Инвестициялық бағдарламаның экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:32, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде
көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 195.50 Кб (Скачать)

 

 

Экономика салалары бойынша  негізгі капиталға салынған инвестицияларды  талдайтын болсақ жоғарғы кесте  мәліметтеріне сүйенеміз. Мәліметтер жалпы 2007 жыл бойынша берілген.

ҚР 2007 жылда экономика  салалары арасында ең көп көлемде  инвестиция тартылғаны өнеркәсіп болып отыр. Өнеркәсіпте 189142 млн. тг аударылған, барлық инвестиция жалпы көлеміндегі үлес салмағы 59,8 % құрап отыр. Сонымен қатар екінші орынды – таукен өнеркәсібі көрсетеді. Инвестиция бұл салаға инвестицияның жалпы көлеміндегі 47,8 % құрайтын 151142 млн. тг тартылған.

Ал бұдан кейінгі  айтарлықтай көлемді жылжымайтын  мүлікпен жүргізілетін операция және тұтынуға қызмет көрсету саласы ұстап  отыр. Нақтырақ айтатын болсам бұл  салаға 76455 млн. тг көлемді көрсететін инвестиция тартылған. Бұның инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес салмағы 24,2 % құрайды.

Сонымен қатар экономика  салаларының ішінде ең аз көлемде  инвестиция тартылғандарын айта кететін  болсам, олар балық аулау және балық  асырау (6 млн. тг, яғни инвестицияның  жалпы көлеміндегі үлес салмағы жоқ немесе болса да өте аз) , қаржылық қызметтер (449 млн. тг, бұл инвестицияның жалпы көлемінде 0,1 % үлес салмақты көрсетеді), сол сияқты білім беру, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы және т.б. салалар.

Сонымен менің ұсынатын ұсынысым,болашақта жасалынған талдау негізінде ҚР ауылшаруашылығына, соның ішінде аң аулау және орман шаруашылығына инвестицияларды көп көлемде тартқаны дұрыс болар еді. Себебі қазіргі кезде біздің экологиялық жағдайымыз өте нашар халде. Сондықтан осы мәселелерге көңіл аударып арнайы іс-шаралар жасағанымыз дұрыс болар еді.Менің ойымша,мына шараларды жүзеге асырған дұрыс деп ойлаймын,яғни аң аулау және орман шаруашылығына байланысты мемлекеттік шаралар өткізу керек және оған мемлекет тарапынан  қаржы аудару керек деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Мемлекеттік бағдарлама орындалуына талдау жасау

 

Үкіметтің Мемлекет басшысы алдында индустриялды-инновациялық бағдарлама жайлы берген есебінде соңғы 5 жылда жүзеге асырылып жатқан индустриялды-инновациялық бағдарлама 50 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өндірістік тауарлар экспортын 2.2 есеге, ал шағын және орта бизнестің өнімдерін 6 есеге арттырғандығы айтылды. Атқарылған жұмыстардың кем¬шіліктері мен жетістіктерін салмақтаған Мемлекет басшысы жұмысты әрі қарай тиімдірек ете түсу үшін нақты тапсырмалар берді. 
«2003 жылы осы бағдарламаны қабылдадық. Содан бері 6 жыл уақыт өтті. 6 жылдың ішінде аз шаруа жасалған жоқ. Жер қойнауынан шығатын байлықтан бөлек өңдеу өнімдері, жер бетіндегі зауыт фабрикаларды салу арқылы біз минералды ресурстардан бас¬қа экономикамызды 39 пайызға көбейт¬тік, 2 триллион қаражат тұратын өнімдер шығаратын болдық. 111 жоба қолға алынды, оның ішінде 52 жоба іске қосылды. Бірнеше зауыт фабрика іске қосылды, соның арқасында 25 мың адам жұмыс алды. Оның төңірегіндегілердің барлығын есептейтін болсақ, 50 мың адамға жұмыс орынын тауып бердік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұратын. 2003-2005 жылдардың еншісіндегі бірінші кезеңде бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті заңнамалар дайындалып, жаңа институттар құрылып, алғаш¬қы жобалар мен оларға қажетті инфрақұрылымдар тартылды. Дамыған елдердің үлгісі бойынша, билік пен бизнестің дәнекері, олардың арасалмағын айқындайтын таразысы іспетті «Қазына» қоры, «Самұрық» холдингі және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылды. Олар орасан зор қаржылық мүмкіндіктерге ие болды. Мысалы, «Қазына» тұрақты даму қорының қоржынында 400 миллиард теңге болса, 14 миллиард теңге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың капиталына айналды. Соның нәтижесінде мемлекет пен жеке сектордың әріптестігін орнатуда нақты нәтижелерге қол жетті. Бұл әріптестік өз кезегінде өндірістер¬дің қарқын алуына септігін тигізді. Бағдарлама қабылданғаннан бері өндірістік тауарлар экспорты 2002 жылмен салыстырғанда 2.2 есеге артып, 1.5 миллиард доллар болды. 
Негізгі жоба-жоспарлар индус¬триял¬ды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асырудың соңғы өзгерістерге ескере отырып жасалаған нақты тетіктері іспетті «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасында айқындал¬ған. Ол бойынша бағдарламаның ауыр салмағын жұмыла көтеріп жеңілдету үшін мемлекет пен іскер топ өкілдері міндеттерін өзара бөлісіп алған. 
Салық әсіресе, шағын және орта бизнестің жанды жері. Индустриялды бағдарлама аясында жасалған шаруалардың арқасында шағын және орта деңгейдегі кәсіпорындардың өнімдері 2002 жылдан бері 6 есеге көбейді. Егер түрлі тексеру органдарының жөнді-жөнсіз килігуі мен бюрократиялық шырғалаңдар кедергі болмағанда бұл көрсеткіш қазіргіден де тәуір болар ма еді. Осы кедергілерді тыю үшін жақында Елбасы шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жариялауына тура келді. 
Индустриялды инновациялық бағдарламаның 2006-2010 жылдарға тиесілі екінші кезеңі жоба-жоспарларды белсенді жүзеге асыруды көздейді. Бұл әрине, қыруар қаражат жұмсауды талап ететін, аса күрделі кезең. Әркім көтере алатын шоқпарын беліне байлағаны жөн. Сондықтан, қазіргі таңда ресурс¬тық мүмкіндіктерімізге және қажет¬тіліктерімізге негізделген өңдеу технологиясы дамытылуда. Бұл ішкі жалпы өнімнің, негізгі капиталға құйылатын инвестицияның және экспорттың құрылымын өзгертуі тиіс. Экономиканы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауында қазір жалпы құны 50 миллиард АҚШ доллары болатын 100-ге тарта жоба бар. Тек былтырдың өзінде барлық қаржы көздерінің қатысуымен жалпы құны 180 миллиард теңге болатын 158 инвестициялық жоба іске қосылды. Ал, еліміздің барлық аймақтарында құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 229 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Осындай тым ауқымды жобаларды жүзеге асыру басталғанда жеке сектордан гөрі мемлекет үлкен жауапкершілік арқалайтыны сөзсіз. 
