Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 16:54, автореферат
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.
Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін жасауға және әрбір элемент шектерінде топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын жеке бөліп алуға мүмкіндік береді (Кесте 4):
Кесте 4 – Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқару | ||
Операция жүргізуден ішінара немесе толықтай бас тарту |
Тәуекелдерді болжау |
Ысырапты материалдық өтеу |
1. Сенімсіз клиенттер мен әріптестерді анықтау. 2. Тәуекелі жоғары операциялардан бас тарту. 3. Қисынсыз ысырапқа жол бермеу. |
1. Ықтимал ысыраптың ба- 2. Ысыраптың ықтималдығын анықтау. 3. Ықтимал ысыраптың уақытын есептеу. |
1. Сақтандыру. 2. Хеджерлеу 3. Ішкі бақылауды күшейту. 4. Тәуекелдер мониторингін енгізу |
Тәуекелдерді басқару | ||
1. Қаржы тәуекелі 2. Валюталық тәуекел 3. Несиелік тәуекел 4. Инвестициялық тәуекел |
1. Өтімділік тәуекелі 2. Операциялық тәуекел |
1. Пайыздық тәуекел 2. Қор тәуекелі. 3. Валюталық тәуекел. 4. Несиелік тәуекел. 5. Инвестициялық тәуекел |
Ескерту – Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген |
Тәуекел-менеджментті талдауда төмендегі факторлар назарға алынады:
– банк басшылығы біліктілігін, басшылық жасау және әкімшілік ету қабілетін көрсетуге тиіс;
– банк басшылығы заңнаманы және
белгіленген ішкі ережелерді,
ҚРҰБ-тің және ҚҚА-тің, сондай-ақ ішкі және
сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын сақтауға;
– банк басшылығы экономикалық ахуалдың өзгеруіне, банк ортасының өзгеруіне бейімделуін (тактика мен стратегияның оралымдылығағын) көрсетуге тиіс;
– банк басшылығы тиісті ішкі жұмыс ережелерінің әзірленуі және олардың орындалуы үшін толықтай жауап беруге;
– банк басшылығы тәуекелдерді басқарудың тиісті біліктілігін қамтамасыз етумақсатында қызметкерлерді оқытуға;
– банк басшылығы пайдакүнем іс-әрекеттердің кез келген көрінісі, әсіресе банкпен ерекше қатынастар байланысты тұлғаларға жеңілдікпен қарыз беруге қатысты сынға ұшырайды.
3. Тәуекел-менеджментті дамыту және оның тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдіру. Қазіргі заманғы экономика мен әлемдік шаруашылық жақсы дамыған қаржы нарығынсыз тұтастай толыққанды дами алмайды, ал Қазақстанның қаржы нарығы негізінен екінші деңгейдегі банктерден құралады. Алайда, аталмыш нарықтар бір және соңғы рет қалыптасып қатып қалған құрылым емес. Сондықтан тек жаңа қаржы өнімдері мен қызметтердің пайда болуы ғана барлық өзгерістерге қарамастан нарыққа тұрақтылықты және басқаруды сақтап қалуға көмектеседі.
Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық жағдаятындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен байланысты (Сурет 2).
Ескерту – автор әзірлеген
Сурет 2 – Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы
Инновациялардың пайда болуын ынталандыратын жағдайлар банк жүйесіне ықпал етеді, сондай-ақ айтарлықтай өзгерістерге әкеп соқтырады.
Халықаралық қаржы нарықтарына қатысты айтатын болсақ банк мекемелерінің инновациялық қызметінің басты бағыты (тренд) валюталық-несиелік және қаржы құралдары мен операцияларының жаңа формалары мен гибридтерін құру және оларды тарату болып табылады.
Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқынырақ, тәуекелді мөлшерін анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланып, тәуекел жан-жақты бақылай отырып, өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына себеп болды.
Сондықтан банк тәуекелдерін басқаруда ең бастысы сол немесе басқа операциялар жасағанда тәуекелдің мүмкіндігін дұрыс бағалап, оны барынша төмен деңгейге дейін қысқарту. Банк менеджментінің ең маңызды міндеті банктің пайдалылығы, тәуекелдігі мен сенімділігінің арасындағы оңтайлы арақатынасты табу. Ал осыған банктің негізгі тәуекелдерін реттеу, яғни несиелік тәуекелді басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Пайыздық тәуекелді басқару міндетіне осы тәуекелді банктің пайдалылығы мен мақсаттарының шектерінде барынша төмендету кіреді. Коммерциялық банктер пайыздық тәуекелге жол бермеу үшін:
1) пайыздың ақша нарығының жаңа жағдайларына бейімделу ережесін (несиелік шарттарда) пайдалануға;
2) баланстың құрылымын өзгертуге бағдарланған саясат жүргізуге;
3) пайыздық тәуекелдің өтемақысын белгілеуге тиіс.
