Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 16:54, автореферат
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.
ӘОЖ ӘОЖ 336.711. 6 |
Қолжазба құқығында |
ДОСЖАНОВ РУСТЕМ АЛЬФРЕДОВИЧ
Кәсіпорын қызметіндегі тәуекел менеджменттің тиімділігін
жоғарылату жолдары
( Қызылорда облысы коммерциялық банктерінің
мәліметтері негізінде)
МАМАНДЫҚ 6M050600 - ЭКОНОМИКА
экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесiн алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыстың
рефераты
Қызылорда, 2012 ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік
Ғылыми жетекшісі:
Ресми оппонент:
Диссертация 2012 жылдың мауысым айының «______» күні сағат ______ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады.
(Мекен-жайы: 120034, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 үй, бас оқу ғимараты, экономика және қашықтықтан оқыту институты, 408 дәрісхана)
Диссертациямен Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің ғылыми-
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар. Банктер сәтсіз операциялар немесе нашар менеджмент салдарынан шеккен шығындар оның қаржылық жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сондай-ақ оның бизнестегі әріптестерінің мүдделеріне де кесірін тигізеді.
Әрине, банктер тәуекелдердің сан алуан түрлерінен қорғанудың түрлі тәсілдерін пайдаланады. Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірледі, осыған қарамастан банктерге қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер арасында таңдау жасауға тура келеді.
Осы проблемаларға байланысты
әр банкте тәуекелдерді басқарумен тікелей
айналысатын функционалдық
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету, кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады. Сондықтан тәуекел-менеджментінің құрылымын жоғарылату мен дамыту – банктердің ішкі бақылауының өте қажетті элементі болып табылады. Ол халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктің қалыптасуына ықпал етуге тиіс. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментінің қалыптасуының айта кетерлік ерекшелігі –оның менеджменттің ілім ретінде дамуымен және еліміздің нарықтық ақша-несие жүйесінің қалыптасуымен бір уақытта қалыптасып өркендеуі. Бұл ретте тәуекел-менеджменті жөніндегі мамандар өз қызметінде әлемдік тәжірибенің осы саладағы жетістіктерін барынша пайдаланады. Сонымен бірге даму және қалыптасу, тиімділікті жоғарылату процесі өз мәресіне әлі де болса жете қойған жоқ, ол банк қызметі қауіпсіздігінің жеткіліксіз деңгейіне байланысты.
Тақырыптың
зерттелу дәрежесі. Күні кешегіге дейін тәуекелдерді басқару
ілімі қаржы менеджменті саласына енетін және оған өзіне лайық
болатындай мән берілмей келді. Тәуекелдерді
басқару, дәлірек айтсақ, тәуекел-менеджментін
ұйымдастыру проблемаларына отандық,
сондай-ақ шетелдік экономист-ғалымдардың
және практик-мамандардың да көптеген
еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері П.С. Роуздың,
О.И. Лаврушинның, М.Е. Озиустің, Б.Х. Путнамның,
Д.Ф. Синкидің, Е.П. Жаровскийдің,
И.М. Балабановтың, В.В. Ковалевтің, Б.И.
Лисактың, А.Д. Шелекбайдың,
Р.Г. Ольховойдың, В.С. Пашковскийдің және
т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында
тәуекел-менеджменті туралы ілімнің
дамуының қайнар көзін жетекші ғалымдар
А.Д. Шелекбай, Л.Н. Корнилова,
Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н. Хамитов, С.Т. Міржақыпова,
Б.И. Лисак және басқалар ашты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері тәуекелді басқару мәселелерін баяндайды, тәуекелдердің түрлері, олардың алдын алу және басқару тәсілдері кеңінен әрі жан-жақты қаралады, алайда, олардың қатарында банк қызметінде тәуекел-менеджментін ұйымдастыруды зерттеу мен қарастыру жөніндегі еңбектердің саны мардымсыз. Банк қызметінде тәуекел-менеджментін дұрыс ұйымдастыру банктің тұрақтылығының пәрменді факторы бола тұра, сол еңбектерде тәуекел-менеджмент құрылымының қызметін оңтайландыру, оның жұмысының негізгі принциптерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар жоқтың қасы, сондай-ақ теория мен практика арасындағы алшақтық та сезіледі. Тәуекел-менеджменті банк қызметіндегі банктің өзі үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылардың көпшілігі үшін де маңызы зор. Тәуекел-менеджементінің функционалдық іс-шараларын сапалы ұйымдастырып жүргізуге мүдделі адамдардың саны ойлағаннан неғұрлым көп. Жарияланымдардың айтарлықтай санына қарамастан, тәуекел-менеджментінің банк қызметіндегі қазіргі жай-күйі тым жеткіліксіз зерттелген. Еліміздегі банк бизнесінің осы саласы жеткіліксіз жетілдірілген және тиімділігін жоғарылату жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқарудың теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылады.
Зерттеу пәні банктерде қолданылатын тәуекелдерді басқару және тәуекел-менеджментін ұйымдастыру жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін қалайтын отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, халықаралық қаржы ұйымдарының жекелеген әзірлемелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің нормативтік құжаттары. Зерттеу процесінде монографиялық және статистикалық материал, экономикалық, ғылыми-техникалық және бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Банк қызметінде тәуекел-менеджментті жетілдіру, сонымен бірге банктерде тәуекел-менеджменттің сапасын жақсартуға, сондай-ақ оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған міндеттер кешенін шешу қажеттілігі мәселесін қарастыру және оны теориялық негіздеу болып табылады.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
– тәуекелдерді басқару тәсілдемелері;
– тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасы және оның принциптері;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Банк қызметіндегі тәуекел-менеджментін жетілдіру жолдары анықталып ұсынылған. Оның негізгі ережелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын іске асыру банкті басқару аппаратына (ішкі бақылау жүйесіне) тәуекелдердің алдын алу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банк жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және сенімділігін қолдауға ықпал етеді. Диссертацияның теориялық және практикалық бөлімдері экономика оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талқыланды.
Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері «kaspibank» АҚ ҚФ-ның практикалық қызметіне енгізілген.
Жарияланымдар.
Зерттеу тақырыбы бойынша 1,2 баспа табақтан тұратын 4 мақала жарық көрді. Олар халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми - практикалық конференцияларда баяндалған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, сонымен бірге кесте, сурет келтірілген.
1. Банк қызметінде тәуекел менеджментті қалыптастырудың теориялық аспектілері
Банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты.Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Банк жүйесінің дағдарысы тәуекелдерді басқарудағы елеулі кемшіліктерді ашты. Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған, басқаларында – осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерде – жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспаған. Банк жүйесінің жаңа даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс.
Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақтысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
1.Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады: