Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:32, курсовая работа
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде
көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады.
өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиіммді басқару жүйесі – менеджмент іске асыралы.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай мынадай ғана корпоратив өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіру ұйымдастыратын және және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Келешекте өндірісті
жүргізуге маманданған
1. Инвестициялық бағдарламаның экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері
1.1Инвестициялық бағдарламаның сипаттамасы
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде
көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады. Инвестициялық қызметтін негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны
күрделі қаржы ретінде
Инвестициялардың күрделі
Инвестициялар әр түрлі меншік
түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым
активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың
айналым активтері өндіріс
Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе – инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін қажет ? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табаспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі:
бұл жерде; Sd - дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;
mt – ақшаның келешектегі құны;
а – пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельділік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.
Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеуде шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рөл атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек, олардың үлесі 1995 жылғы 1,5 пайыздан 2003 жылы 38,6 % - ға дейін өскен.
Шетел инвестицияларында
жетекші орындарды Жапония, АҚШ,
Ұлыбритания, Оңтүстік Корея т.б.
алып отыр. Айта кететін бір жайт,
инвестициялық белсенділікті
Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің, оның ішінде шетелдік инвестициялық тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізі болып саналады. Осы қағиданы басшылыққа алу – яғни, инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен, тікелей инвестициялар мен инвестициялық кредит берудің қолайлы жағдайларымен, жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі.
Шетел инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы – ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы.
1.2.Инвестициялық бағдарламаның жіктелуі
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резервтерге, сондай ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық – заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық –заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестияның ақшалай нсаны болса, ол – ақшалай капиталдыңматериалдық – заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол негізінен капиталдың (негізгі қор) атауын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі – амортизация. Ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салалаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік – мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғай, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін , өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдердің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және және ресурстар сипаты, сол, сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндардыкәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жет мақсатында пайдаланады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, тауар – материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандайда болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
1.3.Қазақстан
Инвестиция – бұл мемлекет ішіндегі немесе шетелдегі пайда көру үшін экономиканың әртүрлі салаларына салынатын мемлекеттік және жеке капиталдың ұзақ мерзімді салымдары.
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қрсымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндеті. Оны шешу үшін Республикамыздағы ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы қажет. Ол халық шаруашылығының әр түрлі саласында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталғаны жөн. Біріншіден, инвестициялық саясат негізді болу үшін күрделі қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын анықтау керек. Екіншіден, инвестициялық саясат негізді болу үшін – күрделі қаржыны пайдалану, оны кеңейту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін өңдейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасындағы ғылыми негізделген ара қатынас болуы шарт.
Көптеген шетелдік компаниялардың
кәсіпкерлері, фирмалар, жеке бизнесмендер
Қазақстандағы инвестициялық
Шетелдік капиталдың
назарын приоритетті
«Шетелдік инвестициялар туралы», «Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан Республикасы экономикасының тікелей және шетелдік инвестициялық назар аудару үшін приоритетті секторлар қатарын бекіту туралы» және «Жеңілдік пен преференция жүйесінің жалпы жағдайын және олардың инвесторлармен арасындағы келісім жүргізуде ұсынылу тәртібін бекіту туралы» бұйрықтарын шығарды.
Информация о работе Инвестициялық бағдарламаның экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері