Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 16:54, автореферат
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.
2. Контрагент тәуекелі
немесе несиелік тәуекел –
контрагенттің өз міндеттемелер
3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:
Тәуекел дәңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады.
Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:
1.Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен байланысты.
2.Проценттік тәуекел нарықтағы процеттік ставканың ауытқуымен байланысты.
3.Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты.
4.Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен байланысты.
5.Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
6.Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейден ауытқуымен байланысты.
7.Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады.
8.Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
9.Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді анықтауға өзгертуге, бақылауға, деңгейін төмендетуге байланысты іс-шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады (1 сурет).
Ескертпе - автор құрастырған
Сурет 1 - Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі
Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады.
Олардың ішінде жиі кездесетіндер: диверсификация; нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу; лимиттеу; өзін-өзі сақтандыру;хеджирлеу; сапаны басқару.
Банк қызметін басқарудың бүкіл жүйесі тәуекелді басқаруға негізделген. Банктер актив және пассив операцияларын жүргізе отырып, тәуекелдердің қосымша факторларымен бетпе-бет келеді. Сондықтан тәуекелдерді басқару банкті стратегиялық басқарудың өзекті міндеттерінің қатарына кіреді. Банктің басқарушылық функцияларының табысы бақылау мен менеджменттің жай-күйі мен стратегиясына, оны ұйымдастыру жүйесіне байланысты.
Екінші деңгейдегі банктерде осы процесті сапалы ұйымдастыру үшін арнайы мамандандырылған бөлімдер тәуекел-менеджмент бөлімі ұйымдастырылады, оның қызметі белгіленген принциптер мен ережелерге негізделеді, ал оларды бұзу жекелеген операциялар мен жалпы банк бойынша залалға әкеп соқтыруы мүмкін. Тәуекел-менеджменті бөлімін ұйымдастыру үшін айрықша жағдайларда жұмыс істеп, нақты болжам жасай алатын және қаржы нарығындағы жағдайды қадағалап отыратын білікті мамандарды іріктеу қажет.
Біз зерттеген менеджмент
және тәуекел-менеджменті
2. Екінші деңгейдегі банктердегі тәуекел-менеджменттің тиімділігін талдау.
Банк активтері мен пассивтерін күрделі басқару бұл банк қызметінің барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тәуекелді төмендетуге бағытталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді. Күрделі басқару капиталдың жеткілікті шамасын белгілеу, өтімділік пен сезімтал пайыз мөлшерлемелерін анықтау, несиелік тәуекелді бақылауда ұстау, банктің активтерінің сапарын бақылау сияқты шараларды қамтиды. Күрделі басқарудың артықшылығы, яғни ол бәсекелестік стратегияға сәйкес келеді және банктің қабілетін барынша көрсете біледі.
Қазақстанның банктік секторының 2005-2011жылдар аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдарда коммерциялық банктердің экономикалың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын кереміз (кесте 1).
2005 жылдан бастап, 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2006 жылдан бастап, экономикалық өсуді жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2005 жылдан 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-га дейін 4,2 есе өскен.
Кесте 1 - Қазақстан банк секторының экономикадағы рөліне талдау
Көрсеткіштер |
2005ж |
2006 ж |
2007ж |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
ЖІӨ, млрд теңге |
3250,6 |
3747,2 |
4 612,0 |
5 870,0 |
7 453,0 |
10 139,5 |
13 315,2 |
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, % |
25,1 |
30,6 |
36,3 |
45,8 |
60,6 |
87,5 |
87,7 |
Меншікті Капиталдың ЖӨ-ге қатынасы, % |
3,8 |
4,3 |
5,1 |
5,9 |
7,9 |
11,5 |
13,4 |
Несиелік қоржынның ЖІӨ-ге катынасы, % |
15,9 |
19,1 |
23,6 |
30,9 |
41,1 |
59,1 |
66,6 |
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, % |
25,1 |
30,6 |
36,3 |
45,8 |
60,6 |
87,5 |
87,7 |
Депозитгердің ЖІӨ-ге қатынасы, % |
15,0 |
18,6 |
21,1 |
27,4 |
33,9 |
46,5 |
48,2 |
Ескертпе – ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігінің мәліметтері негізінде автормен есептелген |
ЕДБ-дің капиталдары 2004 жылы 97,6 млрд теңгені
құраса, 2011 жылдың
аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 78,8
млрд теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын -соңғы жылдардагы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2011 жылы 3480,7 млрд теңгені кұрады. Ал депозиттердің ЖЮ-ге қатынасы 2004 жылы 11,3 % және 2010 жылы 39,1 %-ға дейін ескен.
Несиелік тәуекел несие берілгеннен кейін емес несие беру процесінде ескерілуге тиіс. Банктің қарыз қоржынын және несие қызметін талдау және бағалау банктің жалпы қаржылық жай-күйін анықтаудың аса маңызды құрамдастарының бірі болып табылады.
Несиелік тәуекелдің пайда болуына және оның пәрменділігіне ықпал ететін сыртқы да және ішкі де көптеген факторлар себеп болуда, барлық факторларды төмендегі түрлерге бөлеміз (кесте 2):
Кесте 2 – Банктің несиелік тәуекелінің факторлары
Сыртқы |
Ішкі |
- форс-мажор жағдайлары |
- шарттық міндеттемелерді орындамау |
- тұрақсыз экономикалық және саяси ахуал |
- қарыз алушының несиеге қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптарды төмендету |
- мемлекеттік экономикалық саясаттың қолайсыз өзгеруі |
- кепілдіктердің төмен сапасы, кепілзатты бағалаудағы қателіктер |
- ақпаратты бұрмалау тәуекелдері |
- ырықтандырылған несие саясаты |
- қызмет бабын теріс пайдалану тәуекелі |
- банкті басқару тәуекелдері |
- кредитті мақсатқа сәйкес емес пайдалану тәуекелі |
- банк олар жөнінде жеткілікті ақпараты жоқ жаңа және жуықта тартылған клиенттердің өзіндік салмағы |
- жауапкершіліктен жалтару |
- өзара байланысты қарыз алушыларға берілген қомақты сомалар |
- экономикалық дамудың қолайсыз салалық және өңірлік үрдістері | |
Ескерту – автро құрастырған |
Несиелік тәуекел құрамынан тәуекелдердің мына түрлерін ерекше бөліп атауға болады, олар:
– несиені өтемеу тәуекелі қарыз алушының несиелік шарттық қарыздың негізгі сомасын толықтай және уақытылы қайтару, сондай-ақ пайыздар мен сыйақы төлеу ережелерін орындамау қаупін білдіреді;
– төлемдерді кешіктіру тәуекелі несиені қайтаруды кешіктіруді және пайыздарды уақытылы төлемеу қаупін білдіреді және ол банктің өтімлік қаражатының кемуіне әкеп соқтырады. Кешіктіру тәуекелі өтемеу тәуекеліне айналуы мүмкін;
– несиені қамтамасыз ету тәуекелі тәуекелдің дербес түрі болып табылмайды және несиені өтемеу тәуекелі пайда болғанда ғана қарастырылады.
Несиелік тәуекелдің несиелік операциялардың кірістілігіне ықпалын бағалау үшін төмендегі коэффициенттер жүйесін пайдалануды ұсынамыз (Кесте 3).
Кесте 3 – Несиелік тәуекелдердің нәтижелілігі бағаларының коэффициенттері
Коэффициенттер |
Анықтау тәртібі |
1. Кредиттік маржа |
Таза пайыздық кірістің несиелік салымдарға қатынасы |
2. Таза пайыздық маржа |
Таза пайыздық маржа мен несиелер бойынша шығасылар коэффициенттерінің арасындағы айырма |
3. Несиелер бойынша шығасылар коэффициенттері |
Кешіктірілген несиелердің несиелік салымдарға қатынасы |
4. Несиенің тәуекелдің қорғалу коэффициенті |
Резервтік капиталдың несиелік салымдарға қатынасы |
5. Несиелер бойынша уыстан шығарылған пайда коэффициенті |
Толықтай алынбаған пайыздар сомасының алынған пйаыздардың жалпы сомасына қатынасы |
Несиелік салымдардың өсу қарқындары |
Соңғы кезеңде берілген несиелердің ағымдағы жылда берілген несиелерге қатынасы |
Ескерту – автро құрастырған |
Біз осы коэффиценттерді есептеу берілген несиелердің тиімділігін дұрыс өлшеуге көмектеседі және банк бас тігетін несиелік тәуекелге тиісті баға береді деп санаймыз.
Банкте тәуекел-менеджмент жүйесін құру тәуекел болуы мүмкін операциялардың ашықтығы мен оларды уақытылы анықтауға ықпал етуі тиіс. Банктердің басым көпшілігі клиенттердің (салымшылардың) қаражатымен жұмыс істейтіндіктен, ішкі тәуекел-менеджмент жүйесінің болуы тәуекелдермен бетпе-бет келуді барынша төмендету және тиісінше банктің залалдарын қысқартуға ықпал етуге тиіс деп ойлаймыз.
Қазіргі уақытта банктердегі тәуекел-менеджмент бөлімінің функциялары айтарлықтай кеңейгенін атап өту қажет. Мысалы, кейбір банктерде тәуекел-менеджменті қызметіне несиелеумен байланысты барлық салымшылардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың сондай-ақ банк сатып алуға ниет білдіретін вексельдердің эмитенттерінің, индоссанттардың және авалистердің қаржылық жағдайын талдау жүктеледі. Жекелеген банктер несиелік қызметкерлер мен дилерлерді қаржылық талдау жүргізумен байланысты техникалық жұмысан босату мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімінің функциясын осылай кеңейтті. Сонымен бірге актив операциялар жүргізетін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері өздеріне қажетті ақпаратты оны тәуекел-менеджменті қызметі талдап өңдегеннен кейін алады.