Развитие кредитной системы РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:20, реферат

Описание работы

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Несие жүйесі елдегі ақша айналысын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға түрлі несиелік қызметтер көрсетеді, мұнда экономикалық қатынастар пайда болады, оларды несие қатынастарына жатқызуға болады.
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуы мен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ .............................................5
Несие жүйесінің түсінігі және элементтері ..................................................5
Несие жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.......................................................7

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ .........................................................................10
ҚР несие жүйесінің құрылымы......................................................................10
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде....................19

III. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ...........................................................................................................26
ҚР-да несие жүйесінің негізгі проблемалары..............................................26

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32

Работа содержит 1 файл

ҚР несие жүйесінің дамуы.docx

— 163.48 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

 

I. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ .............................................5

 

    1. Несие жүйесінің түсінігі және элементтері ..................................................5
    2. Несие жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.......................................................7

 

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ .........................................................................10

 

    1. ҚР несие жүйесінің құрылымы......................................................................10
    2. Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде....................19

 

III. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ             

      ЖОЛДАРЫ...........................................................................................................26

 

    1. ҚР-да несие жүйесінің негізгі проблемалары..............................................26

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ..............................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Кез келген елдің өзінің экономикасына тән  несие жүйесі болуы керек. Сол  сияқты Қазақстан Республикасы да өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін несие жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

          Нарық экономикасына өту жағдайында  және экономикалық дағдарысты  жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа  қол жеткізуде ҚР несие жүйесі  маңызды рөл атқарады.

          Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне  қарағанда кеңірек, яғни мұнда  өзге де несиелік мекемелер  қамтылады. Несие жүйесі елдегі  ақша айналысын реттейді, заңды  және жеке тұлғаларға түрлі  несиелік қызметтер көрсетеді,  мұнда экономикалық қатынастар  пайда болады, оларды несие қатынастарына  жатқызуға болады.

          Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде  несие жүйесі туралы екі түрлі  ұғым қалыптасқан: біріншісі –  несие-есеп қатынастары, оның  түрлері мен несиелеу әдістерінің  жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы  институттарының (мекемелерінің)  жиынтығы. Несие қатынастары қарыз  капиталының қалыптасуы мен оның  жұмсалуынан туындап, несиенің  барлық формалары мен түрлерін  қамтиды. Несие жүйесі несие-қаржы  мекемелерінің жиынтығы ретінде  жеке және заңды тұлғалардың  уақытша бос ақшаларын есепшоттарда  шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр  түрлі топтарына қарызға береді.

Қазіргі кездегі несие жүйесінің құрылымы күрделі және көпбуынды. Несие жүйесінің  негізгі үш элементін атап көрсетуге  болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;
  • Коммерциялық (эмиссиялық емес) банктер;
  • Мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақ, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.).

Несие жүйесінің  негізгі құрамдас бөлігі банктік  жүйе болып табылады, ал несие институттарының  қызметін үйлестіруші ортақ орган  болып Орталық банк (біздің елімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) есептеледі.

Қазіргі уақытта елімізде қалыптасқан несие  жүйесінің қызмет етуіне байланысты кемшіліктердің басым бөлігі банктер  қызметін реттейтін нормативтік  базаны жасаудағы артта қалушылық  және оның іске асырылуына іс жүзінде  бақылау жасау механизмдеріндегі  кемшіліктермен сипатталады.

Курстық жұмыстың өзектілігі – елімізде несие  жүйесін дамытудың маңыздылығы  және нақты секторды дамытудағы несие  институттарының орасан зор орынға ие болуы, яғни несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде банк жүйесінің қызметін жетілдірудің қажеттілігін анықтау.

Курстық жұмыста Сейітқасымов Ғ.С. («Ақша, несие, банктер»), Көшенова Б.А. («Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»), Смағұлова  Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. («Қаржы, ақша айналысы және несие»), Мақыш С.Б. («Ақша айналысы және несие») секілді қазақстандық экономист-ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың мақсаты – несие жүйесінің  теориялық негіздеріне тоқталып, несие жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, Қазақстан Республикасындағы несие  жүйесінің қалыптасуы мен дамуына  талдау жасау.

Курстық жұмысты жазу барысында мақсат-міндеттерімді  келесідей топтастыруыма болады:

  • Несие жүйесі туралы түсінік қалыптастыру;
  • Несие жүйесінің дамуына тоқталу;
  • ҚР несие жүйесінің құрылысына талдау жасау;
  • Несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде екінші деңгейлі банктердің несиелік операцияларына талдау жасау;
  • Еліміздегі несие жүйесінің проблемаларын анықтау;
  • ҚР-да несие жүйесін дамытудың бағыттарын қарастыру.