Атқарылып жатқан шаруалардың ауқымы кең. Бұл Үкімет басшысының сөзінен байқалды. «Дамудың қазіргі кезеңінде жеке сектор және жеке банк институттары бұл салалардың ауыр жүгін арқалайды деп аса сенім артудың реті болмайды. Тиісінше, мемлекет пен оның инвестициясының рөлі, маңызы бұл жерде еселеп артады. Сондықтан да, сіздің тапсырмаңызға сәйкес осындай инфрақұрылым құрылды, соның арқасында қазір бізде көптеген мәселелерді бюджеттің есебінен шешудің және шетелден инвестиция тартудың мүмкіндігі бар», - деді ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов. 
Расында да, елімізде мемлекеттің ұйымдастыру жағынан ғана емес, қаржылық тұрғыдан да тікелей араласуымен, сондай-ақ, оған тең дәрежелі әріптеске айналған жеке сектордың да тізе қосуымен көптеген жаңа, заманауи кәсіпорындар ашылды. Солардың бірқатарына тоқталсақ, Керекуде еліміздегі тұңғыш алюминий зауыты іске қосылды. Бір миллиардқа жуық АҚШ доллары жұмсалған зауыт жылына 250 мың тонна алюминий шығарады, 5 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Алматы облысында Шарын өзенінің бойына Мойнақ су электр стансасын салу жұмысы қайта қолға алынды. Осы аймақта ең жоғарғы халықаралық талаптарға жауап бере алатын қағаз зауыты жаңғыртылды. Алматы қаласында ақпараттық технологиялар паркі жұмыс істей бастады. Алдыңғы қатарлы ақпараттық өнімдер шығаратын әлемнің маңдайалды 25 компаниясының бөлімшелері осы орталықта жұмыс істеп қана қоймай бұл салада отандық мамандар даярлауға кірісті. Ақмола облысында аса қуатты агроөндірістік кешен құрыла бастады. Ол еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік бәсекеге сай етуі тиіс. Ақтөбеде аса берік әйнекталшықты құбыр зауыты іске қосылса, Ақтауда теңіз айлағы кеңейіп, мұнай-химия саласына қажетті металл құбырлар зауыты жұмыс істеуде. Атырауда алпауыт мұнай-химия кешені құрылып жатыр. Таразда және Шығыс Қазақстанда цемент өндірілуде. Қарағандыда 156 миллион доллар қаржыға жылына 25 миллион тоннадан артық өнім беретін металды кремний өндірісі жолға қойылды. Қызылордада әйнек зауыты, Қостанайда ауыл шаруашылығы техникалары мен двигатель құрастыру қолға алынды, Солтүстік аймақтарда жанармайдың сапасын жақсартатын, әлемдік нарықта ең үлкен сұранысқа ие өнімдердің бірі - биоэтанол өндірісі дамуда. Оңтүстікте тоқыма, мата шығаратын кәсіпорындар еңсе тіктеді, барлық дерлік аймақтарда құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар көбейді. Астана да өзін құрылыс материалдарымен қамтамасыз ете бастады, мұнда жақында көлік доңғалақтарын шығаратын, теміржол локомотивтерін құрастыратын зауыт іске қосылмақ. Осылай индустриялды-инновациялық стратегияның арқасында өмірге жолдама алған жаңа нысандар солай ел игілігіне үлес қосуда. 
Елбасы бұған дейін айқындалған бағыт бағдарлармен бірге алдағы уақытта баса назар аударуға тұратын тағы бірнеше саланы саралап өтті. Бұл әсіресе, қызмет көрсету саласына қатысты. Біздің еліміздің табиғат байлығын пайдаланушыларға қызмет көрсету және тауар өткізу нарығы отандық кәсіпорындар есігінен де сығаламаған тың сала. 
Елбасы сөз соңында бүгін талқыға түскен индустриялды-инновациялық бағдарламаның табысты жүзеге асуына «Қазақстан - 2030» стратегиясында көзделген түпкі мақсатқа жетуіміз барынша тығыз байланысты екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Инвестициялық бағдарламасындағы қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары

 

Әрбір елдің инвестициялық  тартымдылығын қазіргі кезде  кредит рейтингісінің өлшемімен  бағалау кең орын алуда. Рейтинг  эмитенттің несие беру қабілетін  көрсететін қолайлы құралы ретінде  инвесторлар арасында жан-жақты  қолдау табуда.

Кредит рейтингісі – қарыз алушының сол қарызды өтеу қабілетін және өзіне алған міндеттерін уақытында орындау мүмкіншіліктерін зерттейтін рейтинг агенттіктерінің  пікірі. Бұндай пікірлерді қалыптастыруға елдің экономикалық ахуалы, саяси жүйесінің сипаты және әлеуметтік жағдайы негіз болады. Осы негіздерді ескере отырып, әлемге әйгілі «Муддис» және «Смәндард энд Пуурс» рейтинг агенттіктері 2005 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде ең жоғары кредит рейтингісіне ие деп пайымдады. Расында да, біздің мемлекетіміз ішкі саяси тұрақтылық, шетелдік инвестицияларды тартуға қажетті жағдайлар туғызу, мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері тәрізді көрсеткіштер тұрғысында Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Өзбекстаннан, ТМД-ның басқа да елдерінен көш ілгері. Сондықтан да дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика мемлекеті ретінде танып отыр.

Халықаралық сарапшылардың  бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде  жеті триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 миллион тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 миллион тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан – табиғат ресурстарына өте бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел.

Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына, жекелеген кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді. Ол – ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден – бір құқықтық – экономикалық негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер  жүйесіне жол ашқан, кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген. «Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы» Заңымыз 1997 жылғы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық базасын жетілдіре түсуде.

Нақты деректерге арқа сүйесек, Қазақстан Республикасының ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды  қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 19 пайызға өсіп, 119,3 миллиард теңгеге жетті. Сөйтіп, инвестицияның 8,4 пайызы өңдеуге, 11,1 пайызы көлік және байланысқа, 56,6 пайызы тау – кен өндірісне жұмсалды. Мұның ішінде шет ел инвестициясы 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 25,1 пайыз болып, 299,5 миллиард теңгені құрап отыр.

Жоғарыда көрсетілген  жетістіктерді – инвестицияның  экономиканы дамытудағы тиімділігін  бағалай отырып, оның ақшалай табыстан басқа да табыстарға әсерін қадағалау қажет. Әсіресе, инвестицияның білім, ғылым, денсаулық, т.б. әлеуметтік салаларға әсерін зерттеген жөн. Себебі, экономиканы дамытудың негізгі мақсаты елдің жағдайын жақсарту, әлеуметтік саланы көтеру екенін білеміз.

Әлеуметтік саланы, әсіресе  білім, ғылым, денсаулық салаларын жеткіліксіз қаржыландыру, оның материалдық-техникалық базасының нашарлауы тек қана рухани және интеллектуалдық мүмкіншіліктерді құлдыратып қана қоймайды, ол тікелей экономикалық шығындарға соқтырады. Себебі дүниежүзілік тәжірибеден байқағандай, жалпы ұлттық өнімнің өсуіне тек қана білім жүйесі 33 %-ға дейін үлес қосса, ал ғылымның жетістіктері барлық дамыған елдердің экономикалық гүлденуін қамтамасыз ететіні белгілі жәйт.

Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық құрылымдарды қатар қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады.

Инвестицияның жоғарғы  қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді  инвестициямен жан-жақты қамтылған  батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2003 – 2007 жылдарға арналған екіжақты келісімшарттың негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылып жатыр. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге поселкасында жаңа мектеп салынып, іске қосылды. 2004 – 2005 жылдары ОКИОК компаниясы Маңғыстау мен Атырау облыстарының әлеуметтік салаларының дамуына 10 млн. АҚШ долларын бөлген. Мұндай мысалдар жетерлік.

Сонымен қатар мұнай  – газ, металлургия және басқа  да шикізат көздері инвесторларға  былай да тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің рөлі ерекше.

Әлеуметтік жобаларды  қаржыландырудың бір түрі – ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті атқару органдары тек қана аймақтық инвестициялық жоспарлар бойынша тәкелей қарыз алуға мүмкіншіліктері бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу негізінде қаржыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.

Сонымен қатар шет  ел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағы да бір тиімді әрі  озық әдістеріне муниципалдық құнды  қағаздар шығару жатады. Инвесторлар  үшін көптеген корпаративтік құнды  қағаздардың тиімсіздігін ескере отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Қазақстан құнды қағаздар нарығында инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн.

Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың жоғарыда көрсетілген  бағыттарынан басқа да тетіктеріне  кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру және де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына сай заңдық негіздерін құру жатады.

Сонымен, инвестициялық  процесті пайда тауып, жоғары әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс  ретінде қарастыру керек. Инвестициялық  іс - әрекетті талдауды оның тиімділігіне экономикалық факторлардан кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды есептемей жасау мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Инвестицияны материалдық  – заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық –заттық  инвестиция – ол салынуға  тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға  бағытталған, ал инвестияның ақшалай нсаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық – заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Сонымен қорыта айтатын болсақ,мен курстық жұмысымның бірінші бөлімінде инвестициялық бағдарлама жайында қарастырдым,оның ішінде инвестициялық бағдарламаның экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдерін,инвестициялық қызметтің туралы жалпы,инвестициялық қызметтің жіктелуі жайында қарастырдым.

Курстық жұмысымның екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылып жатқанына жалпы статистикалық талдау жасадым. Екінші бөлімімнің бірінші тақырыбында Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламаға баға беруіне жалпы статистикалық талдау жасадым. Екінші бөлімінде ҚР шетелдік инвестициялар ағымына статистикалық  талдау жасадым.

Сонымен қатар, осы аталған  бөлімдердің әрқайсысына ұсыныс жасадым.

Курстық жұмысымның үшінші бөлімінде инвестициялық бағдарламаның  қызметінің жетілдіру және тиімділігін  арттыру жолдары туралы даму перспективалврын қарастырдым.Оның ішінде мынандай негізгі екі бөлімді қарастырдым инвестициялық тартымдылықты әлеуметтік салаға жұмылдыру жайында және қазіргі кездегі инвестициялар жағдайын ашып көрсеттім.

Сонымен, инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына, жекелеген  кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді. Ол – ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден – бір құқықтық – экономикалық негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер  жүйесіне жол ашқан, кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген. «Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы» Заңымыз 1997 жылғы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық базасын жетілдіре түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қлоданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы» ҚР заңы, 31.03.1995ж.
  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», ҚР заңы 30.08.1995ж.
  3. «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің 2006-2005жылғы арналған ақша-несие саясаты.
  4. «Қазақстан Республикасындағы инвистициялық қорлар туралы» 6011997            Заңы.
  5. Мақыш С.Б. Ақша айналымы және несие, Алматы-2007 ж.
  6. Саниев М.С. Ақша,Несие, Банктер : Алматы-2004 ж.
  7. Ілиясов Қ.Қ.,Құлпыбаеов С.Қаржы: Оқулық-Алматы 2006 ж. Мелников В.Д., Ильясов К.К Финансы-Учебник-Алматы 2004 г.
  8. Смагулова Р.О., Қаржы нарқы Оқулық-Алматы 2004ж.
  9. Қ.Р.Ұлттық статистикалық агенттігінің статистика жинақтамасы 2005ж.
  10. Құлпыбаев С.,Баязитова Ш. Қаржы теориясы.Оқу құралы-Алматы 2004ж
  11. Банки Казахстана-№9- 2006 г.
  12. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. –Алматы, 2007.
  13. Төлепберген М. Ақша // Егемен Қазақстан.-1997.-№3.
  14. Ақыпбекұлы Ө. Тиынға тоғысқан тарих тылсымдары //Қаржы-қаражат, 1998.-№10.
  15. Мәжитов Д. Ақша айналысы – экономиканың айнасы //Егемен Қазақстан.- 2007.-№127.- 6б.
  16. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. – М.: Финансы и статистика, 1999.
  17. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. – М.: Банки и биржи, 1995.
  18. «ҚР-ның ақша жүйесі» ҚР заңы, 1993.
  19. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. – М.: Финансы и статистика, 1999.
  20. Мәжитов Д. Ақша айналысы – экономиканың айнасы //Егемен Қазақстан.- 2007.-№127.- 6б.

Информация о работе Инвестициялық бағдарламаның экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері