксіздігінен немесе  коммерциялық банктердің капитализациялау  дәрежесінің төмендігі. Себебі  қазақстандық коммерциялық банктердің  көшбасшысы, капиталы көп деген  «Казкоммерцбанк» пен «ТұранӘлем Банкінің» өздерін батыстың басты банктерімен салыстыруға болмайды. Өйткені бұлардың капиталы өте аз. Алысқа бармай-ақ қояйық, «Казкоммерцбанктің» өзінің меншікті капиталы 763,6 миллион доллар (2008 жылдың басындағы көрсеткіш). «ТұранӘлем банкінің» капиталы 813,6 миллион долларды құрайды екен. Үшіншісі «Халық банкі», оның капиталы 550,6 миллион доллар. Ең үлкен үш банкіміздің өзі Ресейдің бір банкіне жетпейді. Ресейлік бір ғана Жинақ банкінің (Сбербанк) капиталы 9,8 миллиард долларды құрайды.

Қазақстандағы коммерциялық банктер бүкіләлемдік нарықта басқа мемлекеттердегі  банктермен бәсекеге түсе ала ма? Әрине, бұл сұрақты қою әлі ерте. Бірақ  қазақстандық коммерциялық банк жүйесіне үлкен шетелдік инвестициялар келіп, капиталын көбейтіп, банк капиталының  шоғырлана түсуіне үлкен қозғау салуы ықтимал. Сонымен қатар  банк капиталын көрші мемлекеттерге  экспорттау да етек алуы заңдылық. Қазақстанның банк жүйесі сандық көрсеткіші жағынан  да, экономикалық қуаттылығы жағынан  да дамыған батыс мемлекеттерінің  банктерінен әлі де көп артта келеді. Ал енді біздегі 37 банктің ішіндегі проблемаларға келетін болсақ, олардың капитализациялау дәрежесін көтеру күн тәртібіндегі үлкен мәселе.

Банктердің  капитализациялау дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың қаржылық тұрақтылығы  орнықты болады және бұл дәлелдеуге жатпайтын аксиома. Капиталы көп  банктер бәсекеге қабілетті болады. Бұл проблема Қазақстанның бүкіл  банк жүйесіне қатысты жалпы проблема. Ол тек «Казкоммерцбанк», «ТұранӘлембанкі», Қазақстан «Халық банкінің» капиталдарына ғана қатысты емес, олардан артта келе жатқан банктерге де қатысты проблема. Ал енді ең үлкен банктеріміздің әлемдік нарықтағы орны қалай болар екен деген сауалға келер болсақ, олар дамыған мемлекеттердің банктерімен қалай үзеңгілес қарым-қатынас жасай алады? Міне, проблема осында жатыр. Сондықтан банк жүйесінің проблемасын екі деңгейде қарастыру керек. Біріншісі – жалпыұлттық экономика деңгейіндегі банк жүйесінің өз ішіндегі 37 банкке қатысты проблемалар. Қазақстан банк жүйесі мен әрбір коммерциялық банктің әлемдік нарықтағы дамыған батыс елдерінің аяғынан тік тұрған банктерге қатысты қабілеті қандай, бұл екінші проблема және проблеманың үлкені де осы. Бұл проблема ұлттық экономика деңгейінен тыс тұрған проблема.