Еліміздің бәсекеге қабілетті елу дамыған  елдер қатарына қосылу үшін несие  жүйесін дамытудың маңызы зор. Алдағы уақыттарда несие жүйесінің проблемалары өз шешімін тауып, еліміздің банктерінің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланып  отыр.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

 

    1. Несие жүйесінің түсінігі және элементтері

 

Несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы [2]. Несие жүйесі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген субъектілеріне ұсынылатын қаржы-несие қызметтерінің санымен сипатталады.

Несие жүйесі нарықтық экономиканың құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен  халықтың ақшалай есеп айырысулары  мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші  капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Несие жүйесінің  ролі мен экономикалық маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б [4].

Несие жүйесі елдегі ақша айналысын реттейді, заңды  және жеке тұлғаларға түрлі қызметтер көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды. Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

Екі жақты  қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер  арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.

Несиелік  қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың  сыртқы көрінісін несие формасы  сипаттайды. Несие екі формада  болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы  негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде  вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа  құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу  үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастарды жүргізуші субъекті ретінде  шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.

Несиелік  қатынастардың, несие формаларының, несиелік мекемелердің жиынтығы кең  мағынадағы несие жүйесі түсінігін  құрайды.

Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несие-қаржы  қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін  реттеуші және елде басқа да қаржы  қызметтерін көрсетуші несие  мекемелерінің желісі. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа  несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды  жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдерінің жиынтығымен  сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік  емес институттар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі  буыны қалыптасады: банктік мекемелер  және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері [4].

Қазіргі кездегі несие жүйесі бұрынғы  жүйеден төмендегі белгілер бойынша  ерекшеленеді:

  • Банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлануы және орталықтануы;
  • Несиелік мекемелердің әр алуан түрлері арасындағы бәсекенің күшеюі;
  • Банктік капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қаржылық капиталдың қалыптасуы;
  • Несиелік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғаламдануы мен интернационалдануы және континент аралық халықаралық несиелік монополиялардың пайда болуы [4].

Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі  несиелік жүйенің үш маңызды элементін  бөліп көрсетуге болады:

  1. Орталық (эмиссиялық) банк;
  2. Коммерциялық банктер;
  3. Мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.) [1].

Орталық банк – бірінші деңгейдегі басты  мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз кез келген елдің ақша-несие институты. Орталық банк – бұл «банктердің  банкісі». Ол заңды және жеке тұлғалармен  операциялар жүргізбейді. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа  несиелік мекемелер, сонымен бірге  үкіметтік ұйымдар, оларға әр алуан  қызметтер ұсынады.

Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін  банктік мекемелерге ғана қатысты  орындайды. Орталық банк несиелік жүйенің  басқа буындарына негізінен тек  жанама ықпал етеді, ол несиелік және ақшалай операциялардың, нарықтың әр алуан секторларының, қаржы-несие  қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады.

Коммерциялық  банктер-ссудалық капитал нарығының әр түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар мен қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің базалық жүйесі ролін атқарады. Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады. 2008 жылдың басына қарай Қазақстанда 36 банк әрекет етті.

Мамандандырылған  қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша  парабанктер деп атайды)- нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай қалады. Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне қызмет көрсетуге, не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады. Олардың қызметі негізінен нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге және әдеттегідей, ерекше клиенттерге арнайы қызметтерді ұсынуға негізделеді [1].

Бұл мекемелер  үшін екі жақты тәуелділік тән  болады: бір жағынан, несиелік-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар Орталық банктің  сәйкес талаптарын негізге алуы тиіс; екінші жағынан, белгілі бір қаржылық, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа  операцияларға мамандана отырып, олар сәйкес ведомстволардың реттеуші ықпалына түседі.

Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің  көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының  банк операцияларын пайдалануы жөнінен  дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, осы елде ақша капиталының  орта есеппен алғанда ¾ бөлігінің  несие жүйесі арқылы өтуі.

АҚШ-тың  несие жүйесі өте дамыған болып  табылады, оған өнеркәсібі дамыған  елдер бағдарланады, ол орталықсыздандырылған  деп есептелінеді және өз құрамына Федералды резервтік жүйені (елдің  орталық банкі қызметін атқарады), 15 мың коммерциялық банкті, инвестициялық  және жинақ банктерін, ссуда сақтаушы ассоциацияларды, қаржылық компанияларды, несиелік кооперативтерді, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларын, әлеуметтік сақтандыру қорларын, өзара  несие қоғамдарын, сақтандыру депозиттері  институттарын және т.б. кіргізеді, олар 55 мыңнан астам деп есептелінеді.

АҚШ-тың  несие жүйесіне қарама-қайшы Жапондық несие жүйесі орталықтандырылған деп  сипатталады. Оған 13 ірі коммерциялық қалалық, 64 аймақтық банк, ұзақ мерзімді несиелік 3 банк және 7 траст-банк кіреді. Орталық банк – Жапон банкі. Мамандандырылған қаржы несие ұйымдарының тізімі шамамен АҚШ елдеріне ұқсас келеді [1].

Информация о работе Развитие кредитной системы РК