Развитие кредитной системы РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:20, реферат

Описание работы

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Несие жүйесі елдегі ақша айналысын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға түрлі несиелік қызметтер көрсетеді, мұнда экономикалық қатынастар пайда болады, оларды несие қатынастарына жатқызуға болады.
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуы мен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ .............................................5
Несие жүйесінің түсінігі және элементтері ..................................................5
Несие жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.......................................................7

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ .........................................................................10
ҚР несие жүйесінің құрылымы......................................................................10
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде....................19

III. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ...........................................................................................................26
ҚР-да несие жүйесінің негізгі проблемалары..............................................26

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32

Работа содержит 1 файл

ҚР несие жүйесінің дамуы.docx

— 163.48 Кб (Скачать)

 

    1. Несие жүйесінің дамуы

 

Қазіргі кезде экономикасы дамыған  мемлекеттердің несие жүйесінде  көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:

Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен  орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында  әр мемлекеттерде ақша капиталының  көп бөлігін жинақтаған ірі банктер  бөлініп шыға бастады. Бұл ірі  банктер қарыз капиталының нарығында  үстемдік етті. Олардың капиталының  мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан  өсті. Несие жүйесінде ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдарының бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.

Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру ашық және жасырын түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір-бірімен қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспонденттік қатынастар мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспонденттік қатынастар деген несие мекемелері арасындағы келісім бойынша жүргізілетін операциялар, олардың мақсаты – бір-бірінің  тапсырмасы бойынша төлемдер мен  есеп айырысуды жүзеге асыру. Корреспонденттік шоттар: «лоро» - олардікі, «ностро» - біздің қаржы деп бөлінеді. Оларда орасан ірі сома жинақталады. Мысалы, АҚШ-тағы барлық коммерциялық банктердің арасынан бірнеше ірі банктердің ресурстары басқа банктердің ресурстарының  сомасынан шапшаң өсуімен көзге  түсуде. 1960-1970жж.-да 50 ірі коммерциялық банктердің депозиттік сомасы 88,8 млрд-тан  астам 230,4 млрд. долларға жетіп, яғни 2,5 есе өсті, ал осы уақытта басқа  коммерциялық банктердің депозиттік сомасы 141,7 млрд-тан 255,1 млрд. долларға жетіп, яғни тек 1,8 есе ғана өсті. 1970ж. осы 50 ірі  банктер 13705 барлық коммерциялық банктердің депозиттік сомасының 47%-ін биледі. Мінеки сонау кезден АҚШ коммерциялық банктері осындай түсімдерге ие [3].

Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы  мен несие қатынастарының өркендеуі  қарыз капиталының нарығында  бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес  және әр түрлі несие мекемелерінің  арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде  ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені  жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер  несие алудың жағдайларына (яғни пайдалану  мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем  ақысы сақталады. Сондай-ақ, клиенттерге  банк қызметінің қосымша түрлері  көрсетіледі (мысалы, тәулік бойы төлем  құжаттарын қабылдау, әр түрлі сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және т.с.с.)

Бәсекенің келесі түрі - әр түрлі несие-қаржы  институттарының арасында туындайды. Мысалы, коммерциялық банктер мен  жинақ мекемелерінің арасында жинақты  өздеріне тарту үшін; коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлігі үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және қарыз-жинақ банктерінің бәсекесі.

70-80 жж. несие  мекемелерінің бәсекесі өрши  түсті, оған себеп болған негізгі  факторлар: қаржылық қызметтерді  шектеуді реттейтін бірсыпыра  заңдардың алып тасталуы, қаржылық  инновацияның қарқынды өсуі, яғни  несие-ақша операциялырының жаңа  түрлерінің және есеп айырысу  мен қарыз капиталы нарығының  құралдарының пайда болуы, электронды  есептегіш машиналар мен телекоммуникация  құралдарын кең қолдану. Осы  процестердің нәтижесінде клиенттерге  көрсетілетін қызметтердің көптеген  түрлерін ұсынатын әмбебап операциялар  тенденциясы байқалып, көп бағытты  несие мекемелері құрыла бастады.  Коммерциялық банктер бұрын шұғылданбайтын  жаңа қызметпен, яғни жылжымайтын  мүлікпен операция жүргізу, лизинг, сақтандыру сияқты көп қызмет  түрлерін кең қолдана бастады.

Бәсекені  күшейтетін маңызды факторлардың бірі – қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерін атқаруы. Бұл  мекемелер банк қызметінің тек кейбіреулерін  ғана орындайтындықтан, несие институттарына таралатын заңды шектеулерге  бағынбайды. АҚШ-та оларды «банктік емес банк» деп атайды. Олар: Дженерал Моторс, Форд, ИБМ, Американ Экспресс және т.с.с.

Қазіргі кезде банктер арасындағы бәсеке халықаралық дәрежеге көтерілуде. Өндірістің мемлекетаралық мамандануы мен бірлесуі, сыртқы сауданың дамуы, еуровалюта нарығының  өсуі банк ісінің интернационалдануына және банк операцияларының көп бөлігінің  мемлекет шекарасынан шығуына әкеп соқтырды. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде  АҚШ, Жапония, Германия, Франция секілді  бірқатар мемлекеттердің ірі банктері халықаралық қаржы концерндеріне  айналып, әлемнің әртүрлі елдерінде  көптеген несиелік, есеп айырысу, инвестициялық  операциялар жүргізді. Көптеген банктердің халықаралық операциялардан түсіретін  табысы жиынтық пайданың 40-70% құрайды.

Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының  бірігіп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың  пайда болуы және олардың бірігіп  жұмыс жүргізуі қаржы капиталының  құрылуына негіз болды. Себебі банктік  несие - өнеркәсіпті несиелеудің  басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп  компанияларының тағдырын қаржы  қажет болған кезде несие берумен  шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы  негізінен төмендегідей тұрғыда  жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі, ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі, эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.

Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие-қаржы мекемелерінің  дамуы мен олардың жұмыс масштабының  ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы  банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие  жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне  әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерциялық банктердің үлесі төмендеді.

Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие-қаржы  мекемелері мемлекеттік және жеке болып  екіге бөлінеді. Бірқатар елдерде  банкнота шығаратын ерекше құқығы бар  орталық банктер, сондай-ақ почта-жинақ  жүйесі және кейбір арнаулы несие-қаржы  институттары мемлекеттік несие  мекемесі болып табылады.

Несие жүйесіндегі  мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің  ұлғаюына байланысты. Сонымен қатар  әлемде мемлекетаралық валюта-несие  және қаржы институттары құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық  қайта құру және Даму банкі, аймақтық даму банктері және т.с.с [3].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

2.1 ҚР  несие жүйесінің құрылымы

 

Әр елдің  өзіндік экономикалық ерекшелігіне қарай несие жүйесінің құрылымы қалыптасады. Қазақстанның несие жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін  қалыптасты. Қазақстан Республикасындағы  несие жүйесі екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе (орталық  банк және екінші деңгейлі банктер), ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер) [2].

   ҚР несие жүйесінің құрылымының  сызбасы


 

 

 




 

 


 


 

 

 


 



 

 

 

 

 

Сақтандыру

 

 

 

 

 

 

 


 

Қайнар көзі: Мақыш С.Б. «Ақша  айналысы және несие»

 

Қазақстанның  несие жүйесі орталық банк – Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінен, екінші деңгейлі 37 банктен, олардың ішінде 2 мемлекеттік банктен (Қазақстан Даму банкі, Қазақстан құрылыс жинақ банкі), бірақ оның 3 жабылу қаупі бар, 83 несиелік серіктестік, 157 микронесиелік ұйымдар, 75 ломбард, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған пошталық жинақ жүйесі, 36 сақтандыру компаниясы, 16 мемлекеттік емес ұлттық жинақ қоры, 6 жаңа инвестициялық қор, Қазақстанның мемлекеттік қоры және басқалардан тұрады [4].

Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан құрылымды сипаттайды. Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы – олар біріншіден, клиеннттердің белгілі бір түріне қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлеріне қызмет көрсетеді.

Кейбір  экономикалық әдебиеттерде парабанктік  жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге  ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және несиелік жедел  жүргізу ұйымдарын кіргізеді.

Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімзе ссудалар беретін несиелік мекеме. Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болды. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың несиелері негізінен қысқа мерзімге 1-3 ай аралығы және кепілге салынған мүлік құнының 50-80% мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қаатр олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.

Несиелік  операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі мұнда несиелік шарт және кепіл міндеттемелері болмайды.

Несиелік серіктестіктер - өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме. Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады.  Несиелік серіктестіктердің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Олардың басты қызметі – ауыл шаруашылығына несие-есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын несиелеу болып табылады.

Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер. Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары жатады. Олардың негізгі операцтяларына келесілер жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамьамасыз етілген ссуда беру; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.

Бүгінде Қазақстан экономикасында банктік  емес мекемелердің мынадай түрлері  дамып отыр:

  • ломбардтар;
  • несиелік серіктестіктер;
  • микрокредиттік ұйымдар;
  • жинақтаушы зейнетақы қорлары;
  • пошта-жинақ мекемелері;
  • ипотекалық компаниялар.

Осылардың ішінде қазіргі кезде ломбардтық мекемелер мен несиелік серіктестіктер кеңінен дамып келеді. ҚР Ұлттық банкінің 1997 жылғы 29 тамызындағы №314 «Ломбард туралы» ережесіне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. «Несиелік серіктестік туралы» ҚР заңына сәйкес несиелік серіктестік – бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағататндыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуін нәтижесі болып табылады. [10]

Несиелік  серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарындағы ережелерге сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада  құрыла алады:

  • командиттік серіктестік;
  • толық серіктестік;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  • акционерлік қоғам.

Қазақстан Ұлттық банкі – бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік эмиссиялық банк. Ұлттық банктің басты міндеті  айналысқа ақша шығару, банкілер арасында ақша тауарының саудасы, банк жүйесінің  эмиссиялық, несие және есеп айырысу  қызметін басқару болып табылады. Ұлттық банк елдің банк жүйесінің жоғары дәрежесі болады [1].

         Екінші деңгейдегі банктер –  эмиссиялық құқығы жоқ, бірақ  өз клиенттерінің шаруашылық  қызметін қамтамасыз етумен байланысты  несиелік, есеп айырысу және қаржылық  операциялардың барлық түрлерімен  айналысатын банктер. Олардың  жүзеге асыратын операцияларының  ең маңыздылары: уақытша бос  ақшалай қаражаттар, халық жинақтары  мен қорларын тарту, несиелеу, бағалы қағаздармен жасалатын  операциялар, т.б. Соңғы жылдары  коммерциялық банктер қаржылық  кәсіпкерліктің дәстүрлі емес  салаларына ене отырып, қызмет  аясын үнемі кеңейте келе және  клиенттерге көрсетілетін қызметтер  сапасын жоғарылата отырып, өздеріне  тән емес операцияларды белсенді түрде жүргізіп келеді [1].

 

 

          Маманданған банктер - өз клиенттерінің  басым бөлігі үшін негізінен  қызметтің бір-екі түрін көрсетуге  бағытталған мамандандырылған банктер.  Соңғы жылдары банктердің функционалдық  мамандануы айқын көрініс тапты,  өйткені ол банк қызметінің  сипатына ықпал етеді, активтер  мен пассивтердің қалыптасу ерекшелігін,  клиенттермен жұмысты ұйымдастырудың  ерекшеліктерін анықтайды. Мұндай  типтерге инвестициялық, инновациялық, ипотекалық, жинақ банктері жатады [4].

Информация о работе Развитие кредитной системы РК