Қазақстан банктерінің тәуекелдерін жекелеген банктің микродеңгейде төмендету мәселесін қарастыра отырып, мына шетелдік тәжірибені қолдануды ұсынуға болады:
– банк бөлімшесінің құрылымын өкілеттіктерді қатаң шектеу принципіне сәйкес құру. Аталмыш тәжірибені негізінен шетел капиталының көмегімен құрылған банктер ғана пайдаланады;
– банктің стратегиясын маркетингтік зерттеулер мен банктің алдына қойылған мақсаттардың негізінде әзірлеу;
– банкті аудиторлық компаниялар тарапынан ұдайы тексеру (жиірек болса – банк операцияларын бақылау тәуекелі де аз болады). Осы тәжірибені қазақстандық банктер енгізе бастады. Мәселен, Каспийский банкі 1997 жылы банкті тоқсан сайын аудиторлық тексеруге (аутсорсинг) «Қазақстанаудит» фирмасымен келісім жасады;
– банктің өтімділігі бірнеше клиентке немесе нарықтың жекелеген сегментіне тәуелді болмас үшін банктің пассивтері мен активтерін әртараптандыру. Банктер осы мақсатта филиалдарды көптеп құруға және көбірек клиент тартуға тырысуға тиіс;
– экономиканың нақты секторын несиелеуге ойластырылған тәртіптеменің болуы. Мұның өзінде несиеленетін кәсіпорындардың ең кемінде мына екі талапқа жауап беруі, яғни несие бойынша пайыздық ставканы жабатын деңгейдегі пайдалылығы және нарықтарда жылдам өтетін сапасы бар жеткілікті кепілзаты болуы тиіс;
– нарықтағы әлі бос орынды жаулап алу мақсатында практикаға жаңа құралдар мен қызметтер енгізу;
– ықтимал залал мен шығынды барынша төмендету мақсатында, қаржы және валюта нарығында негізгі операцияларды міндетті түрде лимиттеу. Атап айтқанда банк тәуекелдерін шектеу жөніндегі тиімді шаралардың бірі ретінде ашық жайғасымды лимиттерді, арнаулы лимиттерді және залал лимиттерін қолдану ұсынылады;
– банк қызметкерлерін тұрақты оқыту және қайта даярлау негізінде банк ұйымын басқару сапасын арттыру.
Тәуекелдерді кешенді басқару жүйесі ықтимал ысырапты толықтай болдырмайтын қорғаныс емес, алайда ол олардың жиынтығының ықпалы күтілетін мөлшерден тыс ысырапқа әкеп соқтырмайды деп айтуға негіз береді. Осы жүйе банк бизнесінің тәуекелдер жиынтығын шоғырландыруға және жағдай қолайсыз дамығанда ықтимал ысырапты барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Біз осы пікірге арқа сүйеп екінші деңгейдегі банк менеджменттерінде тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасын әзірледік (Сурет 3).
Сурет 3 – ЕДБ-те тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасы (автор әзірлеген)
Әлемнің ең ірі корпорацияларының тәжірибесін зерттеу негізінде әзірленген сызбадан тәуекел-менеджменті бөлімі банк Басқармасымен бір деңгейде қарастырылғаны көрінеді. Бұл тәуекел-менеджмент бөлімінің функционалдық маңызы банк Басқармасымен бірдей екенін растайды. Егер банк Басқармасы бүкіл банк жұмысын ағымдағы және жедел басқару үшін жауап берсе, онда тәуекел-менеджмент бөлімі тәуекелдерді үйлестіру мен басқаруды Басқарма деңгейінде ұйымдастыруға тиіс. Тәуекел-менеджмент бөлімінің жұмысын ұйымдастырудың ұсынылып отырған біріктірілген сызбасы – банктің басқа барлық басқа бөлімдерімен және бөлімшелерімен өзара тығыз байланысты біртұтас жүйе, сондықтан ол барлық бизнес-процестерді қамтитын банк қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы сызбаға сәйкес тәуекел-менеджменті бөлімінің негізгі міндетіне банк басшылығын банктің бизнес-жайғасымы жөнінде объективті және толық ақпаратпен қамтамасыз ету, дағдарыстың алдын алуға немесе тәуелді факторлардың ықпалын төмендетуге бағытталған тиімді шешімдер әзірлеу жатады.
Біздің ойымызша, екінші деңгейдегі банктерде ұйымдастырылған тәуекел-менеджмент бөлімі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі принциптерге негізделуге тиіс, біз оларды сондықтан практикаға енгізуді ұсынамыз:
– тәуекел құнын бағалау принципі, яғни банк белгіленген сәтте бас тігетін жиынтық тәуекел банктің меншік капиталының мөлшерінен аспауға тиіс;
– тәуекелдің салмақтылық принципі, яғни азғана үшін көппен тәуекел етуге болмайды, сондықтан банк мамандары тәуекелдің салдарын барынша есептеп, болжауға тиіс;
– операцияның табыстылығына сенімді болу принципі, яғни сенімсіздік болмаса жағымды шешім қабылдануға тиіс (егер сенімсіздік 50%-ды және одан астамды құраса, онда осы операция бойынша жағымсыз шешім қабылдаған орынды );
– ресурстарды салудың сәйкестік принципі, яғни кірістілік деңгейі бойынша ұқсас қаражат салатын бағыт әркезде табылады оны да қарап талдау, салмақтау және ресурстар бастапқы салынған бағытпен салыстыру қажет;
– тәуекелді жабу принципі, яғни операция сәтсіз болған жағдайда банк оның есебінен ысырапты әркезде жабатын резерв болуы тиіс.
Тәуекел-менеджментті ұйымдастырудың жаңа механизмі жаңа тәсілдемелерді талап етеді, олардың біреуі – шешім қабылдау, математикалық модельдеу теорияларының, жүйелерді, ақпараттық және ұйымдастыруды модельдеу теориялары түйісуінде орналасқан контроллинг жүйесін енгізу болып табылады.
Контроллинг – тәуекел-менеджменттің аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады, сонымен бірге ол барлық қажетті ішкі және сыртқы ақпарат жүйеленіп, талданып және басқарушылық шешім қабылдайтын тұлғаларға жіберілетін жағдайды қамтамасыз етеді» .
Контроллинг тұжырымдамасы айналасында тәуекел-менеджментті ұйымдастыру басқарудың өзекті элементтері біріктірілуге тиіс негіз болып табылады.
Жалпы айтқанда контроллинг – жағдайды меңгеру, процестерді басқару әрі реттеу, сондай-ақ оған шығындарды есептеу. Біздің жағдайда конроллинг банк тәуекелдерін бақылауды, олардың математикалық есептеуді, сондай-ақ тәуекелділіктің қажеттілігін және түпкілікті нәтижесін анықтауды қамтамасыз етуге тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуекел-менеджмент жүйесін құруды – коммерциялық банктердің кәсіпкерлік қызметінде кездесетін тәуекелдің барлық түріне объективтік түрде ден қою ретінде қарастыру қажет. Оның белең алуына бизнестің ғаламдануы, бәсекенің шиеленісуі, сонымен бірге қаржы қызметтеріне және банктің делдалдық операцияларына (лизинг, факторинг, форфейтинг) сұраныстың күшеюі ықпал етті. Қазіргі замандағы іскерлік орта жағдайында нарықта барабар іс-әрекет жасауды пысықтау, сондай-ақ тіршілік ету жолдарын анықтап, тұрақты өсіп-өркендеу негізін қалау тәуекел-менеджмент жүйесін құрып, оны дамытуды қажет етеді. Сонымен бірге тәуекел-менеджменті теориясы мен оны ұйымдастырып жүргізу әдістемесін әзірлеудің де маңызы арта бастады. Банктерді әр түрлі қаржы нарықтарында және клиенттермен жасалатын операцияларда ықтимал тәуекелден қорғауға ықпал ететін тәуекел-менеджментін қауіпсіздік деңгейіне жетуге қажетті іс-әрекеттердің жиынтық моделі ретінде қарастыруға болады. Тәуекелдің алдын алу және бизнесті одан қорғау әдістемесі тұрғысынан алып қарағанда тәуекел-менеджменті коммерциялық банктер қызметінің негізгі бағыттарының бірі (маркетингтік, бәсекелік, инновациялық және т.б. бағыттармен қатар) болып табылады. Қазіргі заманғы банк нарығын тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Тәуекел кез келген операцияда болады, тек түрлі банктерде тәуекелдің мөлшері әрқалай болуы мүмкін, сондықтан оны бағалау және мүмкіндігінше барынша төмендету қажет.
Іске асырылған диссертациялық зерттеу мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік береді:
1. Макроэкономикалық
көрсеткіштерді болжау қиын