Банк қызметтерін қадағалау және бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 21:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты –банктік қызметті бақылау және қадағалау және оның тиімділігін талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- банктік қызметті бақылау және қадағалау жүргізу аспектілері;
- банктік қызметті бақылаудың мәні мен рөлін;
- банктік қызметті бақылаудың әдістерін;
- банктік қызметті қадағалау және бақылаудың түрлерін талдау;
- Қаржылық бақылау бағыттарының бірі - аудиторлық бақылауды;
- банктік қызметті бақылау және қадағалауды жетілдіру шараларын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
I бөлім. Банк және оның қызметі және оны қадағалау негіздері
1.1 Банктердің қызметі мен міндеттері ...............................................................
1.2 Банктік қадағалаудың концептуалдық негізі.......................................
II бөлім. Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
Банктік қадағалаудың процестік сатылары.............................................
Банктік қадағалау жүйесінің маңызы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ролі..

III бөлім. Нарықтық экономикадағы банктер қызметін қадағалау және оны жетілдіру шаралары
3.1 Коммерциялық банктердің экономикадағы күрделі қызметтерін жетілдірудің экономикалық тиімділігі......................................................
3.2 Банктің қадағалаудың шетелдік тәжірбиесі.............................................
ҚОСЫМШАЛАР...................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................

Работа содержит 1 файл

банк кызмет терин кадагалау жане бакылау.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

   г) Операциялық тəуекелді басқарудың банктік жүйесі өте жоғары деңгейде құжатталуы керек. Банкке, құжаттандырылып енгізілген ішкі ережелер, бақылау жəне операциялық тəуекелді басқару жүйесінің процедуралар механизмдерін сақтауды қамтамасыз ететін тəртіп енгізілуі тиіс.

   д) Банктегі операциялық тəуекелді басқару бойынша жүргізілген жұмыстар мен бағалау жүйелері тексеріліп, жиі тəуелсіз талдануы қажет.

   е) Операциялық тəуекелді бағалаудың банктік жүйесі ішкі аудиторлармен жəне бақылау органдарымен тұрақты түрде талданып отыруы керек.

   Несиелік  тəуекелдің деңгейіне мына факторлар  елеулі əсер етеді: несиелік портфельді диверсификациялау жəне шоғырландыру. Несиені шектен тыс шоғырландырумен байланысты тəуекелді төмендету үшін банк несиелік портфельді диверсификациялайды. Диверсификация несиелік портфельдің сапасын жақсартып, тəуекелдің жалпы деңгейін төмендетеді.Несиелік портфельді тиімді басқару жəне несиелік тəуекелді төмендету үшін банк несиелеудің лимитін бекітеді.

   Банктің тəуекелдік саясатын реттеудің бағыттарын жүзеге асыру, оның банктік қызметтер нарығындағы қатаң бəсеке жағдайында тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Тəуекел-менеджмент нұсқамалары банктегі тəуекел жағдайларын пайдалану тəсілдерімен толықтырылуы тиіс. Тəуекелді басқарудың нақты тəсілдерін тəжірибеге енгізу – Қазақстандық банктердің жұмысын жақсартып, банктік менеджмент жүйесінің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

   Қазіргі кезде коммерциялық банктердің қаржылық нəтижелерін басқару тапсымалары мен мəнін анықтаудың маңызы өте зор. «Қаржылық нəтижелерді басқару» термині кең ғылыми жəне тəжірибелік айналымға жақында ғана енді. 

3.2 Банктің қадағалаудың  шетелдік тәжірбиесі

    Шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи даму мен әр түрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйесі бар.

    Мысалы, Англияда соңғы кезге дейін банктің жұмысын реттейтін арнайы заңдар болған жоқ, ал оларға жасалатын бақылау жасырын және қағаз жүзіндегі сипатта болды.

    Бұл елдегі банктер акционерлік компаниялар  туралы Заңмен реттеліп отырды. 1979 ж. заң бойынша банктік қызметті міндетті түрде лицензиялау және жалпы ұлттық сақтандыру қоры құрылды. 1987 ж. банктік заң ірі қарызды беру ережесін, банктердің бірігу тәртібін, аудиторлық серілулерді анықтады. Дегенмен де Ұлыбританиядағы банк қызметке жасалатын бақылау бүгінгі таңда да басқа қарағанда формалды және онша қатаң емес.

    АҚШ-та банктік қызметті реттеу басты екі  мақсатты көздеді, банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың күйреуіне жол бермеу; аз ғана несиелік мекемелер қолында капиталдың шоғырлануын шектеу және ақща нарығында монополиялық бақылауды болдырмау.

    АҚШ-та банктердің күйреуін алдын алуда  реттеудің келесідей екі түрі қолданылады, жоғары тәуекелге әкелетін және өтімділікті төмендететін банк операцияларын заңды шектеу және банктік депозиттерді сақтандыру жүйесі.

    АҚШ-та заң негізінде филиалдарды ашуды  аумақтық бойынша шектейді және ақша нарығында бәсекелестік қатынастарды қолдайды.

    Осы саясаттың нәтижесінде Батыс  Еуропа және Азия елдеріне қарағанда  АҚШ-та көптеген ұсақ филиалсыз банктер сақталған. Барлық банктердің жартысының өз филиалдары жоқ.

    АҚШ-та банкердің жұмысын қадағалау  үшін бақылау органының ең жақсы тармақталған жүйелерінің бірі құрылған. Ұлттық банктер жүйесін бақылауды - ақша айналысының бақылаушылары (ААБ), ал штаттардың банктер жүйесіне бақылауды - штататтардың банктік департаменттері (ШБД) жүзеге асырады.

    Одан  басқа бақылауды федералды резервтік  жүйе (ФРЖ) және депозиттерді сақтандыру бойынша федералды корпорация (ДСФК) жүргізеді. Енді осы органдарға қысқаша тоқталайық.

    ААБ - бұл қазынашылық орган. Оның қол  астында 4,9 мың ұлттық банктер бар. Ол ұлттық банктерді құруға рұқсат береді, бақылау мен ревизияны мезгілінде жүргізіп отырады банктердің бөлімшелерінің ашылуы мең бірігуі туралы өтініштерді қарастырады.

    ФРЖ-ның  тікелей бағынысында 1056 штаттық  банк-мүшелері бар. Сонымен қатар, ФРЖ заң бойынша банктік холдинг-компаниялар (олар 88 мың еншілес банктер мен қосқанда, 5,6 мың) үстінен қадағалауды жүргізеді.

    ДСФК  — тәуелсіз федералдық ведомство. Ол ФРЖ-ның мүше болып табылмайтын (олар 8,4 мың) сақтандырылған штаттық банктерді бақылайды. ДСФК негізінен сақтандырумен айналысады, бірақ ол кез келген банкті тексере алады.

    Штаттардың  банктік департаменттіне (ШБД) 9,5 мың  щтаттық банктер бағынады. ШБД  оларға банктік операцияларға рұқсат береді, тексерулер жүргізеді.

    Жекелеген несиелік құрылтайшылар тобының  жұмысын бақылайтын үкіметтік емес бақылау органдары да бар, мысалы: банктердің Американдық бірлестігі, клиринттік палаталар комиттетері, тәуелсіз банктер бірлестігі.

    Германияда  банктерді, банктер үстінен бақылауды  Федералдық ведомство сияқты арнайы орган жүргізеді.

    Бақылаудың  негізгі себебі осы ведомствоның арнайы декретімен, Орталық банктің келісімі бойынша анықталады.

    Францияда банктерді қадағалау қызметі  Франция банкінің басқарушысы жетекшілік ететін бірнеше комитеттердің қолында  шоғыраландырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі – клиент есебінен (тексерілетін субъект жекелеген жағдайда бюджеттік қаражаттар есебінен) шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.

      Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор  кадрларды дайындау және олардың  қызметін лицензиялау, қабылданған  жекелеген заң актілеріне сай  аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.

      Ішкі  аудиттің ең негізгі мақсаты –  ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құрылған мәліметтің дұрыстығына, шындығына  бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында  қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

      Ішкі  аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық орындалуына немесе өзгеріс болса  оның себебін орынды орынсыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады. Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субьектілерінің кәсіпкерлік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады, Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қоймай ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.

      Ішкі  аудит ережесін дайындауға шарушылық  субьектілерінің жауапты қызметкерлері  қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтерлер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бұл құжаттың жоғарғы сатыдағы құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітумен кепілдік алады.

      Ішкі  аудит қызметі үлкен фирмаларда, Халықаралық корпорацияларда қызмет көрсетуінің рөлі өте жоғары. Себебі, ондай ірі кәсіпорындарда тексеру  бөлімдері болады. Яғни, ондай кәсіпорындарда ішкі аудит тобы бухгалтерлік есепті, күнделікті шарушылық әрекеттерді, құжаттарды тексерудің орнына олар сол кәсіпорынның экономикалық даму жолдарын қарастырып, кәсіпорынның қаржылық жағдайының күшею жолдарын, табыстылықты көтеруді қарастырады.

      Ішкі  аудит өз қызметін талапка сай  орындап, оның рөлін көтеру үшін ол тек қана кәсіпорынның басшылық талабына сай қызмет жасауға міндетті. Сондықтан  да шет елдерде, мысалы, неміс елінің кәсіпорындарында ішкі аудит құрылымының  бастығы сол кәсіпорынның жоғарғы басқару тобына мүшелікке қосыларда өзінің дербестігін қамтамасыз етеді.

      Ішкі  аудит жалпы үлкен көлемді  қызмет атқарады. Оның ішінде кәсіпорын  мүлкін тиімді пайдалануды тексеру, жұмысшылар күшін, еңбек ақы төлемінің  тиімділігін бақылау. Өндірістік кәсіпорындарда ішкі аудит жұмысы өндіріс шығынын және дайын өнімді сату процесін тексеру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Ақша, Несие, Банктер Ғ.С.Сейтқасымов Алматы экономика 2001
  2. Ақша, Несие, Банктер  М.С.Саниев Алматы – 2001
  3. Ақша, Несие, Банктер, валюта қатынастары. Б.А.Көшенов Алматы экономика 2000ж.
  4. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы «Маркет» басылымы 2004.
  5. Банковское дело. /Под ред. В.И. Ю.А. Бабичевой. - М.: Экономика, 1993.
  6. Деньги, кредит, банки./Под ред. Г.С. Сейткасимова.  А.: Экономика, 1996.
  7. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. М.: Банки и биржи,-95
  8. Бабич А.М. Павлов Л.И. Государственные и муноципальные финансы: Учебник для ВУЗов. – М.: Финансы, ЮНИТИ. 1999 г. – 687 с.
  9. Балабанов И.Т. Финансы граждан. – М. : Финансы и статистика, 1995 г.
  10. Вавилов Ю.Я. Государственный кредит: прошлое и настоящее. М.: Финансы и статистика, 1992 г.
  11. Государственные и территориальные финансы. Учебни. Под общей  редакцией профессора Л.И.Сергеева, Янтарный сказ, Калининград, 2000 г.
  12. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. – Алматы, Қаржы – қаражат, 1995 г.
  13. Ильясов К.К., Саткалиева В.А., другие. Государственный бюджет. – Алматы, РИК, 1994 г.Қаржы және экономика бойынша заңнамалық нормативтік кесімдер.
  14. Қазақстан Республикасының заңдары.
  15. Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясы мәліметтері мен қаулысы.
  16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы мен жарлықтары.
  17. Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулық мәліметтері.
  18. Құлпыбаев С. Ілиясов Қаржы 2005ж
  19. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы, Қаржы – қаражат, 1995 г.
  20. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы, Қаржы – қаражат, 2001г.
  21. Прикладной бюджетный анализ / Коллектив авторов под редакцией Белова А.А. Москва, 2003 г.
  22. Статистический ежегодник Агентства по статистике РК.2009ж
  23. www.afn.kz

Информация о работе Банк қызметтерін қадағалау және бақылау