Америка, Қытай, болмаса Ресейдің банктерімен  салыстырғанда, «Казкоммерцбанк», «ТұранӘлем», Қазақстан «Халық банктерінде» капитализациялау дәрежесі әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Мысалы, сол Ресейдегі 1200 банктің капиталын қосқанның өзінде 8,8 миллиард доллар капитал жинау мүмкін емес қой. Қазақстан мен Ресейдің маңдай алды банктерін салыстыруға келмей тұр. 813,6 миллион (2008 жылдың басындағы «ТұранӘлембанкінің» меншікті капиталы) мен 9,8 миллиардтың (2008 жылдың басындағы Ресейдегі Жинақ банкінің меншікті капиталы) айырмашылығы бірнеше есе. Осыған қатысты банк секторының және әрбір банктің біздің ұлттық экономика шеңберінде дамуының бүгінгі таңдағы келелі мәселелері де бар. Банк жүйесіндегі әрбір коммерциялық банктің өзара бәсекелестік жағдайда даму деңгейімен және даму келешегімен әлемдік қаржы нарығына шығу және дамыған елдердің коммерциялық банктерімен тайталасу, бәсекеге түсу мүмкіндігі ойлантарлық мәселе. Бұл мәселе тағы да банктің меншікті капиталын одан әрі көбейту қажеттігіне тіреледі. Осыған қатысты қазір отандық және шетелдік сарапшылар әр түрлі ғылыми пікірлер айтуда. Біздегі коммерциялық банктер ресурстық потенциалын іштен алған қаражаттар емес, депозиттер ретінде сырттан алған қаражаттар есебінен құрауда. Ресурс көздерін, яғни ақшалай қаражатты іштен алмай, шет елден алуға көбірек көшкен. Өзге елден төмен пайызға алады, өзіміздің ішкі нарығымызда жоғары ставкамен сатады. Сырттан алған қаржы есебінен меншікті капиталды көбейту мүмкін емес. Ал мүмкін болған жағдайда экономикалық қауіпсіздік пен меншік құқығына қатысты күрделі мәселе туындайды. Банктің меншікті капиталын көбейту заң жүзінде акционерлердің мойнындағы жауапкершілік, бірақ акционерлердің де қаржылық жағдайлары жете бермейді. Сарапшылардың айтуынша, біріншіден, қазіргі кезде сырттан қаражат тартудың нәтижесінде, екіншіден, қазақстандық коммерциялық банктер акционерлерінің банктердің капитализациялану дәрежесін көтеруде қаржылық жағдайының мардымсыздығы нәтижесінде отандық банктер үлкен жүйелік тәуекелге ұрынуы мүмкін. Себебі активтер портфелінің өсу қарқыны мен меншікті капиталының өсу қарқыны бір-біріне сай емес, яғни сәйкес келмейді. Қысқасы, қолайлы пропорцияда емес. Міне, осыған байланысты Ұлттық банк пен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің дәл қазіргі таңда экономиканы макродеңгейдегі ақша-несиелік реттеуі өз алдына басқа үлкен проблема. Әрине, қазақстандық банктердің капитализациялау дәрежесін жоғарылата түсу мүмкіндігі отандық акционерлердің жауапкершілігінде болғандықтан бұған солар мүдделі болу керек. Бірақ мұндай акционерлердің, тағы да қайталап айтамын, қаржылық жағдайы шектеулі. Сондықтан Қазақстанның банк жүйесіне шетелдік инвесторлардың көптеп келуі, сөйтіп, банктердің ресурстық потенциалын қайта қарау мәселесі туындауы әбден мүмкін. Жоғарыда аталып өткен мәселелер, егер ұлттық экономиканың нақты секторы экспортқа байланыссыз қарқынды дамыса, банктің акционерлері коммерциялық банктерді капитализациялауға қаржылық жағдайы толық жетіп жатса, банктің ресурстық потенциалы сыртқы қаражат көздерінен емес, ішкі қаражат көздері есебінен нығайып жатса, Қазақстанның банк жүйесінің дамуында проблема туғызбас еді. Меншікті капиталды көбейту үшін міндетті түрде коммерциялық банктердің акционерлері – компаниялар, үлкен кәсіпорындар, жеке тұлғалар сол банктің капиталы көбейсін деп, қайтадан әлгі коммерциялық банктердің жарғы капиталын көбейту үшін шешім қабылдауы керек. Меншікті капиталды көбейтудің бірнеше жолдары бар. Біріншісі – акционерлер жаңадан құнды қағаздар эмиссиясын жасауы тиіс. Бұл жағдайда банк акционерлерінің қатары көбейеді, ал мұны бақылаушы акционер қолайлы деп есептемейді. Өйткені банкке деген ықпалын сақтағысы келеді, бір жағынан билігінен, бір жағынан акциясынан айырылғысы келмейді. Себебі акция басқару, банкке бақылау жасау ісіне міндетті түрде толық құқық береді. Бұл процесс барлық банкке де қатысты, соның ішінде алдыңғы қатарлы он коммерциялық банкке де қатысты айтылып отыр [15].

Информация о работе Развитие кредитной системы РК