Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:32, курсовая работа
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде
көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады.
Глоссарий
Инвестиция - лизинг келісімшартын жасасқан сәттен бастап, қаржы лизингі құралдарын қосқандағы мүліктің барлық түрі (жеке қолданысқа арналған тауарлардан басқа), сонымен қатар, заңдық тұлғалардың жарғылық капиталына инвестордың салатын оларға деген құқығы немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын тіркелген активтердің өсуі. Бағалы қағаздар нарығына сәйкес инвестиция деген акциялар, облигациялар және т.б. қаржы құралдарын алуды білдіреді.
Инвестициялау – инвестицияларды жүргізу үдерісі, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың тәсілі болып табылады.
Инвестициялық табыс – инвестициялау нәтижесінде алынған ақша. Инвестициялық табысты жеке инвесторлар өздерінің қаражатын инвестициялаған кезде, сондай-ақ институционалдық инвесторлар жеке инвесторларға тиесілі жинақталған қаражатты инвестициялаған кезде алуы мүмкін.
Инвестициялық қоржын – мамандандырылған компанияның меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдарының алуан түрлерінің жиынтығы.
Инвестор – 1) инвестицияларды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға; 2) бағалы қағаздарды сатып алушы.
Институционалдық инвестор – орташа және ұсақ инвесторлардың қаражатын инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында тартатын заңды тұлға.
Капиталдандыру – акционерлік компания шығарған барлық бағалы қағаздардың капиталға айналдырылған жалпы сомасы. Капиталдандыру облигацияларды, басқа да борыштық міндеттемелерді, артықшылықты акциялар мен жай акцияларды, сақтық капиталды қамтиды.
Қайта инвестициялау (reinvestment) – инвестициялық операциялардан табыс түрінде алынған қаражатты қайтадан қосымша құю. Қайта инвестициялау қызметінің бағыттары инвестициялардың өздерінің бағыттарымен бірдей. Қолданылу саласы әдетте бағалы қағаздар болып табылатын қаржылық қайта инвестициялау мен нақты қайта инвестициялау - кәсіпорындардың негізгі және айналымдық капиталына, ғылымға және т.б. қаражат құю болып бөлінеді.
Қаржыландыру – ағымдағы шығындар мен күрделі жұмсалымдарды қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету кәсіпорынның (компанияның) немесе мемлекеттің меншік қаражаттарының, тартылған, қарыз қаражаттар мен басқаларының есебінен жүзеге асырылады.
Қоржындық инвестициялар – мемлекеттік бағалы қағаздарды, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ заңды тұлғаның акцияларын сатып алу (қатысушының салымын енгізу), соның нәтижесінде осындай сатып алуды (салым енгізуді) жүзеге асырушы тұлғаға аталған заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының 10 пайызынан кемі (қатысушылардың дауыстарының 10 пайызынан кемі) тиесілі болады.
Информация о работе Инвестициялық бағдарламаның экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері